Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Балалар тізімде бар, бірақ келмейді: депутат Қазақстан балабақшаларындағы мәселені көтерді

Қыс мезгілінде автокөлікке аккумуляторды қалай дұрыс таңдау керектігін сарапшы айтып берді

Балабақша кезегіне өзгеріс енгізу керек депутаттар

Несие рәсімдеуге қалай тыйым салуға болады: Стоп кредит қызметі қалай жұмыс істейді?

Қазақстанда халықаралық іздеуде жүрген бес шетелдік анықталды

Қазақстанда салықты кейінге қалдыру және бөліп төлеу ережелері өзгерді

Солтүстік Қазақстанда жасөспірімді зорлаған ер адам өмір бойына сотталды

Сарапшылар Қазақстанда базалық мөлшерлеменің жаңа төмендеуін болжап отыр

Еурокомиссия мүшеліктен кейін Украинаның ЕО нарығына кіруін шектеуді ұсынды

Азия мен әлемді бағындырған отандық семсерлесушілер тағы бір маңызды жарысқа қатыспақ

Жетісуда қала тұрғындары алаяқтың арбауына түскен зейнеткерді құтқарды

Денсаулық сақтау жүйесіне кадр қажеттілігін айқындау қағидалары бекітілді

Сауда серіктестігіне серпін

Сөз бостандығы қайда? : спорт журналисі Аслан Қаженов өзіне қысымның күшейгенін айтты

Солтүстік Аралдың аумағы 36% ға ұлғайды

Үш таеквондошы Париждегі Гран приге қатысады

Ынтымақтастықты жандандырған жол

2040 жылға қарай Каспий арқылы жүк тасымалы төрт есе артуы мүмкін

Рахмонов оны тас талқан етеді : АҚШ сарапшысы Моралеске қарсы жекпе жекке болжам жасады

Емханалардың жұмысы бірыңғай 100 балдық жүйе бойынша бағаланады

Қыста демалуға лайық 13 тау шаңғы курорты

Қыста демалуға лайық 13 тау шаңғы курорты

Inform.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабарлайды..

Алматы қаласының маңы
Shymbulak — еліміздегі ең танымал тау шаңғы курорттарының бірі. Мұнда жалпы ұзындығы 20 шақырымға жететін әртүрлі деңгейдегі трассалар, аспалы жолдар және жалға беру пункттері бар. 2023 жылы әлемдегі ең биік түнгі тау шаңғы трассасы ретінде Гиннестің рекордтар кітабына енген.

Қосымша мүмкіндіктер: зиплайн, атпен серуендеу, парапланмен ұшу, коньки тебу.
Pioneer отбасылық тау курорты — ұлттық парк аумағында, 2000 метрден жоғары биіктікте орналасқан. Трассалардың жалпы ұзындығы — 3 000 метр. Әуесқойларға да, тәжірибелі спортшыларға да қолайлы. Курорт жыл бойы жұмыс істейді. Мұнда табиғи маршруттар, отбасылық бағдарламалар, құрал-жабдықтарды жалға алу қызметі бар.
Алматы облысы
Oi-Qaragai — төрт маусымдық отбасылық тау курорты. Мұнда жалпы ұзындығы 28 шақырымды құрайтын 15 трасса бар. Аумағында мейрамханалар, қонақ үйлер және ойын-сауық алаңдары жұмыс істейді.

Қосымша: арқанды парк, ат спорты орталығы, садақ ату, пейнтбол, экскурсиялар.
«Ақ Бұлақ» — биік таулы аймақта орналасқан, әртүрлі дайындық деңгейіне арналған трассалар мен фрирайд бағыттарын ұсынады. Трассалардың ұзындығы 2 500 метрге дейін жетеді.
Қосымша: сауықтыру бағдарламалары, квадроциклдер.
Ақмола облысы
Orman Ski Resort (Щучье-Бурабай курортты өңірі) — жалпы ұзындығы 800 метрге жететін әртүрлі күрделі трассалар, көтергіштер, кешкі жарықтандыру, жалға беру пункті және нұсқаушылар мектебі бар кешен.

Белсенді демалыс түрлері: шаңғы, сноуборд, тюбинг, қарда жүретін көліктер, шанамен сырғанау, қарағайлы орманда серуендеу.
Elikti Park — Көкшетау қаласынан 25 шақырым жердегі Зеренді ауданында орналасқан. Ұзындығы 4 шақырымға жететін трассалар, бугельді және орындықты көтергіштер, жабдықтарды жалға беру қызметі бар.

Белсенділіктер: тау шаңғысы, сноуборд, тюбинг, коньки тебу, таза ауадағы серуен.
«Нұртау» базасы (Щучье-Бурабай курортты өңірі). Мұнда ұзындығы 800 метрлік трасса, аспалы жол және тюбингке арналған сырғанақ төбешіктер бар.
Шығыс Қазақстан облысы
Өңірде 4 тау шаңғы орны жұмыс істейді.
«Алтай Альпісі» — Өскемен қаласынан 24 шақырым жерде орналасқан курорт. Мұнда ұзындығы 4 500 метрге дейін жететін 12 еңіс бар. Маусым қарашадан сәуірге дейін жалғасады.

Қосымша: нұсқаушылар қызметі, жабдықтарды жалға алу, пантамен емдеу, монша, балық аулау, атпен серуендеу, арқанды парк.
«Нұртау» — облыс орталығынан 35 шақырым жерде орналасқан. Қонақтарға екі негізгі және бір еңісі бар. Сондай-ақ фрирайд аймақтар мен орындықтар жұмыс істейді. Трассалардың ұзындығы — шамамен 2 000 метр. Аумақта коттедж қалашықтары мен балаларға арналған орталық бар.

Қосымша: тюбинг, монша, от жағу алаңы, қарда жүретін көліктермен экскурсиялар.
Риддер қаласының маңы
Stardust Camp — Жоғары-Хайрузовка ауылында орналасқан. Ұзындығы 1 000 метрлік бугельді көтергіш, тюбинг, қонақ үй мен глэмпингте орналастыру мүмкіндігі бар.
«Эдельвейс» — әртүрлі деңгейдегі трассалар, оның ішінде слаломға арналған сертификатталған бағыттар бар. Жалпы ұзындығы — шамамен 1 300 метр.
Қосымша: таулы жорықтар, коньки тебу.
Түркістан облысы
«Алатау» төрт маусымдық курорты — Төлеби ауданы Нысанбек ауылында орналасқан. Қыста шаңғы, сноуборд, тюбинг және қарда жүретін көліктер қолжетімді. Трассалардың жалпы ұзындығы — 1 800 метр.

Қосымша: қарда серуендеу, атпен серуендеу, отбасылық бағдарламалар.
Павлодар облысы
«Мырзашоқы» тау шаңғысы базасы — Қаражар ауылының маңында орналасқан. Ұзындығы 960 метр болатын шаңғы трассалары мен аспалы жол бар. Базада түнеу қарастырылмаған.

Қосымша: тюбинг, таза ауада серуендеу, қарда жүретін көліктер, қысқы пикниктер мен экскурсиялар.

Туризм және спорт министрлігі қысқы туризм саласындағы ұлттық стандарттардың тізбесін жергілікті атқарушы органдарға жолдады. Сонымен қатар қысқы маусымда уәкілетті мемлекеттік органдармен бірлесіп профилактикалық іс-шаралар өткізіліп, көшпелі мониторингтік тексерулер жоспарланған.
Тексеру барысында тау шаңғысы трассалары мен көтергіштердің жағдайы, қауіпсіздік және санитарлық талаптардың сақталуы, сондай-ақ туристік инфрақұрылымның ұлттық стандарттарға сәйкестігі бағаланып, демалушылардың қауіпсіздігі мен жайлылығы қамтамасыз етіледі.

Бұған дейін Алматыда 5 мыңнан астам жұмыс орнын ашатын Almaty Superski жаңа тау шаңғысы курорты салынатынын жаздық. Жаңа тау шаңғысы курорты аймаққа шетелден жаңадан үйреніп жүрген шаңғышылар мен туристерді тартуға бағытталған.

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
seeКөрілімдер:185
embedДереккөз:https://kaz.inform.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 06 Қаңтар 2026 21:51
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Балалар тізімде бар, бірақ келмейді: депутат Қазақстан балабақшаларындағы мәселені көтерді

08 Қазан 2026 00:30see156

Қыс мезгілінде автокөлікке аккумуляторды қалай дұрыс таңдау керектігін сарапшы айтып берді

08 Қазан 2026 09:16see143

Балабақша кезегіне өзгеріс енгізу керек депутаттар

08 Қазан 2026 00:34see140

Несие рәсімдеуге қалай тыйым салуға болады: Стоп кредит қызметі қалай жұмыс істейді?

08 Қазан 2026 11:09see135

Қазақстанда халықаралық іздеуде жүрген бес шетелдік анықталды

08 Қазан 2026 09:30see135

Қазақстанда салықты кейінге қалдыру және бөліп төлеу ережелері өзгерді

08 Қазан 2026 00:30see135

Солтүстік Қазақстанда жасөспірімді зорлаған ер адам өмір бойына сотталды

08 Қазан 2026 04:20see134

Сарапшылар Қазақстанда базалық мөлшерлеменің жаңа төмендеуін болжап отыр

08 Қазан 2026 19:59see133

Еурокомиссия мүшеліктен кейін Украинаның ЕО нарығына кіруін шектеуді ұсынды

08 Қазан 2026 08:28see133

Азия мен әлемді бағындырған отандық семсерлесушілер тағы бір маңызды жарысқа қатыспақ

08 Қазан 2026 18:21see132

Жетісуда қала тұрғындары алаяқтың арбауына түскен зейнеткерді құтқарды

08 Қазан 2026 13:34see132

Денсаулық сақтау жүйесіне кадр қажеттілігін айқындау қағидалары бекітілді

08 Қазан 2026 16:58see131

Сауда серіктестігіне серпін

08 Қазан 2026 03:37see131

Сөз бостандығы қайда? : спорт журналисі Аслан Қаженов өзіне қысымның күшейгенін айтты

08 Қазан 2026 00:26see130

Солтүстік Аралдың аумағы 36% ға ұлғайды

08 Қазан 2026 00:35see130

Үш таеквондошы Париждегі Гран приге қатысады

08 Қазан 2026 21:27see130

Ынтымақтастықты жандандырған жол

08 Қазан 2026 03:37see130

2040 жылға қарай Каспий арқылы жүк тасымалы төрт есе артуы мүмкін

08 Қазан 2026 14:40see130

Рахмонов оны тас талқан етеді : АҚШ сарапшысы Моралеске қарсы жекпе жекке болжам жасады

08 Қазан 2026 00:15see129

Емханалардың жұмысы бірыңғай 100 балдық жүйе бойынша бағаланады

08 Қазан 2026 19:31see128
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары