Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Әл Фарабидегі ЖКО: Александр Пактың таныстарына қатысты іс қайта жанданды

Павлодарда күзетші жұмыс орнынан қомақты қаражатты қолды еткен

Шындық пен әділдік негізге айналуға тиіс

1 қыркүйек: мұғалімге гүл сыйлау міндетті емес таңдау ата анада

Құрылтайдың алғашқы отырысы өтті

Жақсы дәстүр : министрлік Білім күні ұстаздарға гүл сыйлауға қатысты мәлімдеме жасады

Семей полигонының соңғы шекаралық белгісі орнатылды

Батыс Қазақстанның үш ауылында қайтарылған активтер есебінен су құбыры іске қосылды

Қазақстанда криминалистика бойынша қос дипломды білім беру бағдарламасы іске қосылды

Украинаның 2027 жылғы бюджет тапшылығы жоспарланғаннан жоғары болуы мүмкін БАҚ

Смартфондарды тіркеу кезіндегі биометрия: Қазақстанда ережелерді өзгертпекші

Абылайхан Жұбаназар Grand Slam турнирінде жеңіске жетті

Қазақстан телевизиясының ардагері Тілеуқабыл Мыңжасар қайтыс болды

Байдарка мен каноэде ескек есу: Мария Бровкова Польшадағы әлем чемпионатында үздік бестікке енді

Қазақстанның алғашқы Құрылтайының үш вице спикері аталды

​Атырауда үздік оқушылар, ұстаздар және мектептер анықталды

​Алматы облысында 21 жастағы қыздың денесі табылды: іс “өзін өзі өлтіруге жеткізу” бабы бойынша тергелуде

Атыраудағы бекіре зауытын жаңғырту қарқынын арттыру тапсырылды

​Қазақстанда студенттердің шәкіртақысын екі есеге көбейтпекші

Түркиядағы Эгей теңізінде жер сілкінді

Үкімет өңдеу өнеркәсібін дамыту мәселесін талқылайды

Үкімет өңдеу өнеркәсібін дамыту мәселесін талқылайды

Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып мәлімдеме жасады..

Отырыс қорытындысы бойынша өтетін баспасөз конференциясына Өнеркәсіп және құрылыс министрі Ерсайын Нағаспаев пен Ауыл шаруашылығы вице-министрі Азат Сұлтанов және Қазақстанның өнеркәсіптік инвесторлар одағының президенті Қайрат Еламанов қатысып, БАҚ өкілдерінің сауалына жауап береді. 

Цифрландыру немесе Индустрия 4.0 — өнеркәсіп саласын дамыту мен оның бәсекеге қабілеттілігін арттырудағы негізгі фактор. Бұл «заттар интернеті» (IoT, құрылғылардың арасында және әртүрлі ақпараттық жүйелердің арасында деректер беруді, жинауды және талдауды қамтамасыз ететін бағдарламалар кешені бар кез келген көптеген құрылғылар жиынтығынан тұратын желі), жасанды интеллект (ЖИ), бұлтты есептеулер және үлкен деректер сияқты цифрлық технологияларды өндіріс процестері мен жеткізу тізбегіне біріктіруді білдіреді.

Фото: Kazinform

Қазақстанның өңдеу секторында цифрландыру тұрақты түрде өсіп келеді. 2024 жылы автоматтандыруға арналған цифрлық құралдары бар кәсіпорындардың үлесі 19,2 пайызға жетті. Биыл бұл көрсеткішті 23 пайызға дейін жеткізу жоспарланып отыр.

«Цифрландырылған» кәсіпорындардың үлесінің артуына Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындау аясында 2025–2026 жылдарға арналған өңдеу өнеркәсібінің ірі кәсіпорындарында жасанды интеллектіні енгізу жөніндегі Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі мен Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі қол қойған «Жол картасы» айтарлықтай ықпал етіп отыр. Құжат биыл қыркүйекте қабылданып, осы бағытта қажетті кадрларды дайындау және жалпы ЖИ дамыту бойынша 41 жобаны қамтиды. 

Айта кетейік, 9 айдың қорытындысы бойынша өңдеу өнеркәсібінің негізгі салаларында оң динамика байқалып, өсім 6,2 пайызды құрады. Металлургия, машина жасау, химия, құрылыс материалдары өндірісінде, жеңіл өнеркәсіп және өңдеу өнеркәсібінің тағы 11 саласында көрсеткіш артып келеді.

Фото: Pexels

Металлургия өнеркәсібінде көлем 0,3 пайызға ұлғайған. Оң динамика отандық кәсіпорындардың жүктемесін арттыру, шикізатпен қамтамасыз ету нәтижесінде қалыптасып отыр. Машина жасау саласы көлік құралдары, ауыл шаруашылық техникасы және түрлі жабдықтар өндірісінің өсуінен 14 пайызға артты. Бұл ішкі сұраныстың ұлғаюы, ірі инвестициялық жобалардың жүзеге асырылуы және мемлекеттік қолдау шараларының нәтижесі.

Химия өнеркәсібі саласында полипропилен, натрий цианиді, аммиак селитрасы және аммофос өндіру көлемі өсіп, 9,6 пайыздық өсімді құрап отыр. Бетон, құрылыс қоспалары, әк, отқа төзімді бұйымдар, цемент және бетон конструкциялары өндірісі артып, құрылыс материалдар өндірісі 4,7 пайызға ұлғайды.

Естеріңізге сала кетсек, өткен аптадағы Үкімет отырысында трансшекаралық хабтарды дамыту мәселелері мен Қазақстан Республикасында қалдықтардың барлық түрін басқарудың 2026-2030 жылдарға арналған тұжырымдамасы талқыланды.

Бірінші мәселе бойынша баяндама жасаған Сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиевтың айтуынша, 2030 жылға дейінгі көлік-логистикалық әлеуетті дамыту тұжырымдамасы аясында 5 трансшекаралық хаб ашылады.

Фото: «Ақтау теңіз порты» АЭА

Бүгінде барлық бес трансшекаралық хаб бойынша басқарушы компаниялар мен олардың жұмыс істеу шарттары айқындалды. Әлеуетті инвестициялық жобалардың пулдары қалыптасты. Электр энергиясы, сумен жабдықтау, көлік жолдары және коммуникациялар сияқты негізгі инфрақұрылыммен қамту жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Ал Көлік министрі Нұрлан Сауранбаев барлық трансшекаралық хаб көлік инфрақұрылымымен қамтамасыз етілетінін, Каспий теңізі арқылы контейнер тасымалын ұлғайту үшін Әзербайжаннан екі кеме сатып алынатынын айтты.

– Каспий хабы бойынша Ақтау және Құрық порттарын модернизациялау жұмыстары жүргізіліп жатыр. Жыл соңына дейін Ақтау портында қытайлық Ляньюньган компаниясымен бірлескен контейнерлік хаб құрылысының бірінші кезегі аяқталады. Жоба толық іске асырылғаннан кейін хабтың қуаттылығы жылына 240 мың контейнерге дейін жетеді, – деді Н.Сауранбаев.

Фото: Үкімет

Ал Өнеркәсіп және құрылыс вице-министрі Иран Шархан Қорғас трансшекаралық өңіріндегі инженерлік инфрақұрылым туралы баяндады.

– «Қорғас — Шығыс қақпасы» сауда логистика мен өндірісті дамытуға арналған. Ол биыл жүк әуежайын салу мақсатында 840 гектарға кеңейтілді. Аймақтың негізгі бөлігі инженерлік инфрақұрылыммен қамтылған. Бірақ резервтік учаскелері әлі дайын емес. Сондықтан әкімдік жобалық сметалық құжаттаманы әзірлеу және бекіту жұмыстарын жеделдету қажет, – деді ол.

Осы орайда Премьер-министр Олжас Бектенов транзиттік бағыттар мен инвестициялар үшін бәсекелестік күшейіп келе жатқанын айтып, осыған орай жерүсті көлік инфрақұрылымын, өнеркәсіптік кооперация мен сауда желілерін жедел дамыту қажеттігіне баса назар аудартты.

– Осыған байланысты инвесторлармен, операторлармен және өндірушілермен тұрақты диалог орнату қажет. Бірлескен жобалар өзара тиімді негізде жүзеге асырылуға тиіс. Әкімдіктер жер учаскелері, инженерлік желілер, жолдар мен теміржолдар сияқты базалық инфрақұрылымның қолжетімді болуын қамтамасыз етуі қажет. Хабтардың орнықты жұмысы осыған байланысты. Туындаған барлық мәселелер шұғыл шешімін табуға тиіс, – деді Үкімет басшысы.

Фото: ҚР Үкіметі

Сонымен қатар Олжас Бектенов мынадай нақты тапсырмалар берді.

 Өнеркәсіп министрлігі мүдделі мемлекеттік органдармен және әкімдіктермен бірлесіп, биылғы 20 желтоқсанға дейін Индустриялық сауда-логистика кешені мен «Еуразия» трансшекаралық сауда орталығы бойынша арнайы экономикалық аймақ құру тұжырымдамасын әзірлеуі керек. Көлік министрлігі Ақтау портында контейнерлік хаб құрылысының жобасын ерекше бақылауға алып, 2026 жылдың 1 тоқсанының соңына дейін жұмыс нәтижелері туралы баяндауға тиіс.  Сауда министрлігі трансшекаралық хабтарды дамыту саласында бірлескен жобаларды қалыптастырып, іске асыру үшін әлеуетті инвесторларды іздестіру және тарту жұмысын жандандыруы қажет.

Экология және табиғи ресурстар вице-министрі Жомарт Әлиев қалдықтардың барлық түрін басқару жөніндегі тұжырымдама жобасын таныстырды.

Оның айтуынша, Үкімет басшысының тапсырмасы бойынша барлық мүдделі тараптарды тарта отырып, жинақталған проблемаларды жүйелі шешуге бағытталған Қалдықтардың барлық түрлерін басқару жөніндегі тұжырымдама әзірленді.

– Тұжырымдамада ұсынылатын негізгі шешімдерге тоқталсақ, утильалым есебінен заманауи тұрмыстық қалдық полигондар құрылысын қаржыландыру пысықталды. Бұндай механимзді біз қайта өңдеу жобалары бойынша бастап кеттік. Бұдан бөлек, тарифтерді әр 3 жыл сайын қайта есептеу және экономикалық негізделген модельге көшу қарастырылды. Мұнымен қоса, салық преференциялары мен субсидиялар қарастыру ұсынылды. Өндірушілердің кеңейтілген міндеттемелері (РОП) жүйесін жетілдіру қаралды. Тұжырымдаманың тағы да бір жеке бағыты — қалдықты басқару саласында халық пен бизнестің экологиялық мәдениетін арттыру. Ашық есеп беру арқылы бизнестің жауапкершілігін ынталандыру — Мемлекет басшысының «Таза Қазақстан» бастамасының принципіне сәйкес келеді, – деді Жомарт Әлиев.

Фото: Ағыбай Аяпбергенов/Kazinform

Вице-министр мәліметінше, коммуналдық секторда жыл сайын шамамен 4,5 млн тонна қалдық түзіледі, алайда оның тек 25–26 проценті ғана қайта өңделеді. Қалдықтың басым бөлігі экологиялық және санитарлық талаптарға сай келмейтін полигондарға жіберіледі.

Осы ретте Премьер-министрі Олжас Бектенов қалдықтарды энергетикалық кәдеге жарату жобалары Қазақстанның бірқатар өңірінде жүзеге асырылатынын айтты. Сондай-ақ бірқатар мәселеге назар аудартты.

– Экология министрлігі мемлекеттік органдармен және өңір әкімдіктерімен бірлесіп, Тұжырымдамада жоспарланған іс-шаралардың және оны іске асыру жөніндегі іс-қимыл жоспарының уақтылы орындалуын қамтамасыз етсін, – деді ол.

Үкімет басшысы Экология министрлігіне Астана, Алматы және Шымкент қалаларының әкімдіктерімен бірге келесі жылы қалдықтарды энергетикалық кәдеге жарату зауыттарының құрылысын бастауды жүктеді.

– Қолданыстағы бюджет заңнамасына сәйкес қоршаған ортаға эмиссиялар және басқа да экологиялық төлемдер жергілікті бюджетке бағытталып жатыр. Алайда, өңірлер осы қаражат есебінен экологиялық мәселелерді шешу үшін тиісті жұмыс жүргізбей отыр. Осыған байланысты Экология министрлігіне облыстардың әкімдіктерімен бірге экологиялық төлемдер есебінен қалдықтарды жинау, қайта өңдеу және кәдеге жарату инфрақұрылымын құру мен қаржыландыру шараларын қабылдауды тапсырамын, — деді Олжас Бектенов.

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
seeКөрілімдер:110
embedДереккөз:https://kaz.inform.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 02 Желтоқсан 2025 09:07
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Әл Фарабидегі ЖКО: Александр Пактың таныстарына қатысты іс қайта жанданды

28 Тамыз 2026 18:15see159

Павлодарда күзетші жұмыс орнынан қомақты қаражатты қолды еткен

29 Тамыз 2026 07:58see148

Шындық пен әділдік негізге айналуға тиіс

29 Тамыз 2026 04:47see145

1 қыркүйек: мұғалімге гүл сыйлау міндетті емес таңдау ата анада

29 Тамыз 2026 09:03see145

Құрылтайдың алғашқы отырысы өтті

29 Тамыз 2026 03:27see145

Жақсы дәстүр : министрлік Білім күні ұстаздарға гүл сыйлауға қатысты мәлімдеме жасады

29 Тамыз 2026 10:48see144

Семей полигонының соңғы шекаралық белгісі орнатылды

29 Тамыз 2026 17:53see142

Батыс Қазақстанның үш ауылында қайтарылған активтер есебінен су құбыры іске қосылды

29 Тамыз 2026 10:48see142

Қазақстанда криминалистика бойынша қос дипломды білім беру бағдарламасы іске қосылды

29 Тамыз 2026 14:16see138

Украинаның 2027 жылғы бюджет тапшылығы жоспарланғаннан жоғары болуы мүмкін БАҚ

29 Тамыз 2026 12:10see137

Смартфондарды тіркеу кезіндегі биометрия: Қазақстанда ережелерді өзгертпекші

28 Тамыз 2026 19:30see135

Абылайхан Жұбаназар Grand Slam турнирінде жеңіске жетті

29 Тамыз 2026 23:22see134

Қазақстан телевизиясының ардагері Тілеуқабыл Мыңжасар қайтыс болды

29 Тамыз 2026 11:04see132

Байдарка мен каноэде ескек есу: Мария Бровкова Польшадағы әлем чемпионатында үздік бестікке енді

29 Тамыз 2026 19:10see132

Қазақстанның алғашқы Құрылтайының үш вице спикері аталды

29 Тамыз 2026 21:13see130

​Атырауда үздік оқушылар, ұстаздар және мектептер анықталды

29 Тамыз 2026 21:14see126

​Алматы облысында 21 жастағы қыздың денесі табылды: іс “өзін өзі өлтіруге жеткізу” бабы бойынша тергелуде

29 Тамыз 2026 21:13see125

Атыраудағы бекіре зауытын жаңғырту қарқынын арттыру тапсырылды

29 Тамыз 2026 21:13see120

​Қазақстанда студенттердің шәкіртақысын екі есеге көбейтпекші

29 Тамыз 2026 21:14see118

Түркиядағы Эгей теңізінде жер сілкінді

30 Тамыз 2026 11:40see117
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары