Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Бүгін сыртқа көп шықпаған жөн: Төрт қалада қолайсыз метеожағдай күтіледі

Қостанай облысында алаяқтар рәсімдеген 200 ге жуық кредит бойынша төлем тоқтатылды

UFC Конор Макгрегордің келесі қарсыласын жариялады

Биыл көмір өндіру саласына 553 млрд теңге инвестиция тартылады

Ақтөбеде маусымашар бәйге өтті

Тоқаев ТМҰ саммитінің қорытындысы бойынша жиналыс өткізді

Қазақстан халқы Құрбан айтта қанша күн демалады

Путин мен Тоқаев Ресей президентінің Қазақстанға алдағы мемлекеттік сапарын талқылады

Жұлдыз Сүлейменова жаңа орынбасарын таныстырды

Түркістан облысының диқандары қауынның алғашқы өнімін жинай бастады

Атыраудағы шулы сот. Сәрсемалиев марқұм ұлының атынан анасына хат жазған

Астана тұрғындарына терек мамығының қаупі туралы ескертілді

Жыл бойы қолайсыздықтар туындап келеді . Нәлібаев Алматы әуежайы мен вокзалын сынға алды

Қытайда жер сілкінісінен екі адам қаза тапты

Алматыда әлеуметтік нанның бағасы белгіленді

Қазақстан Бакуде адамға бағдарланған қалалық даму моделін ұсынды

Қарағандыда терезеден құлаған екі бала аман қалды

Жұмыс істеп жүріп оқитындарға жаңа жеңілдік ұсынылды

Қаржы министрлігі Қазақстанның мемлекеттік қарызы туралы мәлімдеме жасады

Атыраудағы отбасының өлімі: Резонансты іс бойынша сот отырысы басталды

Түркістан халықаралық бастамалардың жаңа алаңы

Түркістан халықаралық бастамалардың жаңа алаңы

Aikyn.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабарлайды..

Әлем назарын аударған жиын түркі интеграциясының жаңа сапалық деңгейге көтерілгенін көрсетті. Саммиттің дәл Түркістанда өтуінің өзі символдық әрі стратегиялық мәнге ие. Өйткені Түркістан – түркі халықтарының тарихи жады мен рухани тамырын тоғыстырған мекен.

Атажұрттың темірқазығы

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев саммит барысында Түркістанның тарихи миссиясына ерекше тоқталды. Мем­­­лекет басшысы «Түркістан – атажұрты­мыздың мызғымас темірқазығы» деп атап, көне шаһардың түбі бір түркі жұртын ұйыстыратын қасиетті қара шаңырақ екенін айрықша айтты. Президенттің бұл пайымы бүгінгі гео­саяси жағдайда ерекше мәнге ие. Себебі қазіргі халықаралық қатынастар жүйесінде тек экономикалық немесе әскери ықпалдастық емес, ортақ өркениеттік код пен рухани бірегейлік те маңызды факторға айналып отыр. Саммиттің негізгі ерекшелігі оның тек мәдени-рухани мәселелермен шектелмей, нақты технологиялық, ғылыми және эконо­микалық бастамаларға бағыт­талуында. Қа­зақстан Президенті түркі мемлекеттері ара­сын­дағы электронды құжат айналымы мен цифрлық қолтаңбаны біріздендіру мәсе­лесін көтерді. Бұл – ұйым кеңістігіндегі сау­да-экономикалық байла­нысты жаңа дең­гейге шығаруға мүмкіндік беретін маңызды қадам. 

Сарапшылардың пікірінше, цифрлық интеграция түркі елдері арасындағы кедендік, логистикалық және инвестициялық про­цестерді жеңілдетіп, ортақ экономикалық кеңістіктің қалыптасуын жеделдетеді. Со­нымен қатар Мемлекет басшысы ғарыш саласындағы ынтымақтастықты күшейтіп, CubeSat-12U ғылыми спутнигін бірлесіп іске қосу бастамасын ұсынды. Бұл ұсыныс түркі мемлекеттерінің технологиялық әлеуетін біріктіруге бағытталған стратегиялық жоба ретінде бағалануда.

Саммитте көтерілген маңызды бастама­лардың бірі – жасанды интеллект саласын­дағы бірлескен инфрақұрылым қалыптастыру. Президент түркі елдерінің жасанды интеллект орталықтарының желісін құруды, IT-хабтар­дың ортақ платформасын қалыптас­тыруды және түркі халықтарының тарихы мен мә­дениетіне қатысты материалдарды жи­нақ­тайтын цифрлық жүйе әзірлеуді ұсынды. Бұл бастамалар жаһандық цифрлық дәуірде түркі әлемінің ақпараттық тәуелсіздігін күшейтуге бағытталған. Бүгінде әлемде мә­дени мұра үшін күрес тек тарихи ескерт­кіштерді сақтаумен шектелмейді. Ол ақпараттық кеңістіктегі ықпал, ғылыми интерпретация және цифрлық архивтер арқылы жүзеге асады. Осы тұрғыдан алғанда Қазақстан ұсынған цифрлық гуманита­ристика жобалары түркі өркениетінің интеллектуалдық кеңістігін қалыптастыруға мүмкіндік бермек.

Түркі өркениеті орталығы 

Саммит барысында жарияланған ең маңызды шешімдердің бірі – Түркістанда Түркі өркениеті орталығын құру бастамасы. Президент бұл орталықтың бауырлас елдердің ортақ ғылыми зерттеулер жүргізуіне, мәдени және білім беру жобаларын іске асыруына жол ашатынын айтты. Бұл бастама Түркістанды тек тарихи-рухани орталық емес, халықаралық академиялық және ғылыми хабқа айналдыруға бағытталған стратегиялық қадам ретінде бағалануда.

Осы мақсаттағы нақты жобалардың бірі – Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халық­аралық қазақ-түрік университеті базасында бой көтеретін Ясауи ғылыми-зерттеу инс­титуты. Аталған институт ғимаратының ка­п­­суласын салу рәсімі салтанатты түрде өтті. Символдық тұрғыдан ерекше маңызға ие бұл рухани мұраны зерттеу мәселесінің мемлекеттік деңгейдегі стратегиялық ба­сым­дыққа айналғанының айқын көрінісі. Жаңа институт түркі өркениетін, сопылық ілімді, түркі халықтарының тарихи-мәдени сабақ­­­тастығын зерттейтін халықаралық ғы­лыми орталыққа айналмақ. Мұнда Қожа Ахмет Ясауи мұрасы кешенді түрде зерттеліп, сирек қолжазбаларды цифрландыру, тарихи дерек­терді ғылыми айналымға енгізу жұ­мыстары жүргізіледі.

Институт құрамында Теология факультеті, Лингвистика орталығы, Түркология және Ясауитану ғылыми-зерттеу институттары, за­­манауи зертханалар, қолжазбалар музейі мен көрме орталығы орналаспақ. Жалпы ау­­мағы 13 мың шаршы метрден асатын ке­шен болашақта 2 мыңға жуық студент пен жас зерттеушіге қызмет көрсететін халық­ара­­лық ғылыми кампусқа айналуы мүм­кін. Жо­ба­ның Түрік ынтымақтастық және үй­лес­­­тіру агент­тігі қолдауымен жүзеге асырылуы Қа­зақстан мен Түркия арасындағы ғылыми-мә­дени ықпалдастықтың жаңа дең­гейге кө­те­рілгенін көрсетеді. Бұл бастама тек екі­жақт­ы серіктес­тікті емес, жалпы түр­кі әле­­міндегі гумани­тар­лық интеграцияны нығайтады.

Сарапшылардың пайымдауынша, Түр­кістан саммиті бірнеше маңызды үрдісті айқындап берді. Біріншіден, Түркі мемле­кеттері ұйымы символикалық ұйым деңге­йінен нақты жобаларға негізделген ықпалды аймақтық құрылымға айналып келеді. Екіншіден, ұйым қызметінде технология, цифрландыру және жасанды интеллект мәселелері алдыңғы қатарға шықты. Үшіншіден, Түркістанның халықаралық мәртебесі күшейіп, ол түркі дүниесінің рухани астанасынан бөлек ғылыми және мәдени дипломатия орталығына айналу жолына түсті. Қазіргі геосаяси жағдайда түркі интеграциясының күшеюі Еуразия кеңістігіндегі жаңа ықпалдастық модель­дерінің қалыптасуына әсер етеді. Ал Түркістанда өткен саммит осы үдерістің идеологиялық, мәдени және институцио­налдық негізін бекіткен тарихи кезең ретінде бағалануы әбден мүмкін.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан қаласында өткен Түркі мемлекеттері ұйымының бейресми самми­тінің қорытындысына арналған жиында халықаралық деңгейдегі маңызды басқосуды жоғары дәрежеде ұйымдастыруға ат салыс­қан барша азаматтарға алғысын білдірді. Әсіресе, Түркістан облысының әкімі Нұ­ралхан Көшеровтің үйлестіру жұмысындағы белсенділігін ерекше атап өтті.

Жиын барысында Түркістанның түркі дүниесінің рухани орталығы ғана емес, сондай-ақ халықаралық іс-шараларды өткізуге толық мүмкіндігі бар заманауи қа­ла екені айқын көрінгені айтылды. Мем­лекет басшысының сөзінше, саммитке келген шетелдік делегациялар қала көше­лерінің тазалығы мен көркіне, жасыл аймақтардың көптігіне және жол инфрақұ­рылымының сапасына оң бағасын берген. Президент облыс пен қала басшылығына көне шаһар Түркістанды дамыту, көркейту және абаттандыру жұмыстарын жүйелі түрде жалғастыруды тапсырды. Сонымен қатар еліміздің халықаралық беделін арттыру жолында аянбай еңбек еткен әкімдік қыз­меткерлері, мемлекеттік мекеме өкілдері, әс­кери және құқық қорғау саласының ма­мандары, коммуналдық қызметкерлер, еріктілер мен белсенді азаматтарды мем­лекеттік наградалармен, құрмет грамота­ларымен және алғысхаттармен марапаттау жөнінде шешім қабылданғанын жеткізді.

Климаттық жоба іске қосылды

Қазақстанда алғаш рет жауын-шашынды жасанды түрде көбейту жобасы іске қосылды. Ауқымды бастама Түркістан облысында жүзеге асырылып, су тапшылығын азайту мен ауыл шаруашылығы алқаптарын сумен қамтамасыз етуге бағытталған. Жоба Қа­зақстан мен БАӘ Ұлттық метеорология орталығы арасындағы халықаралық ынтымақтастық негізінде қолға алынған. Саммит қарсаңында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев БҰҰ Дүниежүзілік метеорология ұйымының президенті, БАӘ Ұлттық метеорология орталығының бас директоры Абдулла Әл-Мандуспен кездесіп, климат, су ресурстары және табиғи апаттар­дың алдын алу бағытындағы бірлескен жұмыстардың маңызын атап өткен болатын.

Негізгі мақсат – су қоймаларын толықты­ру, ауыл шаруашылығы алқаптарын сумен қамтамасыз ету және құрғақшылық салдарын азайту. Жоба су тапшылығы қатты сезілетін Түркістан облысы үшін маңызды. Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров Түркістанның аграрлық аймақ екенін атап өтіп, су ресурстарын тиімді пайдалану мен заманауи технологияларды енгізу басты міндеттердің бірі екенін жеткізді. Оның айтуынша, өңірде су үнемдеу технологиялары кезең-кезеңімен енгізіліп, жасанды жаңбыр жобасы ауыл шаруашылығының өнімділігін арттыруға мүмкіндік береді. 

«Жаһандық климаттың өзгеруі оңтүстік өңірлерге өз әсерін тигізуде. Біз бұл мәселені шешу үшін су үнемдеу технологияларын қарқынды енгізіп жатырмыз. Кейінгі үш жылда 114 мың гектар жерді заманауи жү­йеге көшірдік. Алдағы бес жылда қосымша 250 мың гектарға жеткізуді жоспарлап отырмыз. Бүгінгі ұсынылып отырған жасан­ды жаңбыр жауғызу технологиясы – бо­лашаққа бағытталған бірегей жоба. Қазірдің өзінде нақты істер атқарылды. Шаһарға 4 тонна инновациялық реагент жеткізілді. Арнайы әуе кемесі алғашқы техникалық ұшу сапарын сәтті орындады. Жасанды жаңбыр жауғызу арқылы біз алқаптарды сумен қамтамасыз етіп, жайылымдардың өнімділігін арттырамыз. Бірлескен жұмысы­мыз сәтті болсын!» – деді облыс әкімі.

Жоба суға сұранысы жоғары аудандарда, ең алдымен, ауыл шаруашылығы аумақта­рында жергілікті деңгейде жүзеге асырылады. Жұмыс жүргізілетін аймақтарды таңдау метеорологиялық қызмет мамандары мен профильдік мемлекеттік органдардың қатысуымен ауа райы жағдайын, экологиялық ахуалды және суға қажеттілікті ескере отырып жүргізіледі. 

Мамандардың мәліметінше, мұндай технологиялар жауын-шашын көлемін 10-20 пайызға дейін арттыруы мүмкін. Қазір бұл тәжірибе Қытай, АҚШ, БАӘ және Сауд Арабиясы секілді елдерде қол­данылып келеді.

Қорытындылай келе, Түркістанда өткен Түркі мемлекеттері ұйымының бейресми саммиті өңірдің халықаралық деңгейдегі беделін жаңа сатыға көтерді. Ауқымды жиын аясында саяси, рухани, мәдени және экономикалық бағыттағы маңызды бас­тамалар көтеріліп, Түркістанның түркі әлемінің рухани әрі стратегиялық орталығы ретіндегі рөлі айқындала түсті.

Ламан ЗЕЙНАЛОВА, 

Әзербайжандағы Trend халықаралық ақпараттық 

агенттігі директорының орынбасары:

Стратегиялық ықпалдастықты күшейтетін қадам

Түркістан қаласында өткен Түркі мемлекет­тері ұйымының бейресми саммиті тек Қазақ­стан үшін ғана емес, ұйымға мүше барлық мемлекет үшін аса маңызды деп есептеймін. Осыған байланысты Әзербайжаннан бірқатар халықаралық ақпараттық агенттіктердің өкілдері арнайы делегация құрамында келдік. Себебі бұл саммит түркі елдері арасындағы саяси, эконо­микалық және ақпараттық ынтымақтастықты жаңа деңгейге көтеретін маңызды алаңға айналып отыр.

Бүгінде әлемдегі геосаяси өзгерістер мен экономикалық үдерістер жаңа логистикалық бағыттардың маңызын арттырды. Осы ретте Орта дәлізді дамыту мәселесі ерекше назарда болуы керек деп ойлаймын. Бұл жоба тек Қазақстан немесе Әзербайжан үшін ғана емес, барлық түркі мемлекеттері үшін тиімді болмақ. Орта дәліздің кеңеюі халықаралық сауда айналымын күшейтіп, елдер арасындағы байланысты одан әрі нығайтады. Сондықтан Түркістандағы саммиттен күтеріміз көп және бұл жиын ірі экономикалық жобалардың бастамасына айналады деген сенімдемін.

Сонымен қатар саммит барысында жасыл энергетика, цифрландыру және заманауи технологиялар бағытындағы бастамаларға ерекше көңіл бөлініп отырғанын байқадық. Бұл ­­ болашақ үшін өте маңызды бағыттар. Түркі мемлекеттері осындай стратегиялық салаларда күш біріктірсе, өңірлік тұрақтылық пен экономикалық өсімге үлкен серпін береді деп ойлаймын. Жалпы, Түркістан саммитінің қорытындысында маңызды келісімдер қабылданып, түркі әлемінің ынтымақтастығын күшейтетін нақты шешімдер жүзеге асады деген сенім бар.

Риззат ТАСЫМ,

саясаттанушы, қазақстандық даму институтының сарапшысы:

Рухани байланыс экономикалық жобалармен ұштасты

Бүгінде түркі мемлекеттері арасындағы ықпалдастықты тереңдету – стратегиялық маңызы жоғары мәселе. Түркі елдерінің ортақ тарихи, мәдени және рухани байланысы бүгінде нақты экономикалық жобалармен ұштасып келеді. Кейінгі жылдары Орта дәліздің маңызы артып, Қазақстан, Әзербайжан және Түркия арасындағы логистикалық байланыстардың нығаюы сауда көлемінің бірнеше есе өсуіне ықпал етті. Бұл түркі интеграциясының нақты нәтижесін көрсетеді. Мұнда, әсіресе цифрландыру мен жасанды интеллект бағытындағы ынтымақтастыққа ерекше мән берілуде. Қазір сауда айналымы, кедендік рәсімдер мен мәліметтер ағынының көлемі артып, оларды тиімді басқаруда цифрлық платформалардың рөлі күшейіп отыр. Жасанды интеллект деректерді саралап, әлсіз тұстарды анықтап, уақыт жоғалтпай тиімді шешім қабылдауға мүмкіндік береді. Қазақстанның цифрландыру саласындағы тәжірибесі мен халықаралық рейтингтердегі жоғары көрсеткіштері бұл бағыттағы әлеуеттің зор екенін дәлелдейді.

Түркістанның түркі әлеміндегі орны да ерекше. Түркістан бүгінде рухани астана ретінде ғана емес, экономикалық және саяси маңызы артып келе жатқан орталыққа айналып отыр. Қалада халықаралық сауда хабтарының құрылуы мен инвестициялық жобалардың іске асуы алдағы уақытта Түркістанды түркі мемлекеттері арасындағы маңызды ықпалдастық алаңына айналдыруға негіз болады.

Бауыржан ӘУКЕН,

Қазақстан стратегиялық зерттеулер институтының сарапшысы: 

Түркі татулығының жаңа кезеңі

Түркістанда өткен Түркі мемлекеттері ұйы­­мының бейресми саммиті Қазақстан мен түркі елдері арасындағы қарым-қатынасты жаңа дең­­гейге көтеретін маңызды алаңға айналып отыр. Саммит тақырыбының жасанды интеллект, ки­бер­қауіпсіздік және цифрлық экономикаға арна­луы – ­бүгінгі әлемдегі күн тәртібінің ең өзекті мәселелердің бірі. Бұл бағыттар былтыр Га­бала қаласында өткен саммитте Мемлекет бас­шысы Қасым-Жомарт Тоқаев көтерген баста­малардың заңды жалғасы деуге болады. Әсіресе, киберқауіпсіздік кеңесін құру және цифрлық экономиканы дамытуға қатысты ұсыныстар Саммитте нақты талқыланды. 

Қазір әлемде геосаяси және экономикалық тұрақсыздық күшейіп, дәстүрлі сауда дәліздері өзгеріске ұшырап жатқан кезеңде Түркі мемлекеттері ұйымының рөлі арта түсуде. Бұл ретте Орта дәлізді дамыту мәселесі ерекше маңызға ие. Аталған бағыт Қазақстанның экспорттық әлеуетін кеңейтіп қана қоймай, еліміздің Шығыс пен Батысты байланыстыратын ірі көлік-логистикалық хаб ретіндегі орнын нығайтуға мүмкіндік береді. Саммиттің Түркістанда өтуі де символдық мәнге ие. Өйткені Түркістан – түркі дүниесінің рухани әрі мәдени орталығы.

Сонымен қатар саммит Қазақстан үшін халықаралық диалог алаңы ретінде де маңызды. Жасанды интеллект, цифрлық экономика және киберқауіпсіздік бағытындағы бастамалар тек Қазақстанның емес, жалпы түркі мемлекеттері мен Орталық Азия елдерінің цифрлық әлеуетін арттыруға серпін береді. Түркістанда жаңа нысандардың бой көтеруі, инфрақұрылымның жаңаруы мен мәдени жобалардың жүзеге асуы қаланың беделін арттырып, оның түркі әлеміндегі тарихи орнын одан әрі бекемдей түседі.

Назгүл НАЗАРБЕК,

Түркістан облысы

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
seeКөрілімдер:95
embedДереккөз:https://aikyn.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 19 Мамыр 2026 07:04
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Бүгін сыртқа көп шықпаған жөн: Төрт қалада қолайсыз метеожағдай күтіледі

17 Мамыр 2026 09:29see119

Қостанай облысында алаяқтар рәсімдеген 200 ге жуық кредит бойынша төлем тоқтатылды

17 Мамыр 2026 20:11see115

UFC Конор Макгрегордің келесі қарсыласын жариялады

17 Мамыр 2026 20:03see113

Биыл көмір өндіру саласына 553 млрд теңге инвестиция тартылады

18 Мамыр 2026 08:28see112

Ақтөбеде маусымашар бәйге өтті

18 Мамыр 2026 09:59see111

Тоқаев ТМҰ саммитінің қорытындысы бойынша жиналыс өткізді

17 Мамыр 2026 09:44see111

Қазақстан халқы Құрбан айтта қанша күн демалады

17 Мамыр 2026 09:44see111

Путин мен Тоқаев Ресей президентінің Қазақстанға алдағы мемлекеттік сапарын талқылады

17 Мамыр 2026 14:43see110

Жұлдыз Сүлейменова жаңа орынбасарын таныстырды

18 Мамыр 2026 12:42see110

Түркістан облысының диқандары қауынның алғашқы өнімін жинай бастады

18 Мамыр 2026 10:42see110

Атыраудағы шулы сот. Сәрсемалиев марқұм ұлының атынан анасына хат жазған

18 Мамыр 2026 18:31see109

Астана тұрғындарына терек мамығының қаупі туралы ескертілді

18 Мамыр 2026 14:23see109

Жыл бойы қолайсыздықтар туындап келеді . Нәлібаев Алматы әуежайы мен вокзалын сынға алды

18 Мамыр 2026 11:30see109

Қытайда жер сілкінісінен екі адам қаза тапты

18 Мамыр 2026 10:25see108

Алматыда әлеуметтік нанның бағасы белгіленді

18 Мамыр 2026 09:48see108

Қазақстан Бакуде адамға бағдарланған қалалық даму моделін ұсынды

18 Мамыр 2026 20:13see108

Қарағандыда терезеден құлаған екі бала аман қалды

18 Мамыр 2026 16:59see108

Жұмыс істеп жүріп оқитындарға жаңа жеңілдік ұсынылды

17 Мамыр 2026 13:23see107

Қаржы министрлігі Қазақстанның мемлекеттік қарызы туралы мәлімдеме жасады

18 Мамыр 2026 17:02see107

Атыраудағы отбасының өлімі: Резонансты іс бойынша сот отырысы басталды

18 Мамыр 2026 11:38see106
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары