Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Президентке Қорғаныс министрлігіндегі жоспардан тыс аудиттің барысы туралы баяндалды

Мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру квотасының орындалуы тоқсан сайын бақыланады

Алматыдағы түнгі ойын сауық орнында қызғаныштан жаппай төбелес болды

Қазақстандағы Тікенектер белгісі айыппұл болмаса, оны жабыстырудың не қажеті бар

Алматыда сазандар мен ақ амурлар мекендейтін құпия су айдыны табылды

Қазақстанда Иранның үш азаматы сотталды

13 жастағы баланың өлімі: Ақтауда хирург күдікті ретінде ұсталды

Венгрия Украинаның Еуроодаққа кіру келіссөздеріне қойылған ветоны алып тастайды БАҚ

ҰҚК ұстаған сот төрағасы мен судья ірі көлемде пара алғаны үшін 9 жылға сотталды

Үржар және Атырау әуежайларында өзгерістер күтілуде: жолаушылар үшін не өзгереді

Қазақстанда кептеліс мәселесімен жаңаша айналысады: премьер әкімдіктерге тапсырма берді

Банктер қандай жағдайда адамның несиесін толық кешіретіні белгілі болды

Сапарды кейінге қалдырыңыз : Көлік министрлігі жүргізушілерге ескерту жасады

Қолайсыз ауа райы: полиция азаматтарды жолда сақ болуға шақырды

Министр цифрландырудың арқасында үнемделген қаржы көлемін айтты

Тоқаев балаларға ерте жастан не түсіндіру керектігін айтты

Астанада шатырдан құлаған құрылыс материалдарынан автомобильдер зардап шекті

БАӘ Қазақстанға іздеуде жүрген үш адамды берді: олар не үшін күдікті деп танылды

Тоқаев Қазақстан мен Оман қандай салаларда бірлескен жобаларды жүзеге асыра алатынын айтты

Тоқаев қылмыстық істер бойынша Еуропамен өзара құқықтық көмекті реттейтін заңға қол қойды

Сотталған блогер Жаңабыловтың фотосы дау тудырды ІІМ не деп жауап берді

Сотталған блогер Жаңабыловтың фотосы дау тудырды ІІМ не деп жауап берді

Tengrinews.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабарлайды..

Әлеуметтік желілерде сотталған блогер Ерболат Жанәбіловтың демалыста түскен суреттері қызу талқыға түсіп, көпшілік оны сот тыйымына қарамастан Қазақстаннан кетіп қалуы мүмкін деп болжады. Tengrinews.kz ІІМ Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінен ер адамның қайда екенін және шектеуді бұзған-бұзбағанын анықтады.

"Сотталғандарға елден шығуға тыйым салынады": не болды?

Сотталған блогер Ерболат Жанәбілов әлеуметтік желіде демалыста түскен суреттерін жариялады. Алайда олардың нақты қай жерде және қашан түсірілгені белгісіз.

Осыдан кейін желі қолданушылары сот елден шығуына шектеу қойғанына қарамастан, ол шетелге кетіп қалуы мүмкін деп топшылады.

"Ұтыс ойындарын заңсыз өткізіп, сотталған блогер Жанәбілов естеріңізде ме? Қараңыздаршы, демалыста немесе теңіз жағасында түскен суретін жүктепті. Сотталғандарға елден шығуға тыйым салынатынын естеріңізге саламын", – делінген Threads желісіндегі жарияланымдардың бірінде.

Бұл жазба мыңдаған лайк пен жүздеген пікір жинаған. Дегенмен кейін автор жарияланымды өшіріп тастады.

Фото: Stories instagram.com/zhanabylov_e

Кейін Жанәбіловтың Instagram парақшасында балаларымен бірге жағажайда уақыт өткізіп жатқан жаңа кадрлар пайда болды. Бұл ретте жарияланымдар бойынша суреттердің нақты қай жерде түсірілгенін анықтау мүмкін емес.

Tengrinews.kz Жанәбіловтың елден шыққан-шықпағанын білу үшін ІІМ Қылмыстық-атқару жүйесі комитетіне (ҚАЖК) жүгінді.

ҚАЖК не дейді?

ҚАЖК Жанәбіловтың Қазақстанда екенін хабарлады. Ол пробация қызметінің есебінде тұр және оның ел аумағынан шығуға құқығы жоқ. Ал республика ішінде жүріп-тұруына тыйым салынбаған.

"Сот белгілеген шектеулерге сәйкес, оған Қазақстан аумағынан шығуға тыйым салынған. Сонымен қатар бұл тыйым ел аумағында жүріп-тұруға қолданылмайды. Сотталған адамның ел аумағында болуы оған қатысты белгіленген шектеулерге қайшы келмейді. Сот жүктеген міндеттердің орындалуын қадағалау мәселесі пробация қызметінің құзыретіне жатады", – деп хабарлады комитет.

Ведомство өкілдері Жанәбілов пробация қызметінің мамандарымен тұрақты түрде байланыста екенін және сот жүктеген міндеттерді орындап жатқанын айтты.

Мән-жайы

Еске сала кетейік, 27 сәуірде Астана соты блогерлер Жанәбілов пен Төлегеноваға қатысты үкім шығарған болатын. Олар заңсыз кәсіпкерлікпен айналысқаны және қылмыстық жолмен алынған ақшаны заңдастырғаны үшін кінәлі деп танылды.

Сот үкімі бойынша:

Эльмира Төлегеноваға – мүлкі тәркіленіп, қауіпсіздігі барынша төмен мекемеде 2 жылға бас бостандығынан айыру жазасы кесілді. Жазаны өтеу мерзімі 2 жылға шегерілді; Ерболат Жанәбіловке – мүлкі тәркіленіп, 2 жылға шартты түрде бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Бастапқыда прокурор қатаңырақ мерзім сұрағанымен, соңында айыптаушы тарап жеңілдетілген нұсқаға келіскені атап өтілді.

Үкімнен кейін блогерлерге не істеуге рұқсат етілген?

Заң тұрғысынан Ерболат Жанәбіловке блог жүргізуге тыйым салынбаған. Бұған дейін заңгер түсіндіргендей, блогерлік қызмет жалғасуы мүмкін, бірақ шартты мерзімге байланысты бірқатар шектеу бар.

Ол келесі істерді атқара алады:

блог жүргізу және контент жариялау; жарнама берушілермен жұмыс істеу; жұмыс істеу және оқу.

Бірақ мынадай шектеулерді сақтауға міндетті:

сағат 22:00-ден 06:00-ге дейін үйінде болу; жұмысқа қатысы жоқ көңіл көтеру орындарына бармау; тұрғылықты жері немесе жұмыс орны ауысқан жағдайда хабардар ету; шетелге шығу мүмкіндігі шектелген.

Пробациялық бақылау 2 жылға созылады, ал тәртіп бұзылған жағдайда шартты мерзім нақты бас бостандығынан айыру жазасына ауыстырылуы мүмкін.

Эльмира Төлегенованың жағдайы

Эльмира Төлегенова үшін басқа құқықтық режим белгіленген - жас балаларының болуына байланысты жазаның орындалуы 2 жылға шегерілді.

Ол үшін анағұрлым жеңіл шарттар қолданылады:

жүріп-тұру уақыты бойынша шектеу жоқ; блог жүргізуге және жұмыс істеуге болады; кез келген жерге баруға рұқсат етілген.

Алайда, қоғамдық тәртіп бұзылған немесе ата-аналық міндеттер тиісінше орындалмаған жағдайда шегерудің күші жойылуы мүмкін. Мұндай жағдайда 2 жылға бас бостандығынан айыру жазасы орындалуы мүмкін.

Тағы оқыңыз: Блогер Жанәбіловтер үкімнен кейін алғашқы жазбасын жариялады

Google News арқылы жаңалықтарымызды қадағалаңыз

Жазылу
Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
seeКөрілімдер:151
embedДереккөз:https://kaz.tengrinews.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 18 Тамыз 2026 20:29
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Президентке Қорғаныс министрлігіндегі жоспардан тыс аудиттің барысы туралы баяндалды

05 Қазан 2026 16:26see140

Мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру квотасының орындалуы тоқсан сайын бақыланады

05 Қазан 2026 15:44see138

Алматыдағы түнгі ойын сауық орнында қызғаныштан жаппай төбелес болды

05 Қазан 2026 19:06see137

Қазақстандағы Тікенектер белгісі айыппұл болмаса, оны жабыстырудың не қажеті бар

05 Қазан 2026 09:29see137

Алматыда сазандар мен ақ амурлар мекендейтін құпия су айдыны табылды

05 Қазан 2026 18:33see136

Қазақстанда Иранның үш азаматы сотталды

05 Қазан 2026 13:04see135

13 жастағы баланың өлімі: Ақтауда хирург күдікті ретінде ұсталды

05 Қазан 2026 12:30see134

Венгрия Украинаның Еуроодаққа кіру келіссөздеріне қойылған ветоны алып тастайды БАҚ

05 Қазан 2026 22:07see129

ҰҚК ұстаған сот төрағасы мен судья ірі көлемде пара алғаны үшін 9 жылға сотталды

05 Қазан 2026 17:52see128

Үржар және Атырау әуежайларында өзгерістер күтілуде: жолаушылар үшін не өзгереді

05 Қазан 2026 15:34see126

Қазақстанда кептеліс мәселесімен жаңаша айналысады: премьер әкімдіктерге тапсырма берді

06 Қазан 2026 10:57see125

Банктер қандай жағдайда адамның несиесін толық кешіретіні белгілі болды

06 Қазан 2026 14:54see124

Сапарды кейінге қалдырыңыз : Көлік министрлігі жүргізушілерге ескерту жасады

06 Қазан 2026 10:24see124

Қолайсыз ауа райы: полиция азаматтарды жолда сақ болуға шақырды

05 Қазан 2026 19:42see123

Министр цифрландырудың арқасында үнемделген қаржы көлемін айтты

06 Қазан 2026 12:42see123

Тоқаев балаларға ерте жастан не түсіндіру керектігін айтты

05 Қазан 2026 15:02see122

Астанада шатырдан құлаған құрылыс материалдарынан автомобильдер зардап шекті

06 Қазан 2026 13:27see121

БАӘ Қазақстанға іздеуде жүрген үш адамды берді: олар не үшін күдікті деп танылды

06 Қазан 2026 11:27see117

Тоқаев Қазақстан мен Оман қандай салаларда бірлескен жобаларды жүзеге асыра алатынын айтты

06 Қазан 2026 19:40see116

Тоқаев қылмыстық істер бойынша Еуропамен өзара құқықтық көмекті реттейтін заңға қол қойды

06 Қазан 2026 20:27see116
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары