Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Абу Дабидегі Украина бойынша келіссөздер үшжақты форматта өтеді Песков

Мемлекет басшысы ұлт мәдениеті мен біліміне үлес қосқан тұлғаларды марапаттады

Алдағы сайлау партия үшін маңызды саяси кезең

Елу жастан асқан 10 мыңнан астам қазақстандық жұмысқа орналасты

Republic Day және Bereke Fest: жекелеген тауарларға 50% ға дейін жеңілдік

​Атырауда мерекелік демалыс алдында екі ХҚКО кезекпен жұмыс істейді

​Атырауда TikTok та бейәдеп сөз айтқан қыздың анасы жазаланды

Орташа жалақы 486 мың теңгеден асты

Бублик Медведевпен Almaty Open финалына берілетін жолдаманы сарапқа салады

Құлсарыда мектеп жанындағы жер қараусыз тұр

Вице Президент қоғам қайраткерлерін марапаттады

Балуан Айдос Сұлтанғали әлем біріншілігінің 1/2 финалына шықты

Дженсен Хуанг: интернатта өскен бала NVIDIA компаниясын қалай құрды

Нұртан Ыдырысов Нидерландтағы әлем чемпионатының финалында өнер көрсетті

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

№161 лицейде Республика күніне арналған салтанатты іс шара өтті

Қазақстанда орташа жалақы 486 мың теңгеден асып кетті

Дастан Сәтпаев ойнаса да, Бернли тағы да жеңілді

Алаяқтар сіздің атыңызға несие рәсімдемеуі үшін не істеу керек?

Классик Мерей Мәулитқанов Олимпиада жүлдегерін жеңіп, әлем чемпионатының ширек финалына өтті

“Төменгі“ Алматы. “Жоғарғы“ алматылықтар қорқатын ауданда жұрт қалай өмір сүріп жатыр?

“Төменгі“ Алматы. “Жоғарғы“ алматылықтар қорқатын ауданда жұрт қалай өмір сүріп жатыр?

Qazaq24.com, Tengrinews.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратады..

Алматы ежелден жоғарғы және төменгі бөліктерден қалыптасқан.

Алматы ежелден жоғарғы және төменгі бөліктерден қалыптасқан.

Бұған табиғи себеп - таулардың орналасуы. Алайда бұл тек географиялық бөліну емес, сонымен қатар әлеуметтік сипатқа да ие. Tengrinews.kz тілшісі "Алматы-1" вокзалы ауданына барып, тыныс-тіршілігімен танысып, оқырмандарға "қаланың төменгі бөлігінің" әртүрлі, кейде тіпті күтпеген қырларын көрсетеді.

Алматы - мың бояулы қала

Алматы - мың бояулы қала. Қаланың жоғарғы бөлігі дәстүрлі түрде "элиталы әрі қымбат", ал төменгі жағы "қарапайым әрі арзан" саналады. Сонымен қатар, қала тұрғындары бұл шекараны әрқалай белгілейді: бірі "қаланың төменгі жағы" Райымбек даңғылынан кейін басталады десе, енді бірі Мақатаев немесе тіпті Гоголь көшесінен бастап есептейді.

Кейбір "жоғарғы жақтың" алматылықтары тіпті тапанша тақасаң да қаланың төменгі бөлігіне көшуге келіспейді және ол жаққа жоламау үшін өз өмірін соған сай жоспарлайды. "Төменгі жақтың" айқын кемшіліктері ретінде ауа сапасын атайды: мысалы, төменгі Түрксіб ауданындағы ауа жоғарғы Бостандық ауданына қарағанда ластау; сондай-ақ логистикалық және өнеркәсіптік аймақтардың көптігі де айтылады.

Сондай-ақ, төменгі бөлікте жоғарғы жақпен салыстырғанда қалалық орта нашар дамыған деген стереотип бар. Бірақ, алдын ала айта кетейік, тілшіміз бұл жерден заманауи абаттандыруды, ерекше атмосфераны, жайлы орындар мен өз ауданын шын жүректен жақсы көретін жандарды кезіктірді.

Жергілікті Арбат және Ленин ескерткіші

Серуенімізді Тілеуберді Сауранбаев көшесінен бастайық. Аймауытов пен Шолохов көшелерінің қиылысына дейінгі аралық жаяу жүргіншілерге арналған. Бірден көзге түсетіні - көптеген балалар және спорт алаңқайлары: мұнда балалар өте көп.

Фото: ©️ Tengrinews.kz / Никита Данилин

Фото: ©️ Tengrinews.kz / Никита Данилин

Жол жиегінде жасыл желекке оранған кеңестік екі қабатты тұрғын үйлер орналасқан. Бұл үйлердің көптеген тұрғыны терезе алдына гүл егіп, шағын бақша жасауға тырысады.

Фото: ©️ Tengrinews.kz / Никита Данилин

Біраз төмен түссеңіз, салыстырмалы түрде жаңа бес қабатты үйлерді көруге болады.

Фото: ©️ Tengrinews.kz / Никита Данилин

Ал көшенің екінші жағында алты қабатты стильді жаңа құрылыстар бой көтеріп жатыр.

Фото: ©️ Tengrinews.kz / Никита Данилин

Бұл көше күтпеген жерден әдемі әрі алуан түрлі муралдарға бай болып шықты. Мұның бәрі қаланың осы ауданындағы алматылық "Арбатқа" тамаша балама ретінде көрінеді.

Фото: ©️ Tengrinews.kz / Никита Данилин

Фото: ©️ Tengrinews.kz / Никита Данилин

Осы жерден субұрқақ та табылды, түсірілім кезінде ол істемей тұрғанымен, көз алдымызда оны жөндеп жатты.

Фото: ©️ Tengrinews.kz / Никита Данилин

Бұл аудандағы кез келген шағын жол немесе кең серуендеу аллеясы биік, жайқалған ағаштар және алуан түрлі гүлзарлармен қоршалған. Жаздың аптабынан тасаланатын жер әрдайым табылады.

Фото: ©️ Tengrinews.kz / Никита Данилин

Фото: ©️ Tengrinews.kz / Никита Данилин

Осылайша Шолохов көшесіне жақындап қалдық. Мұнда бірден екі мектеп орналасқан: №59 гимназия және №83 гимназия. Бұл көшенің жаяу жүргіншілер аймағы екі жағынан да абаттандырылған: мұнда төсеме тастар да, орындықтар да бар.

Фото: ©️ Tengrinews.kz / Никита Данилин

Мұнда кеңес дәуірінен сақталған автобус аялдамаларын көруге болады. Мұндайларды қала орталығынан кездестіре алмайсыз.

Фото: ©️ Tengrinews.kz / Никита Данилин

Мұқият қарасаңыз, олардың жоғарыдан төмен қарай қыш ыдыс сынықтарымен безендірілгенін байқауға болады. Мұны кезінде жұмыс істеген Алматы қыш зауытының жарамсыз өнімдерін қалалық өнерге айналдыру тәсілі деп болжауға болады.

Фото: ©️ Tengrinews.kz / Никита Данилин

Сейфуллин даңғылы мен Шолохов көшесінің қиылысы тіпті түскі уақытта да көлікке толы. Қиылыста адам да көп. Бұған №9 емханаға келушілер, ал оқу уақытында жақын маңдағы мектеп оқушылары себепші.

Фото: ©️ Tengrinews.kz / Никита Данилин

Әрі қарай жүреміз - бұл Сәкен Сейфуллин атындағы саябақ. Оның ішінен ойға батқан Владимир Ильич Лениннің ескерткішін таптық. Егер бұл локацияны қала картасы қосымшаларының бірінен ашсаңыз, "Оны бұзу керек пе, әлде қалдыру керек пе?" деген тақырыптағы толассыз пікірталастарды көруге болады.

Фото: ©️ Tengrinews.kz / Никита Данилин

Қасымызға шамамен төртінші сынып оқитын бір топ бала тоқтады. Ескерткішті неге түсіріп жатқанымызды сұрады. Біз олардан бұл кім екенін білетін-білмейтінін сұрадық. Жауап қысқа болды: "Жоқ". Балалар ескерткіште ешқандай жазу жоқ екенін орынды атап өтті.

Мұнда балалар көп жүгіріп жүр, аула сыпырушылар жұмыс істеп, әйелдер гүл егіп жатыр.

Фото: ©️ Tengrinews.kz / Никита Данилин

Сквердің өзі өте күтілген, жайлы және жап-жасыл.

Фото: ©️ Tengrinews.kz / Никита Данилин

"Қаладан қарағанда жақсы"

Сәл жоғарыда жергілікті Оқушылар үйі орналасқан. Оның жанында бірнеше балалар велосипеді ұқыпты қойылған. Картаға сүйенсек, мұнда спорттық және Дәстүрлі ушу федерациясы да бар екен.

Фото: ©️ Tengrinews.kz / Никита Данилин

Фото: ©️ Tengrinews.kz / Никита Данилин

Мекеменің жанынан тағы бір жасыл әрі әдемі скверді кезіктірдік, онда серуендеп жүрген жергілікті тұрғынмен тілдесудің сәті түсті. Ол жасының 71-де екенін айтып, осы ауданда өмір бойы тұрып келе жатқанын жеткізді. Бұрын жұмысқа автобуспен барып келсе, зейнетке шыққаннан кейін бұл маңнан ешқайда шықпайтын болған.

- Бізде бәрі бар. Базар да, мектеп те, балабақша да, саябақ та, емхана мен аурухана да бар, - деп санамалап берді зейнеткер. - Маған қалаға барып не керек?

Оған өзінің онсыз да қалада екенін ескерттік. Әйел бұған жауап ретінде күліп, "бұл жер қаладан қарағанда жақсы" екенін айтты.

Фото: ©️ Tengrinews.kz / Никита Данилин

Әрі қарай Сәкен Сейфуллин есімімен аталатын саябаққа бет аламыз. Ол Шолохов көшесінің бойында орналасқан. Саябақтың орталығы әрі басты көрікті жері - көлемді де көз тартарлық жарқыраған субұрқақ.

Фото: ©️ Tengrinews.kz / Никита Данилин

Айнала өте таза, күтілген әрі жасыл желекке бөленген. Мұнда велосипед жолдары, скейт-парк, тіпті ит серуендетуге арналған қоршалған алаңқай да бар.

Фото: ©️ Tengrinews.kz / Никита Данилин

Көшенің келесі бетінен тағы да ескі екі қабатты үйлерді көреміз.

Фото: ©️ Tengrinews.kz / Никита Данилин

Балкондардың жоғарғы жағына кезінде ерекше мән берілгенін байқадық: терезелердің үстіңгі жиегі бедерлі ою-өрнектермен безендірілген.

Фото: ©️ Tengrinews.kz / Никита Данилин

Бұл ауданда әлі күнге дейін ескі балалар алаңқайларын кездестіруге болады. Алматының орталығынан мұндайларды қазір таппайтыныңыз анық.

Фото: ©️ Tengrinews.kz / Никита Данилин

"Алматы-1" вокзалы маңындағы аудандарды аралау өте жағымды әсер мен ерекше көңіл-күй сыйлады.

Айтпақшы, Түрксіб ауданында бұдан да басқа тамаша жерлер көп. Мысалы, жақында ғана Tengrinews.kz редакциясы Әуежай көлі мен Желтоқсан саябағы маңындағы серуендеу аймақтары туралы репортаж түсірген болатын. Қарап шығыңыз, ол жақта таңғажайып локациялар кездеседі.

Бұдан бөлек, қаланың төменгі бөлігінде қызықты Қарасу көлі бар, ол туралы да материал жариялағанбыз. Ол Алатау ауданында орналасқан және өзінен тек жақсы әсер қалдырады.

Авторы: Никита Данилин

Дайындаған: Дина Шәріпхан

Тағы оқыңыз:

 “Астанаға ұқсайтыны ызаны келтіреді“. Жаңа аудандардың салынуы Алматының келбетін қалай өзгертіп жатыр?

Google News арқылы жаңалықтарымызды қадағалаңыз

Жазылу
Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
seeКөрілімдер:162
embedДереккөз:https://kaz.tengrinews.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 11 Маусым 2026 07:05
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Абу Дабидегі Украина бойынша келіссөздер үшжақты форматта өтеді Песков

23 Қазан 2026 15:58see143

Мемлекет басшысы ұлт мәдениеті мен біліміне үлес қосқан тұлғаларды марапаттады

23 Қазан 2026 13:47see140

Алдағы сайлау партия үшін маңызды саяси кезең

24 Қазан 2026 01:43see139

Елу жастан асқан 10 мыңнан астам қазақстандық жұмысқа орналасты

23 Қазан 2026 19:26see138

Republic Day және Bereke Fest: жекелеген тауарларға 50% ға дейін жеңілдік

23 Қазан 2026 18:33see137

​Атырауда мерекелік демалыс алдында екі ХҚКО кезекпен жұмыс істейді

23 Қазан 2026 20:38see134

​Атырауда TikTok та бейәдеп сөз айтқан қыздың анасы жазаланды

23 Қазан 2026 20:38see132

Орташа жалақы 486 мың теңгеден асты

23 Қазан 2026 21:12see131

Бублик Медведевпен Almaty Open финалына берілетін жолдаманы сарапқа салады

23 Қазан 2026 23:56see131

Құлсарыда мектеп жанындағы жер қараусыз тұр

23 Қазан 2026 20:38see125

Вице Президент қоғам қайраткерлерін марапаттады

24 Қазан 2026 03:29see124

Балуан Айдос Сұлтанғали әлем біріншілігінің 1/2 финалына шықты

24 Қазан 2026 15:04see121

Дженсен Хуанг: интернатта өскен бала NVIDIA компаниясын қалай құрды

24 Қазан 2026 15:44see120

Нұртан Ыдырысов Нидерландтағы әлем чемпионатының финалында өнер көрсетті

23 Қазан 2026 22:07see120

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

24 Қазан 2026 14:06see119

№161 лицейде Республика күніне арналған салтанатты іс шара өтті

24 Қазан 2026 15:17see119

Қазақстанда орташа жалақы 486 мың теңгеден асып кетті

25 Қазан 2026 09:29see116

Дастан Сәтпаев ойнаса да, Бернли тағы да жеңілді

24 Қазан 2026 22:01see114

Алаяқтар сіздің атыңызға несие рәсімдемеуі үшін не істеу керек?

24 Қазан 2026 22:17see110

Классик Мерей Мәулитқанов Олимпиада жүлдегерін жеңіп, әлем чемпионатының ширек финалына өтті

24 Қазан 2026 14:36see110
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары