Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Президентке Қорғаныс министрлігіндегі жоспардан тыс аудиттің барысы туралы баяндалды

Мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру квотасының орындалуы тоқсан сайын бақыланады

Алматыдағы түнгі ойын сауық орнында қызғаныштан жаппай төбелес болды

Қазақстандағы Тікенектер белгісі айыппұл болмаса, оны жабыстырудың не қажеті бар

Алматыда сазандар мен ақ амурлар мекендейтін құпия су айдыны табылды

Қазақстанда Иранның үш азаматы сотталды

13 жастағы баланың өлімі: Ақтауда хирург күдікті ретінде ұсталды

Венгрия Украинаның Еуроодаққа кіру келіссөздеріне қойылған ветоны алып тастайды БАҚ

ҰҚК ұстаған сот төрағасы мен судья ірі көлемде пара алғаны үшін 9 жылға сотталды

Үржар және Атырау әуежайларында өзгерістер күтілуде: жолаушылар үшін не өзгереді

Қазақстанда кептеліс мәселесімен жаңаша айналысады: премьер әкімдіктерге тапсырма берді

Банктер қандай жағдайда адамның несиесін толық кешіретіні белгілі болды

Сапарды кейінге қалдырыңыз : Көлік министрлігі жүргізушілерге ескерту жасады

Қолайсыз ауа райы: полиция азаматтарды жолда сақ болуға шақырды

Министр цифрландырудың арқасында үнемделген қаржы көлемін айтты

Тоқаев балаларға ерте жастан не түсіндіру керектігін айтты

Астанада шатырдан құлаған құрылыс материалдарынан автомобильдер зардап шекті

БАӘ Қазақстанға іздеуде жүрген үш адамды берді: олар не үшін күдікті деп танылды

Тоқаев Қазақстан мен Оман қандай салаларда бірлескен жобаларды жүзеге асыра алатынын айтты

Тоқаев қылмыстық істер бойынша Еуропамен өзара құқықтық көмекті реттейтін заңға қол қойды

Трактор тізгіндеген үш ару

Трактор тізгіндеген үш ару

Qazaq24.com, Aikyn.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып мәлімет бөліседі..

Қарағанды облысы Шет ау­данына қарасты Ақшатау кең­шарында (қазіргі Жарылғап батыр ауылы) туып-өскен Қанаткүл Исина, Райхан Күйкенова, Гүлсім Тонтаева еңбегін жерге арнаған жандар.

–  Кең даланың төсінде трак­тор үні жаңғырып, жер жыртылып жатқанда, оның кабинасында ер-азамат емес, қайсар мінезді қазақ қыздары отырғанын біреу білсе, біреу біле бермейді. ХХ ғасырдың орта шенінде ауыл шаруашылығы ауыр еңбектің нағыз сынағы бол­ған шақта трактор рөліне отырған қыз-келіншектер ел тарихында өшпес із қалдырды. Олар – тың жерді игеруге, елді асырауға, со­ғыс­тан кейінгі шаруа­шылықты қалпына келтіруге белсене аралас­қан еңбек ерлері еді. Май сасыған мотордың жанында, шаң мен күннің астында жүріп, олар жер жыртып, егін салды, астық өсірді. Бұл – тек техника меңгеру ғана емес, әйелге тән нәзіктік пен ерге тән қайсар­лықты қатар алып жүру еді.

Қарағанды облысының Ақша­тау, Шет, Жаңаарқа өңірлерінде құрылған қыздар трактор бригада­лары ауыл өмірінің ажырамас бөлігіне айналды. Сол бригада­ларда еңбек еткен аналарымыздың қолынан талай гектар жер түлеп, талай отбасының ырысы артты. Кейбірі жас келіншек болса да, кейбірі мектептен жаңа шыққан қыз болса да, олар темір тұлпарды ерлерден кем жүргізбеді, – дейді Жарылғап ауылының тумасы Аңғар Смағұл ағамыз.

Қанаткүл Есімбекқызы 1955 жыл­дың алтын күзінде, қазан айының 12-cі күні «Ақшатау» сов­хозында, қазіргі Жарылғап ауы­лында дүние есігін ашты. Балалық шағы туған ауылының топыра­ғында өтіп, 1963 жылы алғаш рет қолына қалам алып, К.Маркс атын­дағы орта мектептің табал­дырығын аттады.

– Мектепте спортқа құштар болып, әсіресе жеңіл атлетикадан Карл Маркс мектебінің абыройын асқақтатты. Жүгіріс жолында тек  өзі үшін емес, мектебінің абыройы үшін тер төкті. Сол себепті де мектеп басшысы М.Тоқтарбеков біздің мектебіміздің мақтанышы деп орынды мақтан ететін,  – деп еске алады Аңғар Смағұл. 

Қанаткүл Есімбекқызы еңбек жолын «Ақшатау» совхозының №3 бөлімшесінде бастады. Шет ауданы орталығындағы №174 кәсіптік техникалық училищенің филиалынан III класты трак­торшы-машинист мамандығын меңгеріп шыққаны кәдеге жарады. 

«Қыздар техниканы меңге­рейік!» деген жалынды ұранға үн қо­сып, мектепті бітіре сала «Ақ­ша­тау» совхозы басшыларының қолдауымен қыздардан құралған «Комсомолдың 50 жылдығы» атындағы тракторшы қыздар бригадасына қабылданды. Сол күндерден бастап, қара жердің қасиетін, маңдай тердің дәмін татып, еңбекпен шыңдала бас­тады.

Қашанда механизатор мама­нына зәру шаруашылық басшы­лары Қанаткүлді жылы қабылдады, жастығына қарамай, Т-40 трак­торын сеніп тапсырды. Қанаткүл қыздардан құралған шабындық бригадасының бел ортасында жүрді. Олар шөп шапты, жер жырт­ты, орақ салды. Жаздың аптап ыстығында, күздің сызды жаңбы­рында да жұмыстан қалмай­тын.

Қанаткүл апайдың бригадасы социалистік жарыстарда бірнеше мәрте жеңімпаз атанды. Ол жеке өзі де бірнеше алғысхат, «Құрмет грамотасымен» марапатталды. Еңбекте үздік шыққаны үшін ме­ре­келік медальдармен марапат­талды.

Көпшілікке пайдасы тиген адамды халық ұмытпайды. Қанат­күл Есімбекқызы ауылдық және аудандық кеңестерге депутат бо­лып сайланды. Бұл –  ел сенімінің бел­гісі. Ол әкімшілік пен халық ара­сын­дағы алтын көпір болды. Ауыл­дағы су, жарық, мектеп, мә­де­ниет ошағы сияқты мекеме­лер­дің түйт­кілді мәселелерін көте­ріп, әрдайым ел алдында жүрді, алға қойған мақсатын орындауда аян­бады. 

Ал екінші аяулы есім Гүлсім Тонтаева.   Оның өмір жолы – қа­ра­пайым ауыл қызынан ел сені­міне ие болған қайраткер дәре­жесіне дейін көтерілген қажырлы еңбектің айқын көрінісі. Әкесі Қарасу-Жылымсу аталатын жерде ауыл шаруашылығына адал еңбек сіңірген, табиғатпен етене тіршілік кешкен жан болған. Осындай еңбекті қадірлеген ортада өскен Гүл­сім жастайынан еңбекке, жа­уап­кершілікке, табандылыққа тәр­биеленді.

1953 жылдың сәуір айында бабаларының атамекені саналатын жер жәннаты Қарасу-Жылымсу деген нулы жерде дүниеге келген. Әке-шешесінің «өте керемет жер, талай адамды асыраған, жері өте тамаша, мал баққанда да, далада  қысты күні өзінде де, қыстап шыға беретін еді» деп айтып отыратыны есінде қалыпты. 1932 жылдың аштығында ел ішерге ас таппай тентіреп жүргенде, қарасулықтар қыстан қысылмай шығып, жазда өзен бойымен шұбырған халыққа көмек жасағаны жайлы жазушы Кәмел Жүністегі «Құба белдер» трилогиясында айшықтап жазған болатын.

Балалық шағы 4-5 жасқа дейін Қарасуда өтті, жазда сиыршы ауылда, қыста колхоз орталығында қыстады. Анасы Әбілдақызы Би­бікен сауыншы болып еңбек етті, әкесі Тыныбекұлы Тонтай өте ең­бекқор жан болған.

Мектепті аяқтаған соң ол Қа­ра­ғанды облысы Шет ауданындағы «Ақшатау» совхозында құрылған қыздардан құралған трактор бригадасына жұмысқа орналасты. 

Гүлсімнің ағалары Нығмет пен Нығыбай да механизатор болып, ауыл шаруашылығына қызмет еткен білікті мамандар еді. Осын­дай отбасылық еңбек дәстүрі оның қалыптасуына үлкен ықпал етті. Гүлсімнің трактор бригадасындағы еңбегі көп ұзамай жоғары баға­ланды. Ол бірнеше мәрте түрлі дең­гейдегі конференцияларға қатысып, озат еңбек адамы ретінде танылды. Орталық комитеттен алған марапаттары оның еңбек­қорлығын, ұйымдастырушылық қабілетін, жауапкершілігін айғақ­тайды. Ол Мәскеу қаласында бо­лып, КПСС-тің XIV съезіне қа­тысты. 

Бұл – сол дәуірде санаулы ең­бек озаттарына ғана бұйыратын үлкен сенім мен мәртебе еді. Со­ны­мен қатар Гүлсім облыс көле­мінде бес жыл бойы тексеру ко­миссиясының мүшесі болып, қо­ғамдық-саяси өмірге белсене араласты. Оның еңбегі «Құрмет» орденімен марапатталуы – осы жолдағы адал қызметінің заңды нәтижесі. 

Гүлсім Тонтаева республика көлемінде де танылды. Пионерлер жинаған металлом есебінен алын­ған ДТ-75 тракторы оның атына жазылып берілуі – соның бір дәлелі. Бұл – жастарға үлгі болған еңбек ерлігінің, ел сенімінің ны­шаны еді.

Трактор тізгіндеп, ел алғысына бөленген жанның бірі Райхан Бекетайқызы 1957 жылы дүниеге келді. К.Маркс атындағы онжыл­дық мектепті бітіргеннен кейін бірден еңбек майданына кірісіп кетті. Сол кездегі мектеп бағдар­лама­сындағы жақсы дәстүр, 9-10-сынып оқушылары міндетті түр­де бір мамандық алып шығатын да, жоғары оқу орнына бармаған­дар немесе оқуға түсе алмағандар совхоз шаруашылығына емін-еркін араласа беретін. 

Ақсу-Аюлы селосындағы №174 кәсіптік-техникалық учи­лище­нің бір филиалы «Ақшатау» совхозында орналасқан болатын. Оны бітіріп шыққан оқушылар үшінші класты тракторист-ма­шинист мамандығын алып шыға­тын. Бір ғажабы, оқушыларға кур­­сант есебінде стипендия тө­ленетін. Мектепті бітіріп, трактор руліне отырғандар өзін бақытты сезінетін. Сондай жандардың бірі Райхан еді. 

Шаруашылықта «Комсо­мол­дың 50 жылдығы атындағы меха­низатор-қыздар бригадасы» құрыл­ды. Жаз маусымының әр күні дүбірлі еңбекке толы. Қыздар бригадасын айтулы механизатор Рымтай Әбенова басқарды. Енді осы топқа келіп, Райхан Бекетай­қызы қосылды. Мектептен алып шыққан білімі осы жерде кәдеге асты. Бірден  шөп шабатын «КДП-4» агрегаты тіркелген «Т-40» трак­торына отырды.

Науқанның қызып тұрған дер кезі. Г.Тонтаева, Қ.Есімбекова, Н.Балантаева сынды тісқаққан құрбыларының көмегімен мал азығын дайындаудың қыр-сырын меңгере бастады. Рас, бұл өзі ойлағандай оңай шаруа емес екен. Агрегат жүрісін қадағалаумен қа­тар, оған күнделікті күтім жасау­дың оңай емесін алғашқы күні-ақ байқады. Осы жерде анасына көмектесіп, қысы-жазы жанында жүргені кәдеге асты. 

Трактор жүргізу бір бөлек те, шабындықтың таза шабылуына басқаша көзқараспен қарау керек екен. Агрегаттың зырылдап айна­лып тұрған бөлшектерінің дұрыс­тығын күнделікті тексеріп отыр­масаң, шөп шабуға жауапты маман айналымнан шығарып тастай­тынын алғашқы күні ескерткен. Аз күннің ішінде соның бәріне төселіп, кәдімгідей меңгере бас­тады. Тракторшылардың көпші­лігінің жасы қырықтан асқан егде адамдар. 

17-ге енді толған бұған сын көзбен қарайтынын іші сезеді. Алайда намысқа тырысып, өзінің нағыз еңбек адамы екенін көрсете білді. Күнделікті жұмыс нормасын еш қиындықсыз орындайтын күйге жетті. Мұның қайсарлығын көрген үлкендердің де көзқарасы түзеліп, қолы бос кездерінде шал­ғы алуға көмектесіп, майлауға да қол жәрдемін беретін болды.  

Жылдар өте екпінді еңбегімен көзге түсіп, қоғамдық жұмыстарға тартыла бастады. Халықтық бақы­лау комитетінің мүшелігіне сай­ланды. 1976-1978 жылдар ара­лығын­да «Коммунистік еңбектің ек­піндісі» атанды. Бірнеше рет ауылдық, аудандық кеңестің депу­таттығына сайланды. 

Қазір Райхан Күйкенова, Гүл­сім Тонтаева арамызда жоқ бол­ғаны­мен, ерен еңбектерімен есте қалды. Ал Қанаткүл Есімбек­қызы болса немерелеріне адал тер­мен келген нанның қадірі тура­лы өсиет айтып, өмір сүріп жатыр. Иә, әр ауылда осылай ақ-адал еңбегімен аты алысқа кеткен жан­дар баршы­лық. Бұл да қазіргі жастарға үлгі болмақ. 

Әдебиет БЕЛГІБАЙҰЛЫ,

Қарағанды облысы

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
seeКөрілімдер:138
embedДереккөз:https://aikyn.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 21 Ақпан 2026 06:00
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Президентке Қорғаныс министрлігіндегі жоспардан тыс аудиттің барысы туралы баяндалды

05 Қазан 2026 16:26see140

Мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру квотасының орындалуы тоқсан сайын бақыланады

05 Қазан 2026 15:44see138

Алматыдағы түнгі ойын сауық орнында қызғаныштан жаппай төбелес болды

05 Қазан 2026 19:06see137

Қазақстандағы Тікенектер белгісі айыппұл болмаса, оны жабыстырудың не қажеті бар

05 Қазан 2026 09:29see137

Алматыда сазандар мен ақ амурлар мекендейтін құпия су айдыны табылды

05 Қазан 2026 18:33see136

Қазақстанда Иранның үш азаматы сотталды

05 Қазан 2026 13:04see135

13 жастағы баланың өлімі: Ақтауда хирург күдікті ретінде ұсталды

05 Қазан 2026 12:30see134

Венгрия Украинаның Еуроодаққа кіру келіссөздеріне қойылған ветоны алып тастайды БАҚ

05 Қазан 2026 22:07see129

ҰҚК ұстаған сот төрағасы мен судья ірі көлемде пара алғаны үшін 9 жылға сотталды

05 Қазан 2026 17:52see128

Үржар және Атырау әуежайларында өзгерістер күтілуде: жолаушылар үшін не өзгереді

05 Қазан 2026 15:34see126

Қазақстанда кептеліс мәселесімен жаңаша айналысады: премьер әкімдіктерге тапсырма берді

06 Қазан 2026 10:57see125

Банктер қандай жағдайда адамның несиесін толық кешіретіні белгілі болды

06 Қазан 2026 14:54see124

Сапарды кейінге қалдырыңыз : Көлік министрлігі жүргізушілерге ескерту жасады

06 Қазан 2026 10:24see124

Қолайсыз ауа райы: полиция азаматтарды жолда сақ болуға шақырды

05 Қазан 2026 19:42see123

Министр цифрландырудың арқасында үнемделген қаржы көлемін айтты

06 Қазан 2026 12:42see123

Тоқаев балаларға ерте жастан не түсіндіру керектігін айтты

05 Қазан 2026 15:02see122

Астанада шатырдан құлаған құрылыс материалдарынан автомобильдер зардап шекті

06 Қазан 2026 13:27see121

БАӘ Қазақстанға іздеуде жүрген үш адамды берді: олар не үшін күдікті деп танылды

06 Қазан 2026 11:27see117

Тоқаев Қазақстан мен Оман қандай салаларда бірлескен жобаларды жүзеге асыра алатынын айтты

06 Қазан 2026 19:40see116

Тоқаев қылмыстық істер бойынша Еуропамен өзара құқықтық көмекті реттейтін заңға қол қойды

06 Қазан 2026 20:27see116
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары