Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Астанада ұйымдасқан қылмыстық топ 51 адамның 400 млн ақшасын иемденіп кеткен

Абу Дабидегі Украина бойынша келіссөздер үшжақты форматта өтеді Песков

Мемлекет басшысы ұлт мәдениеті мен біліміне үлес қосқан тұлғаларды марапаттады

Әділет партиясының Іскерлік кеңесі мұнай газ секторында жаңа жұмыс орындарын ашуға бағытталған нақты қолдау шараларын әзірлеуде

Алматыда автобуста ер адаммен жанжалдасқан қызға айыппұл салынды

Алдағы сайлау партия үшін маңызды саяси кезең

Елу жастан асқан 10 мыңнан астам қазақстандық жұмысқа орналасты

Республика күнінде мамандандырылған ХҚКО мен ХҚКО лар қалай жұмыс істейді кесте

Republic Day және Bereke Fest: жекелеген тауарларға 50% ға дейін жеңілдік

​Атырауда мерекелік демалыс алдында екі ХҚКО кезекпен жұмыс істейді

Бублик Медведевпен Almaty Open финалына берілетін жолдаманы сарапқа салады

​Атырауда TikTok та бейәдеп сөз айтқан қыздың анасы жазаланды

Орташа жалақы 486 мың теңгеден асты

Вице Президент қоғам қайраткерлерін марапаттады

Құлсарыда мектеп жанындағы жер қараусыз тұр

Дженсен Хуанг: интернатта өскен бала NVIDIA компаниясын қалай құрды

Балуан Айдос Сұлтанғали әлем біріншілігінің 1/2 финалына шықты

Нұртан Ыдырысов Нидерландтағы әлем чемпионатының финалында өнер көрсетті

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

№161 лицейде Республика күніне арналған салтанатты іс шара өтті

Тау шаңғы курорттары: Еуропа тәжірибесі

Тау шаңғы курорттары: Еуропа тәжірибесі

24.KZ парақшасындағы деректерге сәйкес, Qazaq24.com ақпарат таратты..

Швейцариядағы тау-шаңғы курорттарының бірінде болған қайғылы жағдайдан кейін қысқы демалыс орындарындағы қауіпсіздік мәселесі күн тәртібінен түспей тұр. Оқиға Еуропаның өзге елдерінің демалыс орындарындағы сақтық шараларына назар аудартты. Жалпы қарт құрлықта бұл сала қалай дамып жатыр және қандай тәуекелдер бар? 

Ғалымжан Қараманұлы, тілші:

- Еуропада тау-шаңғы туризмі –  миллиардтаған айналымы бар ірі индустрия. Көптеген өңір курорттардың арқасында күн көріп, халқын жұмыспен қамтып отыр. Салалық қауымдастықтардың бағалауынша Альпі аймағындағы қысқы туризм жыл сайын шамамен 30 миллиард еуро кіріс әкеледі. 

Мәселен, өткен қысқы маусымда Австрия курорттарына 20 миллионнан астам саяхатшы барған. Туризмнің экономикаға қосатын үлесі ЖІӨ-нің 7-8 пайызын құрайды. Францияда Альпі тауларына келген саяхатшылар тау-шаңғы демалысына жылына шамамен 6-7 миллиард еуро жұмсайды, ал елдің кейбір аймақтарында бұл сала жұмыс орындарының сегіз пайызына дейін қамтамасыз етеді. Швейцарияда демалу қымбат болғанына қарамастан, туристер ағыны бәсеңдеген емес. «Алайда жаңа бағыттар бойынша саяхаттағысы келетіндер де көп», - дейді сарапшылар. 

Альберто Туркстра, Diplomatic World талдау орталығының жобалар менеджері:

- Еуропадағы тау-шаңғы курорттары, оның ішінде Альпі мен Пиренейдегі орындар шамадан тыс толып кетіп жатады. Сондықтан туристер жаңа бағыттар іздейді. Ал Қазақстанның, соның ішінде Шымбұлақтың әлеуеті зор дер едім. Көптеген ел үшін Қазақстан визасыз, тікелей әуе рейстерімен жетуге болатын мемлекет. Оған қауіпсіздігін қосыңыз. Осының барлығы елдеріңізге қысқы демалысты ұнататын туристерді көбірек тартуға зор мүмкіндік береді.

Бірақ бұл салада экономикалық кіріспен бірге тәуекелдер де артып келеді. Негізгі сын-қатерлердің бірі – қауіпсіздік. Швейцариядағы тау-шаңғы курорттарының бірінде 40 адамның өмірін қиған өрт оқиғасы таулы аймақтардағы нысандардың қаншалықты осал екенін көрсетті. Өрт қауіпсіздігі талаптарының сақталмай, төтенше қызметтердің оқиға орнына дер кезінде жете алмауы жағдайды ушықтыра түсті. 

Николя Феро, Кран-Монтана қаласының мэрі:

- 2020-2025 жылдар аралығында өрт қауіпсіздігі бойынша тексерулер жүргізілмеген. Мұны Муниципалдық кеңес құжаттарды зерделегеннен кейін ғана түсіндік. Бұл бізді алаңдатып отыр. Мұндай немқұрайлылықтың қайғылы оқиғамен байланысы бар-жоғын сот анықтайды. 

Ғалымжан Қараманұлы, тілші:

- Тағы бір маңызды мәселе – климаттың өзгеруі. Қар жауу сиреп, шаңғы жолдарына жасанды ақ ұлпа жиі төселетін болды. Бұл су мен электр энергиясына кететін шығынды еселеп, қоршаған ортаға түсетін ауыртпалықты арттырды. Сондықтан еуропалықтар тау-шаңғы туризмінің экономиканың маңызды бөлігі болғанымен оның дамуы қауіпсіздік пен тұрақтылық талаптары қатаң сақталған жағдайда ғана мүмкін екенін мойындап отыр.

Авторы: Ғалымжан Қараманұлы

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
seeКөрілімдер:194
embedДереккөз:https://24.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 19 Қаңтар 2026 18:19
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Астанада ұйымдасқан қылмыстық топ 51 адамның 400 млн ақшасын иемденіп кеткен

23 Қазан 2026 11:45see136

Абу Дабидегі Украина бойынша келіссөздер үшжақты форматта өтеді Песков

23 Қазан 2026 15:58see135

Мемлекет басшысы ұлт мәдениеті мен біліміне үлес қосқан тұлғаларды марапаттады

23 Қазан 2026 13:47see134

Әділет партиясының Іскерлік кеңесі мұнай газ секторында жаңа жұмыс орындарын ашуға бағытталған нақты қолдау шараларын әзірлеуде

23 Қазан 2026 09:44see133

Алматыда автобуста ер адаммен жанжалдасқан қызға айыппұл салынды

23 Қазан 2026 09:42see132

Алдағы сайлау партия үшін маңызды саяси кезең

24 Қазан 2026 01:43see131

Елу жастан асқан 10 мыңнан астам қазақстандық жұмысқа орналасты

23 Қазан 2026 19:26see131

Республика күнінде мамандандырылған ХҚКО мен ХҚКО лар қалай жұмыс істейді кесте

23 Қазан 2026 11:34see130

Republic Day және Bereke Fest: жекелеген тауарларға 50% ға дейін жеңілдік

23 Қазан 2026 18:33see130

​Атырауда мерекелік демалыс алдында екі ХҚКО кезекпен жұмыс істейді

23 Қазан 2026 20:38see127

Бублик Медведевпен Almaty Open финалына берілетін жолдаманы сарапқа салады

23 Қазан 2026 23:56see124

​Атырауда TikTok та бейәдеп сөз айтқан қыздың анасы жазаланды

23 Қазан 2026 20:38see124

Орташа жалақы 486 мың теңгеден асты

23 Қазан 2026 21:12see124

Вице Президент қоғам қайраткерлерін марапаттады

24 Қазан 2026 03:29see117

Құлсарыда мектеп жанындағы жер қараусыз тұр

23 Қазан 2026 20:38see115

Дженсен Хуанг: интернатта өскен бала NVIDIA компаниясын қалай құрды

24 Қазан 2026 15:44see114

Балуан Айдос Сұлтанғали әлем біріншілігінің 1/2 финалына шықты

24 Қазан 2026 15:04see114

Нұртан Ыдырысов Нидерландтағы әлем чемпионатының финалында өнер көрсетті

23 Қазан 2026 22:07see113

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

24 Қазан 2026 14:06see113

№161 лицейде Республика күніне арналған салтанатты іс шара өтті

24 Қазан 2026 15:17see112
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары