Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Алдағы сайлау партия үшін маңызды саяси кезең

Елу жастан асқан 10 мыңнан астам қазақстандық жұмысқа орналасты

Republic Day және Bereke Fest: жекелеген тауарларға 50% ға дейін жеңілдік

​Атырауда мерекелік демалыс алдында екі ХҚКО кезекпен жұмыс істейді

​Атырауда TikTok та бейәдеп сөз айтқан қыздың анасы жазаланды

Бублик Медведевпен Almaty Open финалына берілетін жолдаманы сарапқа салады

Орташа жалақы 486 мың теңгеден асты

Құлсарыда мектеп жанындағы жер қараусыз тұр

Вице Президент қоғам қайраткерлерін марапаттады

Балуан Айдос Сұлтанғали әлем біріншілігінің 1/2 финалына шықты

Дженсен Хуанг: интернатта өскен бала NVIDIA компаниясын қалай құрды

Қазақстанда орташа жалақы 486 мың теңгеден асып кетті

№161 лицейде Республика күніне арналған салтанатты іс шара өтті

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

Нұртан Ыдырысов Нидерландтағы әлем чемпионатының финалында өнер көрсетті

Дастан Сәтпаев ойнаса да, Бернли тағы да жеңілді

Бублик Almaty Open турнирінде қалай жарақат алғанын айтты

Абай Бегей мен Фариза Жұманова Вьетнамда гендер пати өткізді

Классик Мерей Мәулитқанов Олимпиада жүлдегерін жеңіп, әлем чемпионатының ширек финалына өтті

Алаяқтар сіздің атыңызға несие рәсімдемеуі үшін не істеу керек?

Сыртқы саясаттағы серпіліс

Сыртқы саясаттағы серпіліс

24.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабарлайды..

Былтыр Қазақстанның қатысуымен 69 халықаралық келісімге қол қойылды. Оның басым бөлігі қазақ тарапының бастамасымен жүзеге асты. Бұл жайлы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады. Бұдан бөлек, 154 инвестициялық келісімшарт жасалды. Бұл ел басшылығының сыртқы саясаттағы серпінді жұмысының жемісі. Алыс-жақын шет елдермен арадағы алыс-беріс пен барыс-келіс қарқыны қалай? 

Былтыр Қазақстан президенті 23 мәрте шетелге шығып, 20 жаһандық жиынға қатысты. 43 рет шетелдік әріптестерімен телефонмен тілдесті. Ал өзге мемлекеттердің басшылары қазақ еліне 30 мәрте табан тіреді. Нәтижесінде, 70 млрд доллардан асатын коммерциялық келісімге қол қойылды. Мұның барлығы мұқым елдің ертеңі үшін істелген жұмыстың бір парасы.

Азамат Байғалиев, саясаттанушы:
- Өткен жылдың негізгі, ең маңызды сәті Мемлекет басшысының сапарларымен байланысты болды. Алдымен Бейжіңге кейін Вашингтонға, одан соң Мәскеуге, кейін Токиоға ресми сапарлар жасалды. Бұл – шешуші мәнге ие сапар сериясы болды. Соның нәтижесінде Қазақстан экономикасына ондаған миллиард доллар көлемінде инвестиция тарту жөнінде келісімдерге қол жетті. Сондай-ақ Қазақстанмен әрі қарай ынтымақтастықты дамытуға және еліміздің болашағына қатысты белгілі бір кепілдіктер берілді.

Цитата:

Түркістан газеті: Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының Президенті:
- Сыртқы саясатқа қатысты жо­ғары дең­гейдегі іс-шаралардың көп­тігі Қазақстан­ның абырой-беде­лі өсіп, халық­ара­лық құқық субъек­тісі ретіндегі рөлі арта түскенін көрсетеді. Шетелге жасаған са­пар­ларым­нан бөлек, Азия, Еуропа және Таяу Шығыс аймақтарындағы ық­пал­ды мемлекеттердің басшылары Астана­ға сапармен келді. Әрбір келіссөзде экономикалық жә­не инвестициялық ықпалдастыққа, әлем­дік аренадағы қарым-қатынасқа қа­тысты маңызды мәселелер көтеріледі.

2025 жылдың ішінде елге 50 шетелдік делегация мүшелері келіп, арадағы алыс-беріс пен барыс-келіс көлемін арттыру жайын талқылады. Әсіресе Орталық Азия елдерінің өкілдері қарқынды сапарлады. Сондай-ақ, БҰҰ, Еуропалық кеңес секілді бірлестіктердің басшылары да қазақ еліне ат басын арнайы бұрды.

Марғұлан Ермағанбетұлы, сарапшы:
- Халықаралық байланыстарда дипломатия орнатуда Орта Азия ерекше аймақ болып табылады. Себебі Орта Азияның ішінде халық саны өсуде және ішкі өнім өсуі өте үлкен. Бұл әлем назарындағы геосаяси алаң болып табылады. Осы алаң ішінде Қазақстанның жалпы әлеуеті зор. Әлем назарында Орталық Азияға қатысты бір мәселе туындаса бірінші кезекте Қазақстанның пікіріне сүйенеді.

Биыл да байырқалы бастамаларға толы болмақ. Соның бірі қазақ тарапы Еуроазиялық экономикалық одақтың органдарына жетекшілік жасайды. Қазақстан жасанды интеллект ісін ілгерлетіп, логистиканы цифрландыруға бейілді. Бұл жайлы қазақ басшысы баса айтты. 

Авторлары: Шернияз Жалғасбекұлы, Мұрат Әріпханов

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
seeКөрілімдер:138
embedДереккөз:https://24.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 22 Қаңтар 2026 19:46
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Алдағы сайлау партия үшін маңызды саяси кезең

24 Қазан 2026 01:43see141

Елу жастан асқан 10 мыңнан астам қазақстандық жұмысқа орналасты

23 Қазан 2026 19:26see140

Republic Day және Bereke Fest: жекелеген тауарларға 50% ға дейін жеңілдік

23 Қазан 2026 18:33see139

​Атырауда мерекелік демалыс алдында екі ХҚКО кезекпен жұмыс істейді

23 Қазан 2026 20:38see136

​Атырауда TikTok та бейәдеп сөз айтқан қыздың анасы жазаланды

23 Қазан 2026 20:38see134

Бублик Медведевпен Almaty Open финалына берілетін жолдаманы сарапқа салады

23 Қазан 2026 23:56see133

Орташа жалақы 486 мың теңгеден асты

23 Қазан 2026 21:12see133

Құлсарыда мектеп жанындағы жер қараусыз тұр

23 Қазан 2026 20:38see127

Вице Президент қоғам қайраткерлерін марапаттады

24 Қазан 2026 03:29see126

Балуан Айдос Сұлтанғали әлем біріншілігінің 1/2 финалына шықты

24 Қазан 2026 15:04see124

Дженсен Хуанг: интернатта өскен бала NVIDIA компаниясын қалай құрды

24 Қазан 2026 15:44see123

Қазақстанда орташа жалақы 486 мың теңгеден асып кетті

25 Қазан 2026 09:29see122

№161 лицейде Республика күніне арналған салтанатты іс шара өтті

24 Қазан 2026 15:17see122

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

24 Қазан 2026 14:06see122

Нұртан Ыдырысов Нидерландтағы әлем чемпионатының финалында өнер көрсетті

23 Қазан 2026 22:07see122

Дастан Сәтпаев ойнаса да, Бернли тағы да жеңілді

24 Қазан 2026 22:01see117

Бублик Almaty Open турнирінде қалай жарақат алғанын айтты

25 Қазан 2026 10:00see116

Абай Бегей мен Фариза Жұманова Вьетнамда гендер пати өткізді

25 Қазан 2026 10:13see115

Классик Мерей Мәулитқанов Олимпиада жүлдегерін жеңіп, әлем чемпионатының ширек финалына өтті

24 Қазан 2026 14:36see113

Алаяқтар сіздің атыңызға несие рәсімдемеуі үшін не істеу керек?

24 Қазан 2026 22:17see113
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары