Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Астанада жүзуден Әлем кубогының кезеңі өтеді

Куала Лумпурдағы туристік көрмеде Алматы павильонына 10 мыңнан астам адам келді

Татьяна Генелева маунтинбайктан Азия сериясында күміс жүлдегер атанды

Гүлзира Айдарбекова өзін сынап жатқандарға жауап берді

Ақтаудағы лицей қашықтан оқытуға көшті: Оқу ағарту министрлігі ата аналардың шағымын тексеріп жатыр

Алматыда автокран өздігінен жүріп кетіп, таудан құлады

Мүгедектігі бар спортшы федерация басшысын алаяқтық жасады деп айыптады: полиция шешім қабылдады

Бюджетке түскен батпан

“Бұл сен бе?“ Ұшқыш әкесі мен қызы ерекше жағдайда кездесті

Петропавлда өртенген үйден әйел мен үш газ баллоны шығарылды

Бюджет 2028 жылға дейін бекітілді Зияткерлік мектептердегі орындар не болмақ

Мектеп формасының түсі мен шаш үлгісі: Сүлейменова оқушыларға қандай талап қоюға болатынын түсіндірді

Қызылордада мұнай өңдеу зауытында өрт шықты: 120 тонна мұнай жанып кетті

Алматы облысында кесілген ағаштардың орнына көшет отырғызбағандар жазаланды

Жазғы Азия Ойындарына қатысатын боксшылар белгілі болды

ЕАЭО елдеріндегі нақты жалақы өсімі қандай инфографика

Қазақстан ақылды шекара моделін дәйекті түрде дамытып жатыр Тоқаев

Түзету орталығындағы баламен болған жанжалдан кейін қазақстандыққа рақымшылық жасалды

Тоқаев Тәжікстан президенті мен халқын ел тәуелсіздігінің 35 жылдығымен құттықтады

Әлемнің бүкіл еркек кіндіктісін жек көріп кеттім : Дана Нұржігіт Азамат Cатыбалдының өнеріне тәнті болды

Такси қызметі: Салық кодексі жүргізушілерге қалай әсер етеді?

Такси қызметі: Салық кодексі жүргізушілерге қалай әсер етеді?

Egemen.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com мәлімдеме жасады..

Қай салада болсын ауқымды реформалар бірден жүзеге аса қоймайды. Уақыт өте келе олар нақтыланып, жүйеленеді. Такси жүргізушілерінің салық төлеу тәртібі де осы уақытқа дейін бірнеше рет өзгеріске ұшырады. Кейбір қалаларда салықтан жалтарған жүргізушілер тек қолма-қол төлем қабылдауды жөн көріп, жолаушыларды әбігерге салды. Такси қызметіне қатысты қоғам, жүргізушілер мен депутаттардың назарын аудартқан мәселелер мұнымен шектелмейді.

Жаңа салық режімінің артықшылығы неде?

Қаңтардан бастап жаңа Салық кодексі күшіне енді. Бұл қадам салықтық әкімшілендіруді жаппай жеңілдетуді көздейді. Осының аясында такси агрегаторлары арқылы жұмыс істейтін жүргізушілердің салық төлеу тәртібі тағы өзгерді. Өзін-өзі жұмыспен қамтығандарға арналған салық тәртібі жеке тұлғалардың мүддесін көздейді. Яғни осыған дейін Яндекс такси платформасы арқылы жұмыс істеп келген жеке кәсіпкерлер тікелей жаңа режімге ауысады. Енді такси жүргізушілері бұрынғыдай жеке кәсіпкер емес, өзін-өзі жұмыспен қамтығандардың санатына қосылады. Есесіне құжат жинап әбігерге түспейді, салық жүктемесі азая­ды. Ескеретін жайт, бұрын жеке кәсіпкер ретінде жұмыс істеп келгендер биыл E-salyq Business қосымшасы арқылы тіркелуге тиіс.  Осылайша, жүргізушілер өзін-өзі жұмыспен қамтитындарға арналған арнайы салық тәртібіне ауысады. Бұл туралы Мемлекеттік кірістер комитетінің Арнаулы салық режімін әкімшілендіру басқармасының басшысы Ерқанат Шыңберген әңгімелеп берді.

– Қазір өзін-өзі жұмыспен қамтитындар жеке кәсіпкер ретінде тіркелмей-ақ жеке тұлға ретінде жұмыс істей береді. Яғни олар тиісті табыстарын декларацияда емес, мобильді қосымшада «чек ұру» арқылы көрсетіп, қызметтерін бұрынғы­ша іске асырады. Мұндағы артықшы­лық, табыс салығын төлеудің қажеті жоқ. Бұрын олар 1% көлемінде табыс салығын төлесе, қазір оның орнына 4% көлемінде әлеуметтік төлемдер төлейді. Такси жүр­гізушілеріне, курьерлерге ешқандай салықтық міндеттемелер орындаудың қажеті жоқ. Оларды интернет платформа операторларының өздері орындайды, – деп түсіндірді Е.Шыңберген.

Қазір өзін-өзі жұмыспен қамтығандар табыстың 4%-ын әлеуметтік төлемдерге аударады. Оның 1%-ы Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына, 1%-ы Әлеуметтік сақтандыру қорына, тағы 1%-ы әлеуметтік аударымдарға сондай-ақ МӘМС-ке де 1% төленеді. Ескеретін жайт, мұнда жеке тұлғаның айлық табысы 300 АЕК-тен (1.3 млн теңге) аспауы керек. Жалпы, бұл өзгерістердің басты артықшығы, енді платформа арқылы жұмыс істейтіндердің зейнетақыдағы шотына табысының бір бөлігі түсіп отырады. Сол секілді, МӘМС-ке жарна төлеп отырған соң, жүргізушілер медициналық тексеруден тегін өте алады. Такси жүргізушілердің әлеуметтік мәселелерінің бір бөлігі осылайша оң шешіледі.                                                    

Бәсекеге қабілетті отандық компаниялар керек

Жаңа Салық кодексі аясында әлеумет­тік төлемдерге деп ұсталатын табыстың 4%-ы салыстырмалы түрде аз деп айтуға болады. Әрі ол соманың үлесі өзгеге емес, азаматтардың өзін әлеуметтік қорғауға жұмсалады. Ал Яндекс такси платформасы биыл Астана қаласында жүргізушілер­дің табысынан 16%-дан кем ұстамайтын болған. Жақында Мәжіліс депутаты Мұрат Әбенов Яндекс таксидің монополист компанияға айналып бара жатқанын айтты. Осыған дейін нарыққа кіруге ұмтылған АҚШ, Қытай компанияларын ығыстырғанын еске салып, оған бәсекелес болатын такси платформалары керегін алға тартты. Көп ұзамай Мәжіліс депутаты, «Amanat» партиясы фракциясының жетекшісі Елнұр Бейсенбаев та саладағы кемшіліктерді тізіп, Көлік министрлігіне депутаттық сауал жолдады.

– Елде жолаушылар тасымалы қызметінде 500 мыңнан астам жүргізуші жұмыс істейді. Бірақ мұның өзін ресми мәлімет дей алмаймыз. Себебі такси агрегаторлары мемлекеттік органдарға жүргізушілер туралы толық ақпарат бермейді. Цифрландыру заманында бұл әрекет қисынсыз. Рас, бүгінде ел азаматтарын платформалық жұмыспен қамтып отырған агрегаторлар қоғамның ажырамас бөлігіне айналды. Жыл сайын олар 150 миллионнан астам тапсырыс орындайды, жолаушы тасиды. Бүгінде «такси жүргізушісі» деген нақты ұғым, түсінік жоқ. Әрі жүргізуші, таксопарк, такси агрегаторлары арасында құқықтық міндеттер қаралмаған. Бұл такси жүргізушілерінің әлеуметтік жағынан қорғалмағанын көрсетеді. Жүргізушілерді күнделікті медициналық тексеру мәселесі орындалып жатқан жоқ. Жолаушылардың қауіпсіздігіне де кепілдік жоқ, себебі сапар сақтандырылмайды, – дейді Е.Бейсенбаев.

Мәжіліс депутаты жолаушылардың қауіпсіздігін, жүргізушілердің құқықтары мен міндеттерін бекіту, әр сапарды міндетті сақтандыру, медициналық тексерістерді цифрландыруды ұсынады. Осыған қоса, агрегаторлардың жауапкершілігі, тарифтердің ашықтығы, жолаушы қауіпсіздігі де заңмен нақты реттелуге тиіс. Жүргізушінің маршруттан ауытқымауын, жылдамдықты асырмауын, көлікті үшінші адам басқаруына жол бермеуге мүмкіндік жасауды пысықтау қажет.   

Табыс табудың жолы ауыр

Шын мәнінде, Яндекс такси плат­формасының автоматтан­дырылған қыз­меттері өзге агре­гаторларға қарағанда ұғынық­ты. Жолаушыға, жүргізушіге ың­ғайлы. Мұндағы негізгі мәселе, әр тапсырыстан платформаға төленетін үлестің  көптігіне байланысты болып тұр. Себебі оның салдары бағаға әсер ете­ді. Сейітқали есімді Тараз қала­сының тұрғыны да осыны айтады.

– Таксидің «эконом» тари­фінде Тараз қаласы жүргізу­ші­лерінің әр тапсырысынан 11,4% Яндекс таксидің қоржы­ны­на түсіп отырады. Әрине бұл үлесті Астана, Алматымен салыстырғанда көп деп айта алмаймыз. Алайда бізде тапсырыс ақысының ең азы 220 теңгеден бас­талады. Осындай тапсырыстан комиссияларды алып тастағанда 181 теңге қалады. Күнделікті жанармайды былай қойғанда, көлік болған соң күтімге де бірталай қаражат жұмсауға тура келеді. Қаңтардан бастап өзін-өзі жұмыспен қамтығандардың қатарына қосылсақ, қосылған да шығармыз. Бірақ бұрынғыша әлеуметтік төлемдерге табыстың 4%-ын ұстап қалып жатыр, – дейді қала тұрғыны.

Бізбен пікірлескен такси жүргізушісі желтоқсан айында 444 тапсырыс орындап, 355 819 теңге табыс тапқан. Бұл Яндекс таксидің – 39 601 теңге, таксопарктің – 6 565 теңге, әлеуметтік төлемдерге ұсталған 16 734 теңгені алып тастағанда түскен нақты табыс. Бұған жанармайды, көліктің басқа да шығындарына жұмсалған шығынды қосып есептесек, табыс жақсы деп айтуға келмейді. Тараз қаласындағы такси жүргізушілерінің табысы шамамен осындай болса, Астанада тариф жоғары. Тиісінше, Яндекс такси қызметінің де ұстайтын пайыздық мөлшерлемесі де жоғары. 

– Көлігім жаңа болған соң, қо­сым­шаның «Комфорт плюс» тарифіне қосылғанмын. Сәйкесінше, әр тапсырыс­тан түскен ақшаның 19,2%-ын Яндекс платформасының өзі ұстап қалады. Өзім таксиді қосымша жұмыс ретінде қарастырған соң, жұмыстан кейін, демалыс күндері шығамын. Түсінгенім, такси қызметінде жүріп, ақша жинау деген қиынның қиыны. Кейде табыс күнделікті шығыннан артылмайтындай көрінеді. Көлікті несиеге алған соң, әзірге осындай жұмыс режіміне көнуге тура келіп тұр. Тапсырыстар тарихына үңілсем, қазанда көп табыс тауыппын. Ол айда 564 230 теңге тапсам, Яндекс такси комиссияға 102 524 теңге ұстаған, басқа төлемдерді қоса есептегенде 442 мың шамасында таза табыс түсіпті. Жанармай мен көлік жуу қызметіне, ас-суға кет­кен шығындарды қосқанда таза табыс 300 мың теңгеден төмен. Бәрінен де өзге қала, ауыл­дардан келіп жұмыс істейтіндерге қиын. Өзім де көлікті бір күнге 11 мың теңгеге жалға алып, жұмыс істеген кездерім болды. Сонда таңнан кешке дейін тыным таппай жүріп, 5–10 мың теңге ғана табыс табатынмын. Бұған жалдаған пәтерақысын қосыңыз, – дейді Берік есімді Астана тұрғыны.

Астана жүргізушілерінің ішінде отандық өндірушілерді қолдап, Aparu тaxi қызметіне де ауысып көргендер бар екен. Дегенмен, тапсырыс аз болған соң, көбі үйреншікті платформаға қайта орал­ған. Негізі Яндекс такси қосымшасына кейін­гі жылдары енгізілген артықшылық­тың бірі, тапсырыстарға қатысты деректер­дің барлығы жүргі­зушіге ашық көрсеті­леді. Орын­далған тапсырыс санынан бас­тап, платформаның өзіне, таксопаркке, әлеуметтік төлемдерге түскен қаражат­тың барлығының есебі шығып тұрады. Бұл тұрғыда нарықтағы бәсекелестерін оңай ығыстыра алатын ірі, озық компания­ның бәсі жоғары. Қосымша техно­ло­гия­лық жағынан озық болғанымен, Мәжіліс мінберінен депутаттар айтқандай, бағасы жағынан жүргізуші мен жолаушыға бірдей тиімді деуге келмейді. Нарық та­лабындағы сұранысты, қызмет сапасына қатысты артықшылықтарды қаперге алсақ, нақ қазір бізде Яндекс таксиге бәсеке бола алатын отандық, тіпті шетелдік компания жоқ. Әрине отандық агрегаторларды қолдағымыз-ақ келеді, бірақ бұдан нәтиже болмай тұр. 

Соңғы жаңалықтар

Сыртқы істер министрлігінің жаңа ресми өкілі тағайындалды

Тағайындау • Бүгін, 12:31

Әлем мойындаған кинолар неге көрерменсіз қалады?

Кино • Бүгін, 12:25

Аралда адасқан жолаушы аман-есен табылды

Аймақтар • Бүгін, 12:17

Қостанайда жыл басынан бері 20 адамды үсік шалған

Оқиға • Бүгін, 12:03

Қысқы Олимпиада ойындарында ел намысын 36 спортшы қорғайды

Спорт • Бүгін, 11:54

Ұлыбританияда отандық жоғары білім бастамалары таныстырылды

Ғылым • Бүгін, 11:48

АҚШ-тан көшкендер саны келушілерден асып түсті: Трамп эмиграция мәселесін қалай шешті?

Қоғам • Бүгін, 11:36

Енді автокөлік жуу орындары жаңа талап бойынша жұмыс істейді

Қоғам • Бүгін, 11:27

Әскери қызметшілер мен отбасы мүшелері пойызбен тегін қатынайды

Әскер • Бүгін, 11:17

Жаңа 4 фармацевтикалық зауыт салынады: Елімізде қандай дәрі-дәрмектер өндіріледі?

Президент • Бүгін, 11:02

Қазақстан өнерпаздары Нью-Делиде өнер көрсетті

Әлем • Бүгін, 10:54

Еңбек министрлігі Оңтүстік Кореяда жүрген Қазақстан азаматтарына үндеу жасады

Қоғам • Бүгін, 10:43

«Shymkent Open»: Каратэ турнирінде 900-ге жуық спортшы бақ сынап жатыр

Спорт • Бүгін, 10:37

«Қайрат» – «Брюгге» матчына Борат стилінде киініп келген шетелдіктер жауапқа тартылды

Оқиға • Бүгін, 10:25

ChatGPT кәмелетке толмағандарды автоматты түрде анықтай бастайды

Digital • Бүгін, 10:13

Барлық жаңалықтар

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
seeКөрілімдер:141
embedДереккөз:https://egemen.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 22 Қаңтар 2026 13:39
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Астанада жүзуден Әлем кубогының кезеңі өтеді

07 Қыркүйек 2026 22:03see143

Куала Лумпурдағы туристік көрмеде Алматы павильонына 10 мыңнан астам адам келді

08 Қыркүйек 2026 13:48see142

Татьяна Генелева маунтинбайктан Азия сериясында күміс жүлдегер атанды

07 Қыркүйек 2026 17:52see141

Гүлзира Айдарбекова өзін сынап жатқандарға жауап берді

07 Қыркүйек 2026 21:43see139

Ақтаудағы лицей қашықтан оқытуға көшті: Оқу ағарту министрлігі ата аналардың шағымын тексеріп жатыр

08 Қыркүйек 2026 16:49see139

Алматыда автокран өздігінен жүріп кетіп, таудан құлады

08 Қыркүйек 2026 17:04see138

Мүгедектігі бар спортшы федерация басшысын алаяқтық жасады деп айыптады: полиция шешім қабылдады

08 Қыркүйек 2026 07:22see138

Бюджетке түскен батпан

08 Қыркүйек 2026 04:59see137

“Бұл сен бе?“ Ұшқыш әкесі мен қызы ерекше жағдайда кездесті

08 Қыркүйек 2026 09:33see137

Петропавлда өртенген үйден әйел мен үш газ баллоны шығарылды

08 Қыркүйек 2026 20:43see137

Бюджет 2028 жылға дейін бекітілді Зияткерлік мектептердегі орындар не болмақ

08 Қыркүйек 2026 13:07see135

Мектеп формасының түсі мен шаш үлгісі: Сүлейменова оқушыларға қандай талап қоюға болатынын түсіндірді

08 Қыркүйек 2026 16:49see135

Қызылордада мұнай өңдеу зауытында өрт шықты: 120 тонна мұнай жанып кетті

08 Қыркүйек 2026 10:15see133

Алматы облысында кесілген ағаштардың орнына көшет отырғызбағандар жазаланды

07 Қыркүйек 2026 20:34see132

Жазғы Азия Ойындарына қатысатын боксшылар белгілі болды

09 Қыркүйек 2026 01:12see130

ЕАЭО елдеріндегі нақты жалақы өсімі қандай инфографика

08 Қыркүйек 2026 21:40see125

Қазақстан ақылды шекара моделін дәйекті түрде дамытып жатыр Тоқаев

08 Қыркүйек 2026 19:15see121

Түзету орталығындағы баламен болған жанжалдан кейін қазақстандыққа рақымшылық жасалды

08 Қыркүйек 2026 20:05see118

Тоқаев Тәжікстан президенті мен халқын ел тәуелсіздігінің 35 жылдығымен құттықтады

09 Қыркүйек 2026 09:33see117

Әлемнің бүкіл еркек кіндіктісін жек көріп кеттім : Дана Нұржігіт Азамат Cатыбалдының өнеріне тәнті болды

08 Қыркүйек 2026 23:41see117
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары