Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Мемлекет басшысына елімізді газбен қамтамасыз ету және жаңа газ өңдеу зауыттарының құрылысы туралы есеп берілді

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

Еуразиялық экономикалық одақтың нарықтарды қорғау тәжірибесі таныстырылды

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

Президент көлік министрін қызметінен босатты

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

Президент Жолдауы: дәуірдің жаңа дәптері

Министр Ақмарал Әлназарова Ақтауда дәрігерге шабуыл жасаған әкенің ісіне қатысты пікір білдірді

“Ұмай“ ипотекасы үшін кептеліс пе? Алматыдағы Отбасы банк бөлімшесінің алдында халық жиналды

Жыл сөзі аталды. Сіз оны міндетті түрде естідіңіз

Жыл сайын 300 400 мың нәрестенің дүниеге келуі балабақшаны көбейту қажет екенін көрсетеді Арман Хайруллин

Түркияда ауызсу қоры азайды

Түркияда ауызсу қоры азайды

Qazaq24.com, 24.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып түсініктеме береді..

Түркияда ауызсу тапшылығы қаупі күшейді. Ресми дерекке сәйкес, кейінгі жүз жылда адам басына шаққандағы су қоры шамамен 5 есе азайған.

Бұрын бұл көрсеткіш 6 мың текше метрді құраса, қазір халық санының өсуіне байланысты 1200 текше метрге дейін төмендеген. Сарапшылар мұны су тапшылығы бойынша шекті деңгей деп бағалап отыр. 

Түркия – әлемдегі суды ең көп тұтынатын елдің бірі. Әсіресе, теңіз-көлі жоқ, халқы тығыз қоныстанған Анкара, Измир, Бурса қалаларында ауызсуға сұраныс жоғары. Алайда құрғақшылық жағдайды күрделендіріп отыр. Бұған қоса, тозығы жеткен су инфрақұрылымы мәселені ушықтыра түскен. 

Түркияда су тапшылығы ең өткір сезілетін шаһар – Анкара. Аймақта ауызсу жетіспеушілігі әсіресе, 2007 жылы қатты байқалды. Сол кезде ел астанасын тіршілік нәрімен қамтамасыз ету үшін Болу өңірінен, яғни қаладан 125 шақырым қашықтықтан су тартылған. Алайда қалаға бағытталған судың едәуір бөлігі толық жетпей, жолда жоғалады. Бұдан бөлек мегаполистегі халық санының жылдам артуы да су тапшылығын күшейтіп отыр.

Фикри Каплан, сарапшы:

- Ауылдан қалаға қоныс аудару, суды шамадан тыс қолдану сияқты мәселелер ауыз су тапшылығын туындатып отыр. Бұған қоса халық саны да жылдам өсіп жатыр. Мұнан бөлек, климаттың өзгеруі, ауаның ластануы су ресурстарына тікелей әсер етуде.

Бұл түйткіл Анкарамен ғана шектелмейді. Сарапшылардың айтуынша, Түркия аумағының шамамен 80%-ы құрғақшылықтан зардап шегіп отыр. Қара теңіз жағалауы мен Батыс Жерорта теңізі өңірлерінен басқа аймақтарда жауын-шашын көлемі айтарлықтай азайған.

Вакур Сүмер, Селчук университетінің профессоры:

- Климаттың өзгеруі мен құрғақшылық су тапшылығының туындауына бірден бір себеп. Оның экономикалық салдары да бар. Әсіресе ауыл шаруашылығына қатты кесірін тигізіп отыр. Агроаймақтардағы шаруалар жаппай көшіп, өндіріс азая бастады. Бұл түптен келгенде, азық-түлік бағасының өсуіне айтарлықтай әсер етеді.

Мамандар су ресурстарын сақтаудың негізгі жолы оның ауыл шаруашылығында тұтынуын қатаң реттеу екенін айтады. Бұл тіршілік нәрін үнемді пайдалануға ынталандырады. Сондықтан  оны біріздендіретін су ресурстарын басқару туралы заңды қабылдау аса маңызды дейді.

Вакур Сүмер, Селчук университетінің профессоры:

- Түркияда Ұлттық су ресурстары туралы заңды қабылдау мәселесі күн тәртібінде тұр. Бұл құжат 2011 жылдан бері жауапты мекемелер арасында ортақ келісімнің болмауынан әлі талқыланып келеді.  Ауыл шаруашылығы министрлігі биыл оны парламент қарауына ұсынып, бекітуді көздеп отыр.   

Өнеркәсіп пен урбанизация қарқыны бәсеңдемей, ірі қалаларда су тапшылығы тереңдей түседі. Сондықтан балама су көздерін, әсіресе теңіз суын тұщыландыру жобаларын жүзеге асыру керек. Ол үшін бұл бағытта кешенді шешімдер қабылдануы қажет, - дейді сарапшылар.

Авторлары: Ә. Нұрлыбаева, Ж.Сүйіндіков

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
seeКөрілімдер:128
embedДереккөз:https://24.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 26 Қаңтар 2026 07:54
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Мемлекет басшысына елімізді газбен қамтамасыз ету және жаңа газ өңдеу зауыттарының құрылысы туралы есеп берілді

03 Қараша 2026 13:47see169

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

03 Қараша 2026 16:33see164

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

03 Қараша 2026 17:37see161

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

03 Қараша 2026 17:01see157

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

03 Қараша 2026 17:42see157

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

03 Қараша 2026 16:58see141

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

03 Қараша 2026 15:52see138

Еуразиялық экономикалық одақтың нарықтарды қорғау тәжірибесі таныстырылды

03 Қараша 2026 14:08see134

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

03 Қараша 2026 16:51see128

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

03 Қараша 2026 17:44see122

Президент көлік министрін қызметінен босатты

03 Қараша 2026 18:25see122

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

03 Қараша 2026 18:18see121

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

03 Қараша 2026 16:49see118

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

03 Қараша 2026 17:05see116

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

03 Қараша 2026 16:50see115

Президент Жолдауы: дәуірдің жаңа дәптері

03 Қараша 2026 13:47see111

Министр Ақмарал Әлназарова Ақтауда дәрігерге шабуыл жасаған әкенің ісіне қатысты пікір білдірді

03 Қараша 2026 14:24see108

“Ұмай“ ипотекасы үшін кептеліс пе? Алматыдағы Отбасы банк бөлімшесінің алдында халық жиналды

03 Қараша 2026 13:51see108

Жыл сөзі аталды. Сіз оны міндетті түрде естідіңіз

03 Қараша 2026 18:15see106

Жыл сайын 300 400 мың нәрестенің дүниеге келуі балабақшаны көбейту қажет екенін көрсетеді Арман Хайруллин

03 Қараша 2026 14:39see105
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары