Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Жандос Сауыт, аккордеонист: Баян мектебінің болашағы зор

Димаш Құдайберген шахтаға түсті

Негізгі басымдықтарды айқындап берді

Жанарға түскен салмақ

Сирек металдар сыры

Үсік жүреді: 1 қыркүйекке ауа райы болжамы

Раймдай жар, күйеу бала жолықса, бақытыңыз еселенеді : Ерке Есмахан қыздарға тілек айтты

Тоқаев пен Путин Бішкекте ШЫҰ саммиті аясында кездесті

Қаламгер есімі ұлықталды

Қазақстандағы орташа жалақы мөлшері аталды

БЖЗҚ дағы 63 миллиард мұрагерлерін күтуде қазақстандықтар бұл ақшаны қалай ала алады

Қасым Жомарт Тоқаев: Қазақстан мен Қытай арасындағы ықпалдастықтың жаңа кезеңі басталды

Некені ұзарту қажеттігі туралы жалған хабарлама тарап жатыр

Биыл да жатақханада оқиды : Алматы облысында 200 оқушы жаңа мектепке зар

қосымшасында әскери есеп туралы анықтаманы алуға болады

Ата заңның арқауы ар ұждан

Қазақстан президенті технологияны Қытаймен ынтымақтастықтың негізгі бағыттарының бірі деп атады

ҰҚК қызметкерлеріне берілетін төлем тәртібі жаңарды

Алматы әуежайы автокөлік жүргізушілері үшін өзгерістер туралы хабарлады

Пептидтік терапия: медициналық төңкеріс пе, әлде бизнес пе?

Ұйғыр ауданында биыл 36,4 млрд теңгенің өнімі өндірілді

Ұйғыр ауданында биыл 36,4 млрд теңгенің өнімі өндірілді

Qazaq24.com, 7kun.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып мәлімет бөліседі..

Фото: ЖИ 
Алматы облысының Ұйғыр ауданында жыл басынан бері ауыл шаруашылығы бойынша 36,4 млрд теңгенің өнімі алынып, көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда 4,6 млрд теңгеге өсті. Бұл туралы облыс әкімінің аудан халқымен кездесуінде айтылды,– деп хабарлайды Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Бүгінде Ұйғыр ауданында ауыл шаруашылығы қарқынды дамып келеді. Бұл салаға салынған инвестиция көлемі артып, заманауи техникалар орнатылып, егістік алқабының көлемі ұлғаюда. Мысалы, биыл егістік жер 27,4 мың гектарды құрап, 14,1%-ға өсті. Оның ішінде жүгерінің өзі 3000 гектарға көбейген. Нәтижесінде биыл жүгерінің жалпы түсімі 58,7%-ға артады деп күтілуде. Инвесторлардың көптеп келуінен майлы дақылдар алқабы 200-ден 1 200 гектарға дейін кеңейіп, алты есеге өсті. Қазіргі таңда дәнді дақылдарды жинау толық аяқталып, 4,8 мың тонна өнім алынды.

Аудандағы егін шаруашылығының ілгерілеуіне суды тиімді пайдалану әсер етті. Мысалы, соңғы екі жылда 5 250 гектар алқапқа су үнемдеу технологиялары енгізілген. «Дала күндері» жобасы аясында заманауи суару тәсілдерінің тиімділігі тәжірибе жүзінде көрсетіліп, нәтижесінде ұсақ шаруа қожалықтардың аталған технологияға қызығушылығы арта түсті. Оған дәлел соңғы айдың өзінде 15 гектар алқапта су үнемдеу технологияларын енгізу жұмысы басталды.

Аграрлық саланы техникамен жарақтандыру бойынша да аудан көш бастап тұр. Бүгінде 771 дана ауыл шаруашылығы техникасы тіркелген, оның 61,7%-ы жаңартылған.

Шаруалар бос жатқан жайылым жерді кәдеге жарату ісіне де қызу кірісіп кетті. Мәселен, биыл 2 490 гектар жайылым жер суармалы егістікке айналса, жыл соңына дейін оған тағы 1 000 гектар аумақ қосылады. Ал мал жаюға қажетті 14 800 гектар жер тиісті ауылдық округтерге берілді.

Ауыл шаруашылығы саласына инвестиция тарту да жүйелі түрде жалғасуда. Биыл ауданда ұлттық цифрлық инвестициялық платформаға жалпы құны 60,4 млрд теңгені құрайтын 6 ірі инвестициялық жоба енгізілді. Оларды іске асыру нәтижесінде мыңнан астам жаңа жұмыс орны ашылады. Ірі жобалар қатарында 35 мың тонна құс етін өндіру кешенінің 3-кезеңін іске қосу, жүгерінің гибридті тұқымдарын өңдеу және 100 мың тонна астық сақтау зауыты, 2 000 гектарға тамшылатып, 1 000 гектар жерге жаңбырлатып суару жүйесін орнату және натрий сульфатын өндіру жобасы бар.

Ауданда республикадағы өрік бағының 60%-ы орналасқан. Бүгінде 2 145 гектар бақ жеміс береді. Соңғы екі жылда тұрғындар өрікті өсіріп қана қоймай, өрік фестивалін өткізіп, шаруашылықты мәдени-көпшілік шарамен ұштастыруда.

Тұрғындарды тіршілік нәрімен қамтамасыз ету бағытында Қалжат, Қырғызсай және Шонжы ауылдарында сумен жабдықтау жүйелерін қайта жаңғырту жүріп жатыр. Сондай-ақ Шонжы, Шарын, Бахар және Тасқарасу ауылдарында 367 шақырым газ желісі тартылып, оған 4 181 абонент қосылды. Одан бөлек, инвестор есебінен 300 млн теңгеге Қырғызсай, Сүмбе, Шошанай, Үлкен Ақсу және Ават ауылдарын табиғи газбен қамтамасыз ету мәселесі пысықталуда.

Жол инфрақұрылымы бойынша биыл Шарын ауылына кіреберіс жолдың орташа жөндеуі аяқталады. Сонымен қатар осы жылы 7 елді мекенде 33 шақырым жол жөнделеді. Ал «Ауылда денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы аясында Дардамты, Диірмен, Ават, Шырын және Ақкент ауылдарында 5 медициналық нысанның құрылысы толық аяқталып, пайдалануға берілді.

Жиында аудан халқына есеп берген Марат Сұлтанғазиев өңірде атқарылып жатқан ауқымды жұмыстарды баяндап, Ұйғыр ауданының көрсеткіштері мен алдағы міндеттерге арнайы тоқталды. Айтуынша, жыл басынан бері ауданға 38,4% өсіммен 18,1 млрд теңге көлемінде инвестиция тартылды. Биыл жалпы құны 41,6 млрд теңгені құрайтын 8 жобаны іске қосу жоспарланып отыр.

Марат Елеусізұлы сондай-ақ Ұйғыр ауданының облыстағы өнеркәсіп өндірісіндегі үлесі небәрі 0,9%-ды құрайтынын, сондықтан бұл бағыттағы жұмысты жандандыру керегін айтты. Ауданда 2 индустриялық аймақ бар. Сондықтан өнеркәсіпті дамытуға мүмкіндік мол. Одан бөлек аймақ басшысы аудан басшыларына инвестиция тартып, экспортқа бағытталған және ауыл шаруашылығы өнімін терең өңдейтін өндірістерді ашуды міндеттеді. Өйткені бұл өңір ет өндіруден екінші, құс, ірі қара, қой мен ешкі саны бойынша 4-орында тұр. Сол себепті шикізатты сатумен шектелмей, қайта өңдеуге басымдық берілуі тиіс.

Мемлекеттік қолдау бағдарламаларының орындалуын саралай келе, аймақ басшысы бұл бағыттағы жұмыстың баяу жүріп жатқанын айтты. «Кеңдала» бағдарламасы бойынша Ұйғыр ауданының шаруалары 11, ал «Ауыл аманаты» бағдарламасы бойынша 15 несие алған. Облыс әкімі бұл мүмкіндіктерді ауыл тұрғындарына кеңінен түсіндіріп, қатысушылар санын арттыруды және кооперативтердің жұмысын дамытуды тапсырды. Оған қоса, ауданда шағын және орта бизнес субъектілерінің саны 8,9%-ға кемігендіктен, кәсіпкерлерді қолдау шараларын күшейту жүктелді.

Баспанамен қамту жайына тоқталған Марат Сұлтанғазиев ауданда 14,0% өсіммен 11,3 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілгенін айтты. Одан бөлек әлеуметтік осал топтағы азаматтарға 150 пәтер қарастырылған.

Кездесу барысында аудан тұрғындары облыс әкіміне сауалдарын қойып, ұсыныс-пікірлерін ортаға салды. Мысалы, Шонжы ауылындағы зейнеткер елді мекендегі кәріз жүйесінің тозғанын айтты. 1960 жылдары салынғанын нысан осы уақытқа дейін күрделі жөндеу көрмеген. Қазіргі таңда жобасы мемлекеттік сараптамадан өткенімен, қаржы бөлінбей тұрғанын айтып, көмек сұрады.

Облыс әкімі Марат Сұлтанғазиев бұл мәселені Үкімет тарапынан жүргізіліп жатқан коммуналдық саланы модернизациялау бағдарламасы шеңберінде шешуге болатынын айтты. Одан бөлек мемлекеттік-жекешелік әріптестік аясында жобаны іске асыруға мүмкіндік бар. Аймақ басшысы дәл осы тетік арқылы Қонаев қаласында ауқымды жұмыс атқарылып жатқанын айтып, мұны Шонжы ауылында да іске асыруға болатынын жеткізді.

Сүмбе ауылдық округінің тұрғыны Шошанай мен Жаңасай ауылдарының маңындағы көпірді жөндеп беруді сұрады. Оның сөзінше, дәл осы көпір арқылы оқушылар мектепке қатынап оқиды.

Жауапты мамандар аталған көпірдің аудан балансында екенін, 330 млн теңгеге жобалық-сметалық құжат әзірленіп, республикалық бюджетке өтінім берілгенін жеткізді. Аймақ басшысы балалардың қауіпсіздігі басты назарда екенін айтып, аталған нысанды зерттеп-зерделеуді жүктеді. Соған сәйкес апаттың алдын алу үшін тиісті жұмыстарды атқаруды міндеттеді.

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
seeКөрілімдер:51
embedДереккөз:https://7kun.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 02 Қыркүйек 2026 19:47
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Жандос Сауыт, аккордеонист: Баян мектебінің болашағы зор

01 Қыркүйек 2026 05:22see154

Димаш Құдайберген шахтаға түсті

01 Қыркүйек 2026 01:24see146

Негізгі басымдықтарды айқындап берді

01 Қыркүйек 2026 03:31see142

Жанарға түскен салмақ

01 Қыркүйек 2026 04:36see140

Сирек металдар сыры

01 Қыркүйек 2026 06:48see136

Үсік жүреді: 1 қыркүйекке ауа райы болжамы

01 Қыркүйек 2026 00:05see128

Раймдай жар, күйеу бала жолықса, бақытыңыз еселенеді : Ерке Есмахан қыздарға тілек айтты

31 Тамыз 2026 22:41see127

Тоқаев пен Путин Бішкекте ШЫҰ саммиті аясында кездесті

31 Тамыз 2026 23:23see127

Қаламгер есімі ұлықталды

01 Қыркүйек 2026 03:56see116

Қазақстандағы орташа жалақы мөлшері аталды

02 Қыркүйек 2026 18:45see111

БЖЗҚ дағы 63 миллиард мұрагерлерін күтуде қазақстандықтар бұл ақшаны қалай ала алады

02 Қыркүйек 2026 18:50see110

Қасым Жомарт Тоқаев: Қазақстан мен Қытай арасындағы ықпалдастықтың жаңа кезеңі басталды

02 Қыркүйек 2026 19:00see109

Некені ұзарту қажеттігі туралы жалған хабарлама тарап жатыр

02 Қыркүйек 2026 19:14see107

Биыл да жатақханада оқиды : Алматы облысында 200 оқушы жаңа мектепке зар

02 Қыркүйек 2026 19:13see106

қосымшасында әскери есеп туралы анықтаманы алуға болады

02 Қыркүйек 2026 19:47see106

Ата заңның арқауы ар ұждан

01 Қыркүйек 2026 07:12see105

Қазақстан президенті технологияны Қытаймен ынтымақтастықтың негізгі бағыттарының бірі деп атады

02 Қыркүйек 2026 19:03see102

ҰҚК қызметкерлеріне берілетін төлем тәртібі жаңарды

02 Қыркүйек 2026 19:01see102

Алматы әуежайы автокөлік жүргізушілері үшін өзгерістер туралы хабарлады

02 Қыркүйек 2026 18:48see101

Пептидтік терапия: медициналық төңкеріс пе, әлде бизнес пе?

01 Қыркүйек 2026 06:01see101
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары