Шыныққан шымыр болар
Qazaq24.com, Aikyn.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат жариялайды..
Студенттермен бірге танымал қонақтар да жаттығу жасады. Жастарға IBO нұсқасы бойынша бокстан әлем чемпионы Жаңқош Тұраров, Nomad Fighting аралас жекпе-жек лигасының президенті Мұхамеджан Қонысбеков, BARYS спорт қауымдастығының негізін қалаушы Диас Абдулякимов және қалалық күрес федерациясының вице-президенті Данияр Охапов қолдау көрсетті. Ал кәсіби бокс бапкері Әлішер Ертай мен ММА спортшысы Жұман Жұмабеков қатысушыларға жаттығу өткізді. Олардың жетекшілігімен мыңдаған адам бір мезетте жаттығу жасады.
Бағдарламаның ерекше сәті – полиция кинологтары қызметтік иттердің дағдыларын көрсетуі болды. Жаттығудан кейін құқық қорғау органдары мен білім беру саласының өкілдері жастармен құқықтық жауапкершілік, қауіпсіздік және жат әдеттердің зияны туралы әңгімелесті. Бірлескен жаттығу түрлі мамандық иелері мен әр жастағы қала тұрғындарын ортақ мақсат төңірегінде топтастырып, жастар арасында салауатты өмір салтына деген сұраныс жоғары екенін көрсетті.
Бекбол АМАНГЕЛДІ
Бұл тақырыптағы басқа жаңалықтар:
Көрілімдер:148
Бұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 03 Қазан 2026 04:31 



Кіру
Жаңалықтар
Ауа райы
Магниттік дауылдар
Намаз уақыты
Қымбат металдар
Валюта конвертері
Кредит есептегіш
Криптовалюта бағамы
Жұлдыздар
Сұрақ - Жауап
Интернет жылдамдығын тексеріңіз
Қазақстан радиосы
Қазақстан телевизиясы
Біз туралы








Ең көп оқылғандар



















