Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Тоқаев қылмыстық істер бойынша Еуропамен өзара құқықтық көмекті реттейтін заңға қол қойды

Тоқаев Қазақстан мен Оман қандай салаларда бірлескен жобаларды жүзеге асыра алатынын айтты

Украинада мектеп оқулықтары казактар ​​тарихын қалай жазып жатыр видео

Балалар тізімде бар, бірақ келмейді: депутат Қазақстан балабақшаларындағы мәселені көтерді

Тоқаев Оман Сұлтанының бітімгерлік рөлін жоғары бағалады

Жазира Байырбекованың келінімен түскен видеосы көрерменді сүйсінтті (видео)

Белгілі спорт журналисі Аслан Қаженов өзіне қысым жасалып жатқанын мәлімдеді

Қыс мезгілінде автокөлікке аккумуляторды қалай дұрыс таңдау керектігін сарапшы айтып берді

Балабақша кезегіне өзгеріс енгізу керек депутаттар

Қазақстанда салықты кейінге қалдыру және бөліп төлеу ережелері өзгерді

Солтүстік Қазақстанда жасөспірімді зорлаған ер адам өмір бойына сотталды

Қазақстанда халықаралық іздеуде жүрген бес шетелдік анықталды

Еурокомиссия мүшеліктен кейін Украинаның ЕО нарығына кіруін шектеуді ұсынды

Несие рәсімдеуге қалай тыйым салуға болады: Стоп кредит қызметі қалай жұмыс істейді?

Сөз бостандығы қайда? : спорт журналисі Аслан Қаженов өзіне қысымның күшейгенін айтты

Солтүстік Аралдың аумағы 36% ға ұлғайды

Ынтымақтастықты жандандырған жол

Рахмонов оны тас талқан етеді : АҚШ сарапшысы Моралеске қарсы жекпе жекке болжам жасады

Қазақстанның Елдік климаттық инвестициялық платформасын құру жөніндегі жоба бойынша келісімге қол қойылды

Сауда серіктестігіне серпін

Тәңірдің мейіріміне бөленген сақ жауынгері һәм тоналған қабірлер: тарихтың ізі қалған қалалар

Тәңірдің мейіріміне бөленген сақ жауынгері һәм тоналған қабірлер: тарихтың ізі қалған қалалар

Inform.KZ парақшасындағы деректерге сәйкес, Qazaq24.com ақпарат таратты..

Музейдің ең алғашқы тұрағы 1890-1896 жылы салынған Христос Қорғаушы шіркеуі болғанын айтуға тиіспіз. Ал биыл 250 мыңнан астам экспонатты сақтауға мүмкіндік беретін жаңа қонысқа көшті. Онда өңірдің құрылу тарихын, өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, мәдениет, спорт, ғылым-білім, медицина салаларындағы жетістіктерін айғақтайтын 11 көрмелік экспозициялық зал бар. Соның бірінде ежелгі қалалар орнынан табылған жәдігерлер негізінде қайта жаңғыртылған археологиялық реконструкциялар сақталған. 

Фото: Назерке Саниязова/Kazinform

Облыстық тарихи-өлкетану музейінің бөлім меңгерушісі Әйгерім Бекқұлиева олардың әрқайсысына жеке-жеке тоқталды.

«Шірік-Рабат алтын адамы» реконструкциясы (б.з.д. IV-ІІ ғғ.)

2004-2005 жылдары «Мәдени мұра» бағдарламасы аясында Шірік-Рабат қалашығына археолог-ғалым Жолдасбек Құрманқұловтың жетекшілігімен археологиялық экспедиция жүргізілді.

Фото: Назерке Саниязова/Kazinform

Нәтижесінде жерлеу құрылысы анықталып, № 1 нысаннан сақ жауынгері мен әйелінің сүйектері табылды. 

Фото: Назерке Саниязова/Kazinform Фото: Назерке Саниязова/Kazinform

— Қабірхананың орны қазылып, мәйіттердің жанынан ұзындығы 1 метрден асатын семсер (ұзындығы 20 сантиметр сабы ағашпен қапталған) мен белінің тұсынан белдіктің қалдықтары табылды. Семсердің ромб тәрізді жетесі мен конус тәріздес балдағы қоладан құйылса, белдік қола жапсырмалармен, тас түймелермен өрнектелген. Мәйіттің оң жағындағы жамбас сүйегінің тұсынан темір қанжар сынығы, сол жағынан құрбандық малының сүйектері, бас жағынан сыртында парфяндық жазу үлгісіне, Есіктен табылған таңбаларға да ұқсас жазуы бар қыш құты мен күміспен құрсауланған ағаш тостағанның қалдығы шықты. Ал аяқ жағынан қыштан жасалған шырағдан, әртүрлі пішіндегі алтын жапсырмалар табылды. Осыған қарап мәйіттердің қарапайым адамдар емес, белгілі бір элита өкілі екенін байқауға болады. , — деді ол.

Фото: Назерке Саниязова/Kazinform

Ғалымдардың зерттеуі бойынша ер адам — Тәңірдің мейіріміне бөленген сақ жауынгері. Оған мәйіттің бас жағынан табылған «Тәңірдің мейіріміне бөленген батыр» деген парфян жазуы бар қыш құмыра-көнек дәлел. 

Фото: Назерке Саниязова/Kazinform

— «Шірік-Рабат сақ жауынгері» реконструкциясын қазба барысында табылған археологиялық материалдарды негізге алып, археолог-ғалымдармен бірлесе елге белгілі реставратор Қырым Алтынбеков жасады. Сақ жауынгері мүсіні Шірік-Рабатта жерленген адамның ұзын бойына сәйкес жасалған. Мүсін қоғамда белгілі бір мәртебеге ие, беделді адамның статикалық сенімді кейпінде бейнеленген, — деді Әйгерім Бекқұлиева.

Фото: Назерке Саниязова/Kazinform

Артефактілер ежелгі өркениеттің материалдық және рухани мәдениетінен мағлұмат береді. Олар — сақтардың аң стилі негізінде жасалған 200-ден астам алтын бұйымдар, қоладан жасалған 6 жебенің ұшы, тас моншақтар.

Фото: Назерке Саниязова/Kazinform

Алтын бұйымдар әскери киімдегі сақ жауынгері реконструкциясының негізгі элементтеріне айналды. 

Фото: Назерке Саниязова/Kazinform

Сақ жауынгерінің қорамсабында жыртқыш аң табаны, геометриялық шеңбер, жолбарыс басы бейнеленген. Шошақ бас киімінің төбесінен аңдық стильдегі таутекенің, төменгі бөлігінен әтеш бейнесін байқаймыз. Оны айналдыра шырша, қызғалдақ формасындағы жапсырмалар салынған. Етігі алтын шегелермен безендірілген. Шірік-Рабат сақ жауынгері артефактілерінің түпнұсқасы еліміздің орталық мемлекеттік музейінде де тұр.

«Сығанақ ханшайымы» реконструкциясы (ХІҮ-ХҮғғ.)

2019 жылы Қ.Ясауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университеті мен Өзбекстандағы халықаралық Орталық Азияны зерттеу институты Сығанақта археологиялық қазба жұмысын жүргізіп, сағана орнынан алтын әшекей бұйымдар тапты. Оның ішінде бойтұмар, сырға, түйме, маржан моншақтар бар.

Фото: Назерке Саниязова/Kazinform

— Археолог мамандардың сөзіне сүйенсек, сағана Сығанақтағы ақсүйектер әулетіне тиесілі. Әшекей бұйымдар Қарағанды облысында зерттелген, гиперреалистік бейнесі жасалған Болған ананың әшекей бұйымдарына ұқсайды. Табылған жәдігерлердің ғылыми негіздемесі бойынша Алтын Орда кезеңіндегі ақсүйек әйелінің, яғни «Сығанақ ханшайымының» гиперреалистік бейнесі жасалды. Сығанақ — Қызылорда облысы Жаңақорған ауданының Сунақата ауылына жақын ортағасырлық қала орны. 1947 жылы орыстың көрнекті ғалымы Александр Бернштамның жетекшілігімен Оңтүстік Қазақстан экспедициясы зерттеу жүргізген. 70-ші жылдары қалаға топографиялық зерттеу жасалып, ортағасырлық Сығанақ Дешті Қыпшақ даласындағы Отырардан кейінгі атақты екінші қала болған деген тұжырым жасалды, — деді Әйгерім Бекқұлиева.

Фото: Назерке Саниязова/Kazinform

Қаланың географиялық координаттарын 2003 жылы алғаш рет археолог Мадияр Елеуов анықтаған. Сығанақ ХІІ-ХҮІІ ғғ. Қыпшақ мемлекеті, Ақ Орда, Қазақ хандығының астанасы дәрежесіне көтерілді.

«Түгіскен көсемі» реконструкциясы (б.з.д. VII–V ғғ.)

Хорезм археологиялық-этнографиялық экспедициясы ХХ ғасырдың 60-жылдары Оңтүстік Түгіскен ескерткішінен алтын қылышты сақ көсемінің мүрдесін тапты. «Түгіскен көсемі» реконструкциясы соның негізінде орындалған. Ерте темір дәуіріндегі Оңтүстік Түгіскеннен табылған материалдардың б. з. д. VII–V ғғ. тарихи-технологиялық ерекшеліктері ескерілген.
Реконструкция барысында Ресейдің мемлекеттік тарих музейі қорындағы, Миклухо-Маклай атындағы Мәскеу Антропология және этнология институтындағы жәдігерлер пайдаланылды.

Фото: Назерке Саниязова/ Kazinform

 Оңтүстік Түгіскен қорымынан табылған көсем бейнесінің қайта жаңғыруы Арал маңы сақтарының киім-кешек элементтері, қару-жарақтары мен қосымша бөлшектері туралы тың жаңалықтар ашты.

Ресей музейлері және институт қорында ғылыми-зерттеу жүргізілді. Нәтижесінде Оңтүстік Түгіскеннен 34, солтүстік топтағы кесенелер маңынан 4 оба ізі анықталды. Барлығы б. з. д. ҮІІ-Ү ғасырлармен мерзімделеді. Археологиялық қазба барысында Оңтүстік Түгіскен жерлеу құрылысынан алтын қылышты сақ көсемінің мүрдесі ат әбзелдерімен бірге табылған. Бірегей жәдігерлер сол кезеңде Ресей Федерациясының астанасына әкетілген. Қазір аңдық стильде безендіріліген алтын қылыш сондағы мемлекеттік тарихи музейде сақтаулы. 

Фото: Назерке Саниязова/Kazinform

— «Түгіскен көсемі» костюмі қызыл түсті престелген күдеріден тігілген. Қызыл түс от, қуат және өміршеңдікпен тікелей байланысты, сондай-ақ жоғары мәртебе мен алапат күшті білдіреді. Бұл түс сақ мәдениетінде салтанатты және ғұрыптық киімдер үшін жиі қолданылып, иесінің маңыздылығы мен жоғары лауазымын айқындайды. Престелген күдері көсем мәртебесі мен әскери қасиеттерін айшықтайтын беріктікті қамтамасыз етеді. Күдері көсемнің киіміне жоғары статус беріп қана қоймай, көшпелі өмір салтында қажетті функционалдықты қамтамасыз еткен. Түрлі климатқа төзімділігімен ерекшеленген мата ретінде қоғамның жоғары дәрежелі мүшелері оны жиі қолданды. Костюмнің алтын әшекейлері түпнұсқа технология бойынша жасалды. Әшекейлердің, оның ішінде аңдық стильдегі элементтердің костюмге қолдан кестеленуі ежелгі қолөнершілердің шеберлігін, әрбір элементтің қасиетін көрсетеді. Көсемнің қылышы мен қанжары темірден жасалған. Бұл оның әскери мәртебесі мен тайпаны қорғаушы рөлін айшықтайды. Қылыш пен қанжардың қынасы ағаштан жасалып, терімен қапталған. Бұл да иесінің жоғары лауазымын, сондай-ақ әскери ерлігі мен артықшылықтарын көрсетеді, — деді бөлім меңгерушісі.

«Жетіасар ақсүйек әйелі» реконструкциясы (б.з. II–IV ғғ.)

Қармақшы ауданында орналасқан оазисте б. з. д. I мыңжылдықтың соңы мен б. з. VIII–IX ғғ. дейін тіршілік ошағы болған. 50-ден астам қамал-қала бой көтерген. Оның 27-сі Жетіасар алқабында 5-7-ден топ-топ болып Сырдарияның көне салаларының бірі Қуаңдария мен Ескідариялықтың ондаған ұсақ тарамы мен қолдан қазылған оман арықтарының бойына салынған. Олардың қазіргі үйіндісінің биіктігі 18-20 метрге жақын. Асарлардың барлығы әртүрлі деңгейде қоршалған.

Фото: Назерке Саниязова/Kazinform

1973 жылдан бастап өткен ғасырдың 90-жылдарының соңына дейін Жетіасар шатқалында кең көлемді Алтын асар, Томпақ асар, Бидайық асар, Кіші және Үлкен Қосасар сияқты 700-ге тарта оба қазылды. Одан киім-кешек, әшекей бұйымдардың бай коллекциясы табылған.

Фото: Назерке Саниязова/Kazinform

Материалдық мәдени кешеннің басым бөлігі Ресейдің Шығыс музейінде, бір бөлігі мемлекеттік тарихи музейде және Н. Н. Миклухо-Маклай атындағы Этнология және антропология институтының қорында сақтаулы.

Фото: Назерке Саниязова/Kazinform

— Әдетте мұндай өте көне ескерткіштерде киім-кешек қалдықтары сақталмайтын. Алайда құрғақ климаттың арқасында Жетiacap қорғаны жерасты молалары мен кірпіш табыттарының 84,4 пайызы ерте кезеңде тоналғанына қарамастан жерлеу орындарынан біршама киім-кешек бөлшегі кездесті. Қаңқалардың қалпы қабір орындары адам жерленгеннен соң көп ұзамай тоналғанын көрсетеді. Тонаушылар қай жерді тонау керегін білген сияқты. Сондықтан бағалы заттарды иемденген. Алайда тоналған жерлеу заттарының қалдықтары арасында біршама қызықты жеке керек-жарақ, сәндік бұйым, киім-кешек болған. Осы орайда жібек пен мақтадан жасалған маталарды зерттеген Алла Елкина тігін бұйымдарының алты түрін анықтады. Оның едәуір бөлігі ұршық арқылы қолдан түтілген жіптерден тоқылып, қарапайым құрылымды мақта матадан әзірленген. Кез келген әйел жерленген Жетiacap жерлеу орындарында кішкентай қыздардың молаларын есепке алғанда жеке керек-жарақ жиынтығы болғанын байқаймыз. Жетіасар жерлеу ескерткіштерінен табылған әйелдер киімдері мен әшекей бұйымдарын ғылыми тұрғыда жаңғырту сырын ішіне бүккен Жетіасар мәдениетіне тың ғылыми серпіліс берер еді, — деді Әйгерім Бекқұлиева.

Фото: Назерке Саниязова/Kazinform

Бұған дейін біз Қызылорда қаласындағы 150 жылдық тарихы бар Айтбай мешітіне қатысты қызық деректердің бірі — құдық пен жерасты жолына қатысты екіұдай ақпараттың ақ-қарасын ажыратып жазғанбыз.

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
seeКөрілімдер:188
embedДереккөз:https://kaz.inform.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 05 Қаңтар 2026 04:41
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Тоқаев қылмыстық істер бойынша Еуропамен өзара құқықтық көмекті реттейтін заңға қол қойды

06 Қазан 2026 20:27see141

Тоқаев Қазақстан мен Оман қандай салаларда бірлескен жобаларды жүзеге асыра алатынын айтты

06 Қазан 2026 19:40see140

Украинада мектеп оқулықтары казактар ​​тарихын қалай жазып жатыр видео

07 Қазан 2026 05:13see137

Балалар тізімде бар, бірақ келмейді: депутат Қазақстан балабақшаларындағы мәселені көтерді

08 Қазан 2026 00:30see137

Тоқаев Оман Сұлтанының бітімгерлік рөлін жоғары бағалады

06 Қазан 2026 19:07see134

Жазира Байырбекованың келінімен түскен видеосы көрерменді сүйсінтті (видео)

06 Қазан 2026 21:25see130

Белгілі спорт журналисі Аслан Қаженов өзіне қысым жасалып жатқанын мәлімдеді

06 Қазан 2026 21:25see122

Қыс мезгілінде автокөлікке аккумуляторды қалай дұрыс таңдау керектігін сарапшы айтып берді

08 Қазан 2026 09:16see121

Балабақша кезегіне өзгеріс енгізу керек депутаттар

08 Қазан 2026 00:34see119

Қазақстанда салықты кейінге қалдыру және бөліп төлеу ережелері өзгерді

08 Қазан 2026 00:30see118

Солтүстік Қазақстанда жасөспірімді зорлаған ер адам өмір бойына сотталды

08 Қазан 2026 04:20see117

Қазақстанда халықаралық іздеуде жүрген бес шетелдік анықталды

08 Қазан 2026 09:30see117

Еурокомиссия мүшеліктен кейін Украинаның ЕО нарығына кіруін шектеуді ұсынды

08 Қазан 2026 08:28see116

Несие рәсімдеуге қалай тыйым салуға болады: Стоп кредит қызметі қалай жұмыс істейді?

08 Қазан 2026 11:09see116

Сөз бостандығы қайда? : спорт журналисі Аслан Қаженов өзіне қысымның күшейгенін айтты

08 Қазан 2026 00:26see112

Солтүстік Аралдың аумағы 36% ға ұлғайды

08 Қазан 2026 00:35see112

Ынтымақтастықты жандандырған жол

08 Қазан 2026 03:37see112

Рахмонов оны тас талқан етеді : АҚШ сарапшысы Моралеске қарсы жекпе жекке болжам жасады

08 Қазан 2026 00:15see112

Қазақстанның Елдік климаттық инвестициялық платформасын құру жөніндегі жоба бойынша келісімге қол қойылды

07 Қазан 2026 01:59see111

Сауда серіктестігіне серпін

08 Қазан 2026 03:37see109
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары