Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Жалақы, әуежайлар мен жолдар: үкімет 6,5 триллион теңгенің жоспарын бекітті

Мемлекет басшысына елімізді газбен қамтамасыз ету және жаңа газ өңдеу зауыттарының құрылысы туралы есеп берілді

Алматыда тарихи ескерткіштер тізіміне тағы 27 нысан енгізілуі мүмкін

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

Екінші АЭС бойынша келісім жасалады үкімет жоспарды мақұлдады

Дәурен Мұратбеков лауазымынан босатылды

Әділет партиясы Adilet 365 цифрлық экожүйесін дамытып келеді

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

Alatau City ге 1,3 млрд доллар инвестиция тартылады

Шетелге шығатын қазақстандықтарды есепке алғысы келеді: жаңа жоспардың егжей тегжейі

Еуразиялық экономикалық одақтың нарықтарды қорғау тәжірибесі таныстырылды

Өзгенің көлігін майыстырып алды немесе біреу зардап шекті: жүргізушіні не күтіп тұр

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

Президент көлік министрін қызметінен босатты

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

Судағы сайлауалды кездесу: Әділет партиясы үгіт насихаттың ерекше форматын ұсынды

Судағы сайлауалды кездесу: Әділет партиясы үгіт насихаттың ерекше форматын ұсынды

Aikyn.KZ парақшасындағы деректерге сәйкес, Qazaq24.com ақпарат таратты..

Шығыс Қазақстанда Құрылтай депутаттарын сайлау науқаны аясындағы үгіт-насихат жұмыстары қарқын алып келе жатыр, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Саяси партиялар сайлауалды ақпараттық-насихат жұмыстарының географиялық ауқымын кеңейтіп, кандидаттардың сайлаушылармен кездесулері қалалар мен ірі елді мекендерді, өндіріс орындары мен түрлі мекемелерді ғана емес, шалғайдағы ауылдарды да қамти бастады.

Сондай жұмыстың бір парасы деп бүгін облыстың Самар мен Алтай аудандарында өткен іс-шараларды айтуға болады. Аталмыш аудандардың тұрғындарымен кездесуге «Әділет» партиясы Шығыс Қазақстан облыстық сайлауалды штабының төрағасы, Құрылтай депутаттығына кандидат Жанат Мекееваның өзі келіп қатысты.

Сапары барысында штаб төрағасы бірнеше елді мекеннің тұрғындарымен кездесіп, оларды партияның 2026-2031 жылдарға арналған сайлауалды бағдарламасында көрсетілген негізі мақсат-міндеттермен таныстырды.

Әлбетте, мұндай кездесулерде негізінен әлеуметтік сала проблемалары сөз болатыны түсінікті. Ауыл-аймақтағы ағайынды әсіресе жұмыспен қамту, жастарды қолдау, денсаулық пен білім мәселелері толғандырады екен. Құрылтай депутаттығына кандидат Жанат Мекеева дәл осындай басқосулар халықтың мұң-мұқтажын білу үшін аса қажет екенін айтты. Ол, сонымен қатар, елімізде әлеуметтік әділдікті нығайту, халықтың әл-ауқатын жақсарту бағытында қолға алынуға тиіс шаруа көп екенін тілге тиек етті. Және ондай мақсат-міндеттің дені партияның биылғы сайлауалды бағдарламасында көрініс тапқанын ерекше атап өтті.

Мәселен, Самар ауданының Сарыбел ауылында өткен кездесу барысында Құрылтай депутаттығына үміткер Жанат Мекеева ауыл адамдары бейнеттің лайықты зейнетін көруге құқылы екенін айтты.

– Партиямыздың сайлауалды бағдарламасында бірнеше бағыттағы міндеттерге айрықша басымдылық беріліп отыр. Оның бірі ауыл халқына қатысты. Біз еліміздегі 1 миллион ауыл тұрғынының табысын сапалы түрде арттыруға мүдделіміз. Атап айтсақ, әлеуметтік осал топтардағы азаматтарға қаратылған «Ауыл аманаты» бағдарламасының аясын кеңейтеміз. Яғни, кәсіп жасаймын дегендерге жылдық мөлшерлемесі 2,5% болатын жеңілдетілген шағын несиелер берілетін болады, – дейді Ж.Мекеева.

Оның айтуынша, Бұқтырма су қоймасының жағасында орналасқан ауылдың туристік әлеуеті өте зор. Және жергілікті халық бірінші кезекте осы бағытты игеруге күш-жігерін жұмсауы қажет. Ал, «Әділет» партиясы өз тарапынан ондай азаматтарға жан-жақты қолдау көрсетуге әзір.

Алтай ауданы Серебрянка қаласының тұрғындарымен кездесуде негізінен шағын шаһарларға қатысты мәселелер қозғалды. Жасыратыны жоқ, қазір Серебрянка сияқты моноқалалар көп жағдайда миграция салдарынан инвестициядан да, даму мүмкіндіктерінен де қағылып қоюда. Осы ретте, «Әділет» партиясы әр өңірдің ерекшеліктерін ескере отырып, дамуына септесу, жергілікті жерлерге көбірек өкілеттік беріп, адам қай жерде тұрса да лайық өмір сүре алатындай жағдай жасауды өзінің басты міндеттерінің бірі санайды. Мұны қала халқымен емен-жарқын әңгіме өрбіткен Құрылтай депутаттығына кандидат Жанат Мекеева да айтты.

– Елімізде моноқалалар мен шағын қалаларды дамытудың бөлек бағдарламасы жасалады. Экономиканы әртараптандыруға, жаңа өндірістерді тартып, жұмыс орындарын құруға баса мән беріледі. Бұған қоса, ауыл-аймақтарда инженерлік инфрақұрылымды, жолдарды, байланыс пен әлеуметтік нысандарды дамыту ісі жалғаса бермек. Соның арқасында ауыл мен шағын қалалардың тұрғындары қай жерде тұратынына қарамастан базалық сервистерге қол жеткізе алады, – деді «Әділет» партиясы облыстық сайлауалды штабының төрағасы.

Кездесу барысында штаб төрағасы серебрянкалықтарға партияның сайлауалды бағдарламасының негізгі бағыттарын таныстырады, тұрғындардың сауалдарына жауап беріп, өңірдің өзекті мәселелері бойынша жиналғандармен ашық пікір алмасты.

Айта кетейік, бұл күні Алтай мен Самар аудандарында «Әділет» партиясы ШҚО сайлауалды штабының мұрындық болуымен қоғамдық қабылдау жұмысы да ұйымдастырылды.

Бірнеше жерде тігілген арнайы үгіт шатырларында тұрғындар партия өкілдеріне өз ұсыныстары мен өтініштерін білдіріп, Құрылтай депутаттығына үміткер Жанат Мекееваға жеке сауалдарын жолдай алды.  Үгіт-насихат басталғаннен бері шатыр астында өткен қабылдаулар бойынша облыс тұрғынынан түрлі мәселелер бойынша 300-ден астам ұсыныс тілектер келіп түскен.

Мұндай үгіт-насихат жұмыстары Самар мен Үлкен Нарын аудандарын жалғайтын Васильев өткелі аумағында да қолға алынды. Партияның сайлауалды атрибуттармен безендірілген паром бортында «әділеттіктер» жолаушылармен жүздесіп, ақпараттық-насихат материалдарын таратты, азаматтардың ұсыныс-пікірлері тыңдады.

Бұл күні ұйымдастырылған тағы бір ерекше іс-шара деп Бұқтырма су қоймасы акваториясында ұйымдастырылған фото және бейнетүсірілімдерді айтуға болады. «Әділет» партиясының атрибуттармен безендірілген катер мен гидроциклдер өте әсерлі кейіпке еніп, осы маңда демалып жатқан туристердің көзайымына айналды.

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
seeКөрілімдер:117
embedДереккөз:https://aikyn.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 02 Тамыз 2026 12:38
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Жалақы, әуежайлар мен жолдар: үкімет 6,5 триллион теңгенің жоспарын бекітті

03 Қараша 2026 10:59see173

Мемлекет басшысына елімізді газбен қамтамасыз ету және жаңа газ өңдеу зауыттарының құрылысы туралы есеп берілді

03 Қараша 2026 13:47see165

Алматыда тарихи ескерткіштер тізіміне тағы 27 нысан енгізілуі мүмкін

03 Қараша 2026 13:02see162

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

03 Қараша 2026 16:33see161

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

03 Қараша 2026 17:37see158

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

03 Қараша 2026 17:01see154

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

03 Қараша 2026 17:42see154

Екінші АЭС бойынша келісім жасалады үкімет жоспарды мақұлдады

03 Қараша 2026 10:48see144

Дәурен Мұратбеков лауазымынан босатылды

03 Қараша 2026 11:02see142

Әділет партиясы Adilet 365 цифрлық экожүйесін дамытып келеді

03 Қараша 2026 12:38see142

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

03 Қараша 2026 16:58see138

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

03 Қараша 2026 15:52see135

Alatau City ге 1,3 млрд доллар инвестиция тартылады

03 Қараша 2026 10:48see134

Шетелге шығатын қазақстандықтарды есепке алғысы келеді: жаңа жоспардың егжей тегжейі

03 Қараша 2026 11:18see132

Еуразиялық экономикалық одақтың нарықтарды қорғау тәжірибесі таныстырылды

03 Қараша 2026 14:08see131

Өзгенің көлігін майыстырып алды немесе біреу зардап шекті: жүргізушіні не күтіп тұр

03 Қараша 2026 12:32see128

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

03 Қараша 2026 16:51see125

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

03 Қараша 2026 17:44see119

Президент көлік министрін қызметінен босатты

03 Қараша 2026 18:25see119

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

03 Қараша 2026 18:18see117
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары