Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Павлодарда алаяқтардың айтқанын орындаған зейнеткерлер банкке петарда салынған торт әкеліп, өртеп жіберді

2026 жылы қазақстандықтар үшін ең тиімді валюталар аталды

БҚО да 20 тонналық жүк көлігі аударылып, шашылған жемісті жергілікті тұрғындар бір сағатта жоқ қылған

Шымкентте +43 градус ыстық: полицейлер аулада жүрген балаларға ерекше сый жасады

Қыз баланы 43 өлшемді аяқ киімі үшін ҰБТ ға жібермеді

Ер адам сүйіктісін тұншықтырып өлтіріп, денесін жертөледе бірнеше ай бойы жасырған

Қазақстан BYD мен технологиялық ынтымақтастықты дамытып жатыр

Семей орманы өртеніп жатыр: Бектенов Абай облысына екі министрді жіберді

Астанада төрт айда 87 рет жол ережесін бұзған BMW жүргізушісі қамалды

Домбыра мен қобызды ұшақ бортында алып жүруге рұқсат берілуі мүмкін

Қазақстанда әлеуметтік кәсіпкерлер саны 1776 ға жетті

АЙҚЫН ЛИТЕР ЖШС Құрылтай депутаттығына үміткерлерге газет пен сайт алаңын ұсынады

Қоқыстан электр энергиясы: Қазақстанда 300 млрд теңгеге қалдық өңдеу зауыттары салынады

Қазақстанды нөсер жаңбыр басады, бірақ +48 ге дейінгі аптап ыстық қайтпайды

Жазда балконға бақша жасау: жеміс емес, көкөністер мен шөптер, саяжайсыз және қиындықсыз

Алматыда Канье Уэстің концерті туралы ақпарат пайда болды

Нұртөре Жүсіп: Кітап оқып жетістікке жеткен адамның жарқын үлгісі Президент

Елордада бастауыш сынып мұғалімдерінің республикалық жазғы сессиясы басталды

Омарташылар субсидияға мұқтаж

Досымыздың қытай тілі тамаша . БАҚ Тоқаевтың Шанхайға сапары туралы не жазып жатыр

Табыс неге азайды?

Табыс неге азайды?

Egemen.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып, Qazaq24.com түсініктеме жасады..

Былтырғы желтоқсанда банктердегі қаражат көлемі рекорд жаңартқан еді. Ал қаңтарда көрсеткіштің төмендегені туралы дерек шықты. Биылғы қаңтар айының соңында елдегі жалпы депозит көлемі 46,2 трлн теңге болды. Бір ай ішінде 1,8 трлн теңгеге азайған. Алайда өткен жылдың қаңтарымен салыстырғанда өсім 14,3% болып отыр. Яғни ұзақмерзімдік тренд әлі де оң бағытта, дейді сарапшылар.

Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қорының (ҚДКБҚ) есебіне сүйенсек, қазір жұрттың депозитке ақша жинауы сиреген. Себебі табыс күнделікті тұтынудан аспайды. Банктегі жинақтардың өсу қарқыны кейінгі екі жылда алғаш рет айтарлықтай баяулаған. «Негізгі себеп – инфляцияның үдеуі. Былтыр инфляция деңгейі 12,3% болды. Ал 2024 жылы 8,6% еді. Бағаның өсуі халықтың нақты табы­сына тіке­лей әсер етті. Ұлт­тық статистика бюро­сының мәлі­­метіне сәйкес, жыл қоры­тын­ды­сын­да нақты табыс индексі 94% деңгейін­де қалыптасты. Яғни халық­тың нақты табысы 6%-ға төмен­деген. Азаматтардың табысы ең алдымен күнде­лікті тұтыну­шы­лық шығындар­ды жабуға ғана бағытталып отыр.

Халық шығынының 92%-ы тұтынушылық мақсаттарға жұм­са­лады. Оның ішінде 52,3%-ы азық-түлік өнімдеріне кетеді. Де­мек табыстың жартысынан астамы тек негізгі қажеттіліктерге жетеді. Нәтижесінде, жинаққа бағыт­талатын қаражат көлемі қыс­қарған», деп жазылған ҚДКБҚ зерттеуінде.

Соған қарамастан бөлшек депозиттер нарығы белгілі бір деңгейде өсімді сақтап отыр. Былтыр депозит көлемі 14,7%-ға ұлғайып, 28,2 трлн теңгеге жетті. Алайда бұл – кейінгі үш жылдағы ең төменгі өсім қарқыны. 2023 жылы өсім 20,6% болған. 2024 жылы 20,3% деңгейінде тіркелген. Ал 2025 жылы өсім 14,7%-ға дейін баяулаған. Қор өкілдерінің пікірінше, депозиттер әлі де инфляциядан қорғанудың, тұрақты табыстың сенімді қаржы құралы болып қала береді. Дегенмен халық табысының негізгі бөлігі тұтынуға жұмсалып отырған жағ­дайда жинақ нарығының серпіні шектеліп отыр.

Байқап қарасақ, мұнда парадокс бар. Бір шетте халық қалтасын қағып отырса, бір шетте депозиттер толығып жатыр. Мұндай теңгерімсіздік неден туын­дап отыр?

«Қазір банктерде 18–20%-ға дейін үстеме пайыз бар. Депо­зитке ақша салынбай жатқан жоқ, салынып жатыр. Бірақ ол қаражат – негізінен орта яки ауқатты топтың ақшасы. Бұл бүкіл халықтың жағдайы жақ­сарды деген сөз емес. Елде шамамен 7 млн-ға жуық әлеу­мет­тік тұрғыдан осал азамат бар. 200–250 мың теңге айлық алатын отбасы бар табысын тамақ пен коммуналдық төлемге жұм­сай­ды. Ондай адам депозитке ақша салуды ойлауы екіұдай. Ал бір үйде 3–4 адам жұмыс істеп, ай сайын 1 млн теңгеден артық табыс табатындар ғана жинақ жасай алады», дейді экономист Сапарбай Досжанұлы.

Сарапшының айтуынша, бұрын республикалық бюд­жет­тің 40%-ы әлеуметтік бағдар­ламаларға бөлінетін. Ал былтыр бұл 38%-ға дейін қыс­қарған.

«Бай компанияларға, ірі кә­сіпорындарға салықты көбейту керек. Сол қаражатты атаулы әлеу­меттік көмекке бағыттау керек. Қазір байлар мен квазимем­ле­кеттік құрылымдар өз кү­нін өзі көреді. Ал қарапайым халық­қа мемлекет сүйеу болуға тиіс. Мәсе­лен, коммуналдық тариф­тер­ді жасанды ұстап тұру – тығы­рықтан шығар жол емес, инфляция деңгейінде өссін, бірақ осал топтарға нақты көмек берілсін. Ал бензинді арзандатып ұстау олигархтарға тиімді. Себебі субсидия бюджеттен төленеді. Бензинді ең көп тұтынатындар – ауқаттылар. Оның үстіне бізде жанармай арзан болғандықтан көрші елдерге контрабанда жү­ре­ді», дейді ол.

Finprom.kz сарапшылары бұл мәселені классикалық «Энгель заңы» деп отыр. Қарапайым тілмен айтқанда, адамның табысы азайған сайын немесе жеткіліксіз болған сайын, оның шығынының басым бөлігі негізгі қажеттілікке кетеді. Ал табыс өскен сайын азық-түлікке жұмсалатын үлес азаяды. Дамыған елдерде бұл айыр­машылық айқын көрінеді. Мысалы, Экономикалық ынты­мақ­­тастық және даму ұйымы­ның (OECD) деректеріне сәйкес, АҚШ, Германия, Франция сияқты елдерде үй шаруашылықтары табы­сының шамамен 10–15%-ын ғана азық-түлікке жұмсайды. Қалған қаражат білімге, денсаулық сақ­тауға, тұрғын үйге, демалысқа және жинаққа бағытталады. Ал Дүниежүзілік банк пен БҰҰ статистикасы көрсеткендей, табыс деңгейі төмен елдерде азық-түлікке кететін үлес 40–60%-ға дейін жетуі мүмкін (жоғарыда айтып кеткендей бізде – 52,3%).

Аймақтар арасындағы айыр­ма­шылық та анық байқа­лады. Жетісу облысында тұрғындар бюд­жетінің 65,8%-ын азық-түлік­ке жұмсайды. Түркістан облысында бұл көрсеткіш – 65,3%. Тіпті өндірісі дамыған Қара­ғанды облысының өзінде шығын үлесі 50%-дан асады. Ауыл­дық жер­лерде де жағдай оңай емес. Са­рап­шылар мұны табыстың тө­мен­дігі мен қайта өңдеу са­ласының әлсіз­дігімен бай­ла­­ныс­тырады. Яғни халық өнім өндір­генімен, табысын әртараптандыруға мүмкіндік аз.

«Қала мен ауыл өмі­рінің моделі де бөлек. Жылдық есеппен алғанда, ауыл тұрғыны нан өнім­деріне 86,3 мың теңге жұм­сай­ды, қалада бұл көрсеткіш 68,2 мың теңге. Сонымен қатар ауыл тұрғындары сатылымдағы тәттілерді азайтып, тағамды көбіне үйде дайындағанды жөн көреді. Азық-түлікке кететін шығын көбейген сайын отбасылар басқа баптардан үнемдей бастайды. Көпшілік телефон, гаджет алу, үй жөндеу, автокөлік сатып алу жоспарларын кейінге шегерген. Егер табыстың жартысынан көбі тек негізгі асқа жұмсалса, білімге, демалысқа, өзін дамытуға бөлінетін қаржы азаяды. Бұл өз кезегінде ішкі сұраныстың төмендеуіне, қызмет көрсету саласының баяулауына әсер етеді. Кейінгі бес жылда елде өмір сүру құны шамамен 75%-ға өсті. Бұл көрсеткіш халықтың өмір салтына тікелей ықпал етті», деп жазылған зерттеуде.

Банктердегі қаражат көлемі­нің төмендеуін экономист Руслан Сұлтанов қалыпты маусымдық құбылыс деп түсіндіреді.

«Қаң­тар­дағы төмендеу жел­тоқсандағы рекордты жоққа шығармайды. Жыл соңында компаниялар бос ақшасын уақытша депозитке қояды. Бұл көбіне – маусымдық құбылыс. Ал қаңтарда сол қара­жат­тың бір бөлігі қайта айна­лым­ға шығады. Сондықтан бұл жерде үрейленуге негіз жоқ. Қаңтар ең алдымен корпоративтік өтімділіктің қозғалысын көрсетті. Ал үй шаруашылықтарының жи­нақ базасы орнықты қалпын­да қал­ды. Бұл – қаржы жүйесі үшін жақсы белгі. Қаңтардағы түзе­ліс желтоқсандағы қаражат ағы­нының бір бөлігі уақытша болғанын көрсетеді. Бірақ халық­тың ақша жи­­науға бейімі сақтал­ған. Теңгелік депозиттердің үлесі жоғары болып тұр. Бұл – маңыз­ды фактор. Себебі ақша депо­зитте жатқанда ол бірден нарыққа шықпайды. Яғни қазіргі сұранысқа қысым азаяды. Бұл инфляцияны тежеуге көмектеседі», дейді Р.Сұлтанов.

Қорыта айтқанда, мәселе тек депозиттің азаюы немесе кө­беюін­де емес. Негізгі түйін – табыс құрылымының өзгеруінде. Қар­жы жүйесінде ақша айналып жүр, банктердегі қаражат көлемі тарихи деңгейден алыс кеткен жоқ. Экономикада «қос экономика» деген түсінік бар. Яғни бір елдің ішінде екі түрлі шындық өмір сүреді: бір бөлігі күнделікті қа­жет­­тілікпен ғана шектелсе, екін­ші бөлігі инвестиция мен жинақ арқылы капиталын көбей­­теді. Халықаралық валюта қорының 2022 жылғы Income Inequality and Financial Stability зерт­теуінде табыс теңсіздігі жоға­ры елдерде қаржылық активтер көбіне жоғарғы 20% топтың қолында шоғырланатыны атап көрсетілген. Мұндай жағ­дай­да банктегі жинақ өсіп тұр­ға­ны­мен, оның әлеуметтік әсері кең ауқымға таралмайды. Яғни экономи­када ақша бар, бірақ ол барлық қалтаға бірдей жетпейді. Бір тарапта ақша еселене береді, екін­шісіне – тек күн көру құралы. Осы айырмашылық ұлғайған сайын, жинақ статис­тикасы мен тұрмыс шын­дығының арасы ал­шақтай  бермек. 

Соңғы жаңалықтар

Рудныйда екі жасар бүлдіршінді көлік қағып кетті

Оқиға • Бүгін, 09:03

«E-қызмет»: халықаралық жоғары баға

Саясат • Бүгін, 09:00

Жалпыұлттық коалиция – Абай өңірінде

Референдум • Бүгін, 08:58

Азаматтардың сенімін арттыратын ұсыным

Саясат • Бүгін, 08:55

Жастар – өзгерістің тың күші

Жастар • Бүгін, 08:53

Келісім мен тұрақтылық темірқазығы

Қоғам • Бүгін, 08:50

Табыс неге азайды?

Экономика • Бүгін, 08:48

Қарызсыз қоғам: қаржы сауаты қай деңгейде?

Қоғам • Бүгін, 08:45

Риелторлар нарығына реформа керек

Қоғам • Бүгін, 08:43

Іскер болмай, ілгерілеу жоқ

Экономика • Бүгін, 08:40

Қазақстан – сақтандыру шешімдерінің көшбасшысы: Сала нарығы 1,7 трлн теңгені құрады, алайда климаттық қатер шығыны әлі де мемлекеттік бюджетке жүктеліп отыр

Қоғам • Бүгін, 08:38

ЖИ-ді оқу жүйесіне енгізу жеделдейді

Жасанды интеллект • Бүгін, 08:35

Көпдеңгейлі тілдік модель

Digital • Бүгін, 08:33

Инженерлік білім – ел болашағының берік негізі

Білім • Бүгін, 08:30

Игілігі мол интеллектуалды жобалар

Digital • Бүгін, 08:28

Барлық жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
seeКөрілімдер:121
embedДереккөз:https://egemen.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 04 Наурыз 2026 09:25
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Павлодарда алаяқтардың айтқанын орындаған зейнеткерлер банкке петарда салынған торт әкеліп, өртеп жіберді

15 Шілде 2026 23:20see145

2026 жылы қазақстандықтар үшін ең тиімді валюталар аталды

16 Шілде 2026 12:55see115

БҚО да 20 тонналық жүк көлігі аударылып, шашылған жемісті жергілікті тұрғындар бір сағатта жоқ қылған

15 Шілде 2026 21:04see115

Шымкентте +43 градус ыстық: полицейлер аулада жүрген балаларға ерекше сый жасады

17 Шілде 2026 12:19see115

Қыз баланы 43 өлшемді аяқ киімі үшін ҰБТ ға жібермеді

16 Шілде 2026 16:08see113

Ер адам сүйіктісін тұншықтырып өлтіріп, денесін жертөледе бірнеше ай бойы жасырған

16 Шілде 2026 16:40see113

Қазақстан BYD мен технологиялық ынтымақтастықты дамытып жатыр

16 Шілде 2026 17:44see112

Семей орманы өртеніп жатыр: Бектенов Абай облысына екі министрді жіберді

16 Шілде 2026 17:14see112

Астанада төрт айда 87 рет жол ережесін бұзған BMW жүргізушісі қамалды

16 Шілде 2026 19:39see112

Домбыра мен қобызды ұшақ бортында алып жүруге рұқсат берілуі мүмкін

17 Шілде 2026 11:25see111

Қазақстанда әлеуметтік кәсіпкерлер саны 1776 ға жетті

16 Шілде 2026 22:13see109

АЙҚЫН ЛИТЕР ЖШС Құрылтай депутаттығына үміткерлерге газет пен сайт алаңын ұсынады

16 Шілде 2026 06:04see109

Қоқыстан электр энергиясы: Қазақстанда 300 млрд теңгеге қалдық өңдеу зауыттары салынады

16 Шілде 2026 23:55see109

Қазақстанды нөсер жаңбыр басады, бірақ +48 ге дейінгі аптап ыстық қайтпайды

17 Шілде 2026 12:12see109

Жазда балконға бақша жасау: жеміс емес, көкөністер мен шөптер, саяжайсыз және қиындықсыз

16 Шілде 2026 16:59see109

Алматыда Канье Уэстің концерті туралы ақпарат пайда болды

17 Шілде 2026 13:11see107

Нұртөре Жүсіп: Кітап оқып жетістікке жеткен адамның жарқын үлгісі Президент

17 Шілде 2026 15:35see107

Елордада бастауыш сынып мұғалімдерінің республикалық жазғы сессиясы басталды

16 Шілде 2026 23:31see107

Омарташылар субсидияға мұқтаж

16 Шілде 2026 08:35see107

Досымыздың қытай тілі тамаша . БАҚ Тоқаевтың Шанхайға сапары туралы не жазып жатыр

17 Шілде 2026 17:09see107
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары