Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Мемлекет басшысына елімізді газбен қамтамасыз ету және жаңа газ өңдеу зауыттарының құрылысы туралы есеп берілді

Алматыда тарихи ескерткіштер тізіміне тағы 27 нысан енгізілуі мүмкін

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

Әділет партиясы Adilet 365 цифрлық экожүйесін дамытып келеді

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

Еуразиялық экономикалық одақтың нарықтарды қорғау тәжірибесі таныстырылды

Өзгенің көлігін майыстырып алды немесе біреу зардап шекті: жүргізушіні не күтіп тұр

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

Президент көлік министрін қызметінен босатты

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

Президент Жолдауы: дәуірдің жаңа дәптері

“Ұмай“ ипотекасы үшін кептеліс пе? Алматыдағы Отбасы банк бөлімшесінің алдында халық жиналды

Спутник арқылы байланыс шифрмен қорғалмайды екен

Спутник арқылы байланыс шифрмен қорғалмайды екен

Qazaq24.com, Aikyn.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат бөліседі..

Aikyn.kz жеке деректер мен мемлекеттік құпияны спутниктік байланыс неге қорғай алмайтынын gizmodo.com сайтының материалына сүйеніп талдайды.

Калифорния мен Мэриленд университеттерінің зерттеушілері үш жыл бойы Оңтүстік Калифорниядағы үйдің төбесінен 39 спутникті сканерлеген. Нәтижесінде, олардың жартысы ашық деректерді тарататынын тіркеген. Бұл телефон қоңырауларынан бастап әскери логистика мен сауда желілерінің қоймаларына дейінгі ақпараттың ашық кеңістікте таралуына әкелуі мүмкін.

«Қолданушылардың спутниктік деректер қорғалады деген сенімдері мен шынайы жағдайдың арасында үлкен алшақтық бар», – делінген зерттеу мақаласында.

Бұл жұмыс осы аптада Тайваньда өтетін Есептеу техникасы қауымдастығының конференциясында ұсынылады. Мақала атауы Netflix-тегі 2021 жылғы фильмге сілтеме жасай отырып, спутниктік байланыс әлсіздігін көрсетеді.

Зерттеу жетекшілерінің бірі, Сан-Диего университетінің профессоры Аарон Шульман:

«Олар ешкім спутниктерді толық сканерлемейді деп ойлаған. Бұл – олардың «қауіпсіздік стратегиясы» болды. Ешкім аспанға қарамайды деп сенген шығар», – дейді.

Ғалымдарға күрделі тыңшылық жабдықтың да қажеті болмаған. Олар бар болғаны 185 долларлық спутниктік антенна, 140 долларлық шатырлық тіреу, 195 долларлық қозғалтқыш және 230 долларлық тюнер қолданған. Жалпы құны 750 доллар ғана болатын жүйе Сан-Диегодағы Ла-Хойя университет ғимаратының төбесіне орнатылған.

Қарапайым құрылғы арқылы зерттеушілер әртүрлі байланыс түрлерін тыңдап, телефон қоңырауларын, SMS-хабарламаларды, ұшақ жолаушыларының Wi-Fi деректерін, тіпті энергетикалық компаниялардың сигналдарын тіркей алған. Тіпті, АҚШ пен Мексика әскери және құқық қорғау органдарының хабарламалары, банкомат транзакциялары мен корпоративтік хаттар да қолжетімді болған.

АҚШ пен Мексика әскери және құқық қорғау органдарының хабарламалары, банкомат транзакциялары мен корпоративтік хаттар да зерттеушілерге қолжетімді болған. Иллюстрация photoshopper.ru сайтынан алынды

Зерттеу барысында Walmart-Mexico, Santander Mexico және Banjercito ұйымдарының деректері ашық таратылатыны белгілі болған. Телекоммуникация саласында ғалымдар T-Mobile, AT&T Mexico және Telmex клиенттерінің телефон нөмірлері мен хабарламалары да ғарышқа ашық күйінде барып, қайтып Жерге берілген. Осы операторлар шалғай аудандарда байланыс қамтуын қамтамасыз ету үшін спутниктерді жиі пайдаланады. Бұл қосымша арналар backhaul трафигі деп аталады. Кей жағдайларда ол мүлдем шифрланбаған болып шыққан.

Ғалымдар 9 сағаттың ішінде T-Mobile-дың 2 700-ден астам пайдаланушысының нөмірлерін және кейбір қоңыраулары мен хабарламаларын жинап алған.

T-Mobile компаниясы өзінің ресми хатында: «Зерттеу кезінде анықталған геостационарлық спутниктер арқылы байланысқан азғана базалық стансаларды қамтыған конфигурациялық қателік дереу түзетілді. Біз бүкіл желі бойынша SIP протоколы арқылы шифрлауды енгіздік және клиент деректерін қорғау міндеттемелерін күшейттік», – деп хабарлаған.

Зерттеушілер тіпті АҚШ әскери кемелерінен және Мексика әскери құрылымдары мен полициясынан шыққан есірткі айналымына қатысты хабарламаларды да ұстап алған. Команда барлық зардап шеккен ұйымдарға қауіпсіздік олқылықтары туралы хабарлап, кейбіреулерінің оларды түзеткенін растаған. T-Mobile және Walmart желілері қайта тексерілгенде, шынында да түзетулер енгізілгені анықталған.

Қауіпсіздік үшін шифрдың маңызын Том Круз «Орындалмас миссия» (Mission: Impossible) франшизасында жиі көрсетеді: Неге хабарламалар шифрланбаған? Ғалымдардың айтуынша, басты себептің бірі – экономикалық фактор. Деректерді шифрлау қосымша шығынды қажет етеді және кей компаниялар оны тек пайдасы айқын болған жағдайда ғана енгізеді. Мысалы, спутниктік теледидар операторлары үшін бұл қарақшылықтан қорғанудың құралы.

Бірақ басқа ұйымдар үшін шифрлау жүйенің өнімділігін төмендетіп, қызмет сапасына әсер етуі мүмкін. Кейде шифрлау кездейсоқ өшіріліп, жүйе оны байқамай жұмысын жалғастыра береді. Бұндай кезде деректер қорғалмайды, бірақ ешқандай ескерту жасалмайды.

Америкалық ғалымдардың зерттеуі ғаламдық коммуникациялық инфрақұрылымның әлсіздігін және деректер қауіпсіздігі саласында шифрлаудың маңыздылығын тағы бір рет дәлелдеп берді. Сіз өзіңіздің хабарламаңызды ешкім оқымайды дегенге сенесіз бе?

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
seeКөрілімдер:164
embedДереккөз:https://aikyn.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 04 Қараша 2025 13:34
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Мемлекет басшысына елімізді газбен қамтамасыз ету және жаңа газ өңдеу зауыттарының құрылысы туралы есеп берілді

03 Қараша 2026 13:47see167

Алматыда тарихи ескерткіштер тізіміне тағы 27 нысан енгізілуі мүмкін

03 Қараша 2026 13:02see165

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

03 Қараша 2026 16:33see163

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

03 Қараша 2026 17:37see160

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

03 Қараша 2026 17:42see156

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

03 Қараша 2026 17:01see156

Әділет партиясы Adilet 365 цифрлық экожүйесін дамытып келеді

03 Қараша 2026 12:38see144

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

03 Қараша 2026 16:58see140

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

03 Қараша 2026 15:52see137

Еуразиялық экономикалық одақтың нарықтарды қорғау тәжірибесі таныстырылды

03 Қараша 2026 14:08see133

Өзгенің көлігін майыстырып алды немесе біреу зардап шекті: жүргізушіні не күтіп тұр

03 Қараша 2026 12:32see130

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

03 Қараша 2026 16:51see127

Президент көлік министрін қызметінен босатты

03 Қараша 2026 18:25see121

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

03 Қараша 2026 17:44see121

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

03 Қараша 2026 18:18see120

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

03 Қараша 2026 16:49see117

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

03 Қараша 2026 17:05see115

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

03 Қараша 2026 16:50see114

Президент Жолдауы: дәуірдің жаңа дәптері

03 Қараша 2026 13:47see110

“Ұмай“ ипотекасы үшін кептеліс пе? Алматыдағы Отбасы банк бөлімшесінің алдында халық жиналды

03 Қараша 2026 13:51see107
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары