Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Ауыл шаруашылығы өкілдері аграрлық саланы дамыту мәселелерін талқылады

​Қазақстанда екі жаңа МӨЗ салу жоспарланып отыр: оның бірі Атырау облысында салынуы мүмкін

Рыбакина қатысатын WTA қорытынды турнирінің алғашқы ойындарының кестесі жарияланды

Ақтөбе облысында мұнай өңдеу зауыты салынады

Атырау Орал жолындағы жөндеу жұмыстарының қарқыны қандай?

Кушнер АҚШ тың Украинадағы қақтығысты тоқтату мақсатын түсіндірді

Қазақстанның Қытайға май өнімдерінің экспорты 1 миллион тоннаға жетпек

Жолдау жаңа жоспарлар мен іс қимылдың доктринасы

Қазақстан Ыстамбұлда сауда кеңсесін ашты

Өсімдік майының өндірісі 25 пайызға өсті

Қазақстанның элиталық арнайы жасағында алғаш рет “Китана“ атты бойжеткен пайда болды

Путин Ресей халқы бөлінбеуі үшін көп жұмыс жасады Мемлекеттік Дума депутаты

Маңғыстауда әскери қызметшілердің қаза табуы: сегіз лауазымды тұлға қамауға алынды

Мұнай барлық жерде бола бермейді : Қазақстанда 112 учаске аукционға шығарылады

Құрылтай депутаттары Павлодар облысында тұрғындармен кездесті

Барни ісі : 19 жастағы Мадинаның мәйітін қайта қазып алды

“Оның қалай кеткенін ешкім көрмеген“: Теміртауда үш баланың анасы екінші ай бойы іздестірілуде

Криштиану Роналду ұлттық құрамадан кететінін мәлімдеді

Үйдегі газ үлкен жауапкершілік

Өзбекстанда кеден қызметінің өкілдігі ашылады: заңға қол қойылды

Таза Қазақстан аясындағы нақты іс: өңірлерде AMANAT партиясы экологиялық акцияларды күшейтті

Таза Қазақстан аясындағы нақты іс: өңірлерде AMANAT партиясы экологиялық акцияларды күшейтті

Aikyn.KZ парақшасындағы ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабар таратты..

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Таза Қазақстан» жалпыұлттық бастамасы аясында «AMANAT» партиясы ел көлемінде «Таза бейсенбі» акциясын жүйелі түрде өткізіп келеді, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Акцияның мақсаты – халықтың экологиялық мәдениетін арттыру, қоршаған ортаға жауапкершілікпен қарау дағдысын қалыптастыру және елді мекендерде тазалықты сақтау.

Қарағанды облысының Абай ауданына қарасты Топар кентінде партия мүшелері коммуналдық қызметкерлермен бірлесіп көшелерді жапырақтан және қардан тазарту жұмысын жүргізді. Бұл акцияға 40 адам қатысты.

«Біз тек аумақты ғана тазалап қоймай, өз ауылымызға қамқорлық пен жайлылық атмосферасын қалыптастырамыз. Әрбір осындай іс-шара – тазалық пен тәртіпке қарай жасалған қадам», – деді аудандық филиал төрағасы Дулат Қанышұлы.

Аудандық аурухана директорының орынбасары Людмила Бушуева «Таза бейсенбі» акциясы жауапкершілік мәдениетінің бір бөлігі екенін атап өтті. Оның айтуынша, бұл бастама өскелең ұрпаққа үлгі болады. Ал елді мекеннің тазалығы мен жайлылығын қамтамасыз етуге барлығы жұмыла атсалысуға  тиіс.

Ақтөбе облысының Қандыағаш ауданында партия мүшелері  қала сыртындағы «Қандыағаш – Ақтөбе» автожолының жиегін қоқыстан тазартты. Акцияға бастауыш партия ұйымдарының өкілдері, «Жастар Рухы» жастар қанатының белсенділері және аудандық филиал қызметкерлері қатысты. Нәтижесінде 1,5 тоннаға жуық қалдық жиналды.

«Жол бойының тазалығы эстетикалық тұрғыдан ғана емес, қауіпсіздік үшін де маңызды. Сондықтан бұл бағыттағы жұмыстар жүйелі түрде жалғасын табады», – деді аудандық филиалдың атқарушы хатшысы Жұматай Бейсен.

Ал Шымкентте қалалық және аудандық филиал қызметкерлері, «Жастар Рухы» жастар қанатының белсенділері, коммуналдық қызмет мамандары және қала тұрғындары бірлесіп көпқабатты үйлердің аулаларын, жаяу жүргіншілер жолдарын және жасыл алқаптарды тазалады. 

Жыл басынан бері қалалық филиалдың қолдауымен 45 экологиялық акция өткізіліп, оған 4 мыңға жуық адам қатысты. Акция барысында 44 тоннадай тұрмыстық қалдық жиналды.

Жетісу облысының Көксу ауданына қарасты Балпық би ауылында М. Сеңгірбаев атындағы парк аумағында тазалық жұмыстары жүргізілді. Демалыс аумағында 250 келі тұрмыстық қалдық жиналып, алаң толық ретке келтірілді.

Аудандық филиал төрағасы Мәлік Бейсенов «Таза бейсенбі» акциясы қоғамның экологиялық жауапкершілігін арттырып, бірлікті және туған жерге деген сүйіспеншілікті нығайтатынын атап өтті.

Ал Түркістан облысының Мақтаарал ауданында «AMANAT» партиясының мүшелері жергілікті әкімшілік қызметкерлері және тұрғындармен бірлесіп А-15 автожолы бойындағы 20 шақырым жол учаскесін тазалады. Жұмысқа 18 бірлік ауыр техника тартылып, шамамен 5 тонна тұрмыстық және пластикалық қалдық шығарылды. Экологиялық мәдениетті қалыптастыру және көгалдандыру мақсатында 500-ден астам арша көшеті отырғызылды.

Ұлытау облысы Жезқазған қаласында Жезқазған медициналық колледжінің студенттері мен оқытушылары колледж аумағын тазалап, 20 қап қоқыс қалдығын жинады.

«Қаланы таза ұстау әр адамнан басталуға тиіс. Біз, сондай-ақ достарымызға экологиялық тәрбие бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргіздік», – деді студент Жансая Омарова.

«AMANAT» партиясы ел көлемінде экологиялық бастамаларды белсенді қолдап, тұрғындар арасында туған жерге деген жауапкершілік мәдениетін қалыптастыруға ат салысып келеді. Сонымен қатар «Таза Қазақстан» ұлттық бастамасы жүйелі түрде жүзеге асырылуда.

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
seeКөрілімдер:215
embedДереккөз:https://aikyn.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 06 Қараша 2025 19:31
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Ауыл шаруашылығы өкілдері аграрлық саланы дамыту мәселелерін талқылады

05 Қараша 2026 14:56see180

​Қазақстанда екі жаңа МӨЗ салу жоспарланып отыр: оның бірі Атырау облысында салынуы мүмкін

05 Қараша 2026 16:01see163

Рыбакина қатысатын WTA қорытынды турнирінің алғашқы ойындарының кестесі жарияланды

05 Қараша 2026 14:15see160

Ақтөбе облысында мұнай өңдеу зауыты салынады

05 Қараша 2026 14:21see158

Атырау Орал жолындағы жөндеу жұмыстарының қарқыны қандай?

05 Қараша 2026 16:01see157

Кушнер АҚШ тың Украинадағы қақтығысты тоқтату мақсатын түсіндірді

05 Қараша 2026 14:21see156

Қазақстанның Қытайға май өнімдерінің экспорты 1 миллион тоннаға жетпек

05 Қараша 2026 18:53see156

Жолдау жаңа жоспарлар мен іс қимылдың доктринасы

05 Қараша 2026 14:59see156

Қазақстан Ыстамбұлда сауда кеңсесін ашты

05 Қараша 2026 19:27see156

Өсімдік майының өндірісі 25 пайызға өсті

05 Қараша 2026 14:21see155

Қазақстанның элиталық арнайы жасағында алғаш рет “Китана“ атты бойжеткен пайда болды

05 Қараша 2026 14:08see155

Путин Ресей халқы бөлінбеуі үшін көп жұмыс жасады Мемлекеттік Дума депутаты

05 Қараша 2026 14:21see154

Маңғыстауда әскери қызметшілердің қаза табуы: сегіз лауазымды тұлға қамауға алынды

05 Қараша 2026 14:57see154

Мұнай барлық жерде бола бермейді : Қазақстанда 112 учаске аукционға шығарылады

05 Қараша 2026 14:11see153

Құрылтай депутаттары Павлодар облысында тұрғындармен кездесті

05 Қараша 2026 16:33see153

Барни ісі : 19 жастағы Мадинаның мәйітін қайта қазып алды

05 Қараша 2026 15:01see152

“Оның қалай кеткенін ешкім көрмеген“: Теміртауда үш баланың анасы екінші ай бойы іздестірілуде

05 Қараша 2026 14:10see151

Криштиану Роналду ұлттық құрамадан кететінін мәлімдеді

05 Қараша 2026 17:38see151

Үйдегі газ үлкен жауапкершілік

05 Қараша 2026 14:58see151

Өзбекстанда кеден қызметінің өкілдігі ашылады: заңға қол қойылды

05 Қараша 2026 14:16see150
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары