Трендтегі видео түсіргендерге айыппұл салынуы мүмкін
Qazaq24.com, Aikyn.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат бөліседі..
Астана полицейлері қоғамдық орындарда шампанмен трендтегі видео түсірген қазақстандықтар айыппұл арқалауы мүмкін екенін ескертті, - деп хабарлайды Aikyn.kz
Әлеуметтік желіде қыздар көшеде шампан атып, эстетикалық видеолар түсіріп жүргені байқалады. Бұл тренд екі жыл бұрын пайда болды, алайда қазақстандықтар енді түсіре бастады.
Сонымен қатар, полиция қолданушылар лайк қуамын деп жаңа оқырмандар ғана емес, айыппұл да арқалау мүмкін екенін ескертеді.
"Кейінгі уақытта әлеуметтік желілерге контент түсіремін деген азаматтардың қоғамдық мінез-құлық нормаларын елемей, заң бұзу деректері жиілеп кетті", — деп хабарлады елордалық ПД.
Полиция мұндай видео түсірген екі астаналық жауапкершілікке тартылғанын атап өтті.
"Бірі "Бәйтерек" монументінің қасында ішімдік бөтелкесін ашып, ішіндегісін шашыратып, аумақты ластаған. Тағы бір жағдайда бойжеткен қоғамдық орынның тазалығын бұзып, сусынды әдейі төккен. Екі дерек бойынша да құқықбұзушылар ортақ пайдаланылатын орындарды ластағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Материалдар сотқа жолданды", — деп хабарлады елордалық ПД қызметкерлері.
Ведомство мұндай әрекеттер заңбұзушылық қана емес, сонымен қатар, айналадағыларға және коммуналдық қызметкерлердің еңбегіне құрметсіздік таныту екенін де баса айтты.
Бұл тақырыптағы басқа жаңалықтар:
Көрілімдер:71
Бұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 01 Мамыр 2026 22:56 



Кіру
Жаңалықтар
Ауа райы
Магниттік дауылдар
Намаз уақыты
Қымбат металдар
Валюта конвертері
Кредит есептегіш
Криптовалюта бағамы
Жұлдыздар
Сұрақ - Жауап
Интернет жылдамдығын тексеріңіз
Қазақстан радиосы
Қазақстан телевизиясы
Біз туралы








Ең көп оқылғандар


















