Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Президентке Қорғаныс министрлігіндегі жоспардан тыс аудиттің барысы туралы баяндалды

Мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру квотасының орындалуы тоқсан сайын бақыланады

Қазақстандағы Тікенектер белгісі айыппұл болмаса, оны жабыстырудың не қажеті бар

Алматыдағы түнгі ойын сауық орнында қызғаныштан жаппай төбелес болды

Алматыда сазандар мен ақ амурлар мекендейтін құпия су айдыны табылды

Қазақстанда Иранның үш азаматы сотталды

13 жастағы баланың өлімі: Ақтауда хирург күдікті ретінде ұсталды

Венгрия Украинаның Еуроодаққа кіру келіссөздеріне қойылған ветоны алып тастайды БАҚ

ҰҚК ұстаған сот төрағасы мен судья ірі көлемде пара алғаны үшін 9 жылға сотталды

Қазақстанда кептеліс мәселесімен жаңаша айналысады: премьер әкімдіктерге тапсырма берді

Үржар және Атырау әуежайларында өзгерістер күтілуде: жолаушылар үшін не өзгереді

Сапарды кейінге қалдырыңыз : Көлік министрлігі жүргізушілерге ескерту жасады

Банктер қандай жағдайда адамның несиесін толық кешіретіні белгілі болды

Қолайсыз ауа райы: полиция азаматтарды жолда сақ болуға шақырды

Министр цифрландырудың арқасында үнемделген қаржы көлемін айтты

Тоқаев балаларға ерте жастан не түсіндіру керектігін айтты

Астанада шатырдан құлаған құрылыс материалдарынан автомобильдер зардап шекті

БАӘ Қазақстанға іздеуде жүрген үш адамды берді: олар не үшін күдікті деп танылды

Тоқаев Қазақстан мен Оман қандай салаларда бірлескен жобаларды жүзеге асыра алатынын айтты

Тоқаев қылмыстық істер бойынша Еуропамен өзара құқықтық көмекті реттейтін заңға қол қойды

Түркияда Тәттімбет күйі күмбірледі

Түркияда Тәттімбет күйі күмбірледі

Qazaq24.com, 24.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат жариялайды..

«Домбыра». Дәл осындай атаумен Анкарада қазақтың дәстүрлі өнерінің хас шебері, күйші Тәттімбет Қазанғапұлының туғанына 210 жыл толуына орай ғылыми-мәдени іс-шара өтті.

Кешке Түркиядағы ғалымдар мен өнер қайраткерлері, сондай-ақ Қазақстаннан арнайы келген меймандар қатысты.

Тәттімбет тек күйші ғана емес сөздің майын тамызып сөйлейтін шешен, әділетті көксеген ақын болған. Оның бізге 40-тан астам күйі жетті. Соның ішінде шоқтығы биік туындысы – «Бес төре» күйі. Ол халықты жәбірлеген би-төрелердің озбырлығын сипаттайды. Міне, күйшінің дәл осы шығармасы Анкара төрінде күмбірледі.

Кеште Тәттімбет дәстүрін жалғастырушы әрі өнертанушы Жанғали Жүзбаевқа түркі әлеміне ортақ өнерді насихаттап жүргені үшін «Түрксой» төсбелгісі табысталды. Оның айтуынша, Тәттімбеттің күйлерін тұтас игерген, дәстүрін толық меңгерген күйшілер өте аз. Тек Мағауия Хамзин, Уәли Бекенов, Таласбек Әсемқұлов сынды саңлақтар Тәттімбеттің күйлерін тарау-тарауымен шерте білген.

Жанғали Жүзбай, күйші, Ұлттық өнер университетінің профессоры:

- Қазір өзіміздің ағамыз Біләл Ысқақовтан асып тұрғанын көре алмай отырмын. Әрине, әрбір тұлпар өзінің әліне қарай шабады ғой. Біз де анда-санда Тәттімбеттің күйлерін тартып қоямыз. Бірақ асып тарттық деп тасымаймыз. Тәттімбеттің шығармашылығының алдында, әруағының алдында басымызды иіп, именіп, домбыраны қолымызға алатын жайымыз бар.

Жиналған қауым шертпе күйдің атасы Тәттімбеттің шығармашылығын кеңінен талқылап, оның ұлағатты өнер жолына тоқталды.

Еркебұлан Сәпиев, Қазақстан Республикасының Түркиядағы Төтенше және өкілетті елшісі:

- Бүгінгі шарамыз бір жағынан концерт, бір жағынан үлкен бір халықаралық симпозиум, конференция деп атауға болады деп ойлаймын. Өздеріңізге мәлім, домбыра қазақтың, түркі халықтарының тек қана аспабы емес, бүкіл дүниежүзі түркі тілдес халықтардың бізді біріктіретін символ.

Кеште қазақ ақындары Тәттімбетке арналған жыр жолдарын оқыса, түрік қаламгерлері ұлттық аспаптың қадір-қасиетін өз тілінде ұлықтады.

Анадолы елінде қасиетті қара домбыраға қызығушылық барған сайын артып келеді. Сол себепті Түрксой ұйымы Юнус Эмре институтымен бірлесіп арнайы үйірмелер ашқан. Мұндай орталықтар Түркияда ғана емес, Франция, Германия, Голландия, Мажарстан сияқты Еуропа елдерінде де жұмыс істейді, - дейді ұйымның бас хатшысы.

Сұлтан Раев, Түрксой Халықаралық ұйымының бас хатшысы:

- Мәдениетімізді өзге аймақтарға дәріптеп, таныту үшін арнайы зертхана құрдық. Еуропа өлкелерінде елшіліктердің қолдауымен домбыра сыныптары ашылған. Бұл үйірмелерде «мен қазақпын» деген азаматтармен бірге өзге де түркі халықтарының өкілдері де домбырада ойнауды, Тәттімбеттің күйлерін тартуды үйреніп жүр.

Анкара төрінде өткен «Домбыра» кеші қазақтың күй өнерін түркі жұртына тағы бір мәрте паш етті.

Авторлары: Ә. Нұрлыбаева, Ж.Сүйіндіков

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
seeКөрілімдер:173
embedДереккөз:https://24.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 11 Қараша 2025 02:49
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Президентке Қорғаныс министрлігіндегі жоспардан тыс аудиттің барысы туралы баяндалды

05 Қазан 2026 16:26see141

Мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру квотасының орындалуы тоқсан сайын бақыланады

05 Қазан 2026 15:44see139

Қазақстандағы Тікенектер белгісі айыппұл болмаса, оны жабыстырудың не қажеті бар

05 Қазан 2026 09:29see138

Алматыдағы түнгі ойын сауық орнында қызғаныштан жаппай төбелес болды

05 Қазан 2026 19:06see138

Алматыда сазандар мен ақ амурлар мекендейтін құпия су айдыны табылды

05 Қазан 2026 18:33see137

Қазақстанда Иранның үш азаматы сотталды

05 Қазан 2026 13:04see136

13 жастағы баланың өлімі: Ақтауда хирург күдікті ретінде ұсталды

05 Қазан 2026 12:30see135

Венгрия Украинаның Еуроодаққа кіру келіссөздеріне қойылған ветоны алып тастайды БАҚ

05 Қазан 2026 22:07see130

ҰҚК ұстаған сот төрағасы мен судья ірі көлемде пара алғаны үшін 9 жылға сотталды

05 Қазан 2026 17:52see129

Қазақстанда кептеліс мәселесімен жаңаша айналысады: премьер әкімдіктерге тапсырма берді

06 Қазан 2026 10:57see127

Үржар және Атырау әуежайларында өзгерістер күтілуде: жолаушылар үшін не өзгереді

05 Қазан 2026 15:34see127

Сапарды кейінге қалдырыңыз : Көлік министрлігі жүргізушілерге ескерту жасады

06 Қазан 2026 10:24see125

Банктер қандай жағдайда адамның несиесін толық кешіретіні белгілі болды

06 Қазан 2026 14:54see125

Қолайсыз ауа райы: полиция азаматтарды жолда сақ болуға шақырды

05 Қазан 2026 19:42see124

Министр цифрландырудың арқасында үнемделген қаржы көлемін айтты

06 Қазан 2026 12:42see124

Тоқаев балаларға ерте жастан не түсіндіру керектігін айтты

05 Қазан 2026 15:02see123

Астанада шатырдан құлаған құрылыс материалдарынан автомобильдер зардап шекті

06 Қазан 2026 13:27see122

БАӘ Қазақстанға іздеуде жүрген үш адамды берді: олар не үшін күдікті деп танылды

06 Қазан 2026 11:27see118

Тоқаев Қазақстан мен Оман қандай салаларда бірлескен жобаларды жүзеге асыра алатынын айтты

06 Қазан 2026 19:40see117

Тоқаев қылмыстық істер бойынша Еуропамен өзара құқықтық көмекті реттейтін заңға қол қойды

06 Қазан 2026 20:27see117
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары