Шымкентте оқ тиген аяғы ауыр әйел операция жасалды
Qazaq24.com, Aikyn.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып мәлімет бөліседі..
Шымкентте жүктілігінің соңғы аптасында жүрген әйел оқ жарақатымен ауруханаға жеткізілді, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.
39-40 апталық жүкті әйел жедел жәрдем қызметімен қалалық клиникалық ауруханаға түскен. Дәрігерлер оның кеуде қуысы жараланып, іш қуысына қан кеткенін анықтаған.
Қалалық клиникалық аурухананың мәліметінше, оқ әйелдің оң жақ өкпесін, диафрагмасы мен бауырын зақымдаған.
– Науқастың жағдайы өте ауыр болды. Осыған байланысты хирургтер, торакалды хирургтер, акушер-гинекологтар және реаниматологтар шұғыл консилиум өткізді. Алдымен әйелге кесарь тілігі жасалып, сәби аман-есен дүниеге келді. Кейін дәрігерлер кеуде және іш қуысына бірнеше күрделі операция жасап, зақымданған ағзаларын қалпына келтірді. Қазіргі уақытта науқас жансақтау бөлімінде жатыр. Ем нәтижесі оң динамика көрсетуде, – деп мәлімдеді қалалық клиника өкілдері.
Бұл тақырыптағы басқа жаңалықтар:
Көрілімдер:22
Бұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 28 Мамыр 2026 18:44 



Кіру
Жаңалықтар
Ауа райы
Магниттік дауылдар
Намаз уақыты
Қымбат металдар
Валюта конвертері
Кредит есептегіш
Криптовалюта бағамы
Жұлдыздар
Сұрақ - Жауап
Интернет жылдамдығын тексеріңіз
Қазақстан радиосы
Қазақстан телевизиясы
Біз туралы








Ең көп оқылғандар


















