Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Мемлекет басшысына елімізді газбен қамтамасыз ету және жаңа газ өңдеу зауыттарының құрылысы туралы есеп берілді

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

Еуразиялық экономикалық одақтың нарықтарды қорғау тәжірибесі таныстырылды

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

Президент көлік министрін қызметінен босатты

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

Президент Жолдауы: дәуірдің жаңа дәптері

Министр Ақмарал Әлназарова Ақтауда дәрігерге шабуыл жасаған әкенің ісіне қатысты пікір білдірді

“Ұмай“ ипотекасы үшін кептеліс пе? Алматыдағы Отбасы банк бөлімшесінің алдында халық жиналды

Жыл сөзі аталды. Сіз оны міндетті түрде естідіңіз

Жыл сайын 300 400 мың нәрестенің дүниеге келуі балабақшаны көбейту қажет екенін көрсетеді Арман Хайруллин

Қайтарылған жерде қайыр бар

Қайтарылған жерде қайыр бар

Qazaq24.com, Aikyn.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратты..

Соның салдарынан қолда бар төрт түлігіне жайылым жер таппай қиналған жұрт болды. Кейінгі жылдары бұл мәселе де оң шешімін тауып келеді. Латифундистердің иелігіне өтіп, пайдаланылмай бос жатқан жерлер мемлекет меншігіне қайтарыла бастады. Сөйтіп, тірлік жасаймын деген шаруаға жер үлестіру ісі қайта жанданды.

Мемлекет басшысы Жолдауда «Жер – стратегиялық ресурс» деп атағаны есте. Оның бар игілігін халық көріп, шаруашылықпен айналысатын өз маман­дарына беріп, қайтарылған жерлерді халықтың тұрмысын жақсартуға негіздеу керек екенін, бұл жолда әлі де тын­ды­рымды істер атқару қажетін нақтылап берген болатын. Сондай-ақ жер бөлуді цифрлық форматқа көшіруді айтқан еді.

Ауыл шаруашылығы министрлігінің мәліметінше, 2022 жылдан бері барлығы 14,3 млн гектар жер мемлекеттік меншікке қайтарылыпты. Дәлірек, 2022 жылы – 5,4 млн гектар, 2023 жылы – 4,6 млн гек­тар, 2024 жылы – 2,2 млн гектар, сондай-ақ 2025 жылдың басынан бері  2,1 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтіпті. Соның ішінде 12,5 млн гектары – жайылым жерлер. Бұл алқаптарда 16,1 мың шаруашылықта мал болмаған немесе жайылымға түсетін жүктеменің төмендігі анықталған. Сонымен бірге 2022 жылдан бастап құқық қорғау органдары мен жұртшылықтың қатысуымен «Жерді тиімді пайдалану мәселелері» жөніндегі республикалық комиссия жұмыс істеп келеді. 2025 жылы комиссияның 3 отырысы және өңірлерде 42 өңірлік кеңес өткізілді. Құрылған күннен бері республикалық комиссияның 18 отырысы және өңірлердегі ведомствоаралық кіші топтардың 430 отырысы өтіпті. Бұл бағыттағы іс осымен доғарылмайды. Өйткені жер мәселесі қашанда өзекті. 

Әділ бөлінген жер игеріледі

Біздің елде енді цифрлық платформаның көмегімен жерді бақылау, үлестіру қызметі электронды форматқа көшті. Биылдан бастап eGov.kz порталында жер учаскесін жалдау мерзімін ұзарту, жер учаскесін жекеменшікке біржолғы төлеммен немесе бөліп төлеу арқылы сату, сондай-ақ жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгерту туралы шешім беру сияқты  мемлекеттік қызметтер қолжетімді. 2022 жылдан бері мемлекетке қайтарылған жерлердің 7,7 млн гектары қайта бөлініпті. 2,7 млн гектар  мал жаю үшін ортақ пайдалануға берілсе, 5 млн гектар  конкурстық негізде ұсынылған. Сонымен қатар жер пайдаланушылар 4,6 млн гектар алқапта жерлерін тиімді пай­далануға кіріскенге ұқсайды. 

Қайтарылған жер үлестіру мәселесінде әлі де жетілдіре түсетін тетіктер бар екенін сала мамандары жиі айтып жүр. Қазақстан Фермерлер қауымдастығы төрағасының орынбасары Акпар Мәуленов жер үлестіру ісінде олқылықтарды жоққа шығармайды. Мәселен, отбасылық әлеуетін, шаруа қожалықтың жағдайына қарап жер беру керек деген ұстанымда. Ол құзырлы  органдар жерді шын кәсіппен шұғылданып отырғандар мен шаруашылықты игеруге құлықты адамдарға берсе, шаруаның ісі алға басатынына сенімді. 

– Қайтарылған жерлер шаруаларға үлестіріле бастады. Салалық министрлік, жергілікті әкімдіктер шаруаларға үлестіру жағымен айналысып отыр. Заңға сәйкес, комиссия шешімімен мал жайылымдық, шабындық, егістік жерлер деп бөлінеді. Кейде жергілікті атқарушы органдар ере­жені сақтамай, тамыр-таныстыққа салып жер беріп, шаруа ісі алға өрлемей жатаны жасырын емес. Өмірде түрлі сәт болады. Мысалы, бір шаруашылықтың қожайыны мезгілсіз дүниеден өтсе, әлгі берілген жерді бірден қайтарып алатын жағдайларды да естіп-көріп жүрміз. Мұндай кезде сол отбасының шаруаны дөңгелететін адамы болса, жерді қалдыру керек. Көбіне шаруа қожалықпен айналысқысы келетін орта және шағын кәсіптегі шаруалар. Олар 5-10 гектардан бастап жер сұрайды. Жерді үлестіру заң шеңберінен шықпай, құзырлы органдар тарапынан қатты қадағаланып, жер бөлу шынайы орындалса екен, – дейді Фермерлер қауымдастығының өкілі. 

Толағай табыс көзі

Пайдаланылмай бос жатқан жерлерді мемлекет меншігіне қайтару ісі тоқтамайды. Осы салаға жауапты министрліктің дере­гінде Президенттің Жолдауында белгілен­ген тағы 7,5 млн гектар жерді қайта бөлу жұмыстары жалғаспақ. Үкімет тарапынан әкімдіктерге бірінші кезекте жергілікті тұрғындардың жайылымға деген қажетті­ліктерін және ауыл шаруашы­лы­ғымен айналысқысы келетін азаматтардың мүд­де­лерін ескеру тапсырылыпты. Демек, аталған көрсеткіштермен іс бітпейді. Қол­данылмай, игерілмеген жерлер  малшы, егінші сияқты шаруаларға қайта үлестіріле бермек. Белгілі экономист Сапарбай Жобаев жерді уағында қалталылар бөліп алып, игермей құр сатып пайда табу, өз басының қамын күйттеумен айналысқанын алға тартады. Қаржы саласы маманының сөзінше, қайтарылған әрбір гектар жер, тиімді қолданыста болса, ел бюджетін еселеуге зор септігін тигізеді деп санайды.

– Мемлекетке бос пайдаланылмай жатқан жерлерді қайтару оң бастама. Кез­інде жерді жекешелендіріп, банктен көп қаржы рәсімдеп, оған шетелден дүние-мүлік алып, кепілдегі жерін банкке өткізіп кеткендер болды.  Ондайға енді жол бермейік. Бидай, күріш дәнді-дақыл­дарынан, егін шаруашылығынан,  ет-сүт мал шаруашылығынан түсетін өнімдер импортқа тәуелділіктен арылтады. Ал мұны жүзеге асыру үшін шаруаның иелігінде жер болуы тиіс. Сондай-ақ біраз бұрын Түркістан облысы Шәуілдір аудан­ында мақта өндірісін дамытамыз деп қытайлық­тардың жер иемденгені айтылды. Алматы маңында өндіріс ашуға жер қалмапты деген ақпараттарды жиі естиміз. Сондықтан да жерге мониторинг күшейгені абзал. Бізде жер 49 жылға жалға беріледі. Бүгінгі қолданыстағы ереже бойынша 2 жылда пайдаланбаса, мемлекет өтеді. Мәселен, Польшада, Чехияда тіпті жерді жекемен­шікке беріп, пайда тауып отыр. Сол себепті жекеге беру тетіктерін де пысықтайық, бірақ шетелдіктерге сатпайық. Егер жерді дұрыс игеріп, өнім алып, мал басын көбейтіп, әртүрлі өндіріс орнын ашсақ, ел экономикасының табысы артары сөзсіз, – деп пайымдайды экономист.

Қазір АҚШ, Аустралия, Бразилия жерді игеру, одан ауыл шаруашылығы, мал шаруашылығы бағытында өнім алу бойынша көш бастап тұр. Яғни, қаржы сарапшысының сөзіне сүйенсек, біз де осы межені бағындыруға толық мүмкіндік бар көрінеді. 

Халық игілігіне жарап тұр

Үкімет дерегінше, жайылым жерге ерекше назар аударылады. 2025 жылы әкімдіктер халықтың жалпы пайдалануына 1,3 млн гектар жайылым жерді бекітіп берді. Пайдаланылмай жатқан жерді қайтару, елді мекендердің шекарасын кеңейту мен учаскелерді резервтеу есебінен жайылым тапшылығы 3,5 млн гектарға дейін қысқарыпты. Бүгінге дейін қайта бөлінген жерлердің жалпы ауданы 8,5 млн гектар құраған. Жерді қайтару, оны шаруа­ларға үлестіру жайын егжей-тегжейлі Ауыл шаруашылық министрлігіне қарасты Жер ресурстарын басқару комитетінің құрамын­дағы Құжаттамалық қамтамасыз ету және БАҚ-пен жұмыс басқармасының басшысы Дархан Серікұлы мәлімдеді. Ол сонымен бірге бұл бағытта Бас прокуратура орган­дарының, қоғамдық өкілдердің,  «AMANAT» партиясы жанынан құрылған «Жер аманаты» комиссиясының атқарып жатқан істеріне де тоқталды.

– Мемлекет басшысының тапсыр­масына сәйкес, 2022 жылдан бері мемлекет меншігіне пайдаланылмаған немесе заң­нама талаптарын бұза отырып табысталған 14,3 млн гектар жер қайтарылды. Бұл бағытта «Жер аманаты» комиссиясы мен  «AMANAT» партиясының қоғамдық ба­қы­лау мен ашықтықты қамтамасыз етуде рөлі ерекше. Жер кодексінің 92-94-бап­тарына сәйкес пайдаланылмай жатқан жер учаскелерін анықтау, қайтарып алу бойынша заңнамалық нормалар белгіленген. 2025 жылы комитеттің аумақтық бөлім­шелерімен бірге 2,4 млн аумақты 2 053 жоспардан тыс тексеру жұмысы жүргізілді. 1,9 млн гектарға 1 563 бұзушылықты жою жөніндегі нұсқама берілді. Бұрын берілген нұсқамалар бойынша 986 мың гектар жерде қазір жерді қайта игеру басталған. Былтыр пайдаланылмай жатқан, жер заңнамасын бұза отырып табысталған 2 млн гектар жерді қайтару туралы респуб­ликалық жоспар болған. Бұл жоспар былтырғы жылдың соңында арты­ғымен орындалып, 2,1 млн гектар болып қайтты. Жер кодексінің 43.1-бабына сәйкес қайта­рылған жерлер конкурс негізінде табыста­лады, –  Мұны жүзеге асыру жергі­лікті атқарушы органдар қызметіне кіреді. 2026 жылғы жағдай бойынша бұған дейін қайта­рылған 8,5 млн гектар жер қайта бөлінді. Оның ішінде 2,8 млн гектар жер жер­гілікті халық мал жайылуына 5,7 млн гектар жер конкурстық негізде ауыл шаруа­шылығы өндіріс субьектілеріне табысталды. Президент тапсырмасына 2026 жылдың ортасына дейін қалған 5,1 млн гектар жерді тұрақты айналымға тарту жоспарда бар, – деді маман.

Тоқетері, біздің елде кейінгі 4 жылда 14,3 млн астам гектар жер мемлекет мен­шігіне көшіп, 8,5 млн гектар жер шаруаларға үлестірілді. Бұдан былай мемлекеттік қызметтер және ақпарат электронды порталы арқылы жер алуға өтінім беретін болады. Кейінгі үш жылда Атырауда 26 субъек­тіге – 4,2 млн теңге, Түркістан облысында 127 адамға 21,2 млн теңге айыппұл салынғаны белгілі. Демек, жаза күшейіп келеді. Енді жерді заңсыз иемдену қылмыстық жауапкершілікпен де өлшене түспек. Аталған көрсеткіштер халық тұрмысының жақсаруына негіз болып отыр. Жерді ел-жұрт тұрмысын түзеуге, өмір сапасын жақсартуға пайдаланып, одан көл-көсір табыс тапса, мемлекеттің де, халықтың да көңілі жай болмақ.

Олжас ЖОЛДЫБАЙ

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
seeКөрілімдер:176
embedДереккөз:https://aikyn.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 05 Ақпан 2026 07:22
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Мемлекет басшысына елімізді газбен қамтамасыз ету және жаңа газ өңдеу зауыттарының құрылысы туралы есеп берілді

03 Қараша 2026 13:47see169

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

03 Қараша 2026 16:33see164

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

03 Қараша 2026 17:37see161

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

03 Қараша 2026 17:01see157

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

03 Қараша 2026 17:42see157

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

03 Қараша 2026 16:58see141

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

03 Қараша 2026 15:52see138

Еуразиялық экономикалық одақтың нарықтарды қорғау тәжірибесі таныстырылды

03 Қараша 2026 14:08see134

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

03 Қараша 2026 16:51see128

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

03 Қараша 2026 17:44see122

Президент көлік министрін қызметінен босатты

03 Қараша 2026 18:25see122

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

03 Қараша 2026 18:18see121

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

03 Қараша 2026 16:49see118

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

03 Қараша 2026 17:05see116

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

03 Қараша 2026 16:50see115

Президент Жолдауы: дәуірдің жаңа дәптері

03 Қараша 2026 13:47see111

Министр Ақмарал Әлназарова Ақтауда дәрігерге шабуыл жасаған әкенің ісіне қатысты пікір білдірді

03 Қараша 2026 14:24see108

“Ұмай“ ипотекасы үшін кептеліс пе? Алматыдағы Отбасы банк бөлімшесінің алдында халық жиналды

03 Қараша 2026 13:51see108

Жыл сөзі аталды. Сіз оны міндетті түрде естідіңіз

03 Қараша 2026 18:15see106

Жыл сайын 300 400 мың нәрестенің дүниеге келуі балабақшаны көбейту қажет екенін көрсетеді Арман Хайруллин

03 Қараша 2026 14:39see105
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары