Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Жаным деп жүргендер жаныңды алған : Мөлдір Мұқанова тұрмыстық зорлық құрбандарына ән арнады

Сайлау заңнамасын бұзудың 8 фактісі тіркелді Бас прокуратура

Алматыда алты жасар баладан салмағы 3 килограмнан асатын ісік алынды

Ислам Махачев чемпиондық жекпе жектен кейін 30 күнге жарыстан шеттетілді

Бразилия басшысы Трампқа Украина бойынша БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі отырысын өткізуді ұсынды

Қазақстандық әйел Тоқаев сыйлаған сағатты 3 миллион теңгеге жуық бағаға сатылымға шығарды

Қазақстанда сауда өсімі баяулады: халық азық түлікке көбірек ақша жұмсап жатыр

Әділет партиясының төрағасы Айбек Дәдебай тарихи Құрылтай сайлауында дауыс берді

Біздің Шакирамыз! : Әйкерім Қалаубаеваның жаңа әні мен биі көпшілікті тәнті етті

Ақшолақов ескі мектепті жөндеудің тиімділігіне күмәнданды

Колумбия президенті 15 департаментте экономикалық төтенше жағдай жариялады

4 жасар баланы құтқарып қалды: Қарағанды облысында жасөспірім марапатталды

Мемлекеттік сайттар не себепті уақытша істемей қалғаны белгілі болды

Алматы облысында мейрамхана өртенді

Тұрғын үй жалдау ақысы жарты бағамен: Қазақстанда кім көмек ала алады

Біздің нүктеміз жасыл түспен жанды . Сарапшылар Қазақстан рейтингінің көтерілуі туралы

16 жастағы қазақ қызы дзюдодан әлем чемпионатында тарих жаңартты

Имам садақа дастарханына қатысты дауға нүкте қойды

Қазіргі уақытқа дейін біз ешқандай заңбұзушылық байқаған жоқпыз ШЫҰ байқаушылары

Бұл туралы айту әлі ерте Тоқаев келесі президенттік сайлауға қатысу туралы

Тоқаев: Жеке абыройымды ойласам, мен де бұл жұмысты келесі басшылыққа ысыра салар едім

Тоқаев: Жеке абыройымды ойласам, мен де бұл жұмысты келесі басшылыққа ысыра салар едім

Egemen.KZ парақшасындағы деректерге сәйкес, Qazaq24.com ақпарат таратты..

Мемлекет басшысы «Turkistan» газетіне берген сұхбатта энергетикалық және коммуналдық сектордағы ауқымды реформалардың мәні мен маңызын түсіндіріп, тариф саясатын өзгерту әлеуметтік әділдікке бастайтынын атап өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Фото: Ақорда

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың айтуынша, Қазақстан былтыр энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласында Тәуелсіздік жылдарындағы ең ірі реформаны бастады. Оның негізгі мақсаты – ондаған жыл бойы тозып, апаттық жағдайға жеткен инфрақұрылымды жаңғырту және саланы тұрақты даму жолына шығару.

Мемлекет басшысы бүгінде жүздеген шақырым инженерлік және электр желілерін салу қажеттігін атап өтті. Қазір бұл ауқымды жобалардың есеп-қисабы әзірленіп жатыр. 

«Шынымен де, Үкімет энергетикалық және коммуналдық нысандарды жаппай жаңғырту жұмыстарын қолға алды. Ұзындығы жүздеген шақырым болатын инженерлік желілер мен электр қуатын тарататын желілер салуымыз керек. Бүгінгі таңда осы ауқымды жобаның есеп-қисабы әзірленіп жатыр. Қазірдің өзінде қауіпті «қызыл» аймақта тұрған жылу электр станцияларының саны 19-дан 10-ға дейін азайды. Қабылданған шаралардың нәтижесі көріне бастады. Нысандардың апаттық жағдайға тап болу қаупі сейіліп келеді», деді Мемлекет басшысы.

Сонымен бірге Президент тек инфрақұрылымды қалпына келтіру жеткіліксіз екенін, ең бастысы – жұмыс тәсілін түбегейлі өзгерту керектігін баса айтты. Оның сөзінше, жаңғырту шаралары салаға инвестиция тартуға қолайлы жағдай жасап, шынайы нарықтық тетіктерді қалыптастыруға тиіс.

«Үкіметтің шұғыл шаралары мәселенің түпкі мәнінен туындап отыр. Себебі, энергетика және тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы кез келген мемлекеттің өмір сүруіне аса қажетті тұғыр саналады. Бұл негіз шайқалса, басқасы түгел күйрейді. Тамыры тереңге кеткен экономикалық мәселелерге ондаған жылдар бойы назар аударылған жоқ. Қалалар мен ауылдардағы инфрақұрылым тозды, энергетика нысандары мен коммуналдық желілер әбден ескірді. Қордаланған түйткілдер күрмеуі қиын күрделі мәселеге ұласты. Бұл сала жыртық-тесігін жанталаса жамап-жасқап, бюджет қаржысын үздіксіз құюға тура келетін «коммуналдық аждаһаға» айналды. Бұған жұрттың еті үйреніп, азаматтар шарасыз күйге түсті», деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Президенттің пікірінше, тарифтердің жасанды түрде төмен ұсталып келуі ауқатты топтарға жасырын субсидия берумен тең.

«Соған қарамастан, біздің үкіметтеріміз «авгийдің атқорасын» тазалауға асыққан жоқ. Себебі, мұндай күрделі жұмыс ешкімге жақсы атақ әкелмес еді. Ең дамыған отыз мемлекеттің қатарына қосылу сияқты «керемет» бағдарламалар әзірлеп, оның «табысты» орындалғаны туралы баяндау әлдеқайда жеңіл болатын. Шындықты жасырып, бір сәттік алдамшы жетістіктерге ұмтылу ақырында мемлекетіміз үшін тым қымбатқа түсті.

Шынымды айтайын, жеке абыройымды ойласам, мен де бұл жұмысты келесі басшылыққа ысыра салар едім. Бірақ, халықтың көзі үйренген таптаурын түсініктерге қайшы келсе де, мен үшін қағаз жүзінде емес, іс жүзінде нақты нәтижеге қол жеткізу бәрінен де маңызды», деді Мемлекет басшысы. 

Сондықтан әлеуметтік әділдікті қалпына келтіру үшін тариф саясатын өзгерту қажет. Мемлекет тек шын мәнінде көмекке мұқтаж азаматтарға атаулы қолдау көрсетуі тиіс.

«Әлеуметтік әділдікті қалпына келтіру үшін, ең алдымен, мәселені шешу жолдарын өзгерту қажет. Мемлекет көмекке шын мұқтаж адамдарға ғана тікелей, атаулы өтемақы төлеу арқылы қолдау көрсетуге міндетті. Сондықтан, тарифтерді көтеру – ақылға қонымды, яғни тиімді және әділ экономика құру үшін аса қажет қадам. Кім қанша тұтынса, сонша төлейді, қолдауға шынымен зәру адамдарға ғана көмек беріледі. Тарифтер әділетті болуы керек, яғни «неғұрлым көп тұтынған, соғұрлым көп төлейді» деген қағидат берік орнығуға тиіс. Мен осындай нақты міндет қойып отырмын. Алғашқы оң нәтижелер бар. Төлем жүйесіне сараланған тәсіл енгізілді. Суды және электр қуатын барынша үнемдеп пайдаланатын тұрғындар «тұтынудың әлеуметтік нормасына» сәйкес төлемді ең төмен тарифпен төлейтін болды», деді Президент.

Қасым-Жомарт Тоқаев әлеуметтік игіліктерді әділ бөлетін жаңа жүйе ғана заманға сай инфрақұрылым мен тиімді энергетика саласын қалыптастыруға мүмкіндік беретінін айтты. Оның сөзінше, бұл реформалар ел экономикасының сапалық тұрғыдан өсуіне қуатты серпін береді.

Соңғы жаңалықтар

Павлодар әуежайы қайтарылған активтер есебінен жаңартылады

Қоғам • Кеше

5 қаңтарда Қазақстанда қар жауып, көктайғақ болады

Ауа райы • Кеше

Елімізде енді оқушыларды жасанды интеллект репетиторлары оқытады

Білім • Кеше

Жер бетінде магниттік дауыл басталды

Ғылым • Кеше

Иранда жаппай наразылықтарға байланысты интернетке шектеу қойылды

Әлем • Кеше

8 мыңнан астам белсенді, 50-ге жуық ұйым: Астанада волонтерлік қызмет қарқынды дамып келеді

Волонтер • Кеше

БҚО-да ауа райына байланысты үш республикалық жол жабылды

Ауа райы • Кеше

Венесуэлаға қарсы әскери операцияға 150 бомбалаушы, жойғыш және барлау ұшағы қатысқан

Әлем • Кеше

БҰҰ қауіпсіздік кеңесі Венесуэладағы жағдайға байланысты шұғыл отырыс өткізеді

Әлем • Кеше

Ұлытау облысында жоғалған үш адам табылды

Қоғам • Кеше

Ақтауда жүргізушілер жол таңбаларының сапасына шағымданды

Аймақтар • Кеше

Аружан Сағандықова 7 млн теңгелік турнирде жеңіске жетті

Спорт • Кеше

2026 жылы Қазақстанда 11 мың шақырымнан астам жол салынады

Үкімет • Кеше

Астанада мәдениет қайраткерлеріне мемлекеттік стипендия тапсырылды

Мәдениет • Кеше

Фаббинг деген не және ол не үшін зиян?

Қоғам • Кеше

Барлық жаңалықтар

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
seeКөрілімдер:198
embedДереккөз:https://egemen.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 05 Қаңтар 2026 16:29
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Жаным деп жүргендер жаныңды алған : Мөлдір Мұқанова тұрмыстық зорлық құрбандарына ән арнады

21 Тамыз 2026 15:50see182

Сайлау заңнамасын бұзудың 8 фактісі тіркелді Бас прокуратура

21 Тамыз 2026 15:22see122

Алматыда алты жасар баладан салмағы 3 килограмнан асатын ісік алынды

21 Тамыз 2026 15:56see116

Ислам Махачев чемпиондық жекпе жектен кейін 30 күнге жарыстан шеттетілді

21 Тамыз 2026 14:52see115

Бразилия басшысы Трампқа Украина бойынша БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі отырысын өткізуді ұсынды

22 Тамыз 2026 11:14see115

Қазақстандық әйел Тоқаев сыйлаған сағатты 3 миллион теңгеге жуық бағаға сатылымға шығарды

22 Тамыз 2026 17:54see114

Қазақстанда сауда өсімі баяулады: халық азық түлікке көбірек ақша жұмсап жатыр

22 Тамыз 2026 09:51see113

Әділет партиясының төрағасы Айбек Дәдебай тарихи Құрылтай сайлауында дауыс берді

23 Тамыз 2026 08:31see112

Біздің Шакирамыз! : Әйкерім Қалаубаеваның жаңа әні мен биі көпшілікті тәнті етті

23 Тамыз 2026 09:43see111

Ақшолақов ескі мектепті жөндеудің тиімділігіне күмәнданды

22 Тамыз 2026 17:55see111

Колумбия президенті 15 департаментте экономикалық төтенше жағдай жариялады

22 Тамыз 2026 17:52see111

4 жасар баланы құтқарып қалды: Қарағанды облысында жасөспірім марапатталды

22 Тамыз 2026 12:23see111

Мемлекеттік сайттар не себепті уақытша істемей қалғаны белгілі болды

21 Тамыз 2026 17:56see111

Алматы облысында мейрамхана өртенді

22 Тамыз 2026 01:29see110

Тұрғын үй жалдау ақысы жарты бағамен: Қазақстанда кім көмек ала алады

22 Тамыз 2026 10:48see110

Біздің нүктеміз жасыл түспен жанды . Сарапшылар Қазақстан рейтингінің көтерілуі туралы

22 Тамыз 2026 15:09see110

16 жастағы қазақ қызы дзюдодан әлем чемпионатында тарих жаңартты

22 Тамыз 2026 09:33see109

Имам садақа дастарханына қатысты дауға нүкте қойды

22 Тамыз 2026 11:03see109

Қазіргі уақытқа дейін біз ешқандай заңбұзушылық байқаған жоқпыз ШЫҰ байқаушылары

23 Тамыз 2026 13:26see108

Бұл туралы айту әлі ерте Тоқаев келесі президенттік сайлауға қатысу туралы

23 Тамыз 2026 13:13see107
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары