Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Президентке Қорғаныс министрлігіндегі жоспардан тыс аудиттің барысы туралы баяндалды

Мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру квотасының орындалуы тоқсан сайын бақыланады

Қазақстандағы Тікенектер белгісі айыппұл болмаса, оны жабыстырудың не қажеті бар

Алматыдағы түнгі ойын сауық орнында қызғаныштан жаппай төбелес болды

Алматыда сазандар мен ақ амурлар мекендейтін құпия су айдыны табылды

Қазақстанда Иранның үш азаматы сотталды

13 жастағы баланың өлімі: Ақтауда хирург күдікті ретінде ұсталды

ҰҚК ұстаған сот төрағасы мен судья ірі көлемде пара алғаны үшін 9 жылға сотталды

Венгрия Украинаның Еуроодаққа кіру келіссөздеріне қойылған ветоны алып тастайды БАҚ

Үржар және Атырау әуежайларында өзгерістер күтілуде: жолаушылар үшін не өзгереді

Қазақстанда кептеліс мәселесімен жаңаша айналысады: премьер әкімдіктерге тапсырма берді

Сапарды кейінге қалдырыңыз : Көлік министрлігі жүргізушілерге ескерту жасады

Банктер қандай жағдайда адамның несиесін толық кешіретіні белгілі болды

Министр цифрландырудың арқасында үнемделген қаржы көлемін айтты

Қолайсыз ауа райы: полиция азаматтарды жолда сақ болуға шақырды

Тоқаев балаларға ерте жастан не түсіндіру керектігін айтты

Астанада шатырдан құлаған құрылыс материалдарынан автомобильдер зардап шекті

БАӘ Қазақстанға іздеуде жүрген үш адамды берді: олар не үшін күдікті деп танылды

Тоқаев Қазақстан мен Оман қандай салаларда бірлескен жобаларды жүзеге асыра алатынын айтты

Тоқаев қылмыстық істер бойынша Еуропамен өзара құқықтық көмекті реттейтін заңға қол қойды

Теледебаттың үшінші кезеңі өтті

Теледебаттың үшінші кезеңі өтті

Qazaq24.com, Aikyn.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат бөліседі..

Саяси науқан алдындағы кезекті пікірталас «Заң мен тәртіп – Әділетті Қазақстанның негізі» тақырыбына арналды. Пікірталастың өзегінде «Заң мен тәртіп» қағидаты және оның әділетті қоғам қалыптастырудағы рөлі айтылды.

Теледебат алдындағы ашық жеребенің қорытындысына сәйкес, партия коман­даларының сөз сөйлеу кезегі төмендегідей белгіленді. Алғашқы болып «Ақ жол» партиясынан Бек-Мұхамед Жәукебаев және Ермек Әбілдин сөз алса, келесі болып Жалпыұлттық социал-демокра­тиялық партиясынан Лариса Ли және Нұрайнаш Камалова ойларын жеткізді. Содан кейін «Әділет» партиясынан Айжан Аймағанова және Мәди Мырза­ғараев, Қазақстанның халық партиясынан Жандос Бидайбеков пен Ирина Смирнова, «Ауыл» партиясынан Жазира Сұлтан­құлова мен Ерболат Саурықов, «Байтақ» партиясынан Амалбек Өміртай мен Алмат Тұртаев, Respublica партия­сынан Олжас Кұспеков пен Динара Шүкіжанова сөз алды.

Саяси пікірталас басталар алдында Астанадағы «Қазмедиа орталығының» фойесінде саяси пікірталасқа қатысушы­ларды қолдау көрсетуге келген жақтастары қарсы алды. Жалпы, теледебат 4 кезеңнен тұрды. Бірінші кезеңде қатысушылар қарсыластарының сайлауалды бағдарла­маларына талдау жасады. Ол үшін әр партияға 2,5 минуттан уақыт берілді. Екінші кезеңде партия өкілдері 90 секунд ішінде журналистер мен көрермендердің сұрақтарына жауап берді. Үшінші кезеңде қатысушылар қарсыластарына сұрақ қойып, өз ұстанымдарын 2 минут ішінде дәлелдеуге мүмкіндік алды. Ал дебаттың қорытынды бөлімінде әр қатысушы өз партиясының атынан «Уәде» форматында жария міндеттеме алды. Осы кезеңде партия өкілдері Құрылтайға сайланған жағдайда алдағы 5 жыл ішінде халық үшін нақты қандай жұмыстар атқаратынын және сайлаушылар алдында қандай міндеттемелер алатынын баяндады. Теледебатқа көрермендер де белсенді қатысып, сұрақ қоюға мүмкіндік алғанын айта кетейік. 

Алғаш болып сөз алған «Ақ жол» партиясының өкілдері либералды жолды таңдайтындарын жеткізді. «Ақ жол» партиясының өкілі Ермек Әбілдин құр уәде беріп қана қоймай, жұмысын нақты істері мен заңнамалық бастамалары арқылы көрсетіп келе жатқанын айтты. Сондай-ақ ол партияның сыбайлас жемқорлық үшін сотталғандарға жауап­кершілікті күшейтуді, салық төлеушінің адалдығы презумпциясын енгізуді және шағын бизнестің мүддесін қорғауды ұсынатынын атап өтті.

Келесі болып сөйлеген ЖСДП пар­тиясының өкілдері азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауға басымдық бергендерін мәлімдеді. Нұрайнаш Камалованың сөзінше, ЖСДП сайлауалды бағдарламасында заң үстемдігін қамтамасыз етуді, соттардың тәуелсіздігін күшейтуді мақсат еткен. Оның айтуынша, заң барлық азаматқа, соның ішінде олигархтар мен қарапайым халыққа бірдей қолданылуы керек. Партия сыбайлас жемқорлыққа төзбейтін қоғам қалыптастыруды, сөз бостандығын қамтамасыз етуді және бейбіт жиындарға мүмкіндік беруді ұсынған.

Ал «Әділет» партиясының өкілдері өздерінің ескіні қайталауға емес, жаңаны қалыптастыруға келгендерін айтты. «Әділет» партиясының өкілі Мәди Мырзағараев сөзжарысты бастап, үш сұраққа жауап беретіндерін айтты. Оның айтуынша, партияның басты сүйеніші – Ата заң, қорғайтыны – адал азамат. Сонымен қатар ол ереже қарапайым екенін жеткізді: адалсың ба – қорықпа, заң бұздың ба – жауап бер. Адамның байлығы мен лауазымы жазадан құтқар­мауға тиіс. Партия өкілдері заңдарға ревизия жасап, Конституцияға сай ететіндерін баяндады.

Бұдан кейін Қазақстан халық партия­сының өкілі Ирина Смирнова заңдар қоғамдағы өзекті мәселелерге жауап беріп, қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуі керек екенін айтты. Ол «Байтақ» пен ЖСДП партияларының бағдарлама­ларына, соның ішінде заңды тұлғаларды қылмыстық жауапкершілікке тарту бастамасы мен партияларға мемлекеттік телеарналардан эфир уақытын беру ұсынысына сын айтты. Смирнованың айтуынша, ҚХП партиясы заң талаптарын сақтауды әл-ауқаты жоғары әрі өркендеген қоғамның негізгі шарты деп санайды.

«Ауыл» партиясының өкілдері ауылдағы бала мен қаладағы баланың мүмкіндігін мәселе етіп көтерді. Ерболат Саурықовтың пікірінше, бүгінде шалғайдағы азамат пен мегаполистегі азаматтың сапалы білімге, қолжетімді денсаулық сақтауға және мемлекеттік қызметтерге қол жеткізу мүмкіндігі бірдей емес. Сондықтан партия фермер өз еңбегінің әділ бағасын көруі қажет екенін алға тартты. 

Өз кезегінде «Байтақ» партиясының өкілдері ел дамуының төрт қағидасын атады. Амалбек Өміртайдың айтуынша, даму тек экономикалық өсіммен ғана емес, азаматтардың табысы мен өмір сапасының артуымен де өлшенуі керек. Ол экономика, табиғат және келешек ұрпақтың мүддесі арасындағы тепе-теңдікке тоқталды. Өміртай ірі өндіріс орындары заң мен қоғам алдындағы жауапкершілікті сезінуі тиіс екенін айтты.

Ал Respublica партиясының өкілі Олжас Құспеков сөзін партия бағдарла­масымен ұштастырып бастады. Оның айтуынша, бай-қуатты азамат – жауапты қоғам, тиімді мемлекет – қауіпсіз ел құруға бағытталған. Саяси ұйым қара­пайым адамның, адал кәсіпкердің жағын­да. 

Екінші кезеңде жеті партия көрермен мен БАҚ өкілдері жолдаған сұрақтарға жауап берді. Барлық сауал «Заң мен тәртіп – Әділетті Қазақстанның негізі» тақырыбын қамтыды. Партия өкілдері сауал аясында заң үстемдігі, алимент төлемі, ақшалай кепіл арқылы бостан­дыққа шығу, жалған ақпарат тарату, вандализм, экономикалық бағдар секілді өзекті тақырыптарға қатысты пікір айтты.

Respublica партиясының өкілдері лудоманиямен күрес шешімдері туралы ойларын жеткізсе, «Әділет» партиясы айыппұлдардың тиімділігі туралы айтты. «Ауыл» партиясы заң үстемдігін нығайту жолы бойынша пікір білдірсе, Қазақстан Халық партиясы құқық қорғау орган­дарына деген халық сенімін көтеру ке­рек­тігіне назар аударды. ЖСДП Мәжілістегі белсенділік мәселесін қозғаса, «Байтақ» партиясы жол қауіп­сіздігі туралы пікірін ортаға салды. Ал «Ақ жол» партиясының өкілдері кәсіпкер­лер мүддесін қорғауға қатысты сауалдарға жауап берді.

Үшінші кезеңде әр партия өз таңдауы бойынша кез келген бір партияға сұрақ қойды. Ал таңдау реті күні бұрын өткен жеребе нәтижесі  бойынша анықталды. «Ақ жол» партиясының өкілдері «ауыл­дықтарға» малды чиптеудің талабын жеңілдету туралы сұрақ қойып, жауапқа толық қанағаттанбағандарын айтты. Ал ЖСДП тарапынан Respublica партиясына қойылған сұрақ жекеменшік құқығы туралы қызу пікірталасқа ұласты. «Әділет» партиясының сауалына жауап берген ЖСДП өкілдері халықтың қауіпсіздігі сол заңды орындатуға жауапты мемле­кеттік орган­дардың қолында екенін айтып жауап қатты. «Әділет» өкілі ЖСДП-ны осы бағыт­та бірлесіп жұмыс істеуге шақырды. Қазақстан Халық партиясының өкілі қойған сұраққа «Әділет» партиясының өкілі мемлекеттің жауапкершілігі мен заң үстемдігі ұғымдары «бәріне рұқсат» деген түсінікке айналмауы керектігін айтып, жауап берді. «Ауыл» партиясы «Байтақ» жасылдар партиясынан сайла­уалды бағдарламасында экологиядан басқа қандай өзекті мәселе бар екенін сұрады. «Байтақ» өкілі сұрақты жаңадан қосылып жатқан жас ұжымға емес, Парламенттен мандат алып келген өзге партияларға қоюды ұсынды. «Байтақ» партиясы Қазақстан Халық партиясының тарихындағы коммунистік жолды еске салып, қазіргі партия буынының Иосиф Сталин мен Филипп Голощекиннің тарихи тұлғасына қатысты көзқарасын сұрады. Сұрақ авторлары берілген жауапқа қанағаттанбады. Respublica партиясы сұрақ қою мүмкіндігін пайдалана отырып, «Ақ жол» партиясын бизнестің мүддесін қорғайтын маңызды сәттерде Үкіметпен ымыраласып кетеді деп сынады.

«Уәде» деп аталатын ақтық кезеңде әрбір партия өкілі Құрылтайға сайланған жағдайда атқарылатын істің анық-қанығын баяндады. Белгіленген 2 минут ішінде саяси ұйымдардың алдағы жос­пары, бес жылға жоспарланған міндеттер тарқатылды. 

«Ақ жол» партиясы салық жүйесін ілгерілетуге, сыбайлас жемқорлықпен күресті дамытуға, несие мен әділ сайлау жүйесін және жастарды баспанамен қамтуға уәде берді. ЖСДП Құрылтайға өтсе, әйелдер құқығын қорғап, заң үстемдігін нығайтуға бекіп отыр. «Әділет» партиясы жемқорлықпен күресуге, 1 млн жұмыс орнын құру, 95 пайыз еңбек шартын электронды форматқа көшіруге, сот жүйесін цифрландыруға сөз берді. Қазақстан Халық партиясы сот жүйесіне жасанды интеллектіні енгізуге, тегін заң көмегін қамтамасыз етуге, полиция қызметін реформалауға және жасөс­пірімдер қылмысын азайтуға талпынбақ. «Ауыл» партиясы ауылдардың инфрақұ­рылымын жақсартуға, шаруаларға қолдау білдіруге, еңбек адамын көтеруге және дәстүрлі отбасы құндылығын насихаттауға күш салатынын мәлімдеді. «Байтақ» партиясы сөз бостандығын қамтамасыз етуге, орташа жалақыны көтеруге, көпбалалы аналарға төленетін әлеуметтік төлемді арттыруға, экологиялық мәде­ниетті жетілдіруге кіріспек. Respublica партиясы әйелдер құқығын қаперде ұстауға, халықтың қауіпсіздігін қамта­масыз етуге, кәсіпкерлерді қолдауға бел шешіп кірісетінін хабарлады. 

Пікірталастың соңына қарай теле­дебаттағы көрермендер дауыс беруінің нәтижелері белгілі болды. Бірінші орынды «Әділет» партиясы алды. Партия өкіл­дерінің сөйлеген сөздерін сауалнамаға қатысушылардың 60,6%-ы қолдаған. Екінші орында 15,1% дауыс жинаған «Ауыл» партиясы, үшінші орынға 10,2% көрсеткішпен Respublica партиясы орналасты. Одан кейінгі орындарды ЖСДП – 3,9%, «Ақ жол» – 3,5%, Қазақ­станның Халық партиясы – 3,3% және «Байтақ» – 2,7% иеленді. Ал сауалнамаға қатысушылардың 0,7%-ы «ешқайсысы ұнамады» деген нұсқаны таңдаған.

М.ТӨЛЕУ

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
seeКөрілімдер:65
embedДереккөз:https://aikyn.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 13 Тамыз 2026 04:04
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Президентке Қорғаныс министрлігіндегі жоспардан тыс аудиттің барысы туралы баяндалды

05 Қазан 2026 16:26see138

Мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру квотасының орындалуы тоқсан сайын бақыланады

05 Қазан 2026 15:44see136

Қазақстандағы Тікенектер белгісі айыппұл болмаса, оны жабыстырудың не қажеті бар

05 Қазан 2026 09:29see135

Алматыдағы түнгі ойын сауық орнында қызғаныштан жаппай төбелес болды

05 Қазан 2026 19:06see135

Алматыда сазандар мен ақ амурлар мекендейтін құпия су айдыны табылды

05 Қазан 2026 18:33see134

Қазақстанда Иранның үш азаматы сотталды

05 Қазан 2026 13:04see133

13 жастағы баланың өлімі: Ақтауда хирург күдікті ретінде ұсталды

05 Қазан 2026 12:30see132

ҰҚК ұстаған сот төрағасы мен судья ірі көлемде пара алғаны үшін 9 жылға сотталды

05 Қазан 2026 17:52see126

Венгрия Украинаның Еуроодаққа кіру келіссөздеріне қойылған ветоны алып тастайды БАҚ

05 Қазан 2026 22:07see126

Үржар және Атырау әуежайларында өзгерістер күтілуде: жолаушылар үшін не өзгереді

05 Қазан 2026 15:34see124

Қазақстанда кептеліс мәселесімен жаңаша айналысады: премьер әкімдіктерге тапсырма берді

06 Қазан 2026 10:57see122

Сапарды кейінге қалдырыңыз : Көлік министрлігі жүргізушілерге ескерту жасады

06 Қазан 2026 10:24see121

Банктер қандай жағдайда адамның несиесін толық кешіретіні белгілі болды

06 Қазан 2026 14:54see121

Министр цифрландырудың арқасында үнемделген қаржы көлемін айтты

06 Қазан 2026 12:42see120

Қолайсыз ауа райы: полиция азаматтарды жолда сақ болуға шақырды

05 Қазан 2026 19:42see120

Тоқаев балаларға ерте жастан не түсіндіру керектігін айтты

05 Қазан 2026 15:02see119

Астанада шатырдан құлаған құрылыс материалдарынан автомобильдер зардап шекті

06 Қазан 2026 13:27see118

БАӘ Қазақстанға іздеуде жүрген үш адамды берді: олар не үшін күдікті деп танылды

06 Қазан 2026 11:27see114

Тоқаев Қазақстан мен Оман қандай салаларда бірлескен жобаларды жүзеге асыра алатынын айтты

06 Қазан 2026 19:40see113

Тоқаев қылмыстық істер бойынша Еуропамен өзара құқықтық көмекті реттейтін заңға қол қойды

06 Қазан 2026 20:27see113
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары