Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Президентке Қорғаныс министрлігіндегі жоспардан тыс аудиттің барысы туралы баяндалды

Мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру квотасының орындалуы тоқсан сайын бақыланады

Қазақстандағы Тікенектер белгісі айыппұл болмаса, оны жабыстырудың не қажеті бар

Алматыдағы түнгі ойын сауық орнында қызғаныштан жаппай төбелес болды

Алматыда сазандар мен ақ амурлар мекендейтін құпия су айдыны табылды

Қазақстанда Иранның үш азаматы сотталды

13 жастағы баланың өлімі: Ақтауда хирург күдікті ретінде ұсталды

Венгрия Украинаның Еуроодаққа кіру келіссөздеріне қойылған ветоны алып тастайды БАҚ

ҰҚК ұстаған сот төрағасы мен судья ірі көлемде пара алғаны үшін 9 жылға сотталды

Үржар және Атырау әуежайларында өзгерістер күтілуде: жолаушылар үшін не өзгереді

Қазақстанда кептеліс мәселесімен жаңаша айналысады: премьер әкімдіктерге тапсырма берді

Банктер қандай жағдайда адамның несиесін толық кешіретіні белгілі болды

Сапарды кейінге қалдырыңыз : Көлік министрлігі жүргізушілерге ескерту жасады

Қолайсыз ауа райы: полиция азаматтарды жолда сақ болуға шақырды

Министр цифрландырудың арқасында үнемделген қаржы көлемін айтты

Астанада шатырдан құлаған құрылыс материалдарынан автомобильдер зардап шекті

Тоқаев балаларға ерте жастан не түсіндіру керектігін айтты

БАӘ Қазақстанға іздеуде жүрген үш адамды берді: олар не үшін күдікті деп танылды

Тоқаев қылмыстық істер бойынша Еуропамен өзара құқықтық көмекті реттейтін заңға қол қойды

Тоқаев Қазақстан мен Оман қандай салаларда бірлескен жобаларды жүзеге асыра алатынын айтты

UGC креатор: контентті тірілткен тәсіл

UGC креатор: контентті тірілткен тәсіл

Qazaq24.com, Aikyn.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратады..

Бұрынғыдай жылтырақ студия, мінсіз модель, артық монтаж азайды. Оның орнына қарапайым телефонмен түсірілген, «тірі» эмоцияға толы видеолар көбейді. Осы өзгерістің бастауында UGC креаторлар тұр.

Шынайылық басталды

UGC (User Generated Content) креатор – бұл брендке ар­налған контентті қарапайым қолданушы стилінде жасап бе­ретін адам. Ол міндетті түрде бло­­гер немесе миллиондаған оқыр­­маны бар инфлюенсер болуы шарт емес. Ең бастысы – шынайылық, сенімділік және аудиториямен тіл табыса білу. 

– Ақпарат ағыны күн сайын күшейген заманда адам баласы, ең ал­дымен, сенімге зәру. Жыл­­тырақ жарнама, мінсіз бейне, жаттанды ұрандар біртіндеп өз әсерін жоғалта бастады. Дәл осы сәтте медиа кеңістікте жаңа құбылыс бой көтерді. Ол – UGC-контент, яғни қол­дану­шы жасаған контент, – дей­ді сала сарапшысы Астанай Бақыт. 

Оның айтуынша, UGC-кон­тенттің түп-тамыры ин­тер­неттің алғашқы кезеңдерінен бастау алады. Форумдарда пікір қалдырған қолдану­шы­лар, блог жүргізген әуесқой ав­тор­лар, өнім жайлы шынайы ойымен бөліскен қарапайым адамдардың барлығы бүгінгі UGC-дің алғашқы бейнесі еді.

Алайда бұл форматтың қар­­­қын алуы әлеуметтік желі­лер­дің дамуымен тікелей бай­ла­нысты. Facebook, YouTube, кейінірек Instagram мен TikTok, Тhreads әр адамға өз ойын жария айтуға мүмкіндік берді. Камера ұстау – кәсіпқой­лар­дың ғана емес, кез келген қол­данушының қолынан келетін әре­кетке айналды. Осылайша, контент өндірісі орталық­тан­дырылған жүйеден шы­ғып, халықтың өз қолына өтті. Адам­дар енді тек тұтынушы емес, ақпараттың авторына ай­­налды.

Қазақстанға қашан келді?

Қазақстанға UGC-контент бір күнде келген жоқ. Алға­шын­да ол блогерлер мен ша­ғын кәсіп иелерінің тәжірибесі ар­қылы байқалды. Instagram же­лісінде пікір қалдыру, сто­рис­те өнімді көрсету, TikTok-та тә­жірибемен бөлісу бейресми түр­де басталды. 2020 жылдан кейін, әсіресе пандемия ке­зеңін­де, бұл үрдіс айқын көрі­не бастады. Онлайн сауда өсті, офлайн байланыс азайды, ал адам­дар бір-бірінің тәжі­ри­бе­сіне көбірек сүйенетін болды. Дәл осы уақытта қазақстандық бренд­тер де UGC-дің күшін се­зінді. Ал қазір әлеуметтік же­ліні аша қалсаңыз қаптаған UGC креаторлар. Солардың бірі – Арайлым Маметаева. Ол же­ті жылдан бері блог жүр­гі­зе­ді. Бастапқыда өз қолымен жа­­саған жұмыстарын желі ар­қы­­лы сатып жүрген. Кейін дек­­­реттік демалыста отыр­ған­да UGC-контент түсіруге бел ше­ше кірісіпті. 

– Контент түсіруім аяқасты бас­талып кетті. Бұл декреттегі ана­ға аз болса да көмек болып тұр. Өзім информатика пәні­нің мұғалімімін. Бірнеше жыл дек­реттік демалыста жүрген­дік­тен, өзімді жоғалтып алған­дай сезіндім. Ал контент түсіру бұрыннан ұнайтын. Тұрақты түр­де қарайтын оқырманда­рым да болды. Осы уақытқа дейін оннан астам брендтпен бар­терге жұмыс істедім, – деді Арай­лым Маметаева. 

Айта кету керек, сандық мар­кетингтің жаңа дәуірінде ақша ғана емес, құндылық ал­масу алдыңғы қатарға шықты. Сол алмасудың ең кең тараған түр­лерінің бірі – бартер. Әсі­ре­се, UGC креаторлар үшін бұл ұғым күнделікті жұмыс фор­ма­тына айналып үлгерген. Бар­тер – бұл ақшасыз айырбас. Яғни, бір тарап тауар немесе қыз­мет ұсынса, екінші тарап өз еңбегін, контентін немесе жар­намалық мүмкіндігін бере­ді. Маркетингте бренд өнім береді, ал креатор сол өнім­ді сипаттап, өз аудитория­сы­­­на фото, видео немесе шолу түрінде ұсынады. 

– UGC креатор үшін бар­тер – жай ғана «тегін өнім» емес. Бұл – тәжірибе, контент жә­не репутация. Жұмыс ба­ры­сы әдетте бірнеше кезеңнен тұ­рады. Алдымен бренд пен креа­тор нақты келісімге ке­ле­ді: қандай форматта, қанша кон­тент дайындалады және ол қай­да жарияланады. Содан соң креатор өнімді қолданып көріп, күнделікті өмірде қалай пай­даланатынын көрсетеді. Сол тәжірибе негізінде фото, ви­део немесе шолу дайын­да­лады. Соңында контент бренд­ке тап­сырылады немесе креа­тор өз парақшасында жа­рия­лай­ды, – дейді Арайлым Маметаева. 

Мұнда басты талап – шы­найылық. Себебі UGC-контенттің күші дәл осы адал тәжірибеде жатыр. Ауди­то­рия көрген видеодағы эмо­ция­ны және шынайы пікірді се­зеді, ал бұл – сенімнің бас­тауы. Арайлымның айтуынша, бар­­тер креаторға пайдалы болуы мүм­кін, бірақ ол әр­дайым тиім­ді емес. Бастапқы ке­зеңде бар­тер портфолио жи­нау, тә­жі­рибе алу немесе жаңа ау­ди­торияға шығу үшін қо­лай­лы. Кей­де бренд ұсынған өнім на­ғыз құнды әрі қажет болса, креатор үшін бұл үлкен пайда. 

– Алайда тәжірибелі креа­тор­лар үшін бартер әрдайым тиімді болмайды. Уақыт, идея жә­­не креатив – еңбектің өзі, ал олар­ды тегін беру әрдайым ақыл­­ға қонымды емес. Сол се­беп­ті бартер көбіне басқа тә­­жірибе мен қызығушылыққа бай­­ланысты ғана жүзеге асы­ры­лады. Дегенмен креатор ау­диториясын тек жар­на­ма­мен шаршатып алмауы қа­жет, – дейді UGC креа­тор. 

Оқырман мен лайк маңызды емес

Жоғарыда айтқаны­мыз­дай, кез келген контент түсіретін адам UGC креатор бола алады. Бұл салада оқырман мен лайк маңызды емес. Бастысы – шынайылық. Көп­теген креатор бренд өнім­де­рін қолданып, өз пікірін бө­­лі­сіп, аудиториямен тікелей бай­ланыс орнатуда. Алайда UGC креаторлардың да заң ал­­дында жауап беретінін ұмыт­­пауымыз керек. 

UGC-контент белгілі бір бренд өнімін на­си­­­­­­­­хат­таса, Қазақстан заң­­намасы оны жар­­­на­ма ре­тін­де қа­рас­тыра алады.

    

Жарнама ту­ра­лы заң­на­маға сәйкес, креа­тор­дың міндеті – ау­диторияға ақпа­рат­ты ашық жет­­­­­кізу, тұтынушы­ны алдамау және өнім туралы шы­найы мәлімет беру. Егер креа­тор бартер не­гізінде өнім алған болса, оны жариялаған кезде бұл фак­тіні көрсетуі қа­жет. Мы­са­лы, хештегтер (#ad, #жарнама) ар­қылы немесе мә­тіннің өзін­де «бұл өнім бренд­тен алынды» деген ақ­парат беру шарт. Егер креатор жар­наманы жасырса, өнімнің пайдасын бұрмалап көрсетсе не­месе аудиторияны алдаса, заң бойынша әкімшілік айып­пұл салынуы мүмкін. Кей­де бренд тарапынан мора­льдық не­месе материалдық өтем та­лап етілуі де ықтимал. Сон­дық­тан креатор  шынайы пікір ай­туы керек.

Қорыта келгенде, Қазақ­стан­да UGC креаторлар заң ал­дында жауап береді, ал бар­тер негізіндегі контентті жар­на­ма ретінде көрсету – мін­детті. Шынайылық пен заң­ды­лық үйлескенде ғана цифрлық кеңістіктегі контент сапалы әрі қауіпсіз болатынын ұмыт­пайық. 

Кербез ЕСІМ

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
seeКөрілімдер:131
embedДереккөз:https://aikyn.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 14 Ақпан 2026 06:51
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Президентке Қорғаныс министрлігіндегі жоспардан тыс аудиттің барысы туралы баяндалды

05 Қазан 2026 16:26see140

Мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру квотасының орындалуы тоқсан сайын бақыланады

05 Қазан 2026 15:44see138

Қазақстандағы Тікенектер белгісі айыппұл болмаса, оны жабыстырудың не қажеті бар

05 Қазан 2026 09:29see137

Алматыдағы түнгі ойын сауық орнында қызғаныштан жаппай төбелес болды

05 Қазан 2026 19:06see137

Алматыда сазандар мен ақ амурлар мекендейтін құпия су айдыны табылды

05 Қазан 2026 18:33see136

Қазақстанда Иранның үш азаматы сотталды

05 Қазан 2026 13:04see135

13 жастағы баланың өлімі: Ақтауда хирург күдікті ретінде ұсталды

05 Қазан 2026 12:30see134

Венгрия Украинаның Еуроодаққа кіру келіссөздеріне қойылған ветоны алып тастайды БАҚ

05 Қазан 2026 22:07see129

ҰҚК ұстаған сот төрағасы мен судья ірі көлемде пара алғаны үшін 9 жылға сотталды

05 Қазан 2026 17:52see128

Үржар және Атырау әуежайларында өзгерістер күтілуде: жолаушылар үшін не өзгереді

05 Қазан 2026 15:34see126

Қазақстанда кептеліс мәселесімен жаңаша айналысады: премьер әкімдіктерге тапсырма берді

06 Қазан 2026 10:57see125

Банктер қандай жағдайда адамның несиесін толық кешіретіні белгілі болды

06 Қазан 2026 14:54see124

Сапарды кейінге қалдырыңыз : Көлік министрлігі жүргізушілерге ескерту жасады

06 Қазан 2026 10:24see124

Қолайсыз ауа райы: полиция азаматтарды жолда сақ болуға шақырды

05 Қазан 2026 19:42see123

Министр цифрландырудың арқасында үнемделген қаржы көлемін айтты

06 Қазан 2026 12:42see123

Астанада шатырдан құлаған құрылыс материалдарынан автомобильдер зардап шекті

06 Қазан 2026 13:27see121

Тоқаев балаларға ерте жастан не түсіндіру керектігін айтты

05 Қазан 2026 15:02see121

БАӘ Қазақстанға іздеуде жүрген үш адамды берді: олар не үшін күдікті деп танылды

06 Қазан 2026 11:27see117

Тоқаев қылмыстық істер бойынша Еуропамен өзара құқықтық көмекті реттейтін заңға қол қойды

06 Қазан 2026 20:27see116

Тоқаев Қазақстан мен Оман қандай салаларда бірлескен жобаларды жүзеге асыра алатынын айтты

06 Қазан 2026 19:40see116
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары