Түркістан облысында тоғыз айлық сәби батарея жұтып қойып, ауруханаға түсті
Qazaq24.com, Aikyn.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат жариялайды..
Түркістан облысында тоғыз айлық сәби екі батарея жұтып қойған. Бүлдіршіннің өңешіне түскен қуат көздерінің бірі кептеліп қалған. Дәрігерлер шұғыл ота жасап, батареяны алып шыққан, - деп хабарлайды Aikyn.kz Almaty.tv-ге сілтеме жасап.
Дәрігерлердің айтуынша, екінші батарея ішек жолына өтіп кеткен. Ақ халаттылар сәбидің жағдайын жіті бақылауда ұстаған. Бірнеше күннен кейін екінші батарея табиғи жолмен шыққан.
Отадан кейін бүлдіршін үш тәулік жансақтау бөлімінде жатқан. Қазір оның жағдайы тұрақты.
Балалар ауруханасының дәрігер-хирургі Бердәлi Тасанбидің айтуынша, сәбидің өңешінде күйік белгілері бар. Дәрігер ата-аналарды балалардың қолы жететін жерде батарея, магнит секілді ұсақ заттарды қалдырмауға шақырды.
«Қазіргі таңда баланың жағдайы тұрақты. Ешқандай тәбет бұзылысы жоқ. Бірақ өңеште күйік белгілері бар. Қазіргі таңда балалардың осындай бөгде денелерді жұтуы өте көп кездеседі. Соның ішінде батарейка жұту жағдайлары да бар. Сондықтан балалары бар үйлерде осындай батарейкалар мен магниттерді қолжетімді жерде қалдырмаған жөн», – деді дәрігер.
Мамандардың айтуынша, әсіресе түйме тәрізді батареялар бала денсаулығына аса қауіпті.
Бұл тақырыптағы басқа жаңалықтар:
Көрілімдер:112
Бұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 29 Қыркүйек 2026 19:56 



Кіру
Жаңалықтар
Ауа райы
Магниттік дауылдар
Намаз уақыты
Қымбат металдар
Валюта конвертері
Кредит есептегіш
Криптовалюта бағамы
Жұлдыздар
Сұрақ - Жауап
Интернет жылдамдығын тексеріңіз
Қазақстан радиосы
Қазақстан телевизиясы
Біз туралы








Ең көп оқылғандар



















