Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Астанада ұйымдасқан қылмыстық топ 51 адамның 400 млн ақшасын иемденіп кеткен

Абу Дабидегі Украина бойынша келіссөздер үшжақты форматта өтеді Песков

Мемлекет басшысы ұлт мәдениеті мен біліміне үлес қосқан тұлғаларды марапаттады

Қыз Жібекке сын айтқан Әуезов пен үнсіз отырған Жансүгіров: Брусиловскийдің естелігі

Әділет партиясының Іскерлік кеңесі мұнай газ секторында жаңа жұмыс орындарын ашуға бағытталған нақты қолдау шараларын әзірлеуде

Алматыда автобуста ер адаммен жанжалдасқан қызға айыппұл салынды

Елу жастан асқан 10 мыңнан астам қазақстандық жұмысқа орналасты

Республика күнінде мамандандырылған ХҚКО мен ХҚКО лар қалай жұмыс істейді кесте

Алдағы сайлау партия үшін маңызды саяси кезең

Republic Day және Bereke Fest: жекелеген тауарларға 50% ға дейін жеңілдік

​Атырауда мерекелік демалыс алдында екі ХҚКО кезекпен жұмыс істейді

Орташа жалақы 486 мың теңгеден асты

​Атырауда TikTok та бейәдеп сөз айтқан қыздың анасы жазаланды

Бублик Медведевпен Almaty Open финалына берілетін жолдаманы сарапқа салады

Вице Президент қоғам қайраткерлерін марапаттады

Құлсарыда мектеп жанындағы жер қараусыз тұр

Дженсен Хуанг: интернатта өскен бала NVIDIA компаниясын қалай құрды

Нұртан Ыдырысов Нидерландтағы әлем чемпионатының финалында өнер көрсетті

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

Балуан Айдос Сұлтанғали әлем біріншілігінің 1/2 финалына шықты

Таза Қазақстан: Павлодарда 200 мыңнан астам адамның қатысуымен сенбілік өтіп жатыр

Таза Қазақстан: Павлодарда 200 мыңнан астам адамның қатысуымен сенбілік өтіп жатыр

Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып түсініктеме береді..

«Таза Қазақстан» республикалық экологиялық тұжырымдамасын іске асыру аясында елді мекендерді санитарлық тазарту бойынша кешенді іс-шаралар жалғасын тауып жатыр. 11 сәуірде өңір қалаларында «Таза қала» экологиялық акциясы өтіп, оның аясында ірі кәсіпорындар мен ұйымдар қоғамдық кеңістіктерді тазалау жұмыстарына белсене атсалысты. Ал 18 сәуірден аймақта «Тазалық айлығы» жарияланған еді. Оның шеңберінде «Таза аула» акциясы өткізілді. Іс-шара барысында ПИК, МИБ және жай серіктестіктердің өкілдері аулалар аумақтарын абаттандыр, тазалау жұмыстарын ұйымдастырды.

Фото: Павлодар облысы ақпарат және қоғамдық даму басқармасы

Бүгінгі сенбілік өзінің ауқымдылығымен ерекшеленіп отыр. Ертіс-Баян өңірі бойынша 200 мыңнан астам адам тазалық іс-шараларына атсалысып жатыр. Барлық аудан-қалаларда ағаш көшеттері отырғызылып жатыр. Аға буын мұндай экологиялық іс-шара жас ұрпақты қоршаған ортаны қорғауға баулуға үлкен сеп болады деген пікірде.

Фото: Павлодар облысы ақпарат және қоғамдық даму басқармасы

- Бүгін жалпыоблыстық сенбілік ретінде жарияланған болатын. Оған 200 мыңнан астам адам мен 40 мыңдай ұйым қатысты. Тазалық жұмыстарына 600-ден астам арнайы техника жұмылдырылды. Нәтижесінде 20 мың тоннаға жуық қоқыс шығарылды. Барлық қатысушылар қажетті құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілді. Тазалық айлығы аясында облыс полигондарында жеке тұрғындардан тұрмыстық қалдықтарды тегін қабылдау ұйымдастырылды, - деп атап өтті облыстық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы тұрғын үй шаруашылық бөлімі басшысының міндетін атқарушы Әлішер Теміртас.

Өңірді көгалдандыруға ерекше назар аударылып отыр. Осы мақсатта бұл күні облыс бойынша шамамен 30 мың көшет отырғызылып жатыр. Соның ішінде Баянауыл ауданында «Жасыл ел» қозғалысының еріктілері Павлодар облысының әкімі Асайын Байхановтың қатысуымен 500-ден астам қарағай екті.

Фото: Павлодар облысы ақпарат және қоғамдық даму басқармасы

Павлодар қаласы әкімінің баспасөз хатшысы Мақпал Қаржаубай атап өткендей, шаһардағы тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімі сенбілікке қатысушыларды қажетті құрал-жабдықтармен және қоқыс шығаруға арналған арнайы техникамен қамтамасыз еткен. Ауқымды акцияға қатысушыларға палау, бауырсақ пен ыстық шай ұсынылды.

- «Таза Қазақстан» акциясы аясында бүгін жүздеген қала тұрғыны Жетекші ауылының маңындағы рұқсат етілмеген қоқыс үйіндісін тазалауға атсалысты. Павлодарда 18 сәуір мен 18 мамыр аралығында тазалық пен абаттандыру айлығы жарияланған болатын. Осы іс-шара шеңберінде экологиялық акцияларға қала тұрғындары, мемлекеттік орган өкілдері, бизнес қауымдастығы, қала кәсіпорындары мен бей-жай қарамайтын азаматтар белсенді түрде қатысып жатыр. Науқан басталған сәттен бастап 9 мың тоннадан астам қоқыс шығарылып, жұмысқа 200-ге жуық техника жұмылдырылды, - дейді ол.

Айтып өтейік, кейінгі жылдары облыс орталығының жастары «Таза Қазақстан» акциясына үн қосып, тазалық шараларын үзбей жүргізіп келеді. Ертіс, Усолка өзендерінің жағалауы, «Қазқонақ» табиғи ескертіші маңы, саябақтар мен скверлер, автожолдар мен көпір аумақтары, балалар алаңдары қоқыстан тазартылып, жастар қоршаған ортаның тазалығына бейжай қарамайтынын байқатты.

Фото: Павлодар облысы ақпарат және қоғамдық даму басқармасы

- Көп адамдар «Таза Қазақстан» бұл әдеттегі сенбілік өткізу деп ойлайды. Дейтұрғанмен бұл акцияның мәні тереңде, ол біздің замандастарымызды экологиялық тұрғыдан тәрбиелеп, қоршаған орта жайлы білімін жетілдіреді. Өңірлік жастар бастамаларын дамыту орталығы жыл сайын экологиялық десант құрып, қаладағы көпшілік орындарды, үй аулаларын, саябақтарды көшелерді тазалауға шығады. Олар сауда үйлері мен көшелерде жұртшылыққа буклеттер де таратады. Парақшада қоқысты қалайша бөлек жинаудың қарапайым әдістері көрсетілген. Мәселен, пластик бөтелкелерді қайда тастауға болатыны айтылады, - дейді облыстық жастар бастамаларын дамыту орталығының директоры Ризат Рахымжанов.

Ал «Тандем-ПВ» ЖШС-ның жұмысшысы Алексей Скворцов елімізде игі дәстүрлерді жаңғыртуға арналған «Таза Қазақстан» акциясы тұрақты өтіп жатқанына қуанышты. Осындай бірлескен іс-қимылымыздың нәтижесінде қоғам өкілдері айналамызды үнемі мұнтаздай таза етіп ұстай алатыны анық деп санайды ол.

- Бұл біздің қаламыздың экологиясын жақсарта түсуге қосқан үлесіміз деп білемін. Қоғамдық орындардағы жасыл желекті көбейтіп әрі оны өзгелерге насихаттай отырып, біз жастарды табиғатты аялауға және адал еңбектенуге үйретеміз, - деді ол.

Бұған дейін Мемлекет басшысы «Таза Қазақстан» қозғалысына миллиондаған ерікті қосылғанын атап өткен. 

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
seeКөрілімдер:124
embedДереккөз:https://kaz.inform.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 25 Сәуір 2026 11:29
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Астанада ұйымдасқан қылмыстық топ 51 адамның 400 млн ақшасын иемденіп кеткен

23 Қазан 2026 11:45see135

Абу Дабидегі Украина бойынша келіссөздер үшжақты форматта өтеді Песков

23 Қазан 2026 15:58see134

Мемлекет басшысы ұлт мәдениеті мен біліміне үлес қосқан тұлғаларды марапаттады

23 Қазан 2026 13:47see133

Қыз Жібекке сын айтқан Әуезов пен үнсіз отырған Жансүгіров: Брусиловскийдің естелігі

23 Қазан 2026 01:28see132

Әділет партиясының Іскерлік кеңесі мұнай газ секторында жаңа жұмыс орындарын ашуға бағытталған нақты қолдау шараларын әзірлеуде

23 Қазан 2026 09:44see131

Алматыда автобуста ер адаммен жанжалдасқан қызға айыппұл салынды

23 Қазан 2026 09:42see130

Елу жастан асқан 10 мыңнан астам қазақстандық жұмысқа орналасты

23 Қазан 2026 19:26see130

Республика күнінде мамандандырылған ХҚКО мен ХҚКО лар қалай жұмыс істейді кесте

23 Қазан 2026 11:34see129

Алдағы сайлау партия үшін маңызды саяси кезең

24 Қазан 2026 01:43see129

Republic Day және Bereke Fest: жекелеген тауарларға 50% ға дейін жеңілдік

23 Қазан 2026 18:33see129

​Атырауда мерекелік демалыс алдында екі ХҚКО кезекпен жұмыс істейді

23 Қазан 2026 20:38see126

Орташа жалақы 486 мың теңгеден асты

23 Қазан 2026 21:12see123

​Атырауда TikTok та бейәдеп сөз айтқан қыздың анасы жазаланды

23 Қазан 2026 20:38see123

Бублик Медведевпен Almaty Open финалына берілетін жолдаманы сарапқа салады

23 Қазан 2026 23:56see122

Вице Президент қоғам қайраткерлерін марапаттады

24 Қазан 2026 03:29see115

Құлсарыда мектеп жанындағы жер қараусыз тұр

23 Қазан 2026 20:38see114

Дженсен Хуанг: интернатта өскен бала NVIDIA компаниясын қалай құрды

24 Қазан 2026 15:44see112

Нұртан Ыдырысов Нидерландтағы әлем чемпионатының финалында өнер көрсетті

23 Қазан 2026 22:07see112

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

24 Қазан 2026 14:06see111

Балуан Айдос Сұлтанғали әлем біріншілігінің 1/2 финалына шықты

24 Қазан 2026 15:04see111
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары