Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Мемлекет басшысына елімізді газбен қамтамасыз ету және жаңа газ өңдеу зауыттарының құрылысы туралы есеп берілді

Алматыда тарихи ескерткіштер тізіміне тағы 27 нысан енгізілуі мүмкін

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

Әділет партиясы Adilet 365 цифрлық экожүйесін дамытып келеді

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

Еуразиялық экономикалық одақтың нарықтарды қорғау тәжірибесі таныстырылды

Өзгенің көлігін майыстырып алды немесе біреу зардап шекті: жүргізушіні не күтіп тұр

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

Президент көлік министрін қызметінен босатты

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

Президент Жолдауы: дәуірдің жаңа дәптері

“Ұмай“ ипотекасы үшін кептеліс пе? Алматыдағы Отбасы банк бөлімшесінің алдында халық жиналды

Сұлтан Сәрсемалиевтің ісі бойынша сотта негізгі заттай дәлелдемелер көрсетілді

Сұлтан Сәрсемалиевтің ісі бойынша сотта негізгі заттай дәлелдемелер көрсетілді

Tengrinews.KZ парақшасындағы ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабар таратты..

Атырау облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында жұбайының туыстарын өлтірді деп айыпталған Сұлтан Сарсемалиевке қатысты істі қарау жалғасып жатыр. Кезекті отырыста сот іс бойынша заттай дәлелдемелерді зерттеді, деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Еске сала кетейік, Сұлтан Сарсемалиевке төрт адамды ерекше қатігездікпен өлтірді деген айып тағылған. Тергеу нұсқасы бойынша, ол құрбандарына 60-қа жуық пышақ жарақатын салған.

Сарсемалиевтің жұбайының туған әпкесі - Мирамгүл Қарабалинаға 32 соққы, оның ағасы Наурыз Мұқанғалиевке - 10, отбасының отағасы Мақсот Қарабалинге - 9 пышақ жарақатын салған, ал жұбайының анасы - Нәсіп Өтешқалиеваға 8 соққы тиген.

Сотта айыпталушы Сарсемалиев кінәсін ішінара мойындады. Ол Мирамгүл Қарабалинаны, сондай-ақ жұбайының әкесі мен анасын қасақана өлтіргенін мәлімдеді. Сонымен қатар сотталушы Наурыз Мұқанғалиевті өлтіруді алдын ала жоспарламағанын айтты.

Сотта Мирамгүл оралған кілем көрсетілді

17 маусымда сот іс бойынша заттай дәлелдемелерді зерттеді. Сот залына қаза тапқандардың жеке заттары, соның ішінде ұялы телефондар, планшет, банк карталары, құжаттар және іс материалдарында көрсетілген басқа да заттар әкелінді.

Видеодан алынған кадр

Сондай-ақ процесс қатысушыларына қаза тапқандардың киімдері мен тергеу нұсқасы бойынша Мирамгүл Қарабалинаны жерлеу алдында ораған кілем көрсетілді.

Бұл ретте, қылмыс жасау кезінде пайдаланылды деп болжанған екі пышақтың әлі күнге дейін табылмағаны ерекше атап өтілді.

Алынған заттардың тізбесін жариялау кезінде судья Зарема Хамидуллина басқа да заттай дәлелдемелердің тізімін оқып берді. Олардың арасында:

отбасы мүшелерінің атына рәсімделген Kaspi Bank және Halyk Bank банк карталары; Ыстамбұл метросының картасы; номиналы 50 және 100 лира болатын Түрік Республикасының банкноттары; сондай-ақ Samsung A22 ұялы телефонының қорабы бар.

Видеодан алынған кадр

Дәлелдемелерді зерттеу барысында Сарсемалиев бір SIM-картаны ауыстырып сала отырып, үш ұялы телефонды пайдаланғанын айтты.

Сотталушы қаза тапқандардың карталарына қалай қол жеткізген?

Судья Зарема Хамидуллина айыпталушының қаза тапқандарға тиесілі "Қазпошта" банк карталарына қалай қол жеткізгенін нақтылады.

Сотталушы отбасының заттары арасынан құпия сөздер жазылған тізімді тауып алғанын, ал оның айтуынша, зейнетақы мен жәрдемақы алуға әдетте туыстарының бірі баратынын мәлімдеді.

Айыпталушының сыбайластары болған ба?

Судья сотталушының қылмыс ізін қалай жасырғанын сұрап, оның жалғыз әрекет еткен-етпегенін анықтауға тырысты. Сұлтан Сарсемалиев сыбайластарының болғанын үзілді-кесілді теріске шығарып, төрт адамды өлтіруді, сондай-ақ кейіннен мәйіттерді жасыруды өз бетінше жүзеге асырғанын мәлімдеді.

Оның айтуынша, ол көрді жалғыз өзі қазып, мәйіттерді тасып, оларды жерлеумен айналысқан. Сотталушы қылмыс іздерін жоюға бүкіл түні кеткенін мойындады. Жерлеудің нақты тереңдігін айта алмады, тек таң атқанша жұмыс істегенін атап өтті.

"Шұңқырдың қаншалықты терең болғанын айтпай-ақ қояйын, бірақ жұмысты аяқтағанша, таң атқанша қаздым. Мұны басқаша, басқа жерде жасауға күш-жігерім де, мүмкіндігім де жетпеді", - деп жауап берді айыпталушы Сарсемалиев судьяның сұрақтарына.

Мәйіттердің неліктен үйдің жанына көмілгені туралы сұраққа жауап бере отырып, Сарсемалиев мұны оқиғадан кейінгі есеңгіреген күйімен түсіндірді. Оның айтуынша, ол жағдайды бағалап, бәрін басқаша ұйымдастыра алмаған.

Судья сондай-ақ айыпталушыдан қылмыс туралы оның туыстары, соның ішінде ағайындылары білуі мүмкін бе екенін сұрады. Сұлтан Сарсемалиев жақындарының болған оқиғаға ешқандай қатысы жоқ екеніне сендірді. Ол отбасының көптен бері тығыз байланыста болмағанын түсіндірді: әрқайсысының өз өмірі мен тауқыметі бар. Осы себепті оның ұзақ уақыт бойы болмауы ешкімде күдік тудырмаған.

"Мысалы, ағайындыларымның әрқайсысының өз отбасы, балалары бар - бірінде бесеу, бірінде алтау. Мен олардың әрқайсысының өміріне араласуым керек пе? Бізде олай қабылданбаған. Сондықтан олар өз өмірлерін сүрді және менің басымнан өткен жағдай туралы ештеңе білмеді", - деп жауап берді Сарсемалиев сотқа.

Фото сот залынан: Tengrinews.kz

Наурыз Мұқанғалиевтің басы неліктен денесінен бөлек болды?

Мемлекеттік айыптаушы келесі отырысқа қаза тапқандардың мәйіттерін зерттеген сот-медициналық сарапшыны шақыруды сұрады.

Процесс қатысушыларында Наурыз Мұқанғалиевтің сүйектеріне қатысты сұрақтар туындады. Сотта оның денесі жоғалғаннан кейін 10 ай өткен соң табылғаны, бұл ретте басы денесінен бөлек болғаны айтылды.

Сотталушы Сарсемалиев бұл жағдай дененің жер астында ұзақ уақыт жатуына және кейіннен қазып алынуына байланысты өлімнен кейін болуы мүмкін деп топшылады.

Нақты мән-жайларды анықтау үшін тараптар сарапшыны сотқа шақыруды қолдады.

Еске сала кетейік, 16 маусымда Сұлтан Сарсемалиев сотта жауап беріп, қылмыстан кейінгі әрекеттері туралы айтып берген болатын.

Сотталушының айтуынша, 2025 жылы қылмыс жасағаннан кейін ол Қазақстаннан кетіп, кейін Түркия арқылы Сауд Арабиясына жол тартқан.

"Меккеге күнәдан арылу үшін бардым. Қажылық өтейін деп шештім. Түркиядан кейін, сол айда, 10 қарашада (2025 жыл – ред. ескертпесі) бардым. Жаратқаннан кешірім сұрадым", – деді ол сотта.

Фото Tengrinews.kz

Сәрсемалиев қасиетті жерлерде он шақты күн болып, кейін Қазақстанға оралуға бел байлағанын айтты.

Сұлтан Сәрсемәлиев алғашқы құрбанын қалай өлтіргенін көрсетті - тергеу экспериментінің видеосы

Сұлтан Сәрсемалиев - Атырау облысындағы бір отбасының төрт мүшесін, атап айтқанда бұрынғы жұбайының ата-анасын, ағасы мен әпкесін өлтірді деп айыпталып отырған бұрынғы күйеу баласы. Тергеу болжамы бойынша, қылмыс 2025 жылы ұзаққа созылған отбасылық жанжал негізінде жасалған. Іс материалдарына сәйкес, ол марқұмдардың денесін жалдамалы үйдің ауласына және қаза тапқан ерлі-зайыпты тұрған үйдің сарайына көміп, жасыруға тырысқан.

28 мамырда Атырауда бұл іс бойынша басты сот талқылауы басталды. Сотта прокурорлар қылмыс эпизодтарының егжей-тегжейін, соның ішінде адам өлтіру жағдайлары мен мәйіттер мен айғақтарды жасыру әрекеттерін жариялап жатыр. Бұл іс Қазақстан қоғамында үлкен резонанс тудырды.

Фото Атырау облыстық ПД

Еске салайық, сотталушының әйелі Ақбаян Мұқанғалиеваның отбасы мүшелерінің өліміне қатысы жоқтығына байланысты оған қатысты қылмыстық қудалау тоқтатылды. Бұған дейін ол күйеуімен бірге іздеуде болып, Индонезиядан Қазақстанға экстрадицияланған еді.

Психиатриялық сараптама нәтижесі бойынша, әйел динамикалық бақылау мен дифференциалды диагностикаға мұқтаж.

Google News арқылы жаңалықтарымызды қадағалаңыз

Жазылу
Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
seeКөрілімдер:146
embedДереккөз:https://kaz.tengrinews.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 17 Маусым 2026 14:16
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Мемлекет басшысына елімізді газбен қамтамасыз ету және жаңа газ өңдеу зауыттарының құрылысы туралы есеп берілді

03 Қараша 2026 13:47see167

Алматыда тарихи ескерткіштер тізіміне тағы 27 нысан енгізілуі мүмкін

03 Қараша 2026 13:02see165

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

03 Қараша 2026 16:33see163

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

03 Қараша 2026 17:37see160

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

03 Қараша 2026 17:42see156

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

03 Қараша 2026 17:01see156

Әділет партиясы Adilet 365 цифрлық экожүйесін дамытып келеді

03 Қараша 2026 12:38see144

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

03 Қараша 2026 16:58see140

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

03 Қараша 2026 15:52see137

Еуразиялық экономикалық одақтың нарықтарды қорғау тәжірибесі таныстырылды

03 Қараша 2026 14:08see133

Өзгенің көлігін майыстырып алды немесе біреу зардап шекті: жүргізушіні не күтіп тұр

03 Қараша 2026 12:32see130

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

03 Қараша 2026 16:51see127

Президент көлік министрін қызметінен босатты

03 Қараша 2026 18:25see121

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

03 Қараша 2026 17:44see121

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

03 Қараша 2026 18:18see120

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

03 Қараша 2026 16:49see117

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

03 Қараша 2026 17:05see115

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

03 Қараша 2026 16:50see114

Президент Жолдауы: дәуірдің жаңа дәптері

03 Қараша 2026 13:47see110

“Ұмай“ ипотекасы үшін кептеліс пе? Алматыдағы Отбасы банк бөлімшесінің алдында халық жиналды

03 Қараша 2026 13:51see107
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары