Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Еңбек дауы: қос тараптан кететін қателік

Депутат СК Фармацияның 2027 жылғы медициналық бұйымдарды сатып алуларын тексеруді талап етті

Жігер Ауыпбаев жұбайына ерекше сый жасады (видео)

Қазақстан шетелдіктердің тұрақты тұруына (ТТҚ) рұқсат беретін мамандықтар тізімін үш есе кеңейтуге дайындалып жатыр

Қасым Жомарт Тоқаев Сауд Арабиясының Короліне құттықтау жеделхатын жолдады

Каспийдегі қасірет: құтқарылған адамның жағдайы туралы ақпарат пайда болды

Қазақстанда 25 қыркүйекте жалпыұлттық аза тұту жарияланды

Шымкентте екі маңызды нысан бой көтереді

iPhone 18 ге қызығушылықты пайдаланған алаяқтар жаңа схема ойлап тапты

XXI ғасырдың технологиясын өткен ғасырдың құралдарымен басқаруға тырысып отырмыз депутат

Орталық сайлау комиссиясының мүшелері тағайындалды

Ұлттық сана сезімге серпіліс беріп, қоғамдық диалогті одан әрі дамыта түсуіміз қажет Тоқаев

БҰҰ да Украина жөніндегі Ресейге қарсы мәлімдемені 193 елдің 51 і қолдады

“Бостон некесі“. Неге қазақстандық әйелдер бірге тұратын “әйел“ іздейді?

Шымкентте перинаталдық орталық пен әуежайдың екінші ұшу қону жолағын салуға 33,5 млрд теңге бөлінді

Жемісті жеті жыл

Ұлытауда XXXIV республикалық “Ұлытау үні“ фестивалі басталды

Көркем жазу баллды төмендетпейді 23 қыркүйектен бастап Қазақстанда 2 4 сынып оқушыларын не күтіп тұр

Зейнеткерлер үшін бе? Қазақстандық зумерлер “бәрі қосылғаннан“ бас тартып, “санаторингті“ таңдады

Ақтауға балықтан уланған пациенттерге көмектесу үшін дәрігерлер ұшып келеді

Жүгері өңдейтін алпауытқа айналмақ

Жүгері өңдейтін алпауытқа айналмақ

Qazaq24.com, Aikyn.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратады..

Шу ауданында салынып жатқан жаңа кәсіпорында алдағы уақытта мыңнан аса жаңа жұмыс орны құрылмақ.  Компания басшылығы жұмысшылардың 90 пайызын жергілікті азаматтар құрайтынын айтады.

Тоғыз жолдың торабында орналасқан Шу ауданында ірі жобалар қолға алынып жатқанына біраз жыл болған.  «Жібек жолы» арнайы экономикалық аймағында кейінгі бірер жылдың бедерінде 10 кәсіпорын бой көтеріп, 4 мың адамды жұмыспен қам­туда. Ал қытайлық инвесторлар қолға алған жүгеріні қалдықсыз өңдейтін зауыт құрылысы бүгінде қарқынды жүріп жатыр.

«Кәсіпорын құрылысын жүргізу мақ­сатында мыңдаған жұмысшы жұмыл­ды­рылды. Зауыт ашылған кезде 1 500 азамат жұмыспен қамтылады. Біз жүгеріні терең өңдеу ісіне кірісу арқылы лейцин, изолей­цин, валин, глутамин, цитрулин секілді амин қышқылдарын аламыз. Бұдан бөлек, крахмал, глюкоза және мал азығын өндіреміз.

Жалпы алғанда, жаңа зауытта жұмыс істейтін мамандардың 90 пайызы жергілікті азаматтар болады. Жұмысшылар алдағы жылдары шет мемлекеттерде біліктілігін арттырады. Шу ауданында барлығы 19 инвестициялық жоба жанданады», – дейді Shenqtai Biotech CO. LTD ЖШС басшысының орынбасары Сю Цзин Чжао.

Мамандардың сөзіне сүйенсек, зауыттың өнімділік қуаты жылына 500 мыңнан 1 млн тонна жүгері өңдеуге дейін жетпек. Ал кәсіпорын толық қуатында жұмыс істеген кезде бұл көрсеткішті 3 млн тоннаға дейін жеткізуге мүмкіндігі тумақ. Жаңа зауыт құрылысын жүргізуге шамамен 420 млрд теңге инвестиция тартылған.

Облыс әкімі Ербол Қарашөкеевтің айтуынша, жаңа жоба оңтүстік өңірлердегі агроөнеркәсіп саласын дамытуға айрықша серпін бермек. Өйткені мұнда жұмысты жүйелі түрде жүзеге асыруға барлық мүмкіндік қарастырылған.

«Мемлекет басшысы өңделген ауыл шаруашылығы өнімдерінің үлесін 70 пайызға жеткізу міндетін жүктегені мәлім. Біз таңдаған басым бағыттың бірі – дәнді да­қыл­дарды терең өңдеу. Бұл жоба – жүк­телген міндетті жүзеге асырудың нақты көрінісі. Іргесі қаланып жатқан жаңа зауытта егістіктен бастап тұтынушыға дейінгі жоғары сұрыпты өнім өндіретін біртұтас жүйе қалыптас­тырылған. Бірегей жоба еліміздің оңтүстік өңірлерінде агро­өнеркәсіп кешенін қарқынды түрде өркендетуге тың серпін берері анық. Сон­дай-ақ ауыл шаруашылығы тауар өн­діру­­шілеріне тұрақты табыс әкеледі», – дейді Е.Қарашөкеев.

Компания басшылығының айтуынша, серіктестік құрылыс жұмысы кезінде, негізінен, қытайлық технологияны қолда­нады. Сондықтан мамандар да көрші елден жұмылдырылатыны түсінікті. Алайда зауыт құрылысы аяқталғаннан кейін жұмыстың басым бөлігін жергілікті мамандар жүзеге асырады.

«Жергілікті азаматтарды жұмыспен қамту туралы уәдемізге берік болуға мүдделіміз. Бұл өз кезегінде шығынымызды азайтатынын айта кеткен ләзім. Біздің жоспар бойынша басқару жүйесіндегі 50 маман ғана Қытайдан келеді. Қалған шаруаны жүзеге асыруға еліміздің азаматтары жұмысқа қабылданатыны анық. Біз қазір Алматы қаласы мен Жамбыл облысындағы университеттермен сөйлесіп жатырмыз. Олар бізге керек мамандарды даярлауға көмектеседі. Жергілікті 40 студентті жаңа технологияны меңгеру мақсатында Қытайға оқуға жіберіп, олардың біліктілігін арттыр­дық. Ал компания Жамбыл облысы аума­ғында тіркелгендіктен, салықтық түсімдер Жамбыл облысына төленеді», – дейді серіктестік басшысының орынбасары. 

Мамандар келтірген дерекке жүгінсек, зауыт осы жылы жұмысты ішінара бастауға ден қойып отыр. Нақтырақ айтсақ, биыл 500 мың тонна жүгеріні өңдеуге күш салмақ. Ал 2027 жылы серіктестік 1-1,5 млн тонна көлемінде жүгері сатып алуға бекініп отыр.

«Біз өзімізге қажетті жүгерінің бәрін Қазақстанның оңтүстік өңірлерінен алуға ниеттіміз. Әлбетте, мүмкіндік жетсе, елдің барлық өңірінен сатып алуға қауқарымыз жетеді. Сіздердің көмектеріңіздің арқасында оңтүстіктегі шаруалардың басым көпшілігі жүгері егеді деп сенемін. Осы орайда Жам­был облысы әкімдігі мен Ауыл шаруашылығы министрлігі бізге қолдан келгенше қолдау көрсетіп отырғанын айта кеткен жөн. Ал жүгерінің сұрпына қатысты айтар болсам, біздің зауытқа жергілікті өнім жарайды. Қандай да бір талабымыз жоқ. Жұмсақ жүгеріні ғана қабылдаймыз. Шаруалар осыны назарда ұстаса дейміз. Ал жүгеріні сатып алу нарықтық баға жүйесімен жүзеге асырылады. Себебі бізде бекітілген нақты баға тарифі жоқ», – дейді компания өкілі.

Серіктестік басшысының орынбасары келтірген дерекке жүгінсек, отандық шаруа­лар жүгері алқабын кеңейтуге ниет­тенсе, Shenqtai Biotech CO. LTD ЖШС тарапынан оларға техникалық көмек көрсетуге мүмкіндік бар. Алайда жергілікті азаматтармен бірлесіп жүгері алқаптарын кеңейте алмайды. Өйткені еліміздің заңнамасында шетелдік компаниялардың Қазақстан аумағында мұндай жұмыс атқаруына тыйым салынған.

«Зауыт толық қуатында жұмыс істеген кезде өндірілген өнімді Жерорта теңізі маңайындағы елдерге, дәлірек айтсақ, Еуропа мемлекеттері мен Солтүстік Африка елдеріне экспорттауға бел буып отырмыз. Оны нақты уақытында жүзеге асыратын өзіміздің жоба-жоспарымыз бар», – дейді Сю Цзин Чжао.

Жұмысын кезең-кезеңімен жандан­дыруға тәуекел еткен зауыт басшылығынан жергілікті азаматтардың жалақысы туралы да сұрадық. Компания басшылығының сөзінше, мұндағы қызметкерлердің еңбек­ақысы 200 мың теңгеден 1 миллион теңге аралығында болмақ екен. Жалақы көлемі қызметкердің функционалдық міндетіне байланысты тағайындалады.

«Кәсіпорында жатып жұмыс істеуге ниетті азаматтарға арналған екі бірдей жатақханамыз бар. Олардың осында қалып қызметтік міндетін атқаруға ешқандай кедергі жоқ. Әрқайсысына 900-ден астам адам сыяды. Бұдан бөлек, отбасылы жұмыс­шыларға арналған пәтерлер де бар. Ал үйіне барып келіп жұмыс істегісі келетіндерге арнайы көлік қарастырылған», – дейді серіктестік басшысының орынбасары.

Компания университтермен келісім жүргізу аясында Қытайға оқуға жіберілген жастардың бәрін жұмысқа қабылдаған. Олар тек жұмыс істеу жүйесін толық мең­геру, кәсіби біліктілігін жетілдіру мақ­са­тында ғана арнайы курстарға жіберіледі. Зауыт маңайында орналасқан асханада қазақы мәзірге сай тағамдар дайында­латынын да айта кеткен жөн. Бір сөзбен айтқанда, жүгеріні тереңдетіп өңдейтін зауытта жұмыс істеуге барлық мүмкіндік қарастырылғаны көңіл қуантады. Бұл ин­вестициялық жоба елімізді, Жамбыл облы­сын өңдеуші салада жаңа белеске шығаратыны анық.

Саятхан САТЫЛҒАН,

Жамбыл облысы

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
seeКөрілімдер:83
embedДереккөз:https://aikyn.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 11 Тамыз 2026 05:33
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Еңбек дауы: қос тараптан кететін қателік

24 Қыркүйек 2026 10:15see147

Депутат СК Фармацияның 2027 жылғы медициналық бұйымдарды сатып алуларын тексеруді талап етті

24 Қыркүйек 2026 09:59see145

Жігер Ауыпбаев жұбайына ерекше сый жасады (видео)

24 Қыркүйек 2026 10:11see144

Қазақстан шетелдіктердің тұрақты тұруына (ТТҚ) рұқсат беретін мамандықтар тізімін үш есе кеңейтуге дайындалып жатыр

24 Қыркүйек 2026 10:19see144

Қасым Жомарт Тоқаев Сауд Арабиясының Короліне құттықтау жеделхатын жолдады

24 Қыркүйек 2026 10:12see142

Каспийдегі қасірет: құтқарылған адамның жағдайы туралы ақпарат пайда болды

24 Қыркүйек 2026 19:41see141

Қазақстанда 25 қыркүйекте жалпыұлттық аза тұту жарияланды

24 Қыркүйек 2026 19:09see138

Шымкентте екі маңызды нысан бой көтереді

24 Қыркүйек 2026 10:12see137

iPhone 18 ге қызығушылықты пайдаланған алаяқтар жаңа схема ойлап тапты

24 Қыркүйек 2026 10:08see137

XXI ғасырдың технологиясын өткен ғасырдың құралдарымен басқаруға тырысып отырмыз депутат

24 Қыркүйек 2026 10:16see137

Орталық сайлау комиссиясының мүшелері тағайындалды

24 Қыркүйек 2026 10:13see136

Ұлттық сана сезімге серпіліс беріп, қоғамдық диалогті одан әрі дамыта түсуіміз қажет Тоқаев

24 Қыркүйек 2026 12:48see136

БҰҰ да Украина жөніндегі Ресейге қарсы мәлімдемені 193 елдің 51 і қолдады

24 Қыркүйек 2026 10:34see135

“Бостон некесі“. Неге қазақстандық әйелдер бірге тұратын “әйел“ іздейді?

24 Қыркүйек 2026 11:03see135

Шымкентте перинаталдық орталық пен әуежайдың екінші ұшу қону жолағын салуға 33,5 млрд теңге бөлінді

24 Қыркүйек 2026 09:58see134

Жемісті жеті жыл

24 Қыркүйек 2026 10:10see134

Ұлытауда XXXIV республикалық “Ұлытау үні“ фестивалі басталды

24 Қыркүйек 2026 18:58see134

Көркем жазу баллды төмендетпейді 23 қыркүйектен бастап Қазақстанда 2 4 сынып оқушыларын не күтіп тұр

24 Қыркүйек 2026 10:20see134

Зейнеткерлер үшін бе? Қазақстандық зумерлер “бәрі қосылғаннан“ бас тартып, “санаторингті“ таңдады

24 Қыркүйек 2026 10:21see132

Ақтауға балықтан уланған пациенттерге көмектесу үшін дәрігерлер ұшып келеді

24 Қыркүйек 2026 10:19see132
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары