Тоқаев Дания Сыртқы істер министрімен сауда, логистика және ЖИ мәселелерін талқылады
Tengrinews.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабарлайды..
Мемлекет басшысы Данияның Сыртқы істер министрі Ларс Лёкке Расмуссенді қабылдады, деп хабарлайды Tengrinews.kz.
Ақордада Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Астанаға ресми сапармен келген Дания Корольдігінің Сыртқы істер министрі Ларс Лёкке Расмуссенмен кездесті.

Фото: Ақорда баспасөз қызметі
Мемлекет басшысы Данияны Қазақстанның Солтүстік Еуропа мен Еуропалық одақтағы сенімді серіктесі деп атады. Келесі жылы екі ел арасында дипломатиялық қарым-қатынас орнағанына 35 жыл толады.
"Біз Данияны Еуропаның беделді және ықпалды мемлекеті және сенімді серіктес ретінде қарастырамыз. Екіжақты ынтымақтастығымыздың әлеуеті зор екеніне сенімдімін. Аталған мүмкіндіктерді толық пайдалану үшін тараптар осы бағытта белсенді әрі мақсатты түрде жұмыс істеуі қажет", – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Кездесуде сауда-экономикалық және инвестициялық байланыстарды дамытудың оң динамикасы атап өтілді. Бұл ретте, Президенттің айтуынша, өзара ықпалдастықты тереңдету мүмкіндігі жеткілікті.
Мемлекет басшысы Carlsberg компаниясының Алматы облысында маңдайалды инвестициялық жобаны қолға алғанын құптап, кәсіпорынның Қазақстанда тамақ өнеркәсібін ілгерілетуге қосқан үлесін жоғары бағалады.
Фото: Ақорда баспасөз қызметі
Дания сыртқы саясат ведомствосының басшысы алдағы Қазақстан Тәуелсіздігінің 35 жылдығымен құттықтап, осы жылдар ішінде еліміздің айтарлықтай табыстарға қол жеткізгеніне тоқталды.
Бұдан бөлек, ол Данияның Қазақстанмен саяси диалогты одан әрі нығайтуға және сауда-экономикалық ынтымақтастықты жандандыруға ниетті екенін растады.
"Қазақстан Орталық Азиядағы экономикасы ірі ел саналады. Мұнда Данияның көптеген компаниясы жұмыс істейді. Олар осы серіктестікті алдағы уақытта кеңейте түсуге қызығушылық танытып отыр", – деді Ларс Лёкке Расмуссен.
Бұдан бөлек, Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ларс Лёкке Расмуссен көлік-логистика, цифрлық трансформация, жасанды интеллект, аса маңызды минералдар, ауыл шаруашылығы және су қауіпсіздігі салаларындағы ықпалдастықты нығайту перспективасы жөнінде пікір алмасты.
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Бұл тақырыптағы басқа жаңалықтар:
Көрілімдер:111
Бұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 02 Қазан 2026 14:28 



Кіру
Жаңалықтар
Ауа райы
Магниттік дауылдар
Намаз уақыты
Қымбат металдар
Валюта конвертері
Кредит есептегіш
Криптовалюта бағамы
Жұлдыздар
Сұрақ - Жауап
Интернет жылдамдығын тексеріңіз
Қазақстан радиосы
Қазақстан телевизиясы
Біз туралы








Ең көп оқылғандар



















