Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Президентке Қорғаныс министрлігіндегі жоспардан тыс аудиттің барысы туралы баяндалды

Мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру квотасының орындалуы тоқсан сайын бақыланады

Қазақстандағы Тікенектер белгісі айыппұл болмаса, оны жабыстырудың не қажеті бар

Алматыдағы түнгі ойын сауық орнында қызғаныштан жаппай төбелес болды

Алматыда сазандар мен ақ амурлар мекендейтін құпия су айдыны табылды

Қазақстанда Иранның үш азаматы сотталды

13 жастағы баланың өлімі: Ақтауда хирург күдікті ретінде ұсталды

Венгрия Украинаның Еуроодаққа кіру келіссөздеріне қойылған ветоны алып тастайды БАҚ

ҰҚК ұстаған сот төрағасы мен судья ірі көлемде пара алғаны үшін 9 жылға сотталды

Үржар және Атырау әуежайларында өзгерістер күтілуде: жолаушылар үшін не өзгереді

Қазақстанда кептеліс мәселесімен жаңаша айналысады: премьер әкімдіктерге тапсырма берді

Сапарды кейінге қалдырыңыз : Көлік министрлігі жүргізушілерге ескерту жасады

Банктер қандай жағдайда адамның несиесін толық кешіретіні белгілі болды

Қолайсыз ауа райы: полиция азаматтарды жолда сақ болуға шақырды

Министр цифрландырудың арқасында үнемделген қаржы көлемін айтты

Тоқаев балаларға ерте жастан не түсіндіру керектігін айтты

Астанада шатырдан құлаған құрылыс материалдарынан автомобильдер зардап шекті

БАӘ Қазақстанға іздеуде жүрген үш адамды берді: олар не үшін күдікті деп танылды

Тоқаев Қазақстан мен Оман қандай салаларда бірлескен жобаларды жүзеге асыра алатынын айтты

Тоқаев қылмыстық істер бойынша Еуропамен өзара құқықтық көмекті реттейтін заңға қол қойды

Темір тапшылығы: АҚШ та ферритин шектері өзгертілді

Темір тапшылығы: АҚШ та ферритин шектері өзгертілді

Tengrinews.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..

Америкалық гематология қоғамы (ASH) темір тапшылығын анықтау бойынша жаңа клиникалық ұсынымдарды жариялады. Онда түрлі топтағы адамдар үшін ферритиннің неғұрлым жоғары шекті көрсеткіштері ұсынылды.

Не өзгерді және енді қандай көрсеткіштер диагностика үшін негіз болады - бұл туралы Tengri Health тілшісі баяндайды.

Енді ферритиннің қандай көрсеткіштері қолданылады?

Ферритин - бұл ағзадағы темір қорын сақтайтын ақуыз. Оның деңгейі қан талдауы арқылы анықталады. Ферритиннің жеткіліксіздігі темір тапшылығының белгісі болуы мүмкін.

Америкалық гематология қоғамы ферритиннің жаңа шекті мәндері бар ұсынымдар бекітті - яғни осы көрсеткіштен төмен болса, ағзадағы темір қоры жеткіліксіз деп есептеледі:

тоғыз айдан төрт жасқа дейінгі балалар - бұрынғы 12 нанограммның орнына бір миллилитр қанға 20 нанограмм және одан төмен; ересектер, етеккірі келетін әйелдер және жүкті әйелдер - 15 нанограммның орнына 30 нанограмм және одан төмен; жоғары қауіп топтары, соның ішінде етеккірі көп келетін әйелдер мен анемиясы бар жүкті әйелдер - 50 нанограмм және одан төмен; қабыну аурулары, соның ішінде онкологиялық дерттері, ішектің қабыну аурулары немесе инфекциялары бар ересектер - ферритин 100 нанограммнан төмен немесе трансферриннің қанығуы 20 пайыздан төмен.

Сарапшылардың айтуынша, бұрынғы диагностикалық мәндердің кесірінен темір тапшылығының кейбір жағдайлары ескерусіз қалып келген. Бұл әсіресе көрсеткіші бұрынғы шекті межеге жақын болған адамдарға қатысты.

Темір тапшылығы анемиясыз да болуы мүмкін

Ұсынымдардағы басты өзгерістердің бірі - темір тапшылығын анемияның бар-жоғына қарамастан диагностикалау ұсынылады.

Бұл өте маңызды, өйткені темір тапшылығы мен темір тапшылығы анемиясы - бірдей жағдай емес.

Егер ағзадағы темір қоры біртіндеп азайса, бұл гемоглобин деңгейіне бірден әсер ете қоймауы мүмкін.

Дегенмен адам бойында белгілі бір симптомдар байқала бастайды.

Америкалық гематология қоғамының мамандары темір тапшылығы бар адамдар диагноз қойылғанға дейін айлар бойы, тіпті жылдар бойы шаршаңқылық, әлсіздік, бас айналу және зейін қоюдың қиындауымен өмір сүруі мүмкін екенін айтады.

"Бұл ұсынымдар - дәрігерлердің темір тапшылығын ертерек әрі дәлірек анықтауына, ал пациенттердің қажетті көмекті дер кезінде алуына жасалған маңызды қадам", - деді Америкалық гематология қоғамының президенті, медицина докторы Роберт С. Негрин.

Оның сөзінше, темір тапшылығы мен темір тапшылығы анемиясы әлемдегі ең кең таралған, бірақ соған қарамастан жете бағаланбайтын аурулар қатарына жатады.

Ферритин не үшін маңызды?

Темір ағзаға оттегіні тасымалдайтын молекула - гемоглобинді өндіру үшін қажет. Сондай-ақ ол мидың, иммундық жүйенің және бұлшықеттердің жұмысына қатысады, терінің, шаштың және тырнақтың күйіне әсер етеді.

Темір қоры таусылғанда қуаттың жетіспеуі, ентігу, жүректің жиі соғуы, бас ауруы және терінің бозаруы байқалуы мүмкін.

Егер тапшылықты емдемесе, ол темір тапшылығы анемиясына ұласуы мүмкін. Бұл ретте бүкіл ағзаға оттегі тасымалдауға жауапты гемоглобин деңгейі төмендейді.

Мамандардың мәліметінше, Дүние жүзінде шамамен екі миллиард адамда темір тапшылығы кездеседі. Қауіп тобына жататындар:

жүкті әйелдер мен етеккірі келетін әйелдер, балалар, асқазан-ішек жолдарының аурулары бар адамдар, тамақтануында шектеулер бар, қан жоғалтқан және басқа да созылмалы аурулары бар пациенттер.

"Сонымен қатар, кейбір бағалаулар бойынша, жоғары қауіп топтарындағы жағдайлардың 70 пайызына дейін анықталмай қалуы мүмкін", - деді ұсыным авторлары.

Мамандар мұны тексерілудің жеткіліксіздігі және диагностикалық шекті мәндердегі айырмашылықтармен байланыстырады.

Пациенттер үшін не өзгерді?

Ұсыным авторларының айтуынша, бұрын темір тапшылығын диагностикалау тәсілдері әртүрлі болған. Ферритиннің шекті мәндері туралы ортақ пікір болмады, ал кейбір жағдайларда тапшылықты анықтау қиынға соқты.

Ендігі ұсынылып отырған жаңа мәндер дәрігерлерге мәселені ертерек анықтауға көмектесуі тиіс.

"Ферритиннің жаңартылған шекті мәндері бұрын бірыңғай тәсіл болмаған салада нақты бағыт-бағдар береді", - деді ұсынымдарды дайындау жөніндегі жұмыс тобының төрайымы, медицина докторы Жаклин М. Пауэрс.

Оның айтуынша, бұл ұсынымдар пациенттерге тексерілу қажеттілігін тереңірек түсінуге және дәрігермен тиісті сараптамаларды талқылауға көмектесуі тиіс.

Америка гематология қоғамы адамдарға, әсіресе жоғары қауіп топтарына жататындарға, жаңа диагностикалық шектерді ескере отырып, ферритин деңгейін тексеру қажеттілігін мамандармен талқылауды ұсынады.

Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз

Қосу

Денсаулық

АҚШ

кеңес

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
seeКөрілімдер:108
embedДереккөз:https://kaz.tengrinews.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 28 Қыркүйек 2026 17:03
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Президентке Қорғаныс министрлігіндегі жоспардан тыс аудиттің барысы туралы баяндалды

05 Қазан 2026 16:26see138

Мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру квотасының орындалуы тоқсан сайын бақыланады

05 Қазан 2026 15:44see136

Қазақстандағы Тікенектер белгісі айыппұл болмаса, оны жабыстырудың не қажеті бар

05 Қазан 2026 09:29see135

Алматыдағы түнгі ойын сауық орнында қызғаныштан жаппай төбелес болды

05 Қазан 2026 19:06see135

Алматыда сазандар мен ақ амурлар мекендейтін құпия су айдыны табылды

05 Қазан 2026 18:33see134

Қазақстанда Иранның үш азаматы сотталды

05 Қазан 2026 13:04see133

13 жастағы баланың өлімі: Ақтауда хирург күдікті ретінде ұсталды

05 Қазан 2026 12:30see132

Венгрия Украинаның Еуроодаққа кіру келіссөздеріне қойылған ветоны алып тастайды БАҚ

05 Қазан 2026 22:07see126

ҰҚК ұстаған сот төрағасы мен судья ірі көлемде пара алғаны үшін 9 жылға сотталды

05 Қазан 2026 17:52see126

Үржар және Атырау әуежайларында өзгерістер күтілуде: жолаушылар үшін не өзгереді

05 Қазан 2026 15:34see124

Қазақстанда кептеліс мәселесімен жаңаша айналысады: премьер әкімдіктерге тапсырма берді

06 Қазан 2026 10:57see122

Сапарды кейінге қалдырыңыз : Көлік министрлігі жүргізушілерге ескерту жасады

06 Қазан 2026 10:24see121

Банктер қандай жағдайда адамның несиесін толық кешіретіні белгілі болды

06 Қазан 2026 14:54see121

Қолайсыз ауа райы: полиция азаматтарды жолда сақ болуға шақырды

05 Қазан 2026 19:42see120

Министр цифрландырудың арқасында үнемделген қаржы көлемін айтты

06 Қазан 2026 12:42see120

Тоқаев балаларға ерте жастан не түсіндіру керектігін айтты

05 Қазан 2026 15:02see119

Астанада шатырдан құлаған құрылыс материалдарынан автомобильдер зардап шекті

06 Қазан 2026 13:27see118

БАӘ Қазақстанға іздеуде жүрген үш адамды берді: олар не үшін күдікті деп танылды

06 Қазан 2026 11:27see114

Тоқаев Қазақстан мен Оман қандай салаларда бірлескен жобаларды жүзеге асыра алатынын айтты

06 Қазан 2026 19:40see113

Тоқаев қылмыстық істер бойынша Еуропамен өзара құқықтық көмекті реттейтін заңға қол қойды

06 Қазан 2026 20:27see113
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары