Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Жылап, жатып қалдым : Айнұр Тұрсынбаева күйзеліске түскен кезін еске алды

Талдықорғандағы түнгі төбелес видеоға түсіп қалды

Уақытпен үндескен ұрпақ

Қостанай облысында аурухана медициналық жабдықтарды сатып алуда бәсекелестікті әдейі шектеген

Бізге келген америкалық конгрессмендер қалалардың тазалығына таңғалды Тоқаев

Көкшетауда студент қыз көлік тұрағына байланысты ер адаммен болған жанжал кезінде жарақат алды

Ұлттық тазалық стандартын әзірлеу қажет деп санаймын. Бұл уақыт талабы Тоқаев

Димаштың Чилидегі концерті қарсаңында Қазақстанға арналған куэка орындалды (видео)

Қазақстаннан 558 спортшы қатысады: Нагояда ХХ жазғы Азия ойындары ашылды

Жамбыл облысында бұрынғы әйелін қорқытқан ер адам қамауға алынды

Дания Украинаға 276 млн доллар көлемінде жаңа көмек пакетін жіберуді жоспарлап отыр

Әрқашанда еліміз туралы ойлап, Қазақстанға қамқоршы болыңыздар Президент қазақстандықтарға үндеу жасады

Хуситтер Сауд Арабиясына зымырандар мен дрондар арқылы шабуыл жасады

Қазақстанның бірқатар өңірінде найзағай, бұршақ пен күшті жел күтіледі

Трамп БҰҰ Бас ассамблеясында бейбіт келісімдер мен егемендікті талқылайды Уолц

Цифрлық дәуірдегі дала

Қарағанды облысында 200 ге жуық шошқа тиелген жүк көлігі жол апатына түсті

Жаңа iPhone 18 сатылымға шықты: әлемнің бірнеше қаласында ұзын сонар кезек пайда болды

Қазақы тазылар асылдандыру жүйесіне енгізіледі

90 км/сағат жылдамдық: Алматыда электр самокат мінген ер адам көз жұмды

Табиғи нанның дәмі

Табиғи нанның дәмі

Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат жариялайды..

Жетісулық жас кәсіпкер Ерболат Еренталов табиғи ашытқыны пайдалана отырып, нан өндірісін жандандырды. Дәстүр мен денсаулықты ұштастырған ерекше жоба елдің қызығушылығын тудырған. Мамандығы экономист болғанымен, жүрек қалауымен наубайшылықты таңдаған ол бүгінде нанның жеті түрін шығарады. «Ерентал» нау­байханасында жергілікті ұннан күніне 350-ге жуық өнім әзірленеді.

Суретті түсірген Дмитрий Ерофеев

Оның өнімдері – заманауи нарықтағы бәсекеге төтеп беретін, сонымен қатар, дәстүрлі әдіспен дайындалатын нан. Он сегіз жасынан кәсіпкерлікке ден қойған Ерболатқа бұл сала тосын емес. Дегенмен, наубайшылық – жай табыс көзі емес, жан қалауы. Нарықты мұқият саралаған ол көпшілікке таныс өнімді жаңаша сипатта ұсынуға болатынын аңғарған. Сөйтіп, жарты жыл бойы Алматы қаласында білім алып, тәжірибе жинақтайды. Сол кезеңде табиғи ашытқының қасиетін терең меңгеріп, үй нанының шынайы дәмін сақтаудың құпиясын үйренеді.

«Нан өндірісінде жаңалық ашу қиын көрінеді. Бірақ сапа мен табиғилыққа басымдық беру арқылы тұтынушының жүрегіне жол табуға болады», дейді кәсіпкер.

Ерболаттың басты ұстанымы – өнімнің табиғилығы. Оның наубайханасында өндірілетін жеті түрлі нанның барлығы да кәдімгі табиғи ашытқымен әзірленеді. Яғни құрамында жасанды қоспалар жоқ. Жергілікті диірменнен алынатын ұн мен табиғи ингредиенттер ғана пайдаланылады. Мұндай тәсіл нанның сіңімділігін арттырып, дәмін байытады. Қол ашытқының баяу жетілу үдерісі арқылы дайындалған өнім ұзақ сақталып, ағзаға жеңіл сіңеді. Бұл – денсаулығына мән беретін тұтынушылар үшін үлкен артықшылық.

Қазір шағын кәсіпорында алты адам тұрақты еңбек етеді. Күн сайын 350-ге жуық өнім пісіріліп, облыс орталығындағы 25 дүкенге жөнелтіледі. Таңғы уақыттағы наубайханада жаңа піскен нанның ерекше аңқыған иісі ұжымды да, тұтынушыны да бау­рап алады. Талдықорған нарығын жіті зерттеген кәсіпкер дәл осы бағытта бос кеңістік барын байқаған. Сөйтіп, қолдан пісірілетін, табиғи әдіспен да­йындалатын нан түрін өңірге алғашқылардың бірі болып ұсынды.

«Нан бізді отбасымыздың тарихымен, салт-дәстүрімізбен, мәдени мұрамызбен байлан­ыс­тырады. Сондықтан наубайханама «Ерентал» деп атамның есімін бердім. Қол ашытқымен дайындалатын нан пісіруге көбірек уақыт кетеді, өйткені үдерістің басым бөлігі қолмен атқарылады. Қазір тартин нанын, дәнді және мүкжидек қосылған нан, дәнді багет, бородино наны мен қара бидай нанын, чиабатта мен қарақұмық чиабаттасын пісіреміз. Сонымен қатар күн сайын 60 бөлке нан пісіреміз. Сұраныс болса, круассан, синнабон, пірәндік, самса, басқа да түрлі нан-тоқаш өнімін дайындауға мүмкіндігіміз бар. Қажетті құрал-жабдықтарымыз да, өсіп-өркендеуге деген ниетіміз де жеткілікті», дейді Е.Еренталов.

Оның айтуынша, кәсіпорын алдағы уақытта өнім түрін көбейтуді, өндіріс көлемін ұлғайтуды және брендті республика көлемінде танытуды жоспарлап отыр. Сапалы өнімге сұраныс әрдайым бар. Ең бастысы, сенім мен тұрақтылық.

Тағы бір ерекшелігі – наубайханада нан қарқынды мұздату әдісінен өткізіледі. Соның арқасында өнімді алыс жерлерге тасымалдауға мүмкіндік бар.

«Қазір наубайханамыздың өнімі тек Талдықорған қаласында сатылып жатыр. Алдағы уақытта облыстық, республикалық деңгейге шықсақ дейміз. Ол үшін ең алдымен сапалы әрі пайдалы өнім өндіруге бар күшімізді салып келеміз. Әрине, мемлекет тарапынан қолдау болса, өндірісті кеңейтіп, ассортиментті ұлғайтуға дайынбыз. Әр адам өмірде өз орнын тауып, табысқа жете алады деп санаймын. Ол үшін өз ісіңді сүйіп, оны жан-тәніңмен беріле істеуің керек», дейді өзі.

Жас кәсіпкердің бұл бастамасы – Жетісуда шағын және орта бизнестің дамуына серпін беретін жарқын мысал. Табиғи өнімге деген сұраныс артқан сайын осындай адал еңбекке негізделген жобалардың да ғұмыры ұзақ болары анық.

Жетісу облысы

Соңғы жаңалықтар

Қазақстандық оқушылар көктемгі каникулда 11 күн демалады

Мектеп • Кеше

Таразда мектеп оқушысын жеті қыз жабылып соққыға жыққан

Оқиға • Кеше

Таяу Шығыстан 10 мыңнан астам отандасымыз елге қайтарылды

Қоғам • Кеше

«Крокус сити холлдағы» теракт: 15 күдікті өмір бойына сотталды

Оқиға • Кеше

Алматыда Наурыз мерекесіне орай «Nauryz Sale» акциясы өтеді

Аймақтар • Кеше

Атырау облысында атыс кезінде мерзімді әскери қызметші қаза тапты

Оқиға • Кеше

Асель Баденова: Әрбіріміз еліміздің тағдырына әсер ете аламыз

Ата заң • Кеше

«Жақсылық жасап жарысайық»: Астанада зейнеткерлер қайырымдылық акциясын өткізді

Қоғам • Кеше

FIFA Series-2026: Талғат Байсуфинов Қазақстан құрамасының кеңейтілген тізімін жариялады

Футбол • Кеше

Мәслихат депутаттарына маңызды міндет жүктелді

Ата заң • Кеше

Сарапшылар жаңа конституциялық модельдегі партиялардың рөлін талқылады

Ата заң • Кеше

Берешек көлемі 3 млрд теңгеге жетті: Астанада көлік салығын төлемеген жүргізушілерге ескерту жасалды

Қоғам • Кеше

Балаларды қызылшадан қалай қорғау керек? Дәрігер кеңесіне назар аударыңыз

Медицина • Кеше

12 наурыздан бастап камералар қандай заңбұзушылықтар үшін айыппұл салады?

Қоғам • Кеше

15 наурыз күні «Инватакси» қызметі тегін болады  

Референдум • Кеше

Барлық жаңалықтар

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
seeКөрілімдер:127
embedДереккөз:https://egemen.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 13 Наурыз 2026 08:28
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Жылап, жатып қалдым : Айнұр Тұрсынбаева күйзеліске түскен кезін еске алды

18 Қыркүйек 2026 21:42see153

Талдықорғандағы түнгі төбелес видеоға түсіп қалды

19 Қыркүйек 2026 09:36see149

Уақытпен үндескен ұрпақ

19 Қыркүйек 2026 05:07see141

Қостанай облысында аурухана медициналық жабдықтарды сатып алуда бәсекелестікті әдейі шектеген

19 Қыркүйек 2026 11:28see139

Бізге келген америкалық конгрессмендер қалалардың тазалығына таңғалды Тоқаев

19 Қыркүйек 2026 17:11see137

Көкшетауда студент қыз көлік тұрағына байланысты ер адаммен болған жанжал кезінде жарақат алды

19 Қыркүйек 2026 10:05see137

Ұлттық тазалық стандартын әзірлеу қажет деп санаймын. Бұл уақыт талабы Тоқаев

19 Қыркүйек 2026 15:29see136

Димаштың Чилидегі концерті қарсаңында Қазақстанға арналған куэка орындалды (видео)

19 Қыркүйек 2026 00:23see135

Қазақстаннан 558 спортшы қатысады: Нагояда ХХ жазғы Азия ойындары ашылды

19 Қыркүйек 2026 19:12see132

Жамбыл облысында бұрынғы әйелін қорқытқан ер адам қамауға алынды

19 Қыркүйек 2026 20:17see128

Дания Украинаға 276 млн доллар көлемінде жаңа көмек пакетін жіберуді жоспарлап отыр

19 Қыркүйек 2026 20:17see128

Әрқашанда еліміз туралы ойлап, Қазақстанға қамқоршы болыңыздар Президент қазақстандықтарға үндеу жасады

19 Қыркүйек 2026 17:01see126

Хуситтер Сауд Арабиясына зымырандар мен дрондар арқылы шабуыл жасады

20 Қыркүйек 2026 09:51see121

Қазақстанның бірқатар өңірінде найзағай, бұршақ пен күшті жел күтіледі

20 Қыркүйек 2026 09:27see121

Трамп БҰҰ Бас ассамблеясында бейбіт келісімдер мен егемендікті талқылайды Уолц

20 Қыркүйек 2026 11:06see116

Цифрлық дәуірдегі дала

19 Қыркүйек 2026 06:47see112

Қарағанды облысында 200 ге жуық шошқа тиелген жүк көлігі жол апатына түсті

19 Қыркүйек 2026 13:07see111

Жаңа iPhone 18 сатылымға шықты: әлемнің бірнеше қаласында ұзын сонар кезек пайда болды

19 Қыркүйек 2026 14:33see111

Қазақы тазылар асылдандыру жүйесіне енгізіледі

20 Қыркүйек 2026 11:51see110

90 км/сағат жылдамдық: Алматыда электр самокат мінген ер адам көз жұмды

20 Қыркүйек 2026 08:01see110
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары