Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Мемлекет басшысына елімізді газбен қамтамасыз ету және жаңа газ өңдеу зауыттарының құрылысы туралы есеп берілді

Алматыда тарихи ескерткіштер тізіміне тағы 27 нысан енгізілуі мүмкін

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

Әділет партиясы Adilet 365 цифрлық экожүйесін дамытып келеді

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

Еуразиялық экономикалық одақтың нарықтарды қорғау тәжірибесі таныстырылды

Өзгенің көлігін майыстырып алды немесе біреу зардап шекті: жүргізушіні не күтіп тұр

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

Президент көлік министрін қызметінен босатты

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

Президент Жолдауы: дәуірдің жаңа дәптері

“Ұмай“ ипотекасы үшін кептеліс пе? Алматыдағы Отбасы банк бөлімшесінің алдында халық жиналды

Тауарларға навигациялық пломба енгізіледі

Тауарларға навигациялық пломба енгізіледі

24.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабарлайды..

Елдегі өткізу бекеттерін цифрландыру жалғасып жатыр. Шекарадағы ұзын-сонар кезек сейіле бастады.

Мемлекеттік кірістер комитеті 30 қаңтарда CarGo-Ruqsat жүйесін Алматы облысындағы «Кеген» өткізу бекетіне 16 ақпаннан бастап, Жамбыл облысындағы «Қордай» бекетіне енгізеді. 

Өткізу бекеттері жаңғыртылып жатыр

Алдағы бес жылда елдегі 55 авто өткізу бекетінің 37-сі жаңғыртылады. Былтыр ауқымды жұмыс басталды.

Инфрақұрылымды жаңартумен қатар құзырлы министрлік кеден рәсімдерін цифрландыруға да ден қойды. Бір ғана Keden жүйесі экспресс-жүктермен жұмысты, тауарларды есепке алуды және виртуалды қоймаларды автоматтандырды. Енді жасанды интеллект негізінде тауарлар мен қызметтерді декларациялау модулі іске қосылады. Осылайша шекарадан өту үдерісі едәуір жеңілдейді. Алдын ала ақпарат алмасудың арқасында кедендік рәсім уақыты қысқарып, транзиттік тасымалды жеделдетуге мүмкіндік артты.

Мәди Такиев, ҚР Қаржы министрі:

- Кеден деген жүйені бітірдік. Бұрын біз үш жүйені бітірсек, қазір бір ғана жүйе болады. Кеден жүйесінде бәрі цифрландырылды. Бекеттердің барлығы сканер, онлайн режимде орталыққа тапсырылып жатыр. Толық көріп отырмыз бәрін.

Қорғас бекетінің әлеуеті артты

Ал Қорғас – Орталық Азия мен Қытайды байланыстыратын алтын көпірге айналды. Қытай мен Еуропаны тоғыстыратын негізгі хабтардың бірі. Былтыр шекара арқылы тауар айналымы 46 млн тоннадан асқан. Бұл рекорд. Қорғас арқылы ауыл шаруашылығы өнімдері мен азық-түлік импортталады. Бұдан бөлек, электр жабдықтары, мыс және өзге де кен өнімдері бар. Ал елімізге электрлі көліктер, жоғары технология бұйымдары, киім-кешек пен текстиль тасымалданады. Мұнда да цифрлық шешімдер белсенді қабылданып жатыр. Соның нәтижесінде пойыздардың тұру уақыты барынша қысқарды. Мамандар: Қытайдан Еуропаға және Қытайдан Орталық Азия бағытына күніне 27 пойыз өткізуге болады дейді. Авто бекеттердің де өткізу қуаты 80 пайызға дейін өскен. 

Тауарларға навигациялық пломба енгізіледі

ЕАЭО аумағы арқылы өткен шетелдік тауарларға навигациялық пломба енгізу міндеттеледі. Жүйе былтырдан бері «Нұр-Жолы» кеден бекетінде пилоттық режимде сыналып жатыр. 

11 ақпанда күшіне енбек. 2023 жылғы келісімге сай, ЕАЭО аумағынан өткен шетелдік тауарлар «Кеден транзиті» процедурасына қойылуы керек. Бұған дейін қолданыста болған механикалық пломбаларды, енді навигациялық пломбалар алмастырады. Пилоттық жоба аясында 544 автокөлікке 1075 заманауи пломба ілінді. Деректер «Транзит» ақпараттық жүйесіне тіркелді. «Нұр жолы» кеден бекетінің басшысы Мұрат Ерденбековтің айтуынша, ақпараттық жүйелер арасындағы өзара әрекет қамтамасыз етілген, ұлттық оператор жұмыс істейді.  

Ғарышбек Ещанов, ҚР ЖИЦДМ Аэроғарыш комитеті орталығының жедел қызмет департаментінің директоры:

- «Ғарыштық техника және технологиялар институты» навигациялық пломбаларды орнату бойынша Ұлттық оператор болып табылады. Қазіргі уақытта Қазақстанда навигациялық пломбалар жобасын іске асыру соңғы дайындық кезеңінде тұр. ЕАЭО-ның басқа елдеріндегідей, Қазақстанда да навигациялық пломбаларды пайдалана отырып жүк тасымалдарын үздіксіз онлайн режимде бақылауға арналған «Транзит» тасымалдарды қадағалау ақпараттық жүйесі әзірленді. Бұл жүйе жүк қозғалысын бақылауға, сондай-ақ тасымалдау барысында туындауы мүмкін төтенше немесе штаттан тыс жағдайлар туралы уәкілетті органдарды жедел хабардар етуге мүмкіндік береді.

Тауарларға навигациялық пломба енгізіледі

Расында халықаралық тасымалдарды онлайн бақылау құқық бұзушылық пен рұқсатсыз әрекеттер тәуекелін төмендетеді.

Ең бастысы, тасымал қауіпсіздігін күшейтеді. Бұл елдің транзиттік әлеуетін арттырады дейді мамандар. Жалпы пломбаларды енгізу транспорттық-логистикалық саланы цифрландырудың оң нәтижесі. Жүйе бизнес үшін бақылауды жеңілдетіп, «жалған транзиттің» алдын алады, ал мемлекет үшін салық пен бюджет түсімдерін арттырады. Мамандар навигациялық қадағалау кезең-кезеңімен автомобиль және теміржол көлігімен тасымалданатын тауарларға, сондай-ақ Одаққа мүше мемлекеттердің өзара саудасы аясында енгізілетінін жеткізді. Қазір навигациялық пломбалар Ресей мен Беларусь елінде қолданыста.

Мұрат Ерденбеков, «Нұр Жолы» кеден бекетінің басшысы:

- Навигациялық пломбалар қозғалысты, тоқтау нүктелерін, пломбаның тұтастығын тіркейді. «Транзит» жүйесінде автокөлік тасымалдаушылары, менеджерлер және уәкілетті орган қызметкерлері үшін автоматтандырылған жұмыс орындары бар. «Transit» мобильдік қосымшасы екі факторлы аутентификациямен қорғалған, пломбалардың QR және штрихкодтарын сканерлеу, орнату және алу кезінде фотофиксация жасау, тасымал туралы ақпарат алу, маршрутты визуализациялау және маңызды оқиғалар бойынша автоматты хабарламалар жіберу мүмкіндігін береді.

Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы «Кеген» өткізу бекетінде электрондық кезек енгізіледі. CarGoRuqsat осы айдың соңында іске қосылады. Бұдан кейін Жамбыл облысындағы Қордай өткізу бекетінде енгізу жоспарланған. Бүгінге дейін ЕАЭО елдерімен байланыстыратын 34 өткізу бекетінде 840 мыңнан аса жүк көлігі электрондық кезек қызметін пайдаланған.

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
seeКөрілімдер:181
embedДереккөз:https://24.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 27 Қаңтар 2026 09:56
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Мемлекет басшысына елімізді газбен қамтамасыз ету және жаңа газ өңдеу зауыттарының құрылысы туралы есеп берілді

03 Қараша 2026 13:47see167

Алматыда тарихи ескерткіштер тізіміне тағы 27 нысан енгізілуі мүмкін

03 Қараша 2026 13:02see165

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

03 Қараша 2026 16:33see163

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

03 Қараша 2026 17:37see160

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

03 Қараша 2026 17:42see156

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

03 Қараша 2026 17:01see156

Әділет партиясы Adilet 365 цифрлық экожүйесін дамытып келеді

03 Қараша 2026 12:38see144

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

03 Қараша 2026 16:58see140

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

03 Қараша 2026 15:52see137

Еуразиялық экономикалық одақтың нарықтарды қорғау тәжірибесі таныстырылды

03 Қараша 2026 14:08see133

Өзгенің көлігін майыстырып алды немесе біреу зардап шекті: жүргізушіні не күтіп тұр

03 Қараша 2026 12:32see130

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

03 Қараша 2026 16:51see127

Президент көлік министрін қызметінен босатты

03 Қараша 2026 18:25see121

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

03 Қараша 2026 17:44see121

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

03 Қараша 2026 18:18see120

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

03 Қараша 2026 16:49see117

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

03 Қараша 2026 17:05see115

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

03 Қараша 2026 16:50see114

Президент Жолдауы: дәуірдің жаңа дәптері

03 Қараша 2026 13:47see110

“Ұмай“ ипотекасы үшін кептеліс пе? Алматыдағы Отбасы банк бөлімшесінің алдында халық жиналды

03 Қараша 2026 13:51see107
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары