Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Президентке Қорғаныс министрлігіндегі жоспардан тыс аудиттің барысы туралы баяндалды

Мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру квотасының орындалуы тоқсан сайын бақыланады

Қазақстандағы Тікенектер белгісі айыппұл болмаса, оны жабыстырудың не қажеті бар

Алматыдағы түнгі ойын сауық орнында қызғаныштан жаппай төбелес болды

Алматыда сазандар мен ақ амурлар мекендейтін құпия су айдыны табылды

Қазақстанда Иранның үш азаматы сотталды

13 жастағы баланың өлімі: Ақтауда хирург күдікті ретінде ұсталды

ҰҚК ұстаған сот төрағасы мен судья ірі көлемде пара алғаны үшін 9 жылға сотталды

Венгрия Украинаның Еуроодаққа кіру келіссөздеріне қойылған ветоны алып тастайды БАҚ

Үржар және Атырау әуежайларында өзгерістер күтілуде: жолаушылар үшін не өзгереді

Қазақстанда кептеліс мәселесімен жаңаша айналысады: премьер әкімдіктерге тапсырма берді

Сапарды кейінге қалдырыңыз : Көлік министрлігі жүргізушілерге ескерту жасады

Банктер қандай жағдайда адамның несиесін толық кешіретіні белгілі болды

Қолайсыз ауа райы: полиция азаматтарды жолда сақ болуға шақырды

Министр цифрландырудың арқасында үнемделген қаржы көлемін айтты

Тоқаев балаларға ерте жастан не түсіндіру керектігін айтты

Астанада шатырдан құлаған құрылыс материалдарынан автомобильдер зардап шекті

БАӘ Қазақстанға іздеуде жүрген үш адамды берді: олар не үшін күдікті деп танылды

Тоқаев қылмыстық істер бойынша Еуропамен өзара құқықтық көмекті реттейтін заңға қол қойды

Тоқаев Қазақстан мен Оман қандай салаларда бірлескен жобаларды жүзеге асыра алатынын айтты

Тоқаев пен Штайнмайер келіссөздер қорытындысы бойынша Бірлескен декларация қабылдады

Тоқаев пен Штайнмайер келіссөздер қорытындысы бойынша Бірлескен декларация қабылдады

Zakon.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады:

"Германия Федеративтік Республикасының президенті Жоғары мәртебелі Франк-Вальтер Штайнмайер мырзаның шақыруы бойынша Қазақстан Республикасының президенті Жоғары Мәртебелі Қасым-Жомарт Тоқаев мырза 2026 жылғы 29-30 қыркүйекте Германия Федеративтік Республикасына ресми сапар жасады. Осыған орай екі президент мынадай Бірлескен декларацияны қабылдайды":
Президенттер Қазақстан тәуелсіздік алғаннан бері Қазақстан Республикасы мен Германия Федеративтік Республикасы арасында қалыптасқан табысты ынтымақтастықты жоғары бағалайды.Отыз жылдан астам уақыт ішінде орныққан табысты ынтымақтастық тәжірибесін, өзара сенім және жоғары деңгейдегі саяси диалог қарқынды ілгерілеп келе жатқанын негізге ала отырып, олар тығыз ынтымақтастықтың жалғасуын оң бағалайды.Олар қол жеткізілген прогресті мойындап, демократия, құқық үстемдігі, адам құқықтарын қорғау, инвестициялардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, сот жүйесінің тәуелсіздігі және орнықты даму қағидаттарын сақтай отырып, тұрақты құқықтық және қолайлы экономикалық орта қалыптастыру үшін өз елдеріндегі реформаларды жалғастырудың және одан әрі жаңғырту жұмыстарының маңыздылығын атап көрсетеді.Президенттер 2023 жылғы 29 қыркүйекте Берлинде өткен "Орталық Азия – Германия" бірінші саммитінде негізі қаланған және 2024 жылғы 17 қыркүйекте Астанада өткен екінші саммитте одан әрі дами түскен Орталық Азия мен Германия арасындағы Стратегиялық өңірлік әріптестікті қолдайтындарын растайды. Олар осы форматта 2026 жылғы 11 ақпанда Берлинде өткен Сыртқы істер министрлері кездесуінің қорытындыларын жоғары бағалап, жақын арада үшінші саммитті өткізу жоспарын құптайды.Тараптар өңірдің дербестігін, орнықтылығын және әл-ауқатын нығайтуға ықпал ететін Орталық Азия мемлекеттері арасындағы жан-жақты ынтымақтастықтың кеңеюін қуаттайды.Президенттер көпжақты ынтымақтастыққа, сондай-ақ барлық мемлекеттердің егемендігін, тәуелсіздігін және аумақтық тұтастығын құрметтеуді қоса алғанда, халықаралық құқықтың негізгі қағидаттары мен Біріккен Ұлттар Ұйымының Жарғысына бейіл екендерін растайды. Олар даулар мен қақтығыстарды бейбіт, саяси және дипломатиялық құралдармен реттеудің маңыздылығын атап көрсетеді.Мемлекеттер басшылары, сондай-ақ Біріккен Ұлттар Ұйымы Жарғысының қағидаттарына сәйкес Украинада жан-жақты, әділ және берік бейбітшілікке тезірек қол жеткізу қажеттігін атап көрсетеді.Президенттер сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықты ықпалдастықтың басты негізінің бірі ретінде қарастырады. Олар өзара тауар айналымын ұлғайтуға, жеткізілетін өнімдер номенклатурасын кеңейтуге, инвестициялар көлемін арттыруға және өндірісті жергіліктендіруге мүдделілік танытатынын растайды.Мемлекеттер басшылары Қазақстандағы герман компанияларының, оның ішінде шағын және орта кәсіпорындардың қызметіне қолайлы жағдай жасау мақсатында қабылданған шараларды құптап, осы бағыттағы реформаларды одан әрі жалғастыруды қолдайды. Олар герман, еуропалық және халықаралық нормаларды ескере отырып, стандарттау саласындағы тәсілдерді жақындастыруға ортақ мүдделілік танытатынын атап өтеді.Президенттер Қазақстан-Германия сауда-экономикалық ынтымақтастығы жөніндегі үкіметаралық жұмыс тобының, Қазақстан-Германия Іскерлік кеңесінің, Берлин Еуразиялық клубының, Германия экономикасының Орталық Азиядағы өкілдігінің, сондай-ақ Германия экономикасы Шығыс комитетінің іскерлік байланыстарды дамытуға және өзара экспорт көлемін арттыруға қосып отырған елеулі үлесін атап өтеді.Өнеркәсіптік кооперацияны тереңдету мақсатында тараптар 2026-2028 жылдарға арналған Өнеркәсіптік, технологиялық және шикізаттық ынтымақтастықты дамыту жөніндегі бірлескен жол картасын құптайды. Бірлескен өндірістер құруға, аса маңызды шикізат материалдарын өндіру мен өңдеуге, ел ішінде өндірілетін өнімнің қосылған құнын арттыруға, сондай-ақ сенімді әрі орнықты жеткізу тізбектерін қалыптастыруға басымдық беріледі.Президенттер энергетикалық қауіпсіздікті нығайту және энергия ресурстарын, оның ішінде мұнай мен газды Еуропаға жеткізу көздері мен бағыттарын әртараптандыру мақсатындағы тығыз өзара іс-қимылды құптайды. Тараптар энергиямен жабдықтаудың сенімділігін арттыру, энергетикалық дәліздерді дамыту, өнеркәсіпті көміртегіден арылту, жаңартылған энергия көздерін және "жасыл" сутегіні пайдалануды арттыру мақсатында Қазақстан-Германия энергетикалық диалогы аясында және Астанадағы H2-Diplo кеңсесі арқылы ынтымақтастықты дамытуды көздейді.Мемлекеттер басшылары Транскаспий көлік дәлізінің Азия мен Еуропа арасындағы көлік және сауда байланысын нығайтудағы стратегиялық маңызын атап өтеді. Олар оның көлік бағыттарын әртараптандыруға, сауданы кеңейтуге және экономикалық орнықтылықты нығайтуға ықпал ететін сенімді әрі бәсекеге қабілетті бағыт ретінде одан әрі дамуын құптайды. Осыған байланысты Президенттер Қазақстанның, Германияның және Еуропалық Одақтың көлік инфрақұрылымын дамытуға және өзара байланысты нығайтуға бағытталған бастамаларын қуаттайды.Тараптар цифрландыруды, жасанды интеллектіні, ғылыми зерттеулер мен ғарыш қызметін ынтымақтастықтың перспективті бағыттары ретінде қарастырады.Президенттер жинақталған оң тәжірибеге сүйене отырып, ауыл шаруашылығы және азық-түлік саласындағы ынтымақтастықты одан әрі дамытудың әлеуетін атап өтеді. Олар осы саладағы екіжақты және өңірлік жобаларды іске асыруға, сондай-ақ жеке бизнес бастамаларына үлкен мән береді.Мемлекеттер басшылары денсаулық сақтау саласындағы, атап айтқанда медицина ғылымы саласындағы ынтымақтастықтың жанданғанын қанағаттанушылықпен атап өтіп, оны одан әрі кеңейтуді құптайды.Климаттың өзгеруінің су ресурстарының қолжетімділігіне және экожүйелердің жай-күйіне елеулі әсерін ескере отырып, Президенттер су ресурстары, климат, қоршаған ортаны қорғау, биоәралуандықты сақтау және табиғи ресурстарды орнықты пайдалану салаларындағы ынтымақтастыққа баса мән береді. Олар осы салалардағы өзара іс-қимылды екіжақты ынтымақтастықтың және Орталық Азия мен Германия арасындағы Стратегиялық өңірлік әріптестіктің маңызды құрамдас бөлігі ретінде қарастырып, Германия Федералдық үкіметінің "Green Central Asia" бастамасының үлесін атап өтеді.Трансшекаралық климат және экология проблемаларын шешуде өңірлік тәсілдің қажеттігін мойындай отырып, Президенттер Орталық Азия мемлекеттері мен Германия Сыртқы істер министрлерінің 2026 жылғы 11 ақпандағы Берлин декларациясында көзделген Германия мен Орталық Азия мемлекеттері арасында қоршаған орта және климат саласындағы әріптестік құру жөніндегі іс-қимылды қолдайды.Президенттер Қазақстан Республикасының Су ресурстары және ирригация министрлігі мен герман "German Water Partnership" салалық қауымдастығы арасындағы ынтымақтастықты құптайды. Тараптарсу саласындағы бірлескен жобаларға үлкен мән береді.Президенттер мәдениет, жастар саясаты, спорт, ғылым және білім салаларындағы ынтымақтастықты тереңдетуді қолдайды. Олар ғылыми мекемелер мен жоғары оқу орындары арасындағы тікелей байланыстарды кеңейтуді, бірлескен ғылыми-зерттеу жобаларын іске асыруды, академиялық ұтқырлыққа жәрдемдесуді және жоғары білікті мамандар даярлауды құптайды. Алматыдағы Қазақстан-Неміс университетін одан әрі дамытуға, оның ішінде жаңа кампус құру мүмкіндігіне, Астанада Қазақстан-Германия мектебін құруға, сондай-ақ техникалық және кәсіптік білім беру саласындағы ынтымақтастыққа ерекше мән беріледі. Тараптар сондай-ақ Қазақстанның мектептері мен жоғары оқу орындарында неміс тілін оқыту мен үйренуді кеңейтуге мүдделіліктерін растайды.Мемлекеттер басшылары орнықты даму, энергетика, цифрландыру және жасанды интеллект мәселелері бойынша жас мамандар мен болашақ басшылардың диалог алаңы ретінде Қазақстан-Германия болашақ форумын құру бастамасын құптайды. Олар алғашқы форумды 2027 жылдың жазында Саар федералдық жерінде өткізуге және келесі форумды 2028 жылы Қазақстанда өткізу мүмкіндігіне қолдау білдіреді.Президенттер екі елдің азаматтық қоғамдары арасындағы байланыстарды нығайтуды қолдап, Қазақстандағы неміс қауымының халықтарды жақындастырудағы және мәдени әрі азаматтар арасындағы ынтымақтастықты дамытудағы маңызды рөлін атап өтеді. Осы тұрғыда олар Қазақстан Республикасында тұратын Этникалық немістер мәселелері жөніндегі үкіметаралық комиссияның қызметін жоғары бағалайды.Мемлекеттер басшылары Қазақстан Республикасы мен Еуропалық Одақ арасындағы визаларды беруді жеңілдету туралы келісім бойынша келіссөздердің табысты аяқталуын азаматтар арасындағы байланыстарды нығайту жолындағы маңызды қадам ретінде бағалап, Реадмиссия туралы келісімді іске асыру жөніндегі жұмысты құптайды.Мемлекеттер басшылары Стратегиялық өңірлік әріптестіктің негізгі бағыттары, оның ішінде экономика мен энергетика, көлік және өңірлік ынтымақтастық, орнықтылық, климат пен қоршаған орта, сондай-ақ азаматтық қоғамдар арасындағы байланыстар бойынша қол жеткізілген табысты атап өтеді. Олар "Орталық Азия – Германия" форматын нақты нәтижелерге бағдарланған ұзақмерзімді ынтымақтастық платформасы ретінде одан әрі нығайтуға бейіл екендерін растайды.Президенттер сондай-ақ сенімге негізделген саяси диалогты жалғастыру және ең алдымен сауда-экономика саласындағы, сондай-ақ ғылым, білім және мәдениет салаларындағы қатынастарды кеңейту арқылы екіжақты ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға өзара мүдделі екенін атап өтеді.

Бұған дейін Қасым-Жомарт Тоқаев пен Франк-Вальтер Штайнмайер кеңейтілген құрамда келіссөз жүргізгені хабарланған.

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
seeКөрілімдер:82
embedДереккөз:https://kaz.zakon.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 29 Қыркүйек 2026 21:11
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Президентке Қорғаныс министрлігіндегі жоспардан тыс аудиттің барысы туралы баяндалды

05 Қазан 2026 16:26see137

Мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру квотасының орындалуы тоқсан сайын бақыланады

05 Қазан 2026 15:44see136

Қазақстандағы Тікенектер белгісі айыппұл болмаса, оны жабыстырудың не қажеті бар

05 Қазан 2026 09:29see135

Алматыдағы түнгі ойын сауық орнында қызғаныштан жаппай төбелес болды

05 Қазан 2026 19:06see135

Алматыда сазандар мен ақ амурлар мекендейтін құпия су айдыны табылды

05 Қазан 2026 18:33see134

Қазақстанда Иранның үш азаматы сотталды

05 Қазан 2026 13:04see133

13 жастағы баланың өлімі: Ақтауда хирург күдікті ретінде ұсталды

05 Қазан 2026 12:30see132

ҰҚК ұстаған сот төрағасы мен судья ірі көлемде пара алғаны үшін 9 жылға сотталды

05 Қазан 2026 17:52see126

Венгрия Украинаның Еуроодаққа кіру келіссөздеріне қойылған ветоны алып тастайды БАҚ

05 Қазан 2026 22:07see126

Үржар және Атырау әуежайларында өзгерістер күтілуде: жолаушылар үшін не өзгереді

05 Қазан 2026 15:34see124

Қазақстанда кептеліс мәселесімен жаңаша айналысады: премьер әкімдіктерге тапсырма берді

06 Қазан 2026 10:57see122

Сапарды кейінге қалдырыңыз : Көлік министрлігі жүргізушілерге ескерту жасады

06 Қазан 2026 10:24see121

Банктер қандай жағдайда адамның несиесін толық кешіретіні белгілі болды

06 Қазан 2026 14:54see121

Қолайсыз ауа райы: полиция азаматтарды жолда сақ болуға шақырды

05 Қазан 2026 19:42see120

Министр цифрландырудың арқасында үнемделген қаржы көлемін айтты

06 Қазан 2026 12:42see120

Тоқаев балаларға ерте жастан не түсіндіру керектігін айтты

05 Қазан 2026 15:02see119

Астанада шатырдан құлаған құрылыс материалдарынан автомобильдер зардап шекті

06 Қазан 2026 13:27see118

БАӘ Қазақстанға іздеуде жүрген үш адамды берді: олар не үшін күдікті деп танылды

06 Қазан 2026 11:27see114

Тоқаев қылмыстық істер бойынша Еуропамен өзара құқықтық көмекті реттейтін заңға қол қойды

06 Қазан 2026 20:27see113

Тоқаев Қазақстан мен Оман қандай салаларда бірлескен жобаларды жүзеге асыра алатынын айтты

06 Қазан 2026 19:40see113
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары