Талдықорғанда қылмыстық топ адамдарға психологиялық қысым жасап, ақша талап еткен
Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып мәлімдеме жасады..
Жетісу облысының прокуратурасы сотта ұзақ уақыт бойы психологиялық қысым мен бопсалау әдістерін қолдана отырып қылмыс жасаған адамдар тобының кінәсін дәлелдеді.
2024 жылғы мамырдан 2025 жылғы наурызға дейін өңір аумағында азаматтарды бопсалаумен айналысқан топ әрекет еткен. Қаскүнемдер әлеуметтік желілер мен мобильді қосымшалар арқылы жәбірленушілердің сеніміне кіріп, кейін түрлі сылтаулармен оларды өз үйлеріне шақырған. Қылмыстық схема психологиялық қысым мен манипуляцияға негізделіп, жәбірленушілерді жалған түрде «зорлау фактісі бойынша полицияға арыз береміз» деп қорқыту арқылы жүзеге асырылған. «Мәселені реттеу» үшін олардан ірі көлемде ақша талап еткен. Азаматтар алдын ала бөлінген рөлдер бойынша әрекет еткен адамдар тарапынан қатты қысымға ұшыраған.
— Құқыққа қайшы жүйе анықталғаннан кейін аталған тұлғалар ұсталып, сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілді. Оның нәтижелері бойынша қылмыстық іс сотқа жолданды. Сот отырысында мемлекеттік айыптаушы тағылған айыптың негізділігін дәлелдеп, ұсынылған дәлелдемелерге құқықтық баға берді. 2026 жылғы 30 қаңтарда Талдықорған қалалық сотының үкімімен аталған адамдар ҚР ҚК-нің 194-бабы 2-бөлігінің 1), 2) және 3) тармақтары бойынша кінәлі деп танылып, әртүрлі мерзімге жаза тағайындалды. Үкім заңды күшіне енген жоқ, — делінген хабарламада.
Бұған дейін БҚО-да бопсалауға қатысы бар күдікті қамауға алынғанын жазған едік.
Бұл тақырыптағы басқа жаңалықтар:
Көрілімдер:84
Бұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 13 Ақпан 2026 10:43 



Кіру
Жаңалықтар
Ауа райы
Магниттік дауылдар
Намаз уақыты
Қымбат металдар
Валюта конвертері
Кредит есептегіш
Криптовалюта бағамы
Жұлдыздар
Сұрақ - Жауап
Интернет жылдамдығын тексеріңіз
Қазақстан радиосы
Қазақстан телевизиясы
Біз туралы








Ең көп оқылғандар



















