Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Абу Дабидегі Украина бойынша келіссөздер үшжақты форматта өтеді Песков

Мемлекет басшысы ұлт мәдениеті мен біліміне үлес қосқан тұлғаларды марапаттады

Алдағы сайлау партия үшін маңызды саяси кезең

Елу жастан асқан 10 мыңнан астам қазақстандық жұмысқа орналасты

Republic Day және Bereke Fest: жекелеген тауарларға 50% ға дейін жеңілдік

​Атырауда мерекелік демалыс алдында екі ХҚКО кезекпен жұмыс істейді

​Атырауда TikTok та бейәдеп сөз айтқан қыздың анасы жазаланды

Орташа жалақы 486 мың теңгеден асты

Бублик Медведевпен Almaty Open финалына берілетін жолдаманы сарапқа салады

Құлсарыда мектеп жанындағы жер қараусыз тұр

Вице Президент қоғам қайраткерлерін марапаттады

Балуан Айдос Сұлтанғали әлем біріншілігінің 1/2 финалына шықты

Дженсен Хуанг: интернатта өскен бала NVIDIA компаниясын қалай құрды

Нұртан Ыдырысов Нидерландтағы әлем чемпионатының финалында өнер көрсетті

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

№161 лицейде Республика күніне арналған салтанатты іс шара өтті

Қазақстанда орташа жалақы 486 мың теңгеден асып кетті

Дастан Сәтпаев ойнаса да, Бернли тағы да жеңілді

Алаяқтар сіздің атыңызға несие рәсімдемеуі үшін не істеу керек?

Классик Мерей Мәулитқанов Олимпиада жүлдегерін жеңіп, әлем чемпионатының ширек финалына өтті

Тамдының тумасы, өлеңнің тұлғасы

Тамдының тумасы, өлеңнің тұлғасы

Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып түсініктеме береді..

1960–1980 жылдары қазақ өлеңіне айтары бөлек, жаңа ақындар легі, жас буын келді. Жырлары мінезді, екпінді әрі көктемгі жауқазын бейнесіндегі жас арудың мөлдір мұңындай таза еді. Олар қазақ қара өлеңіндегі жаңалықтың басы болды. Мұқағали, Төлеген, Жұмекен, Қадыр, Тұманбай, Жұматай, Мұхтар болып кете береді. Өлеңқұмар жұрт білетін осы есімдер қатарына Өмірзақ Қожамұратов есімін қосса артық емес.

Жыр әлемінде өз биігін тұрғызған ақын Өмірзақ Қожамұратов есімі көбіне атаусыз қалып келеді. Бірақ жазғандары ірі, өлең мәнері мен сипаты жағынан кем соқпайтын сөз жүйрігін шығармалары бірден әйгілейді. 

«Көкірегімде ерсілі-қарсылы тебісіп тентек толқындар,

Жүрегім ылғи жұлына жаздап солқылдар,

Көкжиектерден көз жазбай келе жатырмын,

Топырлап өліп, толқында туған – толқулар!» деген ақын кеш те болса,  90 жылдық торқалы тойында руханиятымыздан тиесілі орнын алуға тиіс қой.

Ғаламат шығармашылық иесінің туған жері Тамды – өзін қазақ жерінен бөліп қарамаған, осы елдің байырғы мекені. Әдебиет пен музыкада өзіне тән оқшау бітімін қалыптастырған мәдени алқап. Өмірзақ ақын сол алқаптың алып емені, жергілікті жұрт талантына бас иген «Тамдының Мұқағалиы».

«Тамды» десе Шәмшінің атақты «Тамды аруы» әні еске түседі. Баһадүр Бауыржан Момышұлының Тамдыға сапары жадымызда жаңғырады. Міне, сол Тамдыда, яғни Өзбекстанның Бұхара облысына қарайтын Тамды ауданының Әйтім ауылында ақын Өмірзақ Қожамұратов 1936 жылдың 6 наурызында дүниеге келген. Қазақ жырының тағы бір тұлпары Төлеген Айбергенов те сол жерге көршілес Қоңырат ауданында 1937 жылдың 8 наурызында туған. Шабыты шексіз екеуі лирикасы мен мұңы, табиғаты мен суреттері мазмұндас, бір атыраптан шыққан екі биік.

Аудан орталығы Тамдыбұлақта №1 орта мектепті бітірген соң Өмекең сонда мұғалім болып, аудандық ерікті спорт қоғамының төрағасы, Қызылорда қаласында Халық шығармашылығы үйінің әдіскер маманы, кейін «Мақтаарал» аудандық газетінде тілші ретінде жұмыс атқарды. Замандастары тамаша ақын ғана емес, жақсы бокс­шы болғанын да айтады. 

Мектеп кезінен өлеңдері аудандық, облыстық, республикалық мерзімді баспасөз беттерінде жиі жарияланды. Көзі тірісінде «Жиделі Байсын» (1966), «Таңғы дауыс» (1971), «Жол аяқталмайды» (1981) деген жинақтары жарық көрді. Алматыдағы «Жазушы», «Жалын» баспаларынан шықты. 

Қазіргі Түркістан облысының Мақтаарал ауданындағы газетте істеп жүргенде ақын ауруға шалдығады. Әрекет ету қабілетінен айрылған күйі арбаға жегіліп туған жеріне қайтады. Тамдыдағы туған інісі Бекен мен келіні Гүлжамалдың қолына қарап қалды. Айықпас дертке душар болған Өмірзақ Қожамұратов небәрі 47 жасында, 1983 жылы 22 қаңтарда сол Тамдыда туған інісінің қолында, ақындық пен ақылдың ең кемел шағында дүниеден озды. Анығында Мұқағали да, Төлеген де, басқа таланттар да солай. Шын ақындар өз шабытына өртеніп, ерте о дүниелік болатыны қалай?..

Ақынның туған жеңгесі әрі Тамдыда оқыған мектептесі Түймеш Оразымбетованың айтуынша, туралығы үшін өмірден қағажуды көп көрген Өмірзақ ауру шағында бар ашу-ызасын өлеңнен алып, запыранын қаламға құя берген. Соңында қалған мұрасын алғаш болып жинастырған да Бекен інісі. Таланттың қадіріне жеткен Зейнолла Серікқалиев секілді көреген ғалымның арқасында кейіннен «Ой кешу» (1989), «Күн астында құдірет» (1998), «Суреттегі жұмбақтар» (1998) атты жинақтары жарық көрді. Бір әттеген-айы, әр уақытта шашырай шыққан кітаптардағы шығармалары толық жинақ болып басылу сәтін әлі күтіп жатыр. Осындай мерейтойында басын біріктіріп шығармағанда, қашан?

Өмірзақ Қожамұратов Қазақстан мен Өзбекстанның Жазушылар одақтарына қатар мүше болды. Байқағанымыздай, ресми мүшелік руханият пен қоғам сөресінен тиесілі орын алуға жете бермейді екен. Мүмкін ауылда жүріп-ақ өз биігін жасаған, бірақ астанадағы үлкен ортада бой көрсетпегенінен болар, есімі қазақ өлеңінің бел ортасында аталар тұлға көп насихаттала бермейді. Ақын жырларындағы асқақтық оның өмір мен өлеңде алатын орнын әйгілеп-ақ тұр:

«Жұмыр жердің қай тұсында көз ілдір,

Тынысым бір, тірлігім бір, сөзім бір.

Ей, адамдар! Ойланатын кезің бұл,

Бір ауаны жұтып жүрміз көгілдір.

Өз көңілім шәк-шүбәсіз сеніп тұр,

Жер-жиhанға былай дегім келіп тұр:

 Арамызды алакөңіл бөліп тұр,

Әйтпесе біз түбіміз бір туыспыз!

Мен барайын немесе өзің келіп тұр».

Дүниенің картасынан іздесең таппайтын Там­ды­да жатып алып бұлайша адамзат пен әлем­ді құша­ғына сыйғызу –  нағыз ақынға ғана  тән қа­сиет.  

Мұқағалидан бастап Әбділда Тәжібаевқа дейінгі жыр алыптарының мойындауларында айтып кеткеніндей, Өмірзақ қазақ өлеңінің алтын ғасырындағы ақындармен замандас қана емес, солармен мазмұндас, иықтас ақын.

«Қиялымдағы меңді қыз – 

Таңсәрімбісің, аңсарымбысың,

зерлі күз?

Атылып шыққан арман жүз,

Қырларымбысың, қырманымбысың,

Маржан күз?

Көз тігіп көкке мен сенген,

Тауларымбысың, бауларымбысың

Теңселген?

Ақ маржан, алтын атырап,

Жан ырысымбысың,

Сағынышымбысың,

Сары адыр, Сарғыш жапырақ?» («Күз»)

Осы секілді жолдарды оқыған адам Мұқағали, Төлеген немесе солармен мазмұндас ақынның өлеңі деп қалуы әбден кәдік. Заң­ды да. Тек қазақы өлеңге тән мұңаю, Мұқағалиша мөлтілдете жырлау байқалады. Өмірзақ Қожа­мұратовтың биіктігінен, ақиық ақындығынан хабар беріп тұр.

2000 жылдары Тамдыдан сандаған отбасы қандас ретінде Теміртау қаласы мен төңірегіне лек-легімен келіп қоныстана бас­­­­тады. Ақынның ет-жақын туыстары мен көзін көргендер қатары да осы лектің арасында келіп, Теміртауға қоныстанды. Бүгінде солардан құралған бас­тамашы жанашыр топ ақын іздеушісіз қалмасын деген ниет­­­­­­пен ұйымдастыру комиссиясын құрып, Өмірзақ Қожамұратовтың  90 жылдық мерей­тойын атап өтуге дайындалып жатыр. Ақынның 80 жылдық мерейтойы да сол топтың жана­шыр­лы­­ғы­мен Теміртау қала­сы­нда ғана атап өтілген еді. 

Біздіңше, қазақ өлеңі мен руханияты жолында тер төккен ақынның мерейтойына мемлекет, қоғам, әдебиет өкілдері бірлесе атсалысуы қажет-ақ. Өмірзақ Қожамұратов мұрасы елеулі елдік құрметке лайықты.

Алмат Алтай,

Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының қызметкері

Соңғы жаңалықтар

Қазақстандық оқушылар көктемгі каникулда 11 күн демалады

Мектеп • Кеше

Таразда мектеп оқушысын жеті қыз жабылып соққыға жыққан

Оқиға • Кеше

Таяу Шығыстан 10 мыңнан астам отандасымыз елге қайтарылды

Қоғам • Кеше

«Крокус сити холлдағы» теракт: 15 күдікті өмір бойына сотталды

Оқиға • Кеше

Алматыда Наурыз мерекесіне орай «Nauryz Sale» акциясы өтеді

Аймақтар • Кеше

Атырау облысында атыс кезінде мерзімді әскери қызметші қаза тапты

Оқиға • Кеше

Асель Баденова: Әрбіріміз еліміздің тағдырына әсер ете аламыз

Ата заң • Кеше

«Жақсылық жасап жарысайық»: Астанада зейнеткерлер қайырымдылық акциясын өткізді

Қоғам • Кеше

FIFA Series-2026: Талғат Байсуфинов Қазақстан құрамасының кеңейтілген тізімін жариялады

Футбол • Кеше

Мәслихат депутаттарына маңызды міндет жүктелді

Ата заң • Кеше

Сарапшылар жаңа конституциялық модельдегі партиялардың рөлін талқылады

Ата заң • Кеше

Берешек көлемі 3 млрд теңгеге жетті: Астанада көлік салығын төлемеген жүргізушілерге ескерту жасалды

Қоғам • Кеше

Балаларды қызылшадан қалай қорғау керек? Дәрігер кеңесіне назар аударыңыз

Медицина • Кеше

12 наурыздан бастап камералар қандай заңбұзушылықтар үшін айыппұл салады?

Қоғам • Кеше

15 наурыз күні «Инватакси» қызметі тегін болады  

Референдум • Кеше

Барлық жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
seeКөрілімдер:147
embedДереккөз:https://egemen.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 13 Наурыз 2026 08:28
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Абу Дабидегі Украина бойынша келіссөздер үшжақты форматта өтеді Песков

23 Қазан 2026 15:58see143

Мемлекет басшысы ұлт мәдениеті мен біліміне үлес қосқан тұлғаларды марапаттады

23 Қазан 2026 13:47see140

Алдағы сайлау партия үшін маңызды саяси кезең

24 Қазан 2026 01:43see139

Елу жастан асқан 10 мыңнан астам қазақстандық жұмысқа орналасты

23 Қазан 2026 19:26see138

Republic Day және Bereke Fest: жекелеген тауарларға 50% ға дейін жеңілдік

23 Қазан 2026 18:33see137

​Атырауда мерекелік демалыс алдында екі ХҚКО кезекпен жұмыс істейді

23 Қазан 2026 20:38see134

​Атырауда TikTok та бейәдеп сөз айтқан қыздың анасы жазаланды

23 Қазан 2026 20:38see132

Орташа жалақы 486 мың теңгеден асты

23 Қазан 2026 21:12see131

Бублик Медведевпен Almaty Open финалына берілетін жолдаманы сарапқа салады

23 Қазан 2026 23:56see131

Құлсарыда мектеп жанындағы жер қараусыз тұр

23 Қазан 2026 20:38see125

Вице Президент қоғам қайраткерлерін марапаттады

24 Қазан 2026 03:29see124

Балуан Айдос Сұлтанғали әлем біріншілігінің 1/2 финалына шықты

24 Қазан 2026 15:04see121

Дженсен Хуанг: интернатта өскен бала NVIDIA компаниясын қалай құрды

24 Қазан 2026 15:44see120

Нұртан Ыдырысов Нидерландтағы әлем чемпионатының финалында өнер көрсетті

23 Қазан 2026 22:07see120

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

24 Қазан 2026 14:06see119

№161 лицейде Республика күніне арналған салтанатты іс шара өтті

24 Қазан 2026 15:17see119

Қазақстанда орташа жалақы 486 мың теңгеден асып кетті

25 Қазан 2026 09:29see116

Дастан Сәтпаев ойнаса да, Бернли тағы да жеңілді

24 Қазан 2026 22:01see114

Алаяқтар сіздің атыңызға несие рәсімдемеуі үшін не істеу керек?

24 Қазан 2026 22:17see110

Классик Мерей Мәулитқанов Олимпиада жүлдегерін жеңіп, әлем чемпионатының ширек финалына өтті

24 Қазан 2026 14:36see110
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары