Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Президентке Қорғаныс министрлігіндегі жоспардан тыс аудиттің барысы туралы баяндалды

Мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру квотасының орындалуы тоқсан сайын бақыланады

Қазақстандағы Тікенектер белгісі айыппұл болмаса, оны жабыстырудың не қажеті бар

Алматыдағы түнгі ойын сауық орнында қызғаныштан жаппай төбелес болды

Алматыда сазандар мен ақ амурлар мекендейтін құпия су айдыны табылды

Қазақстанда Иранның үш азаматы сотталды

13 жастағы баланың өлімі: Ақтауда хирург күдікті ретінде ұсталды

Венгрия Украинаның Еуроодаққа кіру келіссөздеріне қойылған ветоны алып тастайды БАҚ

ҰҚК ұстаған сот төрағасы мен судья ірі көлемде пара алғаны үшін 9 жылға сотталды

Үржар және Атырау әуежайларында өзгерістер күтілуде: жолаушылар үшін не өзгереді

Қазақстанда кептеліс мәселесімен жаңаша айналысады: премьер әкімдіктерге тапсырма берді

Сапарды кейінге қалдырыңыз : Көлік министрлігі жүргізушілерге ескерту жасады

Банктер қандай жағдайда адамның несиесін толық кешіретіні белгілі болды

Қолайсыз ауа райы: полиция азаматтарды жолда сақ болуға шақырды

Министр цифрландырудың арқасында үнемделген қаржы көлемін айтты

Тоқаев балаларға ерте жастан не түсіндіру керектігін айтты

Астанада шатырдан құлаған құрылыс материалдарынан автомобильдер зардап шекті

БАӘ Қазақстанға іздеуде жүрген үш адамды берді: олар не үшін күдікті деп танылды

Тоқаев Қазақстан мен Оман қандай салаларда бірлескен жобаларды жүзеге асыра алатынын айтты

Тоқаев қылмыстық істер бойынша Еуропамен өзара құқықтық көмекті реттейтін заңға қол қойды

Түркістан облысында Ата Заң жобасының стратегиялық басымдықтары талқыланды

Түркістан облысында Ата Заң жобасының стратегиялық басымдықтары талқыланды

Qazaq24.com, Aikyn.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып түсініктеме береді..

«Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін!» Жалпыұлттық коалициясының жұмысы Түркістан облысында жалғасты. Еңбек ұжымдары және тұрғындармен өткен кездесулерде жаңа Конституция жобасының мазмұны түсіндіріліп, оның адам құқықтарын қорғау, билік тармақтарының тепе-теңдігін күшейту, азаматтық қоғамның рөлін арттыру және экономикалық өсімге берік құқықтық негіз қалыптастырудағы маңызына ерекше назар аударылды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.  

Сапар аясында Коалиция мүшелері Парламент Мәжілісінің депутаты Темір Қырықбаев, Сәкен Бибосынов, облыстық мәслихат депутаттары Нұржан Аширов, Ханай Әшірбеков, Ғалымжан Елшібай  Төлеби және Қазығұрт аудандарын тұрғындарымен, еңбек ұжымдарымен, білім беру және спорт саласының өкілдерімен, кәсіпкерлермен кездесулер өткізіп, жаңа Конституцияның басты құндылықтары туралы сарапшылық ойымен бөлісті.

Жиында Конституцияның еліміздің дамуындағы стратегиялық рөлі, білім беру жүйесіне тигізер ықпалы айтылды. 

Жаңа Конституция елдің құқықтық негізін жаңғыртумен қатар, Қазақстанды білімге, ғылымға және жоғары технологияларға сүйенген заманауи мемлекет ретінде дамытуға бағытталған стратегиялық құжат екенін Парламент Мәжілісінің депутаты Темір Қырықбаев айтты.

«Жаңа Ата Заңда адами капиталды дамытуға, зияткер ұлт қалыптастыруға және цифрлық дәуір талаптарына жауап беретін құқықтық орта құруға ерекше мән беріліп отыр. Бүгінде әлем жасанды интеллект, үлкен деректер, цифрландыру және автоматтандыру кезеңіне қадам басты. Бұл үдерістер қоғам өмірінің барлық саласына әсер етіп жатыр. Осыған байланысты жаңа Конституцияда сапалы білім алуға тең қолжетімділікті қамтамасыз ету, ғылымды жүйелі қолдау, инновациялық экожүйені дамыту және технологиялық кәсіпкерлікті ынталандыру мемлекеттің маңызды міндеттерінің бірі ретінде қарастырылды», – деді. 

Кездесу барысында Конституцияда білім беру жүйесін жетілдіруге бағытталған құқықтық мүмкіндіктер сөз болды. Мұғалімдердің кәсіби дамуына, оқу процесін сапалы ұйымдастыруға, педагогикалық бастамаларды қолдауға арналған жаңа нормалар қарастырылғаны атап өтілді. 

«Жаңа Конституциялық қағидаттар білім беру жүйесін жаңғыртуға, заманауи дағдыларды меңгерген, сыни ойлайтын, цифрлық сауатты ұрпақ тәрбиелеуге құқықтық негіз қалыптастырады. Сонымен қатар құжатта азаматтардың цифрлық құқықтарын қорғау да маңызды бағыттардың бірі ретінде қарастырылды. Цифрлық ортадағы жеке деректердің қауіпсіздігі, ақпараттық қауіпсіздік, онлайн кеңістіктегі құқықтардың сақталуы – заманауи мемлекеттің басты міндеттерінің қатарында», – деді облыстық мәслихат депутаты Ғалымжан Елшібай. 

Осы аудандағы жұмыс сапары аясында Жалпыұлттық коалиция мүшелері «Fish House» ЖШС-нің балық шаруашылығында болып, жұмысшылармен және жергілікті кәсіпкерлермен кездесу өткізді. Жиын барысында Конституция елдің тұрақты дамуына, ауылдық және су ресурстарын тиімді пайдалануға, сондай-ақ кәсіпкерлер мен еңбеккерлердің құқықтарын қорғауға қосар үлесі атап өтілді. 

«Жаңа Конституцияда экономикалық бастамаларды қолдауға мүмкіндік беретін құқықтық нормалар қарастырылды. Ол кәсіпкерліктің дамуы мен отандық тауар өндірушілер құқықтықтарының қорғалуына серпін береді. Сонымен қатар Ата Заң жобасында еңбек адамының құқықтары мен әлеуметтік қорғалуына ерекше мән берілді. Жұмысшылардың қауіпсіз еңбек жағдайлары, олардың әлеуметтік кепілдіктері мемлекеттің басты назарында болады. Конституциялық нормаларда су ресурстарын ұтымды пайдалану, экологиялық тұрақтылықты қамтамасыз ету және табиғатты қорғау да қамтылып, жаңа сипаттағы құқықтық талаптар бекітілді», – деді облыстық мәслихат депутаты Ханай Әшірбеков.

Коалиция өкілдерінің жұмыс сапары әрі қарай Қазығұрт ауданында жалғасты. Қазығұрт ауылындағы ардагерлер үйінде аға буын және зиялы қауым өкілдерімен кездесу өткізіліп, Конституцияның тұрақтылық пен құқықтық мемлекет құрудағы рөлі, азаматтардың құқықтары мен әлеуметтік қорғалуын қамтамасыз ету мүмкіндіктері айтылды. 

Түркістан облыстық мәслихатының депутаты Нұржан Аширов Конституцияда көрініс тапқан «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» қағидаты мемлекеттік шешімдер қабылдау үдерісінде азаматтық қатысуды кеңейтіп, қоғамдағы диалогты күшейтіп отырғанын жеткізді.

«Күшті мемлекет – ең алдымен заң үстемдігіне сүйенген мемлекет. жаңа Конституция әр азаматтың қадір-қасиетін қорғауға, қоғамдағы әділдікті нығайтуға және елдің тұрақты дамуына берік құқықтық негіз қалыптастыруға бағытталды. Бұл құжат «Мемлекет адам үшін» қағидатын нақты тетіктер арқылы жүзеге асыруды көздейді. Әр азаматтың әлеуметтік қорғалуы, лайықты өмір сүруі, еңбек пен зейнеттің қадірленуі – оның басты басымдығы», – деді.

Ал осы ауылдағы «Жеңіс» спорт кешенінде коалиция мүшелері аудан спортшыларымен және тұрғындармен кездесу өткізді.  Басқосуда Ата Заң жобасының қоғамға, спорт саласына және жастар тәрбиесіне тигізер маңызы талқыланды. Жиын барысында Конституция азаматтардың құқықтары мен мүмкіндіктерін кеңейтетіні, сонымен қатар елдің тұрақты дамуына, әділетті қоғам құруға қосар үлесі айтылды. 

Сондай-ақ кездесу барысында жаңа Конституцияда жастардың салауатты өмір салтын қалыптастыруға, спорт инфрақұрылымын дамытуға және спортшылардың кәсіби дамуына құқықтық негіз қалыптастырылғаны атап өтілді. Бұл – спортшыларға кәсіби дайындықты жетілдіруге, жарыстарға қатысуға және жеке жетістіктерге қол жеткізуге мүмкіндік беретін маңызды бағыт екеніне ерекше назар аударылды.

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
seeКөрілімдер:146
embedДереккөз:https://aikyn.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 19 Ақпан 2026 01:00
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Президентке Қорғаныс министрлігіндегі жоспардан тыс аудиттің барысы туралы баяндалды

05 Қазан 2026 16:26see138

Мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру квотасының орындалуы тоқсан сайын бақыланады

05 Қазан 2026 15:44see136

Қазақстандағы Тікенектер белгісі айыппұл болмаса, оны жабыстырудың не қажеті бар

05 Қазан 2026 09:29see135

Алматыдағы түнгі ойын сауық орнында қызғаныштан жаппай төбелес болды

05 Қазан 2026 19:06see135

Алматыда сазандар мен ақ амурлар мекендейтін құпия су айдыны табылды

05 Қазан 2026 18:33see134

Қазақстанда Иранның үш азаматы сотталды

05 Қазан 2026 13:04see133

13 жастағы баланың өлімі: Ақтауда хирург күдікті ретінде ұсталды

05 Қазан 2026 12:30see132

Венгрия Украинаның Еуроодаққа кіру келіссөздеріне қойылған ветоны алып тастайды БАҚ

05 Қазан 2026 22:07see126

ҰҚК ұстаған сот төрағасы мен судья ірі көлемде пара алғаны үшін 9 жылға сотталды

05 Қазан 2026 17:52see126

Үржар және Атырау әуежайларында өзгерістер күтілуде: жолаушылар үшін не өзгереді

05 Қазан 2026 15:34see124

Қазақстанда кептеліс мәселесімен жаңаша айналысады: премьер әкімдіктерге тапсырма берді

06 Қазан 2026 10:57see122

Сапарды кейінге қалдырыңыз : Көлік министрлігі жүргізушілерге ескерту жасады

06 Қазан 2026 10:24see121

Банктер қандай жағдайда адамның несиесін толық кешіретіні белгілі болды

06 Қазан 2026 14:54see121

Қолайсыз ауа райы: полиция азаматтарды жолда сақ болуға шақырды

05 Қазан 2026 19:42see120

Министр цифрландырудың арқасында үнемделген қаржы көлемін айтты

06 Қазан 2026 12:42see120

Тоқаев балаларға ерте жастан не түсіндіру керектігін айтты

05 Қазан 2026 15:02see119

Астанада шатырдан құлаған құрылыс материалдарынан автомобильдер зардап шекті

06 Қазан 2026 13:27see118

БАӘ Қазақстанға іздеуде жүрген үш адамды берді: олар не үшін күдікті деп танылды

06 Қазан 2026 11:27see114

Тоқаев Қазақстан мен Оман қандай салаларда бірлескен жобаларды жүзеге асыра алатынын айтты

06 Қазан 2026 19:40see113

Тоқаев қылмыстық істер бойынша Еуропамен өзара құқықтық көмекті реттейтін заңға қол қойды

06 Қазан 2026 20:27see113
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары