Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Президентке Қорғаныс министрлігіндегі жоспардан тыс аудиттің барысы туралы баяндалды

Мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру квотасының орындалуы тоқсан сайын бақыланады

Қазақстандағы Тікенектер белгісі айыппұл болмаса, оны жабыстырудың не қажеті бар

Алматыдағы түнгі ойын сауық орнында қызғаныштан жаппай төбелес болды

Алматыда сазандар мен ақ амурлар мекендейтін құпия су айдыны табылды

Қазақстанда Иранның үш азаматы сотталды

13 жастағы баланың өлімі: Ақтауда хирург күдікті ретінде ұсталды

ҰҚК ұстаған сот төрағасы мен судья ірі көлемде пара алғаны үшін 9 жылға сотталды

Венгрия Украинаның Еуроодаққа кіру келіссөздеріне қойылған ветоны алып тастайды БАҚ

Үржар және Атырау әуежайларында өзгерістер күтілуде: жолаушылар үшін не өзгереді

Қазақстанда кептеліс мәселесімен жаңаша айналысады: премьер әкімдіктерге тапсырма берді

Сапарды кейінге қалдырыңыз : Көлік министрлігі жүргізушілерге ескерту жасады

Банктер қандай жағдайда адамның несиесін толық кешіретіні белгілі болды

Қолайсыз ауа райы: полиция азаматтарды жолда сақ болуға шақырды

Министр цифрландырудың арқасында үнемделген қаржы көлемін айтты

Тоқаев балаларға ерте жастан не түсіндіру керектігін айтты

Астанада шатырдан құлаған құрылыс материалдарынан автомобильдер зардап шекті

БАӘ Қазақстанға іздеуде жүрген үш адамды берді: олар не үшін күдікті деп танылды

Тоқаев қылмыстық істер бойынша Еуропамен өзара құқықтық көмекті реттейтін заңға қол қойды

Тоқаев Қазақстан мен Оман қандай салаларда бірлескен жобаларды жүзеге асыра алатынын айтты

Тосын апатқа тосқауыл керек

Тосын апатқа тосқауыл керек

Qazaq24.com, Aikyn.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып жаңалық жариялады..

Иә, жаз бастала салысымен Қа­зақ­станның кейбір ай­мақ­­­­тарын аптап ыстық қысып, ыстықтың өртке ұласу мүмкіндігі байқалып жа­тады.  Көктемде қарғын судан қауіптенсек, жазда орман мен да­ланы өрт жалмап кету қаупі кү­шейеді.  Кейінгі жылдары түрлі апаттардың жиілегені туралы пікір де көбейді. Мамандар мұны кли­маттың өзгеруімен байланыс­тырса, инфрақұрылымның әл­сіз­дігін алға тартатындар да бар. Ал статистика не дейді? Төтенше жағ­дайлар министрлігінің мәлі­ме­тіне сүйенсек, қауіптің басты се­бебі көп жағдайда адамның өзі сияқты.

Биыл алғашқы жарты­жыл­дық­тағы өрт статистикасы көңілге медеу боларлықтай. Жыл басынан бері республика ау­­мағында бір ғана дала өрті тір­кел­ген. Жалын шарпыған аумақ – 500 гектар. Өткен жыл­дың осы ке­зеңімен са­лыс­тыр­ғанда өрт са­ны 13 есеге, ал өртен­ген аумақ кө­лемі 9 есеге азай­ған. Ал 2025 жылы 37 дала өрті тір­­­­­келген екен. Оның 24-і, яғни 64 пайызы адамның салғырт әре­кетінен болған. Олардың қа­тарында құрғақ шөпті өртеу, от­пен абайсыз жұмыс істеу, тех­никалардың ақаулы ұшқын сөн­дір­гіштері бар. Ал найзағайдан бол­ған өрттердің үлесі небәрі 16 пайызды құраған. Бұл дерек табиғаттан бұрын адамның жауап­кершілігі маңызды еке­нін аңғартады. Басында айтқа­ны­мыз­дай, сөндірілмеген темекі тұ­қы­лы немесе рұқсатсыз жағылған от жүздеген гектар жерді күлге ай­налдырып жіберуі мүмкін.

Өрттен сақтаудың тәсілі қандай?

Өрт қаупі жоғары маусым бас­талмай жатып Төтен­ше жағдайлар министрлігі Экология және табиғи ресурстар ми­нистрлігімен бірлесіп арнайы іс-шаралар жоспарын бекітеді. Бұған қоса Қорғаныс министрлігі, Ішкі істер министрлігі және Ұлт­тық қауіпсіздік комитетімен та­­биғи өрт кезінде бірлесіп әре­­кет ету алгоритмдері қайта пы­­­­­сықталады. Жоспарлар мен ал­го­ритмдерді тәжірибе жүзінде пы­сықтау үшін жыл сайын рес­­­­публикалық командалық-шта­б­тық оқу-жаттығулар, транс­ше­каралық ынтымақтастық ая­сын­да Ресей, Қырғызстан және Өз­бекстан ТЖМ бөлімшелерімен бір­лескен оқу-жаттығулар ұйым­дастырылатыны тағы бар. Сонымен қатар жергілікті атқарушы органдардың табиғатты қорғау және орман мекемелерімен қо­сым­ша 213 өрт-тактикалық оқу-жаттығу өткізілген.

Қазір республика бойын­ша ірі табиғи өрттерді сөндіруге 50 мың­нан астам адам мен 10 мыңнан аса техника жұмылдыру көзделген. Өрт қаупі жоғары аймақтарда су төгетін құрылғылары бар авиация кезекшілікке қойылып, жыл сайын халықаралық оқу-жат­тығулар ұйымдастырылады. Бұл – қауіпке қарсы әрекет ету ға­на емес, оның алдын алуға ба­ғыт­тал­ған кешенді жүйе. Бүгінде апатпен күрес бұрын­ғыдай тек өрт сөндірушілердің тәжірибесіне ғана сүйенбейді. Сандық технологиялар құт­қару­шылардың басты көмекшісіне айналып келеді. 

«Мамандар ғарыштық мониторинг арқылы өрт ошақтарын үздіксіз бақылап отыр. Сонымен бірге «ТЖ Геоақпараттық жүйесі» ауа райын, өсімдік жамылғысын және елді мекендердің орналасуын саралап, өрттің қай бағытта та­ралуы мүмкін екенін алдын ала болжайды. Ал өңірлердегі нақ­ты ахуалды бақылауға бүгінде 218 ұш­қышсыз ұшу аппараты тар­тыл­ған. Дрондардан алынған бейне тікелей эфирде көрсетіліп, шешім қабылдау уақытын қысқартады.

Бұдан бөлек, Tasqyn ақпарат­тық жүйесіне енгізілген ELMFIRE математикалық моделі өрттің таралу сценарийін автоматты түрде есептеп береді. Желдің бағыты, жер бедері, өсімдік жамылғысы мен топырақтың ылғалдылығы ес­керілетін бұл жүйе қай елді ме­кенге қауіп төніп тұрғанын алдын ала анықтай алады. Басқаша айт­қанда, өрт шыққаннан кейін емес, оның қайда бет алаты­нын алдын ала болжауға мүм­кін­дік туып отыр», – дейді Тө­тен­­ше жағдайлар министрлігі Өрт­ке қарсы қызмет комитеті төрағасының орынбасары Руслан Қайрақбаев. 

Ең негізгі мәселе – уақыт

Көп­шілік өрттің ұзақ сөн­­­­беуін техника тап­шы­­­­­­лығымен байланыстырады. Алайда жауапты мекеме не­гізгі қиындық басқа екенін ай­тады. Ірі өрттердің ұзаққа со­­­­зылуына кө­біне өрттің кеш анық­талуы, ха­бардың уақытында беріл­меуі, желдің күшеюі және елді мекен­дер­дің шалғай орналасуы әсер етеді.

Мәселен, өткен жылы Ақтөбе мен Қостанай облыстарындағы ірі өрт бірнеше тәуліктен кейін ғана толық ауыздықталған. Кей жағ­дайда жергілікті атқарушы ор­гандардың кеш әрекет етуі мен минералданған қорғаныс жо­лақтарының жеткіліксіздігі де жағдайды күрделендірген. Ал өртпен күресте әр минут маңыз­ды. 

Өрттің алдын алуда бақылау да күшейген. Биыл республика бойын­ша 651 мобильді топ құ­ры­лып, олардың құрамында 3 684 маман жұмыс істеген. Орман­ды және далалы аумақтарда 7 мың­нан астам профилактикалық рейд ұйымдастырылған.

Нәтижесінде, өрт қауіпсіз­дігі талаптарын бұзғаны үшін 2 521 адам әкімшілік жауап­кер­шілікке тартылып, жалпы кө­лемі 43 миллион теңгеден ас­там айыппұл салынған. Елді ме­кендер қауіпті кезеңге дайын бол­мағаны үшін республика бойын­ша жергілікті атқарушы ор­ган­дарға 2 298 ескерту берілген.

Айта кетейік, Әкімшілік құ­қық бұзушылық туралы кодекс­тің 410 бабына сәйкес, өрт қауіп­­­­сіздігі талаптарын бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілік көз­делген. Жеке тұлғаларға ес­кер­ту не­месе 5 айлық есептік көр­сет­кіш мөлшерiнде айыппұл, лауа­­­­­­­­зымды адамдарға, шағын кәсіпкерлік су­бъек­тілеріне немесе ком­мер­циялық емес ұйымдарға – 15 АЕК, орта кә­сіпкерлік су­бъек­ті­леріне – 50 АЕК,  ал iрi кә­сiп­­­керлiк субъектiлерiне 150 АЕК мөлшерiнде айыппұл са­­­лы­нады. Айыппұлдар сома­сы құ­қықбұзушылықтар қай­та­­лан­­ған кезде жә­не адам ден­сау­­лығына зиян келтірілген не­ме­се елеу­лі залал келтірілген жағ­дай­да ұлғайтылады. Дегенмен айыппұлдың өзі мәселені толық шешпейтінін ескеруіміз ке­рек. Өйткені  өрттің алдын алу­дың ең тиімді жолы – әр аза­маттың қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыру.

Су тасқыны да маңызын жойған жоқ

Көктем сайын жұртты алаң­да­татын тағы бір мәселе – су тас­­­­­қыны. Өткен жылы көктемде Ақмола, Абай және Маңғыстау об­лыстарында жүзден астам тұр­ғын үй мен жүздеген аула су ас­тында қалған еді. Нақтылап айт­қанда, осы облыстарда 119 же­ке тұрғын үй мен Ақмола және Сол­түстік Қазақстан облыстарын­да 183 саяжай үйін су басқан бо­ла­тын. 

Ал биыл су тасқыны са­лыс­тыр­малы түрде тұрақты. Рес­пуб­лика бойынша тек Семей қаласында 6 тұрғын үйді су бас­қан. Әрине бұл мәселе толық ше­шілді деген сөз емес. Бірақ алдын алу шараларының да нақты нәтиже бере бастағанын жоққа шығаруға болмайды.

«Өңірлерде жүздеген шақы­рым бөгет тұрғызылып, өзен арналары тазартылып, жағалаулар бекітілді. Су өткізу құрылыстары жаңартылып, қорғаныс дамбалары салынды. Су тасқынының салдарын жою үшін республика бойынша азаматтық қорғау қызметтерінің күштері мен құ­рал­дары жоғары дайындық ре­жиміне келтірілді. Жалпы са­ны 39 мыңнан астам маман, 12 мыңнан аса арнайы техни­ка, 4 мыңнан астам су сору құ­ра­лы және 700 жүзу құралы са­қа­дай сай әзірленді. Сонымен қатар Төтенше жағдайлар ми­нистрлігінің резервінде 930 құт­қарушы, 113 түрлі мақсаттағы тех­ника, 99 су сору құралы мен 35 жүзу құралы дайын тұрды. Төтенше жағдай туындаған жағдайда тұрғындарды қауіпсіз жерге көшіру үшін республика бойынша 3 мыңнан астам уақытша орналастыру пункті ал­дын ала даярланды», – дейді Төтенше жағдайлар министрлігі Төтенше жағдайлардың алдын алу комитеті төрағасының орын­ба­сары Әсет Жылқайдаров.

Егер дала өрттерінде адам фак­торы басым болса, сел қаупінің артуына климаттың өз­геруі көбірек ықпал етеді. Ма­ман­дардың айтуынша, таулы өңірлердегі мұздықтардың жылдам еруі жаңа мұздық көлдердің пайда болуына және бұрыннан бар көлдердегі су көлемінің артуына себеп болып отыр. Бұл өз кезегінде сел жүру қаупін кү­шей­теді. Мысалы, биыл мамыр айын­да Алматы қаласының Нау­рызбай ауданында жаңбырлық сел тіркелген. Абырой болғанда, адам шығыны жоқ. Қазір Алматы, Жетісу, Жамбыл, Түркістан, Шығыс Қазақстан және Абай об­лыстары сел қаупі жоғары ай­мақтардың қатарында.

Төтенше жағдайлар саласында кейінгі жылдары пайда болған ең маңызды ұстаным – апатты жоюдан бұрын оның алдын алуға ба­сымдық беру. «Ауыл құтқарушылары» бағ­дарламасы аясында 200 жаңа ерік­т­і өрт сөндіру бекеті ашылған. Со­лайша шалғай ауылдарда  өртке қарсы инфрақұрылым қа­лыптасып келеді. Сандық тех­но­логиялар енгізіліп, бақылау күшейгенін жоғарыда айттық.

Дегенмен кез келген жүйе­нің тиімділігі қоғамның жауап­кер­ші­лігімен өлшенеді. Бүгінгі статис­тика табиғи апаттардың едәуір бө­лігін болдырмау мүмкіндігі бар екенін көрсетіп отыр. Бір қа­рағанда, ұсақ көрінетін қауіп­сіздік ережесін сақтау – мың­даған гектар жерді, ондаған елді ме­кенді және ең бастысы, адам өмі­рін сақтап қалуы мүмкін. Та­биғаттың тосын мінезін өзгерту мүм­кін емес. Бірақ оған дайын болу мемлекетке де, қоғамға да міндеттеледі. 

Айгүл СЕЙІЛ

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
seeКөрілімдер:142
embedДереккөз:https://aikyn.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 04 Шілде 2026 07:19
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Президентке Қорғаныс министрлігіндегі жоспардан тыс аудиттің барысы туралы баяндалды

05 Қазан 2026 16:26see137

Мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру квотасының орындалуы тоқсан сайын бақыланады

05 Қазан 2026 15:44see136

Қазақстандағы Тікенектер белгісі айыппұл болмаса, оны жабыстырудың не қажеті бар

05 Қазан 2026 09:29see135

Алматыдағы түнгі ойын сауық орнында қызғаныштан жаппай төбелес болды

05 Қазан 2026 19:06see135

Алматыда сазандар мен ақ амурлар мекендейтін құпия су айдыны табылды

05 Қазан 2026 18:33see134

Қазақстанда Иранның үш азаматы сотталды

05 Қазан 2026 13:04see133

13 жастағы баланың өлімі: Ақтауда хирург күдікті ретінде ұсталды

05 Қазан 2026 12:30see132

ҰҚК ұстаған сот төрағасы мен судья ірі көлемде пара алғаны үшін 9 жылға сотталды

05 Қазан 2026 17:52see126

Венгрия Украинаның Еуроодаққа кіру келіссөздеріне қойылған ветоны алып тастайды БАҚ

05 Қазан 2026 22:07see126

Үржар және Атырау әуежайларында өзгерістер күтілуде: жолаушылар үшін не өзгереді

05 Қазан 2026 15:34see124

Қазақстанда кептеліс мәселесімен жаңаша айналысады: премьер әкімдіктерге тапсырма берді

06 Қазан 2026 10:57see122

Сапарды кейінге қалдырыңыз : Көлік министрлігі жүргізушілерге ескерту жасады

06 Қазан 2026 10:24see121

Банктер қандай жағдайда адамның несиесін толық кешіретіні белгілі болды

06 Қазан 2026 14:54see121

Қолайсыз ауа райы: полиция азаматтарды жолда сақ болуға шақырды

05 Қазан 2026 19:42see120

Министр цифрландырудың арқасында үнемделген қаржы көлемін айтты

06 Қазан 2026 12:42see120

Тоқаев балаларға ерте жастан не түсіндіру керектігін айтты

05 Қазан 2026 15:02see119

Астанада шатырдан құлаған құрылыс материалдарынан автомобильдер зардап шекті

06 Қазан 2026 13:27see118

БАӘ Қазақстанға іздеуде жүрген үш адамды берді: олар не үшін күдікті деп танылды

06 Қазан 2026 11:27see114

Тоқаев қылмыстық істер бойынша Еуропамен өзара құқықтық көмекті реттейтін заңға қол қойды

06 Қазан 2026 20:27see113

Тоқаев Қазақстан мен Оман қандай салаларда бірлескен жобаларды жүзеге асыра алатынын айтты

06 Қазан 2026 19:40see113
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары