Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Президентке Қорғаныс министрлігіндегі жоспардан тыс аудиттің барысы туралы баяндалды

Мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру квотасының орындалуы тоқсан сайын бақыланады

Қазақстандағы Тікенектер белгісі айыппұл болмаса, оны жабыстырудың не қажеті бар

Алматыдағы түнгі ойын сауық орнында қызғаныштан жаппай төбелес болды

Алматыда сазандар мен ақ амурлар мекендейтін құпия су айдыны табылды

Қазақстанда Иранның үш азаматы сотталды

13 жастағы баланың өлімі: Ақтауда хирург күдікті ретінде ұсталды

Венгрия Украинаның Еуроодаққа кіру келіссөздеріне қойылған ветоны алып тастайды БАҚ

ҰҚК ұстаған сот төрағасы мен судья ірі көлемде пара алғаны үшін 9 жылға сотталды

Үржар және Атырау әуежайларында өзгерістер күтілуде: жолаушылар үшін не өзгереді

Қазақстанда кептеліс мәселесімен жаңаша айналысады: премьер әкімдіктерге тапсырма берді

Банктер қандай жағдайда адамның несиесін толық кешіретіні белгілі болды

Сапарды кейінге қалдырыңыз : Көлік министрлігі жүргізушілерге ескерту жасады

Қолайсыз ауа райы: полиция азаматтарды жолда сақ болуға шақырды

Министр цифрландырудың арқасында үнемделген қаржы көлемін айтты

Астанада шатырдан құлаған құрылыс материалдарынан автомобильдер зардап шекті

Тоқаев балаларға ерте жастан не түсіндіру керектігін айтты

БАӘ Қазақстанға іздеуде жүрген үш адамды берді: олар не үшін күдікті деп танылды

Тоқаев қылмыстық істер бойынша Еуропамен өзара құқықтық көмекті реттейтін заңға қол қойды

Тоқаев Қазақстан мен Оман қандай салаларда бірлескен жобаларды жүзеге асыра алатынын айтты

Сыр бойына жүгері де жерсінеді

Сыр бойына жүгері де жерсінеді

Egemen.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com жаңалық жариялайды..

Сыр топырағына жүгері дақылы бөтен емес. Кезінде біраз шаруашылық мал азығы үшін «дала аруы» деп әспеттелген дақыл түрін егіп, мол өнім жинаған. Кейінгі бес жыл көлемінде Қазалы ауданындағы «РЗА» акционерлік қоғамы су үнемдеу технологиялары арқылы 2238 гектар күріш, мыңдаған гектарға жоңышқа, жарты мың гектарға жуық жүгері егіп келеді.

Жүгері егу туралы бастама былтырғы жазда өңір делегациясының Жетісу облысындағы Жаркент қаласына жасаған жұмыс сапарынан басталған еді. Сол сапарда қызылордалықтар «Жаркент крахмал-сірне зауыты» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің өндірістік алаңдарымен танысып, жылына 200 мың тоннаға дейін жүгері өңдеуге қауқары жететін өндіріс орнынан крахмал, сірне, глютен және мал азығына қажетті өнімдер шығарылатынын көрді. Бұл өнімдер ішкі нарықтан бөлек, Қытай, Орталық Азия, ТМД елдеріне экспортталады.

Сол сапарда Сырдан барған топ өкіл­дері зауыт басшыларымен өндірістік қуаттылық, шикізатпен қамтамасыз ету, экспорттық бағыттар және экология­лық қауіпсіздік мәселелерін жан-жақты талқылады. Еліміздегі жүгеріні терең өңдейтін ірі кәсіпорындардың бірі саналатын зауыттағы кездесуде өңдеу өнер­кә­сібін дамытуда мұндай кәсіп­орындардың тәжірибесі ерекше маңыз­ды екені аталып өтіп, Сыр өңіріндегі ауыл шаруашылығы саласын дамытуға бағытталған жоспарлар туралы сөз болды. Осыдан кейін облыста 40 млрд теңгеге Қызылорда крахмал-сірне зауыты жобасы қолға алынды.

Осы саладағы ел үміт күтіп отыр­ған ірі бастаманың бірі – жүгеріні терең өндейтін Қызылорда крахмал-сірне зауыты жобасы. 2025–2029 жылдар аралығында жүзеге асуға тиіс жоба екі кезеңге бөлінген. Әуелі тәулігіне 1 200 тонна жүгері дәнін кеп­тіретін кешен, 30 мың тонналық сақтау қоймасы, кейін жүгеріні терең өңдейтін зауыт салынады. Зауытқа 35 гектар жер телі­мі табысталып, 10 мың гектарға жүге­рі егуге шаруалармен келісім жасалды. Одан бөлек, швейцариялық «Хар­вест Груп» ком­паниясымен бірлесіп, 21 мың гектарға техникалық қарасора, жүгері, соя өсіретін агроиндустриялық кластер құру жоспарланып отыр.

Жоба аясында 600 млн теңгеге Гер­маниядан әкелінген дренаж­ды құбырлар мен арнайы соқа, Ис­па­ния­дан жеткізілген жаңбырлатып суару жабдығы үмітті ақтады. Жаңа технологиялар суды тиімді пайдаланып, өнімділікті арттыруға ықпал етіп келеді.

Осылайша, Сыр аграршылары жаңа бір бастаманы қолға алды. Осы бағыт­тағы жұмыс қарқыны өңірде жүгерінің жайқалып тұратын күні алыс еместігін аңғартады.

Швейцарияның «Харвест Груп» ком­­паниясымен бірлескен баста­ма­ның болашағына сенім көп. Об­лыс­тық ауыл шаруашылығы мен жер қатынаста­ры басқармасының дерегінше, құны 51 млрд теңгеге техникалық қарасора, жүгері мен соя өсірілетін жоба аясында 21 мың гектарға агроиндустриялық клас­тер құру жоспарланған. Қазір көк­темгі егіске жер телімін дайындау жұмыс­тары жүргізіліп жатыр.

Жалпы, кейінгі жылдар бедерінде Сырдағы су тапшылығы дария жаға­лауын­дағы елді елеңдетіп-ақ тұр. Әсіресе несібесін жерден тер­ген егіншілер әр егіс маусымынан әу­пі­рім­мен әзер шығады. Егіле­тін кү­ріш кө­лемі жыл сайын кеміге­німен өңірдің өзен суынан алар үлесі көбейіп тұрған жоқ. Ауыл шаруа­шылығы құрылымдары өкілдерінен жасақталған делегация еліміздің өзге өңірлері мен шет мемлекеттерге сапарлап, ондағы су үнемдеу, суды мейлінше аз қажет ететін өнімдер егу технологиясымен танысып келді.

Мемлекет басшысының «Суды үнем­дейтін озық технологияларды қолдану арқылы егістік алқаптарын жыл сайын 150 мың гектарға дейін кеңейту» туралы тапсырмасына сәйкес Сырда Түркияның «Ardent Plastik» компаниясымен бірлесіп, су үнемдеу технологияларын өндіретін зауыт ашу да жоспарланып отыр.

Тамшылатып суару жүйелеріне арналған құбырлар шығаратын компания өкілдері Қызылордада жоба­ның маңыздылығы мен тиімділігін таныстыратын кездесу ұйымдастырды. Спринклерлік қондырғылар, тамшылатып суару құбырлары мен пластикалық құбырлар өндіретін жо­баға жұмсалатын инвестиция көлемі 30,6 млрд теңге болады деп жос­парланып отыр.

Былтырғы су тапшылығы кезінде Пре­зидент тапсырмасымен өңірге Үкімет делегациясы арнайы келіп, шаруалар­дың жағдайымен, егістің жай-күйімен танысқан болатын. Төтенше жағдайлар министрлігі еліміздің барлық өңірінен 139 қыз­меткерден құралған жеке құрамды жеткізіп, екі ай бойы шаруалардың игілігі үшін ауқымды жұмыс атқар­ды. Үкімет резервінен 53 насос қондыр­ғысын алуға қажетті қаржы бөлініп, осының арқасында егінді шығынсыз жинап алуға мүмкіндік туды.

Өңірде су ресурстарын неғұрлым тиімді пайдалану, су шығынын азай­ту үшін егістікке жаңа технология­лар енгізіліп келеді. Былтыр диқан­дар күріш алқаптарының 60 мың гектарын лазермен тегістеп, суды үнемдеп, өнімділікті арттырды. Су үнемдеу технологияларын пайдалану көлемі 8 100 гектарға жетті. Шиелі, Қазалы, Арал аудандарын­да шетелдік компаниялардың қаты­суы­мен су үнемдеу технологияларын қолданып жүгері, жоңышқа егуге бағытталған 3 ірі жоба қолға алынған. Бұл бағыттағы жұмыс тоқтамайды. Өйткені Мемлекет басшысы суды көп қажет ететін дақылдар егісін оңтай­ландырып, оның орнына ылғалға төзім­ді, өнімділігі жоғары, сұранысқа ие жүгері, майлы дақылдар көлемін арттыруды тапсырып отыр.

Осыған байланысты облыстық ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасы, «Қазсушар» РМК Қызыл­орда филиалы, Су ресурстарын реттеу, қорғау және пайдалану жөніндегі Арал – Сырдария бассейндік су инспекциясы өкілдері былтырғы егін науқаны аяқтала салысымен аудандарда егістікті тұрақты суармалы сумен қамтамасыз ету үшін су үнемдеу технологияларын енгізу жө­нінде кездесулер өткізе бас­тады.

Су тапшылығына байланысты егіс алқаптарын әртараптандыруды кү­шей­тіп, күріш көлемін оңтайлан­дыру, оның орнына жүгері, мақсары, басқа да суды аз қажет ететін дақыл­дар­ды егуді ұлғайту, ауыл шаруа­шы­лығы техникалары мен насос қон­дырғыларының дайындық деңгейін арттыру мәселесіне арналған жиын­дарда шаруашылық басшылары айтқан ұсыныс-пікірлер де ескерусіз қалған жоқ.

Қызылорда 

Соңғы жаңалықтар

Валюта бағамы: құбыла ма, тұрақтала ма?

Қаржы • Бүгін, 08:50

Сыр бойына жүгері де жерсінеді

Аймақтар • Бүгін, 08:45

Софья Самоделкина қысқа бағдарламада 12-орын алды

Спорт • Бүгін, 08:42

Қалдықты кәдеге жарататын кәсіпорын

Аймақтар • Бүгін, 08:40

Farabi university: ғылым, инвестиция және дамудың жаңа кезеңі

Университет • Бүгін, 08:35

Цифрлық мәдени мұра

Мирас • Бүгін, 08:30

Озық оқырмандар марапатталды

Байқау • Бүгін, 08:25

Үй емес, музей дерсің!

Мирас • Бүгін, 08:20

Жалпыұлттық коалиция өкілдері Шымкент тұрғындарымен кездесті

Ата заң • Бүгін, 08:17

Жарыс күнделігі

Спорт • Бүгін, 08:15

Болашағымыздың стратегиялық бағдары

Ата заң • Бүгін, 08:12

Ұшақта жолаушының өмірін құтқарды

Қоғам • Бүгін, 08:10

Жастар Конституция жобасын қолдайды

Ата заң • Бүгін, 08:07

Әңгіме арқауы – руханият мәселесі

Қоғам • Бүгін, 08:05

Уақыт талабынан туындаған құжат

Реформа • Бүгін, 08:02

Барлық жаңалықтар

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
seeКөрілімдер:154
embedДереккөз:https://egemen.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 18 Ақпан 2026 09:44
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Президентке Қорғаныс министрлігіндегі жоспардан тыс аудиттің барысы туралы баяндалды

05 Қазан 2026 16:26see140

Мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру квотасының орындалуы тоқсан сайын бақыланады

05 Қазан 2026 15:44see138

Қазақстандағы Тікенектер белгісі айыппұл болмаса, оны жабыстырудың не қажеті бар

05 Қазан 2026 09:29see137

Алматыдағы түнгі ойын сауық орнында қызғаныштан жаппай төбелес болды

05 Қазан 2026 19:06see137

Алматыда сазандар мен ақ амурлар мекендейтін құпия су айдыны табылды

05 Қазан 2026 18:33see136

Қазақстанда Иранның үш азаматы сотталды

05 Қазан 2026 13:04see135

13 жастағы баланың өлімі: Ақтауда хирург күдікті ретінде ұсталды

05 Қазан 2026 12:30see134

Венгрия Украинаның Еуроодаққа кіру келіссөздеріне қойылған ветоны алып тастайды БАҚ

05 Қазан 2026 22:07see129

ҰҚК ұстаған сот төрағасы мен судья ірі көлемде пара алғаны үшін 9 жылға сотталды

05 Қазан 2026 17:52see128

Үржар және Атырау әуежайларында өзгерістер күтілуде: жолаушылар үшін не өзгереді

05 Қазан 2026 15:34see126

Қазақстанда кептеліс мәселесімен жаңаша айналысады: премьер әкімдіктерге тапсырма берді

06 Қазан 2026 10:57see125

Банктер қандай жағдайда адамның несиесін толық кешіретіні белгілі болды

06 Қазан 2026 14:54see124

Сапарды кейінге қалдырыңыз : Көлік министрлігі жүргізушілерге ескерту жасады

06 Қазан 2026 10:24see124

Қолайсыз ауа райы: полиция азаматтарды жолда сақ болуға шақырды

05 Қазан 2026 19:42see123

Министр цифрландырудың арқасында үнемделген қаржы көлемін айтты

06 Қазан 2026 12:42see123

Астанада шатырдан құлаған құрылыс материалдарынан автомобильдер зардап шекті

06 Қазан 2026 13:27see121

Тоқаев балаларға ерте жастан не түсіндіру керектігін айтты

05 Қазан 2026 15:02see121

БАӘ Қазақстанға іздеуде жүрген үш адамды берді: олар не үшін күдікті деп танылды

06 Қазан 2026 11:27see117

Тоқаев қылмыстық істер бойынша Еуропамен өзара құқықтық көмекті реттейтін заңға қол қойды

06 Қазан 2026 20:27see116

Тоқаев Қазақстан мен Оман қандай салаларда бірлескен жобаларды жүзеге асыра алатынын айтты

06 Қазан 2026 19:40see116
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары