Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Президентке Қорғаныс министрлігіндегі жоспардан тыс аудиттің барысы туралы баяндалды

Мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру квотасының орындалуы тоқсан сайын бақыланады

Қазақстандағы Тікенектер белгісі айыппұл болмаса, оны жабыстырудың не қажеті бар

Алматыдағы түнгі ойын сауық орнында қызғаныштан жаппай төбелес болды

Алматыда сазандар мен ақ амурлар мекендейтін құпия су айдыны табылды

Қазақстанда Иранның үш азаматы сотталды

13 жастағы баланың өлімі: Ақтауда хирург күдікті ретінде ұсталды

Венгрия Украинаның Еуроодаққа кіру келіссөздеріне қойылған ветоны алып тастайды БАҚ

ҰҚК ұстаған сот төрағасы мен судья ірі көлемде пара алғаны үшін 9 жылға сотталды

Үржар және Атырау әуежайларында өзгерістер күтілуде: жолаушылар үшін не өзгереді

Қазақстанда кептеліс мәселесімен жаңаша айналысады: премьер әкімдіктерге тапсырма берді

Сапарды кейінге қалдырыңыз : Көлік министрлігі жүргізушілерге ескерту жасады

Банктер қандай жағдайда адамның несиесін толық кешіретіні белгілі болды

Қолайсыз ауа райы: полиция азаматтарды жолда сақ болуға шақырды

Министр цифрландырудың арқасында үнемделген қаржы көлемін айтты

Тоқаев балаларға ерте жастан не түсіндіру керектігін айтты

Астанада шатырдан құлаған құрылыс материалдарынан автомобильдер зардап шекті

БАӘ Қазақстанға іздеуде жүрген үш адамды берді: олар не үшін күдікті деп танылды

Тоқаев Қазақстан мен Оман қандай салаларда бірлескен жобаларды жүзеге асыра алатынын айтты

Тоқаев қылмыстық істер бойынша Еуропамен өзара құқықтық көмекті реттейтін заңға қол қойды

“Сіздерге мақта кәмпит сатып алып беремін“. Астаналық жігіт бейтаныс жандарды қыдыруға шақырды және кенеттен жұлдызға айналды

“Сіздерге мақта кәмпит сатып алып беремін“. Астаналық жігіт бейтаныс жандарды қыдыруға шақырды және кенеттен жұлдызға айналды

Tengrinews.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..

Кейде бір ғана шынайы жазба жүз мыңдаған адамның назарын аударуға жеткілікті. Астаналық Тимур Меркурий (Файзрахманов) әлеуметтік желіде көпшілікті кездесуге шақырып, барлығына тәтті мақта немесе балмұздақ алып беруге уәде берген жазба жариялады. Жарияланым тез арада танымал болып кетті. Бірақ онымен танысқаннан кейін жұртты қызықтырған жазба емес, Тимурдың өзі екені түсінікті болды, - деп хабарлайды Tengri Life.

34 жастағы ақын, кітапханашы және өмірге құштар жан Тимур Файзрахманов Threads-ке қысқа ғана жазба қалдырды. Ешқандай стратегия немесе есеп жоқ. Тек серуендегісі келетінін айтып, ниет білдіргендердің бәрін шақырды.

"Сіздерге міндетті түрде тәтті мақта немесе балмұздақ сатып алып беремін", - деп уәде берді ол.

Скриншот: Threads

Жазба 300 мыңнан аса қаралым, 11 мыңға жуық лайк және жүздеген пікір жинады. Желі қолданушылары Тимурды серуендеуге, түрлі іс-шараларға, тіпті саяхатқа шақыра бастады. Кейбіреулер, ол тек кездесуге келіссе болғаны, тәтті мақтаны өздері сатып алып беруге дайын екенін айтты. Гүлнара есімді қолданушы танысуды демалысқа қалдырмай, бірден қала орталығына жүздесуге келген.

Біз де соның ізімен Тимурдың жұмыс орнына бардық.

Тез тіл табысқың келетін Тимур

Бізді "Астана әлеуметтік технологиялары" (АСТ) оңалту орталығының кіреберісінде Тимур күтіп тұрды. Жоғарыға көтерілуді сұрамай, алдымыздан шықты. Күлімсіреп, қол алысып амандасты да, күнделікті уақыты өтетін жерге бастап барды.

Тимур туғаннан ДЦП-нің ауыр түрімен өмір сүріп келеді. Ол алғашқы сәттен-ақ еш қысылмай, өз әлемімен таныстырып кетті.

Мұнда Тимурдың кітапханашы болып жұмыс істегеніне екінші жыл. Орталықта жарақат алған, инсульт алған және тірек-қимыл аппараты бұзылған балалар оңалтудан өтеді. Ол тек кітаптарға жауапты емес, сонымен қатар балаларға сабақ пен шығармашылыққа қажетті заттарды - қарындаш, ермексаз, бояу дәптерлері мен басқа да материалдарды тауып беруге көмектеседі.

Фото © Tengrinews.kz. Суретте - Тимур және оның жақын досы әрі әріптесі Мәди.

Бірде үйде жеделсаты бұзылып қалыпты. Бала кездегі досы Тимурды көтеріп алып, оныншы қабатқа жаяу шығарған. Оның өмірінде мұндай жандар жиі кездесетін сияқты. Бәлкім, содан болар, ол бейтаныс адамдарға тез сенім артып: "Кел, серуендейік" деп бірінші болып ұсыныс жасайды.

Rammstein тыңдайтын ақын

Тимур ерте жастан өлең жазады. Бәрі сүйікті әндерінің мәтінін көшіріп жазудан басталған. Кейін өз туындыларын шығаруға кіріскен. Жас кезінде рэпке қызықса, уақыт өте келе талғамы "ауырлай" түскен.

"Қазір рок пен металл тыңдаймын. Мысалы, Rammstein. Рок мені сабырға келтіреді", - дейді Тимур.

Осы жылдар ішінде қанша өлең жазғанын өзі де білмейді. Бірақ оның үш өлеңдер жинағы жарық көрген.

Фото ©️ Tengrinews.kz / Надежда Лыкова

Қазір Тимур солардың бірін қайта басып шығаруға қаражат жинап жатыр. 300 мың теңгеге жуық қаражат жиналған, бірақ басып шығару үшін тағы сондай сома қажет. Жүз данаға жуық тираж шығару жоспарланған. Сонымен қатар ол келесі кітабымен жұмыс істеп, әңгімелер жазып жүр.

Дегенмен, оның қызығушылығы тек қағаз кітаптармен шектелмейді.

Кейінгі айларда Тимур нейрожелілерге қызыға бастаған. Жаңа сервистерді өз бетінше зерттеп, жазылымдар рәсімдеп, бағдарламалармен тәжірибе жасап жүр. Ол өз өлеңдерін дыбыстау арқылы "жан бітіріп", бейнероликтер дайындайды. Instagram-дағы барлық жазбаны - идеядан дайын өнімге дейін - өзі жасайды.

Instagram-дағы бұл жарияланымды көру

Меркурий | ДЦП-мен ауыратын ақын (@timur.mercury) жариялаған жазба

Оның көптеген жыл бойы қасында жүрген жақын досы әрі әріптесі Тимурдың ешқашан жай ғана бақылаушы болып отыра алмайтынын атап өтті.

"Егер Тима бір істі қолға алса, ол ешқашан шетте қалмайды. Әрқашан белсенді қатысады. Біреу ол үшін бәрін жасап береді деп күтіп отырмайды. Өзі хабарласады, адамдарды іздейді, келіседі, ұйымдастыруға көмектеседі. Ол өте белсенді адам", - деді досы Мәди.

Бұл тек шығармашылыққа қатысты емес.

Тимур психология курстарынан өткен, "Короткие перемены" танысу клубының әкімшісі болып, адамдардың бір-бірін табуына көмектескен. Өзі де үнемі кездесулерге барып, танысып, араласып, достар тапқан.

Адамдармен араласу оның басты шабыт көзіне айналған сияқты.

"Мені адамдардың іс-әрекеттері шабыттандырады", - деп қадап айтты ол.

Тимур туралы шексіз айтуға болады. Оның өміріндегі әрбір деталь мінезінің жаңа бір қырын аша түскендей.

Ол классиканы сүйіп оқиды - әсіресе Достоевский мен Чеховтың шығармаларын ұнатады. Мысықтарды жақсы көреді және жылқы етін мүлде жемейді. Неге?

"Жай ғана жемеймін", - деп жауап берді Тимур сабырмен. Ұзақ түсіндірместен.

Адам бір рет шешім қабылдап, кейін ол мәселеге қайта оралмайтын жайттар болады. Ол да дәл сондай жан. Өз ұстанымдарына келгенде артық сөзді ұнатпайды.

Лабрадорлар және жаңа таныстықтар

Тимурдан сол баяғы жазбадан кейін өмірінің қалай өзгергенін сұрағанымызда, ол тек жымиды. Қазір оның телефоны тынбайды.

Оңалту орталығына алғашқылардың бірі болып Гүлнара есімді қыз арнайы танысу үшін барған. Кейін Тимурды стендапқа шақырып, ол барып қайтты. Ал алда тағы бір кездесу күтіп тұр.

Тимур жазба жарияланғаннан кейін хат жазған қызбен саябақта серуендеуге келіскен. Ол екі лабрадорымен бірге келмек.

Сондай-ақ Тимур өз жазбасында берген уәдесін де ұмытқан жоқ. Тәтті мақта - міндетті түрде. Дәмхана да жоспарда бар.

Оқиға енді ғана басталып жатыр

Тимур күн сайын оңалту орталығына барады. Сабақтарды қалт жібермейді, емдік дене шынықтырумен айналысады, арт- және эрготерапиядан өтіп, массаж алады. Өзгеріс бар екенін айтады. Баяу болса да, нәтиже байқалады.

Бос уақытын достарымен өткізеді. Оның достары көп: бала кезгі жолдастары, танысу клубындағы таныстары, орталықтағы әріптестері. Бір жыл бұрын ең жақын достарының бірімен Дубайға барып қайтқан. Енді Ташкент пен Алматыны көруді армандайды.

Әріптесінен Тимурды бір сөйлеммен сипаттап беруді өтінгенімізде, ол көп ойланбастан жауап берді.

"Біз танысқан кезде, алғашында оған көмек керек деп ойладым. Бірақ кейін оның өзгелерге берері мол адам екенін түсіндім", - дейді ол.

Бірнеше күн ішінде Тимурдың оқиғасын жүз мыңдаған адам көрді. Бірақ адамдарды баурап алған жазбаның өзі емес сияқты. Оларды өлең жазып, Достоевскийді оқитын, Rammstein тыңдап, саяхатқа жоспар құратын және жаңа адамдармен танысудан қашпайтын жанның ашықтығы тебірентті.

Оған мұншама бейтаныс адамның хат жазуының себебі де осы болса керек - шынайы қалпын сақтай білетін жанмен танысуға деген құштарлық.

Әрі қарай бәрі Тимурдың өзі қалағандай болады: жаңа өлеңдер, жаңа кітап, жаңа кездесулер. Және қарапайым ғана хабарламадан басталатын талай жаңа оқиға болары хақ: "Сәлем. Серуендеп қайтайық па?"

Google News арқылы жаңалықтарымызды қадағалаңыз

Жазылу
Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
seeКөрілімдер:69
embedДереккөз:https://kaz.tengrinews.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 30 Маусым 2026 15:40
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Президентке Қорғаныс министрлігіндегі жоспардан тыс аудиттің барысы туралы баяндалды

05 Қазан 2026 16:26see138

Мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру квотасының орындалуы тоқсан сайын бақыланады

05 Қазан 2026 15:44see136

Қазақстандағы Тікенектер белгісі айыппұл болмаса, оны жабыстырудың не қажеті бар

05 Қазан 2026 09:29see135

Алматыдағы түнгі ойын сауық орнында қызғаныштан жаппай төбелес болды

05 Қазан 2026 19:06see135

Алматыда сазандар мен ақ амурлар мекендейтін құпия су айдыны табылды

05 Қазан 2026 18:33see134

Қазақстанда Иранның үш азаматы сотталды

05 Қазан 2026 13:04see133

13 жастағы баланың өлімі: Ақтауда хирург күдікті ретінде ұсталды

05 Қазан 2026 12:30see132

Венгрия Украинаның Еуроодаққа кіру келіссөздеріне қойылған ветоны алып тастайды БАҚ

05 Қазан 2026 22:07see126

ҰҚК ұстаған сот төрағасы мен судья ірі көлемде пара алғаны үшін 9 жылға сотталды

05 Қазан 2026 17:52see126

Үржар және Атырау әуежайларында өзгерістер күтілуде: жолаушылар үшін не өзгереді

05 Қазан 2026 15:34see124

Қазақстанда кептеліс мәселесімен жаңаша айналысады: премьер әкімдіктерге тапсырма берді

06 Қазан 2026 10:57see122

Сапарды кейінге қалдырыңыз : Көлік министрлігі жүргізушілерге ескерту жасады

06 Қазан 2026 10:24see121

Банктер қандай жағдайда адамның несиесін толық кешіретіні белгілі болды

06 Қазан 2026 14:54see121

Қолайсыз ауа райы: полиция азаматтарды жолда сақ болуға шақырды

05 Қазан 2026 19:42see120

Министр цифрландырудың арқасында үнемделген қаржы көлемін айтты

06 Қазан 2026 12:42see120

Тоқаев балаларға ерте жастан не түсіндіру керектігін айтты

05 Қазан 2026 15:02see119

Астанада шатырдан құлаған құрылыс материалдарынан автомобильдер зардап шекті

06 Қазан 2026 13:27see118

БАӘ Қазақстанға іздеуде жүрген үш адамды берді: олар не үшін күдікті деп танылды

06 Қазан 2026 11:27see114

Тоқаев Қазақстан мен Оман қандай салаларда бірлескен жобаларды жүзеге асыра алатынын айтты

06 Қазан 2026 19:40see113

Тоқаев қылмыстық істер бойынша Еуропамен өзара құқықтық көмекті реттейтін заңға қол қойды

06 Қазан 2026 20:27see113
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары