Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Тоқаев Ақордада Бельгия королі мен патшайымын қабылдады

Саясаттанушы: Қоғам ел басқаруға сайлау арқылы ғана қатыспайды

ЕАЭО елдерінің астаналарында орташа жалақыға қанша азық түлік сатып алуға болады

Тоқаев пен Король Филипп БАҚ өкілдеріне арналған брифинг өткізді

Көкшетауда жұмысшы биіктен құлап кетті

Ақмола облысында кредит алмақ болған әйел 2 млн теңгесін алаяқтарға беріп жіберген

АҚШ Украинадағы қақтығыстың соңғы кезеңде екенін мәлімдеді

Белгілі ақын Жанна Елеусіз дүниеден озды

Эр Рияд әуежайындағы жойқын жарылыс видеоға түсіп қалды: қаза тапқан адам бар

Перизат Қайраттың туыстарының Дубайдағы пәтерлері: ҚМА не анықтады

Қазақстанда музыка мен бейнелеу өнерінің майталмандарына екі жаңа мемлекеттік награда тағайындалады

Қазақстанда 450 мыңға жуық баланың мектепке дайындығына 23 миллиард теңге қарастырылды

Қазақстан 2028 жылға қарай май экспортын 1,5 млрд долларға жеткізуді жоспарлап отыр

Жасыл энергетика: жаңа кезеңнің жаршысы

Just жұбайлар жыры

Ақтауда санитариялық эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының міндетін атқарушы ұсталды

Телефондарды верификациялау eGov жүйесіне көшірілді

Күн сәулесі Сырдағы сарқылмайтын ресурс

Тәуелсіздік шыңына шықты

Король Филипп ілтипатпен қарсы алғаны үшін Тоқаевқа алғыс айтты

Бас банкир: Мен жақсы президент болар едім . Бұл не дегені?

Бас банкир: Мен жақсы президент болар едім . Бұл не дегені?

Aikyn.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..

BBC News-ке бас банкирдің берген сұхбатының маңызды тұстарын Aikyn.kz ұсынады.

Ең ірі JP Morgan банкінің басшысы Джейми Даймон, алдағы алты айда нарықта айтарлықтай түзету (коррекция) орын алуы мүмкін екенін мәлімдеген. BBC арнасына берген сұхбатында АҚШ-тың бас банкирі америкалық акциялардың күрт төмендеу қаупі жоғары екенін айтқан.

Сұхбатты сирек беретін Даймон АҚШ-тың әлемдік аренада «сенімсіз серіктеске» айналғанын да ашық мойындаған. Ол АҚШ-тағы инфляцияға қатысты «аздап алаңдайтынын» айтады. Бірақ Трамп әкімшілігінің Федералдық резерв жүйесінің (ФРЖ) төрағасы Джером Пауэллге жасаған бірнеше шабуылдарына қарамастан, резервтік жүйе өз тәуелсіздігін сақтайтынына сенімді екенін білдірді.

Джейми Даймон бұл сөздерін британдық Борнмут қаласында қайталаған. Онда ол JP Morgan кампусына шамамен 350 миллион фунт стерлинг инвестиция салатынын және жергілікті коммерциялық емес ұйымдарға 3,5 миллион фунт көлемінде қайырымдылық көмегі көрсетілетінін хабарлады. Британ қазынашысы Рэйчел Ривз бұл жаңалықты «жергілікті экономика мен тұрғындар үшін тамаша жаңалық» деп атады.

JP Morgan CEO-сы Джейми Даймон алдағы алты айда қор нарығында айтарлықтай коррекция болуы мүмкін екенін мәлімдеген. Фото edition.cnn.com сайтынан алынды

Сұхбат алдында Даймон кампус алдындағы сахнаға бейресми киіммен шығып, қызметкерлермен қол алысып, жұмыстағы банкирден гөрі демалыстағы рок-жұлдызға көбірек ұқсаған.

Ұлыбритания экономикасына қатысты өз пікірін білдірген ол Рэйчел Ривздің «керемет жұмыс істеп жатқанын» айтып, үкіметтің инновацияны ынталандыру және реттеуді азайту әрекеттеріне оптимизммен қарайтынын жеткізді. Алайда кең ауқымды экономикалық тұрғыдан алғанда, ол АҚШ қор нарығының қызып кету қаупі артқанын атап өтті.

«Мен бұл туралы басқаларға қарағанда әлдеқайда көбірек алаңдаймын», – дейді ол.

Ол сондай-ақ белгісіздік атмосферасын туғызатын геосаяси шиеленістер, бюджет шығындары мен әлемнің ремилитаризациясы сияқты көптеген факторларға назар аударған.

«Бұның бәрі біз қалай шешуді білмейтін көптеген мәселелер тудырады. Сондықтан мен адамдардың санасында қалыптасқан белгісіздік деңгейі жоғары деп есептеймін», – дейді ол.

Соңғы жылдардағы қор нарығының қарқынды өсуінің едәуір бөлігі жасанды интеллектке салынған инвестициялармен байланысты. Сәрсенбі күні (8 қазан) Англия банкі 1990-жылдардың соңындағы дотком дәуірінің өрлеуін және кейіннен күйреуін еске алып, жасанды интеллект технологияларымен айналысатын компаниялардың құны «асыра бағаланғанын» және «күрт төмендеу» қаупі бар екенін ескерткен.

«Мен бұл жағдайға былай қараймын. Жасанды интеллект – шынайы құбылыс. Және жалпы алғанда, ол өз шығынын ақтайды. Кезінде автокөліктер мен теледидарлар да шығынан ақтады. Бірақ соларға инвестиция жасағандардың көпшілігі табысқа жете алмады», – дейді Даймон.

Ол сонымен қатар жасанды интеллектке салынған қаражаттың бір бөлігі «мүмкін, жоғалатынын» да ескертті.

Джейми Даймон: «Егер маған президент лауазымын берсе, қабылдар едім. Мен жақсы істей алар едім». Фото Reuters сайтынан алынды. Авторлығы: Benoit Tessier

Соңғы уақытта JP Morgan басшысы жаһандық қауіпсіздік тақырыбына көбірек көңіл бөліп жүр. Биылғы жылы акционерлерге жолдаған хатында ол Оңтүстік Қытай теңізінде соғыс басталса, АҚШ жеті күн ішінде зымыран қорынан айырылуы мүмкін екенін ескерткен.

Ол тәуекел факторларымен күрес жолдарын талқылай отырып, әскери инвестицияларды арттыру қажеттігін атап өтті: «Адамдар криптовалютаны жинау керек дейді. Ал мен әрқашан оқ-дәрі, қару-жарақ және бомба жинау керек деп айтамын. Әлем әлдеқайда қауіпті орынға айналды, сондықтан мен қауіпсіздікті таңдар едім».

Джейми Даймонның есімі соңғы жылдары саясатқа келуі мүмкін ірі қаржы ойыншыларының арасында жиі аталып жүр. Өткен жылы инвестор Билл Экман оны қаржы министрі қызметіне «тамаша кандидат» деп атаған болатын. Кейбір сарапшылар тіпті оны болашақ президенттік науқанмен байланыстырады.

Алайда саяси амбициясы туралы сұраққа Даймон: «Бұл менің жоспарымда жоқ. Менің мақсатым – JP Morgan-ды мықты әрі серпінді компания ретінде сақтау», – деп жауап берген. Бірақ әзілмен: «Егер маған президент лауазымын берсе, қабылдар едім. Мен жақсы істей алар едім деп ойлаймын», – дейді бас банкир.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
seeКөрілімдер:207
embedДереккөз:https://aikyn.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 14 Қазан 2025 13:21
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Тоқаев Ақордада Бельгия королі мен патшайымын қабылдады

12 Қазан 2026 12:25see140

Саясаттанушы: Қоғам ел басқаруға сайлау арқылы ғана қатыспайды

12 Қазан 2026 17:49see138

ЕАЭО елдерінің астаналарында орташа жалақыға қанша азық түлік сатып алуға болады

12 Қазан 2026 15:49see136

Тоқаев пен Король Филипп БАҚ өкілдеріне арналған брифинг өткізді

12 Қазан 2026 17:08see136

Көкшетауда жұмысшы биіктен құлап кетті

12 Қазан 2026 11:07see136

Ақмола облысында кредит алмақ болған әйел 2 млн теңгесін алаяқтарға беріп жіберген

12 Қазан 2026 17:59see135

АҚШ Украинадағы қақтығыстың соңғы кезеңде екенін мәлімдеді

12 Қазан 2026 09:28see135

Белгілі ақын Жанна Елеусіз дүниеден озды

12 Қазан 2026 16:18see134

Эр Рияд әуежайындағы жойқын жарылыс видеоға түсіп қалды: қаза тапқан адам бар

12 Қазан 2026 10:51see134

Перизат Қайраттың туыстарының Дубайдағы пәтерлері: ҚМА не анықтады

12 Қазан 2026 15:46see132

Қазақстанда музыка мен бейнелеу өнерінің майталмандарына екі жаңа мемлекеттік награда тағайындалады

12 Қазан 2026 17:49see131

Қазақстанда 450 мыңға жуық баланың мектепке дайындығына 23 миллиард теңге қарастырылды

13 Қазан 2026 01:18see128

Қазақстан 2028 жылға қарай май экспортын 1,5 млрд долларға жеткізуді жоспарлап отыр

13 Қазан 2026 01:18see128

Жасыл энергетика: жаңа кезеңнің жаршысы

13 Қазан 2026 06:56see121

Just жұбайлар жыры

13 Қазан 2026 07:01see121

Ақтауда санитариялық эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының міндетін атқарушы ұсталды

12 Қазан 2026 15:18see119

Телефондарды верификациялау eGov жүйесіне көшірілді

13 Қазан 2026 06:42see118

Күн сәулесі Сырдағы сарқылмайтын ресурс

13 Қазан 2026 06:16see116

Тәуелсіздік шыңына шықты

13 Қазан 2026 04:31see114

Король Филипп ілтипатпен қарсы алғаны үшін Тоқаевқа алғыс айтты

12 Қазан 2026 17:20see114
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары