Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Президентке Қорғаныс министрлігіндегі жоспардан тыс аудиттің барысы туралы баяндалды

Мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру квотасының орындалуы тоқсан сайын бақыланады

Қазақстандағы Тікенектер белгісі айыппұл болмаса, оны жабыстырудың не қажеті бар

Алматыдағы түнгі ойын сауық орнында қызғаныштан жаппай төбелес болды

Алматыда сазандар мен ақ амурлар мекендейтін құпия су айдыны табылды

Қазақстанда Иранның үш азаматы сотталды

13 жастағы баланың өлімі: Ақтауда хирург күдікті ретінде ұсталды

Венгрия Украинаның Еуроодаққа кіру келіссөздеріне қойылған ветоны алып тастайды БАҚ

ҰҚК ұстаған сот төрағасы мен судья ірі көлемде пара алғаны үшін 9 жылға сотталды

Үржар және Атырау әуежайларында өзгерістер күтілуде: жолаушылар үшін не өзгереді

Қазақстанда кептеліс мәселесімен жаңаша айналысады: премьер әкімдіктерге тапсырма берді

Сапарды кейінге қалдырыңыз : Көлік министрлігі жүргізушілерге ескерту жасады

Банктер қандай жағдайда адамның несиесін толық кешіретіні белгілі болды

Қолайсыз ауа райы: полиция азаматтарды жолда сақ болуға шақырды

Министр цифрландырудың арқасында үнемделген қаржы көлемін айтты

Тоқаев балаларға ерте жастан не түсіндіру керектігін айтты

Астанада шатырдан құлаған құрылыс материалдарынан автомобильдер зардап шекті

БАӘ Қазақстанға іздеуде жүрген үш адамды берді: олар не үшін күдікті деп танылды

Тоқаев Қазақстан мен Оман қандай салаларда бірлескен жобаларды жүзеге асыра алатынын айтты

Тоқаев қылмыстық істер бойынша Еуропамен өзара құқықтық көмекті реттейтін заңға қол қойды

Уақыттан озған дауыс

Уақыттан озған дауыс

Egemen.KZ парақшасындағы ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабар таратты..

Юиыл туғанына 125 жыл толып отыр­ған саңлақ өнерпаздың ме­рей­тойына орай Роза Бағланова атындағы «Қазақконцерт» мемлекеттік акаде­миялық концерттік ұйымы ұйымдас­тырған «Сайра, бұлбұл» концерті көрер­мен­ді Манарбек мұрасымен қайта қауыш­тыр­ған рухани кешке айналды.

Манарбек Ержанов – қазақтың дәстүрлі ән мектебі мен кәсіби музыкалық мәдениетінің арасын алтын көпірдей жалғаған қайраткер. Өнер иесінің орындауындағы әр ән – халықтың жүрек лүпілі, әр күй сайын даланың самалы, әрбір сахналық бейне қазақ рухының көркем келбеті еді. Сахна саңлағының өнер жолы ауыл арасындағы қарапайым ән кештерінен басталғанымен, тас жарған тамаша таланты көп ұзамай-ақ елге тез танылды. Он алты-он жеті жасынан Біржан сал, Ақан сері, Естай, Жаяу Мұса, Шашубай әндерін нақышына келтіріп орындаған жас талапкердің бойындағы табиғи дарын жұртшылықты тәнті етті.

Иә, ауылда қой бағып жүріп ән салған бала кейін қазақ өнерінің заңғар биігіне көтерілді. Ол өнерге деген алғашқы құмар­лық­ты анасы Нақбаладан алды. Ал кәсіби қа­лыптасуына Күсенбай, Шашубай Қош­қар­байұлы, Әміре Қашаубаев секілді алып­тар­дың ықпалы зор болды. Бір жыл бойы Әміренің шаңырағында бірге тұрып, оның өз аузынан отызға жуық ән үйренуі – қазақ мәдениетіндегі сирек кездесетін тағылым мектебі. Сол себепті Манарбектің орындауында Біржанның асқақтығы, Ақанның сыршылдығы, Естайдың лиризмі мен Арқа әнінің кең тынысы табиғи үндестік тапты.

Қазақ театры тәй-тәй басқан кезеңде Манарбек Ержанов ұлттық сахнаның қалыптасуына да өлшеусіз еңбек сіңірді. Өнер иесінің сомдаған кейіпкерлері жай ғана рөл емес, тұтас дәуірдің көркем шежіресіне айналды. 1928 жылдан бас­тап ұлттық театр сахнасында еңбек еткен Манарбек Ержанов қазақ операсының қалыптасуына өлшеусіз үлес қосты. Әсіресе «Айман – Шолпан», «Қыз Жібек», «Ер Тарғын», «Жалбыр» сынды музыкалық қойылымдардағы актерлік шеберлігі театр өнерінің жаңа белесін айқындады. Ал Абай атындағы Опера және балет театры сахнасында Жарас, Әзім, Естай, Шеге сияқты күрделі образдарды сомдап, актерлік пен әншіліктің тұтас мектебін қалыптастырды.Оның жарқын дәлелі 1936 жылы Мәскеуде өткен Қазақ әдебиеті мен өнерінің онкүндігі Манарбек шығармашылығының ең биік белестерінің біріне айналды. Қазақтың төл өнері күллі Одаққа танылған тарихи сәтте әншінің күміс көмей дауысы ұлттық мә­дениет­тің беделін асқақтатты.

Біртуар тұлға өмірінің соңына дейін ха­лық әндерінің қадір-қасиетін жоғалт­пай, оны жаңа ұрпаққа жеткізуді өзінің аза­маттық парызы санады. Қазақ мемле­кет­тік филармониясында қызмет еткен жылдары халықтық терме мен желдірмені, кең тынысты әндерді жаңа көркемдік деңгейге көтерді. Әншінің орындауындағы шығармалар уақыт тезінен сүрінбей өтіп, бүгінгі күнге дейін ұлттық музыканың алтын қорында сақталып келеді.

Манарбек Ержанов композитор ретінде де қазақ музыкасына мол мұра қалдырды. Оның «Жетісу», «Астана», «Батыр жорығы», «Күсенбай», «Өрнек», «Шалқар көл», «Аққу көлі» секілді күйлері мен хорға арналған шығармалары кәсіби музыканың көкжиегін кеңейтті. Ал «Сайра, бұлбұл», «Әнші Біржан», «Шегенің термесі», «Көкшенің әні», «Қуанышым», «Бақыт жыры» сияқты әндері халық жүрегінен берік орын алды.

Өнер иесінің сондай жарқын туынды­ла­рының бірі – «Паровоз» әні. Бұл шығар­ма­ның дүниеге келу тарихының өзі қазақ өнеріндегі тағылымды оқиғалардың біріне айналған. 1936 жылы Мәскеуде өтетін Қазақ әде­биеті мен өнерінің алғашқы онкүндігіне ат­танған өнер керуені отарбада жүйткіп келе жатады. Сол сапарда жыр алыбы Жамбыл Жабаев айналасына жиналған жас өнер­паздарға: «Балаларым, неге осы паро­воз туралы ән шығармайсыңдар?»  деп ой тастайды. Жыр алыбының осы сөзі шы­­ғар­­машылық шабыттың қайнарына айналып, аз уақыттың ішінде ақын Әбділдә Тәжібаев пен Манарбек Ержановтың әйгілі «Паровоз» әнінің өмірге келуіне себеп болады. Жаңарған дәуірдің тынысын, уақыт­тың екпінін, елдің алға ұмтылған жігерін бей­нелеген бұл шығарма кейін қазақ ән өне­рі­нің классикалық үлгілерінің қатарына қосылды.

Манарбек Ержанов пен Жамбыл Жабаев­тың шығармашылық үндестігі мұны­­мен шектелмейді. Жыр алыбы ха­лықтық «Көк көгершін» термесін Манар­бек­тің өзіне үйретсе, Манарбек Жамбыл­дың «Жетісу» өлеңіне ән шыға­рып, ақын сөзіне жаңа тыныс береді. Осылайша, жыраулық дәстүр мен кәсіби ком­позиторлық өнердің табиғи сабақ­тас­ты­ғы қа­лыптасып, қазақ музы­ка­сы­ның өрісі кеңе­йе түсті.

Манарбектің өнердегі биігін көзі көр­ген замандастары да ерекше бағалады. Академик Ахмет Жұбанов Манарбектің өмір жолына баға бере отырып, оның жетімдіктің тауқыметіне мойымаған қайсар мінезін, өнерге деген адалдығын ерекше ілтипатпен жазады. Ал көрнекті музыка зерттеушісі Борис Асафьев Манарбектің дауысын «қазақтың сайын даласының үнін Мәскеудің төріне жеткізген құдірет» деп бағалайды. Мұндай жоғары пікірлер кездейсоқ туған жоқ. Өйткені Манарбек Ержановтың орындауындағы әндер уақыттың сынынан сүрінбей өтіп, ұлттың рухани жадына айналды. Олар – өткеннің естелігі ғана емес, бүгін де тыңдарман жү­ре­гін тербейтін, ертеңге аманат болып жал­ғасатын мәңгілік өнердің асыл мұрасы.

«Сайра, бұлбұл» концерті осы мол мұраның өміршеңдігін дәлелдеген ерекше мәдени оқиға болды. Кеште «Халық қазынасы» ұлттық өнер орталығының әншілері, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткерлері Ерлан Рысқали, Құмарбек Қалқатай, Медет Салықов, Нұрболат Арзамасұлы, Клара Төленбаева, күйші Қайрат Айтбаев пен «Astana sazy» қазақ мемлекеттік фольклорлық ансамблі Манарбектің шығармаларын жаңа тыныспен орындады. Арнайы қонақтар Нұрболат Тапалов пен Берік Омаров та халық музыкасының алтын қорындағы туын­дыларды көпшілік назарына ұсынды. Домбыраның қоңыр үні, қобыздың күңі­ренген сазы, сыбызғының сырлы әуені бір-бірімен үндесіп, көрерменді өткен ғасырдың алтын дәуіріне жетелегендей әсер қалдырды. Бұл кеш өткенге тағзым ғана емес, ұлт жадының жаңғыруы, мәдени сабақ­тастықтың салтанаты болды.

Иә, Манарбек әні үзілген жоқ. Ол бүгін де сахнада шырқалып келеді. Жас ән­шілердің үніне қуат, ұлттық өнердің та­мырына нәр беріп тұр. Уақыт талай өнер­паздың атын көмескілендіргенімен, Манарбек Ержановтың үні көмескі тартқан жоқ. Себебі Манарбек әні – уақыттан озған дауыс. Оның орындауындағы әрбір шығар­ма­да қазақ даласының самалы, халықтың жан дүниесі, ұлттық болмыстың асқақ рухы сақталған. Манарбек мұ­ра­сы –  тыңдарман жүрегінен орын тауып, ұлт руханиятын байытып келе жатқан мәңгілік мәдени қазына.

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
seeКөрілімдер:163
embedДереккөз:https://egemen.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 02 Шілде 2026 10:48
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Президентке Қорғаныс министрлігіндегі жоспардан тыс аудиттің барысы туралы баяндалды

05 Қазан 2026 16:26see138

Мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру квотасының орындалуы тоқсан сайын бақыланады

05 Қазан 2026 15:44see136

Қазақстандағы Тікенектер белгісі айыппұл болмаса, оны жабыстырудың не қажеті бар

05 Қазан 2026 09:29see135

Алматыдағы түнгі ойын сауық орнында қызғаныштан жаппай төбелес болды

05 Қазан 2026 19:06see135

Алматыда сазандар мен ақ амурлар мекендейтін құпия су айдыны табылды

05 Қазан 2026 18:33see134

Қазақстанда Иранның үш азаматы сотталды

05 Қазан 2026 13:04see133

13 жастағы баланың өлімі: Ақтауда хирург күдікті ретінде ұсталды

05 Қазан 2026 12:30see132

Венгрия Украинаның Еуроодаққа кіру келіссөздеріне қойылған ветоны алып тастайды БАҚ

05 Қазан 2026 22:07see126

ҰҚК ұстаған сот төрағасы мен судья ірі көлемде пара алғаны үшін 9 жылға сотталды

05 Қазан 2026 17:52see126

Үржар және Атырау әуежайларында өзгерістер күтілуде: жолаушылар үшін не өзгереді

05 Қазан 2026 15:34see124

Қазақстанда кептеліс мәселесімен жаңаша айналысады: премьер әкімдіктерге тапсырма берді

06 Қазан 2026 10:57see122

Сапарды кейінге қалдырыңыз : Көлік министрлігі жүргізушілерге ескерту жасады

06 Қазан 2026 10:24see121

Банктер қандай жағдайда адамның несиесін толық кешіретіні белгілі болды

06 Қазан 2026 14:54see121

Қолайсыз ауа райы: полиция азаматтарды жолда сақ болуға шақырды

05 Қазан 2026 19:42see120

Министр цифрландырудың арқасында үнемделген қаржы көлемін айтты

06 Қазан 2026 12:42see120

Тоқаев балаларға ерте жастан не түсіндіру керектігін айтты

05 Қазан 2026 15:02see119

Астанада шатырдан құлаған құрылыс материалдарынан автомобильдер зардап шекті

06 Қазан 2026 13:27see118

БАӘ Қазақстанға іздеуде жүрген үш адамды берді: олар не үшін күдікті деп танылды

06 Қазан 2026 11:27see114

Тоқаев Қазақстан мен Оман қандай салаларда бірлескен жобаларды жүзеге асыра алатынын айтты

06 Қазан 2026 19:40see113

Тоқаев қылмыстық істер бойынша Еуропамен өзара құқықтық көмекті реттейтін заңға қол қойды

06 Қазан 2026 20:27see113
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары