Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Алматыдағы түнгі ойын сауық орнында қызғаныштан жаппай төбелес болды

Қазақстанда кептеліс мәселесімен жаңаша айналысады: премьер әкімдіктерге тапсырма берді

Венгрия Украинаның Еуроодаққа кіру келіссөздеріне қойылған ветоны алып тастайды БАҚ

Банктер қандай жағдайда адамның несиесін толық кешіретіні белгілі болды

Сапарды кейінге қалдырыңыз : Көлік министрлігі жүргізушілерге ескерту жасады

Министр цифрландырудың арқасында үнемделген қаржы көлемін айтты

Қолайсыз ауа райы: полиция азаматтарды жолда сақ болуға шақырды

Астанада шатырдан құлаған құрылыс материалдарынан автомобильдер зардап шекті

БАӘ Қазақстанға іздеуде жүрген үш адамды берді: олар не үшін күдікті деп танылды

Тоқаев қылмыстық істер бойынша Еуропамен өзара құқықтық көмекті реттейтін заңға қол қойды

Тоқаев Қазақстан мен Оман қандай салаларда бірлескен жобаларды жүзеге асыра алатынын айтты

Украинада мектеп оқулықтары казактар ​​тарихын қалай жазып жатыр видео

Тоқаев Оман Сұлтанының бітімгерлік рөлін жоғары бағалады

Елімізде заңсыз су саудасы мен қара нарыққа қарсы анонимді шағым қабылдау басталды

Жаһандық үндестікке бастар жол

Жазира Байырбекованың келінімен түскен видеосы көрерменді сүйсінтті (видео)

Әріп танымайды : Оралда 10 жастағы бала қоқыс алаңында өмір сүрген

Жалақы 300 мың, пәтер 100 миллион: салық қызметі не сұрайды

Қазақстан мен Оман бірлескен мәлімдеме жасады

Варшавада сарапшы Қазақстанның азаптауға қарсы тәжірибесіне тоқталды

Тұзды жерде өсірілген түйежоңышқа

Тұзды жерде өсірілген түйежоңышқа

Egemen.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып, Qazaq24.com түсініктеме жасады..

Оның айтуынша, ғылыми ізденісін мал азығына арналған өсімдіктерді өсіру, жайылым шаруашылығы мен геоэкология саласын тұрақты дамытуға серпін берер өзекті мәселелердің түйінін табуға арнады. Мәселен, 1985–1990 жылдары Каспий теңізінің жағалауын кешенді зерттеп, тұзданған топырақта өсетін мал азықтық өсімдіктерді іріктеу жұмысын қолға алды. Өйткені теңіз жағалауының кейбір бөлігін тұз басқан.

«Мұндай топырақта тұздың улы иондарының жиынтығы 0,9%-дан асады. Тұзданудың әсерінен тозған жерді қалпына келтіру, мал шаруашылығын дамыту үшін жемшөп қорын көбейту бағытында зерттеу жүргіздім. Өйткені өзім ауылда өстім. Он алты жасымда кеңшарда шопан болып жұмыс істедім. Сол кезде мал санын көбейту үшін әуелі шабындық аумақты, жемшөптің мол қорын дайындау қажет екенін түсіндім. Бірақ жыл сайын қазақ даласы, әсіресе батыс аймақтағы жер тозып барады. Мәселен, Атырау облысы аумағындағы жердің 92 пайызы тұзданған. Демек мұндай жерде түрлі әдіспен егілген шөптің өнімділігі төмен болады. Топырақтағы тұз кетпей, сапалы өнім алу мүмкін емес», дейді ауыл шаруашылығы ғылымдарының докторы Б.Мұхамбетов.

Ғалымның ғылыми зерттеулерінің нәтижелері «Scopus» және «Web of Science» базасында индекс­те­летін халықаралық ғылыми журналдарда жарияланып жүр. Агроөнеркәсіптік кешен үшін практикалық маңызы бар бірқатар патент мен селекциялық жетістіктердің авторы атанған ғалымның ғылыми жұмысының негізгі бағытының бірі – 2024–2026 жылдары жүзеге асырылып жатқан «Аридтік өсімдіктерді өсірудің тиімді технологияларын әзірлеу (жартылай шөлейт және шөлейт)» жобасы. Қазір аталған жоба аясында еліміздің батысындағы облыстардың күрделі табиғи-климаттық жағдайына бейімделген мал азықтық дақылдарды өсірудің заманауи әдістері әзірленіп жатыр.

Болат Мұхамбетовтің ұзақ жылғы ғылыми ізде­нісінің қатарында «Медовый» аталатын сары түйежоңышқа сортының тұқымы бар. Қазір бұл тұқым қолданысқа енгізілді. Тұқым Қызылорда облысында шөп, пішен және сүрлем өсіру үшін жеткізіліпті. Сондай-ақ тұзданған топырақтың құнарлығын қалпына келтіру мақсатында пайдаланылады.

«Түйежоңышқаның жаңа сорты көптеп өсірілсе, бір гектардан 600 килоға дейін бал алуға болады. Бұл ара шаруашылығы мен ауыл экономикасын дамытуға жаңа мүмкіндік береді. Қазақстанның батысында аридті өңірдегі шаруашылықтарда изенді (Kochia prostrata) өсіру, соның негізінде мал азығын дайындау технологиялары енгізіліп жатыр. Зерттеулер гранттық жоба аясында 40–50 гектар аумақта жалғасып, өндірістік деңгейде жүзеге асырылады. Былтыр дайындалған ғылыми-практикалық ұсыныстар фермерлер мен ауыл шаруашылығы тауа­рын өндірушілер тарапынан тәжірибелік нұс­қаулық ретінде қолданылып келеді», дейді ғалым.

Әріптестері Болат Мұхамбетовтің әзірлеген ғылыми тұжырымдардың аграрлық секторды  дамыту үшін маңызы ерекше екенін жоққа шығармайды. Өйткені оның бірнеше себебі бар. Ғалымның пікірінше, біріншіден, Батыс Қазақстандағы тозған жайылымдарды қалпына келтіруге ықпал етеді. Екіншіден, Каспий теңізі маңындағы тұзданған аумақта суармалы мәдени жайылымдар құрудың ғылыми негізін қалыптастырады. Үшіншіден, мал шаруашылығы үшін жемшөп қорын нығайту серпін береді. Төртіншіден, эрозиялық үдерістердің алдын алуға жол ашады.

Көп жылғы ізденісінің нәтижесінде түйежоңыш­қаның тұзды жерде өсетін ақ түсті «Аркас», сары түсті «Медовый» түріне назар аударып отыр. Бұл өсімдіктердің жаңа түрлері 1 метр 70 сантиметрге дейін өседі.  

«Кейінгі үш жылда 17 түрлі өсімдік өсірдік. Соның ішінде түйежоңышқаны өсіруді дамытуға бет бұрдық. Бұл – үздіксіз өсетін өсімдік. Түйежоңышқаның бұл сорттарын Қызылорда облысының Сырдария, Жалағаш аудандарындағы шаруа қожалықтары өсіре бастады. Сол өңірдегі «Таң», «Абзал» шаруашылықтары бастапқыда 60 гектарға, кейін 120 гектарға  өсіруді қолға алды», дейді Б.Мұхамбетов.

Атырау облысы 

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
seeКөрілімдер:96
embedДереккөз:https://egemen.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 09 Шілде 2026 08:44
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Алматыдағы түнгі ойын сауық орнында қызғаныштан жаппай төбелес болды

05 Қазан 2026 19:06see144

Қазақстанда кептеліс мәселесімен жаңаша айналысады: премьер әкімдіктерге тапсырма берді

06 Қазан 2026 10:57see139

Венгрия Украинаның Еуроодаққа кіру келіссөздеріне қойылған ветоны алып тастайды БАҚ

05 Қазан 2026 22:07see137

Банктер қандай жағдайда адамның несиесін толық кешіретіні белгілі болды

06 Қазан 2026 14:54see135

Сапарды кейінге қалдырыңыз : Көлік министрлігі жүргізушілерге ескерту жасады

06 Қазан 2026 10:24see133

Министр цифрландырудың арқасында үнемделген қаржы көлемін айтты

06 Қазан 2026 12:42see131

Қолайсыз ауа райы: полиция азаматтарды жолда сақ болуға шақырды

05 Қазан 2026 19:42see130

Астанада шатырдан құлаған құрылыс материалдарынан автомобильдер зардап шекті

06 Қазан 2026 13:27see130

БАӘ Қазақстанға іздеуде жүрген үш адамды берді: олар не үшін күдікті деп танылды

06 Қазан 2026 11:27see125

Тоқаев қылмыстық істер бойынша Еуропамен өзара құқықтық көмекті реттейтін заңға қол қойды

06 Қазан 2026 20:27see124

Тоқаев Қазақстан мен Оман қандай салаларда бірлескен жобаларды жүзеге асыра алатынын айтты

06 Қазан 2026 19:40see124

Украинада мектеп оқулықтары казактар ​​тарихын қалай жазып жатыр видео

07 Қазан 2026 05:13see121

Тоқаев Оман Сұлтанының бітімгерлік рөлін жоғары бағалады

06 Қазан 2026 19:07see117

Елімізде заңсыз су саудасы мен қара нарыққа қарсы анонимді шағым қабылдау басталды

06 Қазан 2026 07:56see116

Жаһандық үндестікке бастар жол

06 Қазан 2026 06:32see115

Жазира Байырбекованың келінімен түскен видеосы көрерменді сүйсінтті (видео)

06 Қазан 2026 21:25see115

Әріп танымайды : Оралда 10 жастағы бала қоқыс алаңында өмір сүрген

06 Қазан 2026 14:21see114

Жалақы 300 мың, пәтер 100 миллион: салық қызметі не сұрайды

06 Қазан 2026 11:13see113

Қазақстан мен Оман бірлескен мәлімдеме жасады

06 Қазан 2026 15:01see110

Варшавада сарапшы Қазақстанның азаптауға қарсы тәжірибесіне тоқталды

06 Қазан 2026 15:43see108
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары