Сөзге келіп, санаулы секундта төбелескен: Алматыда Mercedes жүргізушісі ұсталды
Zakon.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..
Бұзақылық дерегі бойынша Бостандық аудандық полиция басқармасы қылмыстық іс қозғады.
"Сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысында Kia Rio және Mercedes көліктерінің жүргізушілері арасында сөзге келіспеушілік туындағаны анықталды. Жанжал кезінде Mercedes көлігін басқарған 41 жастағы ер адам 30 жастағы қарсыласына бірнеше рет соққы жасаған. Күдікті ұсталып, Алматы полиция департаментінің уақытша ұстау изоляторына қамалды", – деп мәлімдеді ведомствоның баспасөз қызметі 2026 жылғы 21 тамызда.
Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр. Күдіктінің әрекетіне қатаң құқықтық баға беріліп, ол Қазақстан заңнамасына сәйкес жауапқа тартылады.
"Полиция жол қозғалысына қатысушыларды сабыр сақтауға және көлік жүргізу кезінде агрессияға жол бермеуге шақырады. Кез келген жанжалды төбелес пен қылмыстық жауапкершілікке жеткізбей, сөзбен шешуге болады", – деп ескертті Алматы полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Публикация от Алматы қаласының ПД | ДП г.Алматы (@almaty.police)
Бұған дейін Алматыда жолаушылардың көзінше автобуста басталған төбелестің пышақтасуға ұласа жаздағаны хабарланған еді. Әлеуметтік желіде тараған видеоға полиция назар аударды.
Бұл тақырыптағы басқа жаңалықтар:Алматыда рөлге ие бола алмай қалған Mercedes жүргізушісі жолаушылар автобусымен соқтығысты
05 Ақпан 2026 14:52
Армения премьері Пашинян тағы да әйелмен сөзге келіп қалды
18 Мамыр 2026 20:39
Сөзге келіп қалды: Астанада жас жігіт танысын көшеде пышақтап өлтірді
23 Наурыз 2026 18:30
Атырауда Toyota Prado ның мас жүргізушісі ұсталды
19 Мамыр 2026 18:05
Алматыда Zeekr жүргізушісі 10 жылға сотталды
23 Маусым 2026 03:00
Көрілімдер:29
Бұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 21 Тамыз 2026 15:48 



Кіру
Жаңалықтар
Ауа райы
Магниттік дауылдар
Намаз уақыты
Қымбат металдар
Валюта конвертері
Кредит есептегіш
Криптовалюта бағамы
Жұлдыздар
Сұрақ - Жауап
Интернет жылдамдығын тексеріңіз
Қазақстан радиосы
Қазақстан телевизиясы
Біз туралы








Ең көп оқылғандар


















