Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Жетісу университетінде AI стартаптары бастау алды

ТЖМ құтқарушылары Есіл өзенінде патрульдеу жұмыстарын жүргізді

Астанада жүк көліктеріне бақылау күшейтілді

Таразда екі зауыт іске қосылды

Елорда мектептерінде ас мәзірі жаңарды: оқушыларға ұлттық тағам беріледі

Әкімдік маңындағы ретсіз тұрақты алматылық тұрғын түсіріп алды полиция қалай жауап берді

Қаламы сайлы, қалжыңы жайлы біртуар

Рекорд: футболдан ӘЧ финалының билеттері 11 мың долларға дейін қымбаттады

Қырғызстанда АЭС құрылысы референдумға шығарылуы мүмкін

Жетісу облысында есірткі дайындаумен айналысқан 2 шетелдік азамат ұсталды

Байлар да инвестицияға тәуелді: 7 миллиардердің капиталы азайды

“Мемлекетке масыл болғым келмейді“ әкім орынбасары Жақсылық Омардың соттағы соңғы сөзі

Ясауи кесенесіндегі Тайқазан орналасқан бөлме келушілерге қашан ашылады

Жезтабанның жеңісі ізденістің жемісі

Алматыда тұрғындарды қорқытып жүрген қайыршылар тобы ұсталды

Жоғарғы Сот төрағасы: Конституциядағы жаңа норма жылжымайтын мүлік иелерінің құқықтарын қорғауға бағытталған

Атырау қаласында 144 мыңнан аса адам жер кезегінде тұр

Ормуз бұғазындағы кеме қатынасының қауіпсіздігін 40 ел талқылады

БҚО да ағасының малын жойып жіберген лудоман бақташы сотталды

Атыраудағы іс: күдіктілердің Индонезияға қашан барғаны анықталды

Туризмді өркендету мүмкіндігі

Туризмді өркендету мүмкіндігі

Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып мәлімдеме жасады..

Туризм – ел экономикасының дамуына ерекше үлес қосып, мемлекет мәртебесін әлемге танытуға мүмкіндік туғызатын, сондай-ақ адамдардың қарым-қатынасын, танымдық қабілетін арттыратын, көкжиегі кең сала. Бұл сала елдің ішкі-сыртқы нарығында экономикалық дамудың қозғаушы күшіне айналып, инфрақұрылымның дамуына, жаңа жұмыс орындарын ашуға, ұлттық бай салт-дәстүрлерді, тарихи, мәдени мұраларды жан-жақты насихаттауға ықпал етеді.

Суретті түсірген – Ерлан ОМАР, «EQ»

Елімізде кейінгі жылдары саланы дамытуға қатысты бірқатар байыпты, жүйелі жұмыс ат­қарылды. Мемлекет басшысы Жол­да­уында елдегі туризмді дамыту экономиканы әртараптандырудың маңызды бағыттарының бірі екенін атап өтті. Сонымен қатар Президент бұл салада әрбір өңірдің даму келешегі бар екендігіне де жете тоқталды.

Ресми деректерге сүйенсек, кейінгі төрт жылда шетелдік туристердің саны жеті есе өскен. Егер 2020 жылы елімізге 2 млн саяхатшы келсе, былтыр олардың қатары 15 миллионнан асты. Ел экономикасына 1,2 триллион теңге кіріс әкелді.

«Ендігі басты міндет – Президент Жолдауында айтылғандай, туристік аймақ­тарда инфрақұрылымды дамыту», дейді сарапшылар.

Биылғы жыл туризм саласын стра­тегиялық экономикалық бағытқа айналдыруда толайым табыстармен ерек­ше­ленді. Жалпы, саланың даму динамикасы елдің экономиканы әртараптандыру стратегиясының маңызды құрамдас бөлігі ретінде қарастырылады. Сол тұр­ғыда салаға салынған инвестиция кө­лемі айтарлықтай артты. Биылғы қаңтар-қазан айларында салалық инвестиция­лар 38,1%-ға өсіп, 923 млрд теңгеге (шамамен 2 млрд доллар) жетті. Соның нәтижесінде 20 өңірде 147 туристік инфрақұрылым жобасы іске қосылды. Қонақүйлер мен басқа да орналастыру орындарының саны ұлғайып, 4 499 нысанның бірыңғай сыйымдылығы 243 500 орынға жетті. Бұл көрсеткіштер саланың ұзақмерзімді ин­вестициялық тартымдылығының артып отырғанын айқын көрсетеді.

Биыл елімізге шетелдік туристердің келуі анағұрлым өсті. 12,1 млн шетелдік азамат келіп, оның 8,6 миллионы турис­тік мақсатпен 24 сағаттан артық тұрған. Туристік қызметтер экспортының үлесі бұрнағы жылмен салыстырғанда 18%-ға өсіп, 1,3 млрд доллар құраған. Бұл рет­те елімізге Қытайдан келушілерден түс­кен кіріс 50%-ға артып, 192 млн доллар­ға жетті. Жалпы, шетелден түсетін кірісті кең көлемде тарту, ішкі туризм әлеумет­тік бағыт ретінде қарастырылады. Бұл туралы «Kazakh Tourism» АҚ басқарма төрағасының міндетін атқарушы Даниел Сержанұлы жан-жақты баяндап берді.

«Кіру туризмі ел экономикасына валюта әкеледі. Мәселен, Қытайдан келген қонақ юань, Германиядан келген турист еуро жұмсайды. Бұл – біздің туристік қызметтеріміздің тікелей экспорты. Туризмнің жалпыұлттық өнімдегі үлесі көп емес. Дамыған елдерде бұл көр­сеткіш ІЖӨ 10%-ға дейін жетуі мүмкін, ал ақшалай түрде 20-30 млрд долларды құрайды. Сол тұрғыда кіру туризмін дамытудың негізгі мақсаты – шетелден пайда әкелу, оны халыққа, жергілікті бизнеске тигізу», деп атап өтті Kazakh Tourism басшысы.

Ал ішкі туризм азаматтардың ден­сау­лығы мен қалпына келуіне ықпал ететін әлеу­меттік аспект ретінде қарасты­рылады. «Себебі адамдарға демалу мен рекреация қажет. Бұл – еңбек дема­лысы кезінде күш-қуатты қалпына кел­тіру мүмкіндігі. Сондықтан жергілікті тұрғындар көбіне көп, мүмкіндігінше Бурабай, Баянауыл, Катонқарағай, Алакөл, Балқаш сынды сауықтыру орындарына барып демалуға тырысады», деп қосты Даниел Сержанұлы.

Биыл 8 басым курорттық аймақта то­лық инвентаризация жасалып, 2025–2028 жылдарға арналған дамудың жол картасы жобаланды. Бұл шаралар туризмнің мау­сымдық сипатын төмендетуге, курорт­тық инфрақұрылымды халықаралық стан­дартқа жақындатуға мүмкіндік береді.

Алматы қаласы биыл 1,1 млн турист тарт­ты, олардың арасында шетелдік келуші­лердің қарасы да көп. Бұл өсім жаңа әуе бағыттарының ашылуына, ше­тел­дік туристік нарыққа бағыттал­ған мар­кетингке, қаладағы қонақүй инфра­құрылымына тікелей байланысты. Елі­міздің туризм брендін халықаралық аренада таныту мақсатында Алматылық стенд Global Tourism Forum 2025 сияқты ірі сараптамалық платформаларда көр­сетілді. Елдің мәдени, табиғи байлықтары шетелдік туристерге тартымды бағыттар ретінде ұсынылды.

Туризмді дамытудың 2019–2025 жыл­дарға арналған мемлекеттік бағдар­ла­масы шеңберінде жалпы ішкі өнімдегі туризмнің үлесін 8%-ға дейін жеткізу, қызметпен қамтылған адамдар санын арттыруға қатысты белгіленген шаралар да тыңғылықты атқарылды. Бұған қоса ел ішіндегі туризм де белсенді дамыды. Нақтылы деректерге жүгінсек, биыл 6,7 млн отандық турист орналастыру орындарын пайдаланған.

Туристер санының өсуі елдің сырт­қы байланыстар мен әуе бағыттарын кеңей­туінің, визалық жеңілдіктер мен ха­лық­аралық маркетингтік жоспарлы жұмыстар­дың жемісі. Сондай-ақ қонақ­үй, туризм инфра­құрылымының саны мен сы­йымдылығы айтарлықтай өсті, бұл ту­ристік ағымды күту мен қабылдау­ды жақсартуға мүмкіндік береді. Тұр­ғын үйлер мен мейманханалардың табыс­тары артып, қонақүй қызметінің кірісі 268 млрд теңге шамасында болды. Аймақ­тарда жаңа әуе бағыттары ашылып, логис­тикалық шешімдер мен курорттық аймақтарды жаңғырту шаралары қолға алынып жатыр. Инфрақұрылымның жүйелі дамуы елімізге халықаралық туристерді тартуға, сондай-ақ тұру сапасына қатысты бәсекеге қабілетті болуға жағдай жасайды.

Мемлекет биыл курорттық аймақ­тарды жүйелі дамытуға ерекше көңіл бөл­ді. Көкшетау-Бурабай, Маңғыстау ай­­мақтары сияқты басты туристік бағыт­та­рына арналған даму жоспарлары әзір­ленді. Жоспарланған жұмыстардың бір­қа­тары бүгінде нақты жүзеге асырылып жатыр.

Бір сөзбен, биылғы жыл еліміз ­туриз­мінің стратегиялық серпін алған кезеңі болды. Салаға салынған инвес­ти­ция көлемі айтарлықтай артты. Шетел­дік, отандық туристер саны едәуір ұлғай­ды. Инфрақұрылым мен курорттық аймақ­тар барынша жақсартылды. ­Халық­аралық деңгейдегі ел брендингі күшейді. Бұл көрсеткіштер туризм саласының еліміз экономикасы үшін жаңа драйверге айналып келе жатқанын, оның келешекте маңызды экспорт­тық, инвес­тициялық сала болатынының ­айқын дәлелі. 

Соңғы жаңалықтар

Мұғалімге қоғам ілтипаты маңызды

Қоғам • Бүгін, 09:35

Білімнің кеңейген кеңістігі

Аймақтар • Бүгін, 09:33

Жарқанатқа айналған әйел

Өнер • Бүгін, 09:30

Жас буынға жан жылуы керек

Білім • Бүгін, 09:28

Шыңдағы шынар

Ғылым • Бүгін, 09:25

Қазақ бидайын қажымай зерттеген

Тұлға • Бүгін, 09:22

Зерттеудің абыройлы жылы

Ғылым • Бүгін, 09:20

«AlmaU»-дың экологиялық бастамасы

Білім • Бүгін, 09:17

Табысқа апарар анық жол

Білім • Бүгін, 09:15

Аудармашыны ЖИ алмастыра ала ма?

Таным • Бүгін, 09:13

Салмағы бөлек саяхат

Тарих • Бүгін, 09:10

Жаңбыр мен көктайғақ: Астанада коммуналдық қызметтер күшейтілген жұмыс режиміне көшті

Ауа райы • Бүгін, 09:09

Музей ісінен мән кетпесін десек...

Мәдениет • Бүгін, 09:07

Майдың сапалысы Өскеменде өндіріледі

Экономика • Бүгін, 09:05

Көпірдің «жыры» қашан бітеді?

Аймақтар • Бүгін, 09:02

Барлық жаңалықтар

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
seeКөрілімдер:114
embedДереккөз:https://egemen.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 30 Желтоқсан 2025 10:14
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Жетісу университетінде AI стартаптары бастау алды

02 Сәуір 2026 22:28see119

ТЖМ құтқарушылары Есіл өзенінде патрульдеу жұмыстарын жүргізді

03 Сәуір 2026 15:29see112

Астанада жүк көліктеріне бақылау күшейтілді

02 Сәуір 2026 20:59see112

Таразда екі зауыт іске қосылды

03 Сәуір 2026 08:18see110

Елорда мектептерінде ас мәзірі жаңарды: оқушыларға ұлттық тағам беріледі

03 Сәуір 2026 18:24see109

Әкімдік маңындағы ретсіз тұрақты алматылық тұрғын түсіріп алды полиция қалай жауап берді

03 Сәуір 2026 12:38see109

Қаламы сайлы, қалжыңы жайлы біртуар

03 Сәуір 2026 08:48see109

Рекорд: футболдан ӘЧ финалының билеттері 11 мың долларға дейін қымбаттады

03 Сәуір 2026 04:44see109

Қырғызстанда АЭС құрылысы референдумға шығарылуы мүмкін

03 Сәуір 2026 21:10see109

Жетісу облысында есірткі дайындаумен айналысқан 2 шетелдік азамат ұсталды

03 Сәуір 2026 15:06see109

Байлар да инвестицияға тәуелді: 7 миллиардердің капиталы азайды

03 Сәуір 2026 00:49see108

“Мемлекетке масыл болғым келмейді“ әкім орынбасары Жақсылық Омардың соттағы соңғы сөзі

03 Сәуір 2026 11:35see108

Ясауи кесенесіндегі Тайқазан орналасқан бөлме келушілерге қашан ашылады

03 Сәуір 2026 22:38see108

Жезтабанның жеңісі ізденістің жемісі

03 Сәуір 2026 08:48see107

Алматыда тұрғындарды қорқытып жүрген қайыршылар тобы ұсталды

03 Сәуір 2026 11:35see106

Жоғарғы Сот төрағасы: Конституциядағы жаңа норма жылжымайтын мүлік иелерінің құқықтарын қорғауға бағытталған

02 Сәуір 2026 21:56see106

Атырау қаласында 144 мыңнан аса адам жер кезегінде тұр

03 Сәуір 2026 17:44see106

Ормуз бұғазындағы кеме қатынасының қауіпсіздігін 40 ел талқылады

03 Сәуір 2026 10:22see106

БҚО да ағасының малын жойып жіберген лудоман бақташы сотталды

03 Сәуір 2026 03:19see105

Атыраудағы іс: күдіктілердің Индонезияға қашан барғаны анықталды

03 Сәуір 2026 11:34see105
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары