Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Қазақстанда орташа жалақы 486 мың теңгеден асып кетті

Рыбакина екінші жыл қатарынан Нинбодағы WTA 500 турнирінің жеңімпазы атанды

Абай Бегей мен Фариза Жұманова Вьетнамда гендер пати өткізді

Республика күніне орай Мемлекет басшысының атына құттықтау жеделхаттары келіп түсті

Бублик Almaty Open турнирінде қалай жарақат алғанын айтты

Республика күніне орай Көкшетаудың ең биік нүктесінде Мемлекеттік Ту көтерілді

Исхар Курбаев әлем чемпионатында қола жүлдегер атанды

Әлемдік концерттік туры аясында Димаш Құдайберген өзінің авторлық әндерін орындауда

Қазақстандық курсант BoxRec рейтингінің үздік ондығына енді

СІМ Түркияда қазақстандық бойжеткеннің қаза тапқанын растады

Ресей Қазақстандағы ауқымды реформаларды құптайды елші Бородавкин

Ыстамбұлдағы қайғылы оқиға: Қазақстан азаматының қазасын СІМ растады

Киіз үй мен Каспий толқындары: Атырау әуежайының жаңа терминалы қандай болады?

Тоқаев Ақордада ту көтеру рәсіміне қатысты

Тоқаев Лула да Силваны Бразилия президенті лауазымына қайта сайлануымен құттықтады

Астанада Республика күніне арналған дәстүрлі бильярд турнирінің жеңімпаздары анықталды

Еуразиялық экономикалық одақ елдерінде өнеркәсіп өндірісі артты

Жауынгерлік өнер түрлерінен жабық ғимараттағы VI Азия ойындары 2027 жылға шегерілді

Қарағанды ​​облысында жүк көлігі пойызбен соқтығысты

Мектептерде күзгі демалыс басталды

TURGYNDAR AMANATY : Кешенді шара кемел келешектің кепілі

TURGYNDAR AMANATY : Кешенді шара кемел келешектің кепілі

Aikyn.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..

Жиында көпқабатты тұрғын үйлерді басқару, коммуналдық инфрақұрылымды жаңғырту, қауіпсіздік, тұрғындармен кері байланысты күшейту және МИБ пен ПИК жұмысының тиімділігін арттыру мәселелері талқыланды, – деп хабарлайды Аikyn.kz.

Форум жұмысына «AMANAT» партиясының Хатшысы Шолпан Каринова, Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев, Мәжіліс депутаты, «AMANAT» партиясы фракциясының мүшесі Мұқаш Ескендіров, Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті төрағасының орынбасары Қанат Мыңбаев, барлық деңгейдегі мәслихат депутаттары, мемлекеттік және коммуналдық сала өкілдері, сондай-ақ өңірдегі МИБ пен ПИК басшылары қатысты.

Жиында «AMANAT» партиясының Хатшысы Шолпан Каринова «TURGYNDAR AMANATY» жобасы көппәтерлі тұрғын үйлерге қатысты қордаланған мәселелердің оң шешімін табуға бағытталғанын айтты. Жоба аясында МИБ және ПИК төрағаларын оқыту, депутаттармен кері байланысты күшейту, әкімдіктермен бірлескен жұмысты жолға қою, аулаларды абаттандыру және «Халық қатысатын бюджет» тетігін кеңінен пайдалану көзделіп отыр. Бұған дейін ел аумағындағы бірнеше өңірде дәл осы бағыттағы жүйелі жұмыс жүргізілді. Мәселен, төрт айда Астанада ашылған жобалық фронт-офисте 114 өтініш қабылданып, 67 мәселе бойынша кеңес берілді. 

«Тариф, абаттандыру, жарықтандыру, лифт, интернет пен қауіпсіздік мәселелері – тұрғындар үшін ерекше маңызға ие. Сондықтан көппәтерлі тұрғын үйлерге қатысты өзекті мәселелерді жүйелі түрде шешу үшін партия бастамасымен «TURGYNDAR AMANATY» жобасы қолға алынды. Осы бағытта жүйелі жұмыс жүргізілуде. Жыл басынан бері осындай форум-семинарлар еліміздің 11 өңірінде өтіп, өз тиімділігін көрсетті. Осы тәжірибені ескере отырып, біз бұл жұмысты Жамбыл облысында жалғастырып отырмыз. Бұл ретте біз ОСИ және КСК төрағаларының қолдауына үлкен сенім артамыз. Себебі, сіздер – күн сайын қаладағы көппәтерлі үйдің тұрғындарымен тікелей байланыста болып, олардың нақты сұраныстарын жақсы білесіздер, халықтың үнін жергілікті билікке жеткізесіздер. Сіздердің тәжірибелеріңіз бен кері байланыстарыңыз – аса маңызды», – деді Шолпан Каринова.

Осы орайда, Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев көппәтерлі тұрғын үйлерді басқару мәселелері әлеуметтік тұрғыдан аса маңызды екенін тілге тиек етіп, халықтың мемлекеттік органдарға деген сенім деңгейіне тікелей әсер ететінін жеткізді. Оның айтуынша, басты міндеттердің бірі – көпқабатты тұрғын үйлерді басқару ісіндегі ашықтықты күшейту, тұрғындардың сенімін арттыру және жаңа басқару мәдениетін қалыптастыру.

«Көппәтерлі тұрғын үйлерді басқару мәселелері әлеуметтік тұрғыдан аса маңызды болып қала береді және халықтың мемлекеттік органдарға деген сенім деңгейіне тікелей әсер етеді. Осы бағытта облыста тұрғын үй қорын басқару саласындағы реформаларды жүйелі түрде іске асыру арқылы, басқару субъектілерінің жауапкершілігін, ашықтығын және қызмет тиімділігін арттыруға бағытталған шаралар қабылдануда. Облыс аумағында 2 101 көппәтерлі тұрғын үй бар.  Оның ішінде 1921 тұрғын үй кондоминиум нысаны ретінде тіркеуге жатады, оның ішінде 1 811 үй тіркелген. Жыл соңына дейін қалған 110 көппәтерлі тұрғын үйді тіркеу жоспарлануда», – деді Ербол Қарашөкеев.

Сондай-ақ, жиында Мәжіліс депутаты Мұқаш Ескендіров елімізде әлеуметтік-экономикалық даму мен тұрғындардың әл-ауқатын арттыру бағытында маңызды заңнамалық шешімдер қабылданып жатқанын атап өтті. Оның айтуынша, өзекті мәселелер Парламент Мәжілісінде тұрақты түрде қаралады.

Сонымен қатар Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті төрағасының орынбасары Қанат Мыңбаев көпқабатты тұрғын үйлерді басқару саласындағы қордаланған мәселелерді көтеріп, оларды министрлік пен «AMANAT» партиясының «TURGYNDAR AMANATY» жобасы аясында шешу жолдары қарастырылып жатқанын жеткізді.

Бұдан бөлек, Тараз қаласының әкімі Бақытжан Орынбеков облыс орталығында тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласын дамыту және көппәтерлі тұрғын үйлерді басқару жүйесін жетілдіру бағытында атқарылып жатқан жұмыстар туралы баяндады.

Форум барысында пәтер иелері кооперативі ассоциациясы төрағасының орынбасары Елена Цой және «Ел аман-2023» басқарушы компаниясының директоры Мирасхан Дауылбаев сөз сөйлеп, «TURGYNDAR AMANATY» жобасы тұрғындардың мүдделерін қорғауға, көппәтерлі үйлерді басқару жүйесін жетілдіруге және қоғамдық бақылауды күшейтуге бағытталған маңызды бастама екенін атап өтті. Сондай-ақ алдағы уақытта партиямен бірлесіп жұмыс жүргізетіндерін жеткізді.

Форум жұмысы оқыту семинарымен жалғасты. Онда қатысушылардың практикалық білімін жетілдіруге және олардың жаңа дағдыларды меңгеруіне жағдай жасалды.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
seeКөрілімдер:118
embedДереккөз:https://aikyn.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 28 Сәуір 2026 10:22
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Қазақстанда орташа жалақы 486 мың теңгеден асып кетті

25 Қазан 2026 09:29see150

Рыбакина екінші жыл қатарынан Нинбодағы WTA 500 турнирінің жеңімпазы атанды

25 Қазан 2026 16:13see147

Абай Бегей мен Фариза Жұманова Вьетнамда гендер пати өткізді

25 Қазан 2026 10:13see146

Республика күніне орай Мемлекет басшысының атына құттықтау жеделхаттары келіп түсті

25 Қазан 2026 14:39see145

Бублик Almaty Open турнирінде қалай жарақат алғанын айтты

25 Қазан 2026 10:00see144

Республика күніне орай Көкшетаудың ең биік нүктесінде Мемлекеттік Ту көтерілді

25 Қазан 2026 14:10see143

Исхар Курбаев әлем чемпионатында қола жүлдегер атанды

25 Қазан 2026 18:29see137

Әлемдік концерттік туры аясында Димаш Құдайберген өзінің авторлық әндерін орындауда

25 Қазан 2026 16:29see132

Қазақстандық курсант BoxRec рейтингінің үздік ондығына енді

25 Қазан 2026 15:54see128

СІМ Түркияда қазақстандық бойжеткеннің қаза тапқанын растады

26 Қазан 2026 14:59see123

Ресей Қазақстандағы ауқымды реформаларды құптайды елші Бородавкин

26 Қазан 2026 10:23see119

Ыстамбұлдағы қайғылы оқиға: Қазақстан азаматының қазасын СІМ растады

26 Қазан 2026 14:52see117

Киіз үй мен Каспий толқындары: Атырау әуежайының жаңа терминалы қандай болады?

26 Қазан 2026 20:30see117

Тоқаев Ақордада ту көтеру рәсіміне қатысты

25 Қазан 2026 12:30see117

Тоқаев Лула да Силваны Бразилия президенті лауазымына қайта сайлануымен құттықтады

26 Қазан 2026 09:51see117

Астанада Республика күніне арналған дәстүрлі бильярд турнирінің жеңімпаздары анықталды

25 Қазан 2026 12:52see116

Еуразиялық экономикалық одақ елдерінде өнеркәсіп өндірісі артты

26 Қазан 2026 18:37see115

Жауынгерлік өнер түрлерінен жабық ғимараттағы VI Азия ойындары 2027 жылға шегерілді

26 Қазан 2026 21:17see114

Қарағанды ​​облысында жүк көлігі пойызбен соқтығысты

25 Қазан 2026 14:26see112

Мектептерде күзгі демалыс басталды

26 Қазан 2026 18:37see109
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары