Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Балалар тізімде бар, бірақ келмейді: депутат Қазақстан балабақшаларындағы мәселені көтерді

Қыс мезгілінде автокөлікке аккумуляторды қалай дұрыс таңдау керектігін сарапшы айтып берді

Балабақша кезегіне өзгеріс енгізу керек депутаттар

Несие рәсімдеуге қалай тыйым салуға болады: Стоп кредит қызметі қалай жұмыс істейді?

Солтүстік Қазақстанда жасөспірімді зорлаған ер адам өмір бойына сотталды

Қазақстанда салықты кейінге қалдыру және бөліп төлеу ережелері өзгерді

Қазақстанда халықаралық іздеуде жүрген бес шетелдік анықталды

Еурокомиссия мүшеліктен кейін Украинаның ЕО нарығына кіруін шектеуді ұсынды

Сарапшылар Қазақстанда базалық мөлшерлеменің жаңа төмендеуін болжап отыр

Жетісуда қала тұрғындары алаяқтың арбауына түскен зейнеткерді құтқарды

Сөз бостандығы қайда? : спорт журналисі Аслан Қаженов өзіне қысымның күшейгенін айтты

Азия мен әлемді бағындырған отандық семсерлесушілер тағы бір маңызды жарысқа қатыспақ

Ынтымақтастықты жандандырған жол

Солтүстік Аралдың аумағы 36% ға ұлғайды

Рахмонов оны тас талқан етеді : АҚШ сарапшысы Моралеске қарсы жекпе жекке болжам жасады

2040 жылға қарай Каспий арқылы жүк тасымалы төрт есе артуы мүмкін

Үш таеквондошы Париждегі Гран приге қатысады

Денсаулық сақтау жүйесіне кадр қажеттілігін айқындау қағидалары бекітілді

Сауда серіктестігіне серпін

Жеңіске 20 миллисекунд қалғанда жеттім : қазақтың жас таеквондошысы тарихи жетістігі жайлы айтты

Алматыда тау курорттары альянсының III фестивалі басталды

Алматыда тау курорттары альянсының III фестивалі басталды

Egemen.KZ парақшасындағы деректерге сәйкес, Qazaq24.com ақпарат таратты..

Алматыдағы Oi-Qaragai тау курортында Еуразиялық тау курорттары альянсының III фестивалі мен тау туризмін дамыту жөніндегі Еуразиялық форумның салтанатты ашылу рәсімі өтті, деп жазады Egemen.kz.

Фото: gov.kz

Іс-шара «Ақ Тас» базалық станциясында ұйымдастырылды. Фестиваль аясында қатысушылар тауға көтерілді. Әр курорттың бірыңғай формасын киген командалар марш әуенімен «Ақ Тас» алаңында сап түзеп, халықаралық ынтымақтастықтың айқын көрінісін паш етті.

«Қазақстан, Өзбекстан және Ресей елдерін біріктірген іс-шараны ұйымдастырған жандарға алғыс айтамын. Жастар – болашақтың кепілі, ынтымақтастық пен достықтың алтын көпірі. Өздеріңіз білетіндей, тау кластері мен Алматы қаласы – біздің ұлттық байлығымыз, мақтанышымыз. Сіздердің елдеріңізде де тау туризмінің қарқынды дамып келе жатқанын жақсы білеміз. Бірлескен күш-жігердің арқасында бұдан да биік белестерді бағындырамыз деп сенемін», деді Алматы қаласы әкімінің орынбасары Олжас Смағұлов.

Әкім орынбасарының айтуынша, Oi-Qaragai тау курортында бас қосу – отандық кәсіпкерлердің бастамасымен жүзеге асқан бірегей жоба, тау кластерін дамытудағы үлгілі нысан саналады.

Алматы тау кластерінің әлеуеті жоғары: Халықаралық мамандар пікірі бір арнада тоғысты

«Алматы қаласы тауға жақын қашықтықта орналасқан. Мұндай мүмкіндік әлемде санаулы ғана қалаларда бар. Ал Еуразиялық тау курорттары альянсының үшінші фестивалін Қазақстанда бірден екі курорт қабылдап отыр – Oi-Qaragai және Шымбұлақ курорты. Бұл – біздің үлкен артықшылығымыз, әрі қарай да осы бағытты жүйелі түрде дамытамыз», деді Олжас Смағұлов.

Shymbulak тау курортының бас директоры Ринат Әбдірахманов қаладағы тау курорты нысандарын жаһандық курорттар картасында өз орнын алуы үшін атқарылып жатқан жұмыс барысын жоғары бағалады.

«Алматының асқар тауларында мықтылар жиналады. Таулар мықтыларды біріктіреді. Біз – жаңа жұмыс орындарын ашып, инвестиция тартып, ең бастысы, Еуразия кеңістігінде туризм мәдениетін қалыптастырып жүрген жандармыз. Біздің мақсатымыз – Еуразияның тау курорттары жаһандық курорттар картасында өз орнын алуы, әлемге танылуы. Әрине, бәсекелестік бар екенін түсінеміз. Алайда, ынтымақтастық, тәжірибе алмасу, технология алмасу бізді бірлікке бастайды», деді Shymbulak тау курортының бас директоры Ринат Әбдірахманов.

Спикерлер Алматы тау кластерін дамытудың стратегиялық маңызын атап өтіп, инфрақұрылымды жаңғырту, қызмет көрсету сапасын халықаралық стандарттарға сәйкестендіру және өңіраралық серіктестікті нығайту қажеттігін жеткізді. Сонымен қатар, тау туризмін төрт маусым бойы дамыту, инвестициялық жобаларды іске асыру және экологиялық тұрақтылықты сақтау мәселелері де қозғалды.

Олжас Бектенов тау кластерін дамыту тәсілдерімен танысты

Фестиваль мен форум – тәжірибе алмасуға, жаңа бастамаларды талқылауға және Еуразия кеңістігіндегі тау курорттарының ынтымақтастығын күшейтуге арналған маңызды алаң. Еуразиялық тау курорттары альянсының бас хатшысы Андрей Кукушкиннің айтуынша, бұл шара аймақтың туристік әлеуетін арттырып, халықаралық деңгейдегі беделін нығайтуға ықпал етеді.

«Биыл үшінші рет ұйымдастырылып отырған Еуразиялық тау курорттары альянсының фестиваліне 5 ел мен 6 курорт қатысып жатыр. Бүгін осы жерде барлық курорттың өкілдері мен басшылары жиналды. Әр курорттан спорттық командалар келді. Бір аптаға жоспарланған бағдарлама өте ауқымды.

Тау туризмін дамытуға арналған форумнан бастаймыз. Форумда Қазақстанның туристік саласы үшін ең өзекті тақырып – тау туризмін дамыту және Алматы тау кластерін құру мәселесі талқыланады. Мұнда осы бағытта кәсіби тұрғыда пікір алмасуға ниетті мамандар жиналды. Олар кластерді қалай тиімді құруға болатынын, жұмысты қалай жүйелі ұйымдастыру керек екенін талқылайды. Бұл бастама туристер мен тау курорттарына келушілерге ғана емес, жергілікті тұрғындарға да пайдасын тигізуі тиіс. Жергілікті халық жұмысқа орналасу мүмкіндігіне ие болады, ал шағын және орта бизнес өкілдері мейрамхана, кафе, қонақүй сияқты нысандар ашуға мүмкіндік алады», деді Андрей Кукушкин.

Сондай-ақ, Еуразиялық тау курорттары альянсының бас хатшысы Еуропа елдерінің өз табиғи мүмкіндіктерін тиімді пайдаланып, туризм арқылы айтарлықтай табыс тауып отырғанын айтты. Еуропада туризм саласы ішкі жалпы өнімнің – 10%-ы. Тіпті көршілес Әзербайжанның өзінде туризмнің ІЖӨ-дегі үлесі шамамен 11%-ға жеткен. Сондықтан Қазақстан да әлеуетті тиімді пайдалануы қажет екенін айтты.

«Осы мақсатта әртүрлі елден кәсіби мамандарды шақырып, олардың тәжірибесін алмасуға мүмкіндік жасап отырмыз. Көптеген мемлекетте тау кластерлері әлдеқашан табысты жұмыс істеп, халыққа пайда әкеліп жатыр. Біздің альянсқа мүше шетелдік әріптестеріміз де өздерінің озық тәжірибелерін ортаға салады. Бүгінгі форум осы бағытта өтеді.

Ертеңнен бастап ауқымды спорттық бағдарлама басталады. Тау курорттары жаттықтырушылары арасында тау шаңғысы пәндері бойынша ТМД елдерінің ашық чемпионатын өткіземіз. Жарыстың бірінші күні «Шымбұлақ» курортында, екінші күні «Ойқарағай» курортында өтеді. Қатысушылар жоғары деңгейде шеберліктерін көрсетеді», деді Андрей Кукушкин.

Алматы тауларына турист тартуды тәулігіне 5 есеге көбейту көзделіп отыр

Ұйымдастырушылар алдағы уақытта қауіпсіздік, беткейлерді дайындау және тау курорттарының басқа да бағыттары бойынша тәжірибе алмасу жоспарланып отырғанын жеткізді.

Соңғы жаңалықтар

Сербия Президенті Қазақстанға ресми сапармен келеді

Президент • Бүгін, 09:15

Бүгінгі теңге бағамы қандай?

Қаржы • Бүгін, 09:10

Елдік мүдде мен іргелі қағидаттар негізі

Саясат • Бүгін, 09:00

Әділетті Қазақстанның конституциялық көрінісі

Саясат • Бүгін, 08:55

Зергерлік бизнес жайын зерделесек...

Бизнес • Бүгін, 08:50

Қаржы алаяқтарына – тосқауыл

Қоғам • Бүгін, 08:45

Қайтарылған активтің игілігі

Аймақтар • Бүгін, 08:40

60 отбасының қуанышы

Қоғам • Бүгін, 08:38

Балтабай ауылындағы баянды істер

Аймақтар • Бүгін, 08:35

Егіс науқаны – ерекше бақылауда

Саясат • Бүгін, 08:33

Ойын автоматтары опық жегізбей ме?

Мәселе • Бүгін, 08:30

Ғылыми-технологиялық кешенді нығайту мүмкіндігі

Саясат • Бүгін, 08:27

Алматы тау кластерінің әлеуеті жоғары: Халықаралық мамандар пікірі бір арнада тоғысты

Туризм • Бүгін, 08:25

Ата заң жобасы сараланды

Саясат • Бүгін, 08:22

«Экологиялық биоинженерия ғылымын дамыту өзекті»

Сұхбат • Бүгін, 08:20

Барлық жаңалықтар

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
seeКөрілімдер:142
embedДереккөз:https://egemen.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 25 Ақпан 2026 10:12
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Балалар тізімде бар, бірақ келмейді: депутат Қазақстан балабақшаларындағы мәселені көтерді

08 Қазан 2026 00:30see146

Қыс мезгілінде автокөлікке аккумуляторды қалай дұрыс таңдау керектігін сарапшы айтып берді

08 Қазан 2026 09:16see131

Балабақша кезегіне өзгеріс енгізу керек депутаттар

08 Қазан 2026 00:34see126

Несие рәсімдеуге қалай тыйым салуға болады: Стоп кредит қызметі қалай жұмыс істейді?

08 Қазан 2026 11:09see125

Солтүстік Қазақстанда жасөспірімді зорлаған ер адам өмір бойына сотталды

08 Қазан 2026 04:20see125

Қазақстанда салықты кейінге қалдыру және бөліп төлеу ережелері өзгерді

08 Қазан 2026 00:30see125

Қазақстанда халықаралық іздеуде жүрген бес шетелдік анықталды

08 Қазан 2026 09:30see124

Еурокомиссия мүшеліктен кейін Украинаның ЕО нарығына кіруін шектеуді ұсынды

08 Қазан 2026 08:28see123

Сарапшылар Қазақстанда базалық мөлшерлеменің жаңа төмендеуін болжап отыр

08 Қазан 2026 19:59see123

Жетісуда қала тұрғындары алаяқтың арбауына түскен зейнеткерді құтқарды

08 Қазан 2026 13:34see122

Сөз бостандығы қайда? : спорт журналисі Аслан Қаженов өзіне қысымның күшейгенін айтты

08 Қазан 2026 00:26see121

Азия мен әлемді бағындырған отандық семсерлесушілер тағы бір маңызды жарысқа қатыспақ

08 Қазан 2026 18:21see121

Ынтымақтастықты жандандырған жол

08 Қазан 2026 03:37see121

Солтүстік Аралдың аумағы 36% ға ұлғайды

08 Қазан 2026 00:35see120

Рахмонов оны тас талқан етеді : АҚШ сарапшысы Моралеске қарсы жекпе жекке болжам жасады

08 Қазан 2026 00:15see119

2040 жылға қарай Каспий арқылы жүк тасымалы төрт есе артуы мүмкін

08 Қазан 2026 14:40see119

Үш таеквондошы Париждегі Гран приге қатысады

08 Қазан 2026 21:27see119

Денсаулық сақтау жүйесіне кадр қажеттілігін айқындау қағидалары бекітілді

08 Қазан 2026 16:58see118

Сауда серіктестігіне серпін

08 Қазан 2026 03:37see118

Жеңіске 20 миллисекунд қалғанда жеттім : қазақтың жас таеквондошысы тарихи жетістігі жайлы айтты

08 Қазан 2026 20:53see117
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары