Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

Президент көлік министрін қызметінен босатты

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

Жыл сөзі аталды. Сіз оны міндетті түрде естідіңіз

Ауыл шаруашылығы өкілдері аграрлық саланы дамыту мәселелерін талқылады

Ақтөбе облысында мұнай өңдеу зауыты салынады

Өсімдік майының өндірісі 25 пайызға өсті

Кушнер АҚШ тың Украинадағы қақтығысты тоқтату мақсатын түсіндірді

Рыбакина қатысатын WTA қорытынды турнирінің алғашқы ойындарының кестесі жарияланды

Путин Ресей халқы бөлінбеуі үшін көп жұмыс жасады Мемлекеттік Дума депутаты

Тылсымға толы Берікқара

Тылсымға толы Берікқара

Egemen.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабарлайды..

Тарихы мыңжылдықтармен сабақтасып жатқан Әулиеата өңірінде қойнауына сыр бүккен киелі жерлер жеткілікті. Қарбаласқа толы күнделікті күйкі тірліктен жабыққан жұрт тау самалына кекілін таратып, таза ауада тыныққысы келеді. Асқақ Алатаудың баурайында дем басқан жұрт әредік Берікқара қорығына да ат басын бұрады. Мұндағы көз де, көңіл де тояттайтын тамаша пейзаж адам жанын жадыратады. Төңіректі тұтас жаулаған сұлулыққа көз суарып, бір жасап қаласың.

«Әркімнің туған жері – Мысыр шәрі» деуші ме еді? Алайда Берікқараға табаны тиген жергілікті тұрғындар ғана емес, өңірге келген меймандар да «жер жәннаты екен» деп жатады. Шақпақтың салқын самалы дидарыңды өпкен сайын саф ауа­ны құшырлана, құмарлана жұтып, маңайдағы қисапсыз сұлулыққа көз алмай ұзақ қарайсың. Шатқалдағы самсаған өсімдік төңіректі түрлендіріп тұр. Оның ішінде жойылуға шақ қалған табиғат байлығы да жетіп артылады.

Жердің көркіне телінген Берікқара аудан орталығынан алыс емес, 30 шақырым қашықтықта жатыр. Шатқалдағы сирек ұшырасатын теректер мен қызғалдақтар кімнің де болсын қызығушылығын тудырмай қоймайды. Басқа елден келген меймандар Берікқарада жатқан қисапсыз байлыққа сүйсіне көз тігіп, көп дерекке қаныққысы келеді. Олардың сан түрлі сауал қойып, табиғат тамашасы туралы тереңірек білгісі келетінін өзіміз де байқағанбыз.

Әрине, қойнауы қазынаға толы шатқал мемлекет назарынан тыс қалмайтыны айтпаса да түсінікті. Содан да болса керек, Үкімет біраз уақыт бұрын арнайы қаулы шығарып, қорықты қамқорлыққа алды. Бір сөзбен айтқанда, Берікқараны мемлекеттік қаумал, ерекше қорғалатын табиғи аумақ санатына енгізді. Жуалы жұртының ғана емес, Жамбыл өңірінің мақтанышына айналған шатқалдың жалпы аумағы 17,5 мың гектар жерді алып жатыр.

Облыс аумағындағы ең көрікті жерлердің санатына енген Берікқара шатқалы туралы айтылатын әңгіме аз емес. Жуалы жұрты да қорық туралы сан түрлі болжамға негізделген деректерді жиі тілге тиек етіп жатады. Жұрт айтқан деректің бірі Берікқара шатқалын жаугершілік кезеңмен байланыстырады. Жергілікті халықтың айтуынша, шатқал ықылым заманда жауға қарсы қол бастаған, бейбіт заманда тау аңғарында елді егіншілікке үндеп арық қаздырып, елге шарапаты тиген Берік есімді кедей жігіттің есімімен аталған көрінеді. Әлбетте, бұл шатқал атауына қатысты айтылатын сан түрлі әңгіменің бір нұсқасы ғана.

Бірнеше жыл бұрын дүниеден озған жамбылдық қаламгер Кәрім Баялиев өз еңбегінде Берікқараға қатысты тағы бір деректің шетін шығарған болатын. Ол «Жасарған Жамбыл жерінде» атты жинағында жоңғар шапқыншылығы кезінде дәл осы шатқалда берік қамал болған дегенді алға тартады. «Шатқалдың атауы сол себепті Берікқара деп аталған» дейді ол өзі білетін мәліметті бөлісіп.

Жуалылықтар табиғаттың тосын мінезі мен құбылысын да осы шатқалмен байланыстырады. Нақтырақ айтсақ, көктем, күз мезгілінде жиі соғатын дауылды жергілікті халық «Берікқара желі» деп атап кеткен. Бұл шатқалға қатысты әңгімелерді естіген сайын құпиясын аша түскің келеді, жаңа деректермен танысуға бейіл тұрасың.

Шынында да, Берікқара шатқалындағы табиғат ғажайыптары тамсандырмай қоймайды. Өлкетанушылар келтірген дерекке сенсек, «Қызыл кітапқа» енген ағаштар мен шөптердің сирек тұқымдарын, тіпті жабайы алманың да жоғалуға айналған сирек сұрпын Берікқара шатқалынан кездестіруге болады. Бұдан бөлек мұнда жиі ұшырасатын Зарафшан аршасы, речель алмұрты, Тянь-Шань жоңышқасы, тау сағызы, көк тікен, Корольков бәйшешегі, Грейг, Кауфман қызғалдағы, Берікқара терегі көздің жауын алады.

Мамандар Берікқара шатқалын айрықша бағалайды. Олар келтірген дерекке сенсек, сирек кездесетін терек шатқалдың терең түкпірінде ілгерідегідей көп болмаса да, аздап ұшырасады. Мұндай терек Тек АҚШ шатқалдарының бірінде ғана бар көрінеді.

Қалай алып қарасақ та, Берік­қара шатқалы Жамбыл облысындағы ең көрік­ті жерлер санатына жатады. Шатқалдағы та­биғи байлықты мамандар қай кезде де назардан тыс қалдырған емес. «Берікқараның табиғи байлығы – әлемде сирек кездесетін теректері», дейді олар.

Жамбыл облысы,

Жуалы ауданы

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
seeКөрілімдер:147
embedДереккөз:https://egemen.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 28 Қаңтар 2026 08:23
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

03 Қараша 2026 16:33see167

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

03 Қараша 2026 17:37see163

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

03 Қараша 2026 17:42see159

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

03 Қараша 2026 17:01see159

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

03 Қараша 2026 16:58see143

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

03 Қараша 2026 15:52see140

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

03 Қараша 2026 16:51see130

Президент көлік министрін қызметінен босатты

03 Қараша 2026 18:25see124

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

03 Қараша 2026 17:44see124

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

03 Қараша 2026 18:18see123

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

03 Қараша 2026 16:49see120

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

03 Қараша 2026 17:05see118

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

03 Қараша 2026 16:50see117

Жыл сөзі аталды. Сіз оны міндетті түрде естідіңіз

03 Қараша 2026 18:15see108

Ауыл шаруашылығы өкілдері аграрлық саланы дамыту мәселелерін талқылады

05 Қараша 2026 14:56see107

Ақтөбе облысында мұнай өңдеу зауыты салынады

05 Қараша 2026 14:21see105

Өсімдік майының өндірісі 25 пайызға өсті

05 Қараша 2026 14:21see104

Кушнер АҚШ тың Украинадағы қақтығысты тоқтату мақсатын түсіндірді

05 Қараша 2026 14:21see104

Рыбакина қатысатын WTA қорытынды турнирінің алғашқы ойындарының кестесі жарияланды

05 Қараша 2026 14:15see104

Путин Ресей халқы бөлінбеуі үшін көп жұмыс жасады Мемлекеттік Дума депутаты

05 Қараша 2026 14:21see104
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары