Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Президентке Қорғаныс министрлігіндегі жоспардан тыс аудиттің барысы туралы баяндалды

Мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру квотасының орындалуы тоқсан сайын бақыланады

Қазақстандағы Тікенектер белгісі айыппұл болмаса, оны жабыстырудың не қажеті бар

Алматыдағы түнгі ойын сауық орнында қызғаныштан жаппай төбелес болды

Алматыда сазандар мен ақ амурлар мекендейтін құпия су айдыны табылды

Қазақстанда Иранның үш азаматы сотталды

13 жастағы баланың өлімі: Ақтауда хирург күдікті ретінде ұсталды

ҰҚК ұстаған сот төрағасы мен судья ірі көлемде пара алғаны үшін 9 жылға сотталды

Венгрия Украинаның Еуроодаққа кіру келіссөздеріне қойылған ветоны алып тастайды БАҚ

Үржар және Атырау әуежайларында өзгерістер күтілуде: жолаушылар үшін не өзгереді

Қазақстанда кептеліс мәселесімен жаңаша айналысады: премьер әкімдіктерге тапсырма берді

Сапарды кейінге қалдырыңыз : Көлік министрлігі жүргізушілерге ескерту жасады

Банктер қандай жағдайда адамның несиесін толық кешіретіні белгілі болды

Министр цифрландырудың арқасында үнемделген қаржы көлемін айтты

Қолайсыз ауа райы: полиция азаматтарды жолда сақ болуға шақырды

Тоқаев балаларға ерте жастан не түсіндіру керектігін айтты

Астанада шатырдан құлаған құрылыс материалдарынан автомобильдер зардап шекті

БАӘ Қазақстанға іздеуде жүрген үш адамды берді: олар не үшін күдікті деп танылды

Тоқаев Қазақстан мен Оман қандай салаларда бірлескен жобаларды жүзеге асыра алатынын айтты

Тоқаев қылмыстық істер бойынша Еуропамен өзара құқықтық көмекті реттейтін заңға қол қойды

Трамп Гренландияны басып алуға кірісті

Трамп Гренландияны басып алуға кірісті

24.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com жаңалық жариялайды..

Дональд Трамп Даниядан Гренландияны басып алуға білек сыбана кірісті.

Бұл үшін арктикалық арал бойынша арнайы өкіл тағайындады.

Сөйтіп, Ақ үй басшысы Даниядағы жартылай автономды аумақты иемденуге қатысты міндеттерді Луизиана штатының губернаторына тапсырды. Трамп Гренландияға алғашқы президенттік қызметінен бері көз тігіп отыр. Солтүстік Мұзды мұхитта орналасқан аралға президент неге сонша құштар?

Д. Трамп Гренландияны күштеп тартып алмақ

Дональд Трамп Луизиана штатының губернаторы Джефф Лэндриді Гренландия бойынша арнайы өкіл етіп тағайындады. Бұл қадам оны Гренландияны тартып алу мақсатына жақындата түсті. Трамп Гренландияға иелік етуге алғашқы президенттік қызметі барысында да ұмтылған. Алайда ол кезде Дания аралды сатудан бас тартты. Келіссөздер сәтсіз аяқталды. Биыл Ақ үйге орала сала Трамп бұрынғы әдетіне қайта басып, Гренландиядан әлі де үмітті екенін білдірді. Бірақ бұл жолы қажет болса, күш көрсетуден де тайынбайтынын айтады.  

Дональд Трамп, АҚШ Президенті:

- Гренландия бізге ұлттық қауіпсіздігіміз үшін қажет. Олардың халқы аз. Әскери қорғанысы жоқ. Гренландияның айналасы толған ресейлік және қытайлық кемелер. Джефф Лэндри аралға бақылау орнату ісін басқаруға өзі ниет білдірді. Сондықтан оны арнайы өкіл етіп тағайындадық. Ол келіссөдер жүргізе алатын адам және Гренландияның біз үшін қаншалықты маңызды екенін түсінеді. 

Әлемдегі ең үлкен арал саналатын Гренландия кейінгі үш ғасырда Данияға тиесілі. Қорғаныс және сыртқы саясат мәселелері Данияның құзырында болғанымен, өзінің үкіметі мен парламенті бар автономия. Мұнда қазір 57 мыңдай ғана адам тұрады. Ал Джефф Лэндри қызметіне қуана-қуана кіріспек. Ол Трамптың Гренландияны басып алу идеясын біраз уақыттан бері қолдап келеді. Оның ойынша, бұл екі тарап үшін де тиімді. Айта кету керек, арнайы өкілді ресми тағайындамайды. Сәйкесінше қабылдаушы жақтың мақұлдауы да қажет емес. 

Джефф Лэндри, Луизиана штатының губернаторы:

- Гренландияны АҚШ-тың бір бөлігі ету ісіне атсалысу мен үшін зор мәртебе. Бұл менің негізгі губернаторлық қызметіме кедергі келтірмейтінін айтқым келеді. Біз Гренландиямен келіссөздер жүргізуге дайынбыз.

Еуроодақ АҚШ-тың әрекетіне қарсы

АҚШ пен Дания НАТО аясында одақтас елдер. Сондықтан Дональд Трамптың бұл қадамы Дания үшін күтпеген жағдай. Ақ үй басшысының өзге мемлекеттің аумағына қол сұғуы Гренландия тұрғындарының шамына тиіп, қоғамда алаңдаушылық туды. Енді Джефф Лэндри мән-жайды түсіндіру үшін Копенгагенге шақырылады. Ал Гренландия Премьер-министрі “арал өз болашағын өзі шешеді” дейді. ЕуроОдақ Дания мен Гренландия халқының ұстанымын қолдап отыр.

Ануар Эль-Ануни, Еуропалық комиссияның баспасөз хатшысы:

- АҚШ қабылдаған шешімге пікір білдіруге хақым жоқ шығар. Дегенмен, бұл мәселеге қатысты Еуропалық комиссияның ұстанымы өзгерген жоқ. Біз Дания Корольдігінің аумақтық тұтастығын, оның егемендігін және шекараларының беріктігін құрметтеуге шақырамыз. 

Д. Трамп Гренландияға неге құштар? 

Қазір Арктикада стратегиялық бәсекелестік күшейді. Гренландия Арктикада Солтүстік Америка мен Еуропаның екі ортасында орналасқан.  

Осы себепті арал АҚШ пен НАТО-ның қауіпсіздікті жоспарлау ісінде маңызды рольге ие. Аралдың айналасы НАТО мен Ресейдің әскери базаларына толы. Гренландияның өзінде АҚШ-тың әуе базасы мен радиолокациялық станциясы орналасқан.

Бұл Құрама штаттарға зымыран қауіпсіздігі мен ғарыш кеңістігін қадағалауға мүмкіндік береді. Ал Гренландияға қол жеткізсе, АҚШ үкіметі осы бағыттардағы Қытай мен Ресейдің қызметін де бақылай алады. Жер аумағы Мексика мен Сауд Арабиясынан асып түсетін Гренландияның шамамен 85%-ы мұз астында жатыр. Жыл сайын одан 10-15 мың мұздық бөлініп шығады. Мұздың жоғары қарқынмен еруі Солтүстік Америка, Еуропа, Азия арасында сауда-саттық жасау үшін жаңа теңіз жолдарын ашып, минералды ресурстарға қолжетімділікті арттырады. Сосын Гренландия пайдалы қазбаларға бай. Блумберг және Би-би-си сарапшыларының айтуынша, Трампты аралдың стратегиялық орнынан бөлек ондағы пайдалы қазбалар мен сирек металдар қызықтырып отыр. 

Бірақ Дональд Трамп бұл пікірмен келіспейді. Оның айтуынша, АҚШ онсыз да пайдалы қазбадан кенде емес. Дегенмен, өзге мемлекетке тиесілі аумаққа көз тігуіне нендей себеп болса да, бұл халықаралық құқық принциптеріне қайшы. Биыл наурыз айында АҚШ-тың вице-президенті Джей Ди Вэнс Солтүстік Мұзды мұхитта орналасқан аралға барып, келісім жасаспақ болған. Бірақ Даниядан бөлінуге ниетті Гренландия тұрғындары АҚШ-тың 51-штаты атануға үзілді-кесілді қарсы.

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
seeКөрілімдер:150
embedДереккөз:https://24.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 24 Желтоқсан 2025 15:20
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Президентке Қорғаныс министрлігіндегі жоспардан тыс аудиттің барысы туралы баяндалды

05 Қазан 2026 16:26see138

Мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру квотасының орындалуы тоқсан сайын бақыланады

05 Қазан 2026 15:44see136

Қазақстандағы Тікенектер белгісі айыппұл болмаса, оны жабыстырудың не қажеті бар

05 Қазан 2026 09:29see135

Алматыдағы түнгі ойын сауық орнында қызғаныштан жаппай төбелес болды

05 Қазан 2026 19:06see135

Алматыда сазандар мен ақ амурлар мекендейтін құпия су айдыны табылды

05 Қазан 2026 18:33see134

Қазақстанда Иранның үш азаматы сотталды

05 Қазан 2026 13:04see133

13 жастағы баланың өлімі: Ақтауда хирург күдікті ретінде ұсталды

05 Қазан 2026 12:30see132

ҰҚК ұстаған сот төрағасы мен судья ірі көлемде пара алғаны үшін 9 жылға сотталды

05 Қазан 2026 17:52see126

Венгрия Украинаның Еуроодаққа кіру келіссөздеріне қойылған ветоны алып тастайды БАҚ

05 Қазан 2026 22:07see126

Үржар және Атырау әуежайларында өзгерістер күтілуде: жолаушылар үшін не өзгереді

05 Қазан 2026 15:34see124

Қазақстанда кептеліс мәселесімен жаңаша айналысады: премьер әкімдіктерге тапсырма берді

06 Қазан 2026 10:57see122

Сапарды кейінге қалдырыңыз : Көлік министрлігі жүргізушілерге ескерту жасады

06 Қазан 2026 10:24see121

Банктер қандай жағдайда адамның несиесін толық кешіретіні белгілі болды

06 Қазан 2026 14:54see121

Министр цифрландырудың арқасында үнемделген қаржы көлемін айтты

06 Қазан 2026 12:42see120

Қолайсыз ауа райы: полиция азаматтарды жолда сақ болуға шақырды

05 Қазан 2026 19:42see120

Тоқаев балаларға ерте жастан не түсіндіру керектігін айтты

05 Қазан 2026 15:02see119

Астанада шатырдан құлаған құрылыс материалдарынан автомобильдер зардап шекті

06 Қазан 2026 13:27see118

БАӘ Қазақстанға іздеуде жүрген үш адамды берді: олар не үшін күдікті деп танылды

06 Қазан 2026 11:27see114

Тоқаев Қазақстан мен Оман қандай салаларда бірлескен жобаларды жүзеге асыра алатынын айтты

06 Қазан 2026 19:40see113

Тоқаев қылмыстық істер бойынша Еуропамен өзара құқықтық көмекті реттейтін заңға қол қойды

06 Қазан 2026 20:27see113
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары