Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Ауыл шаруашылығы өкілдері аграрлық саланы дамыту мәселелерін талқылады

​Қазақстанда екі жаңа МӨЗ салу жоспарланып отыр: оның бірі Атырау облысында салынуы мүмкін

Рыбакина қатысатын WTA қорытынды турнирінің алғашқы ойындарының кестесі жарияланды

Қазақстанның элиталық арнайы жасағында алғаш рет “Китана“ атты бойжеткен пайда болды

Атырау Орал жолындағы жөндеу жұмыстарының қарқыны қандай?

Ақтөбе облысында мұнай өңдеу зауыты салынады

Мұнай барлық жерде бола бермейді : Қазақстанда 112 учаске аукционға шығарылады

Қазақстанның Қытайға май өнімдерінің экспорты 1 миллион тоннаға жетпек

Маңғыстауда әскери қызметшілердің қаза табуы: сегіз лауазымды тұлға қамауға алынды

Путин Ресей халқы бөлінбеуі үшін көп жұмыс жасады Мемлекеттік Дума депутаты

Кушнер АҚШ тың Украинадағы қақтығысты тоқтату мақсатын түсіндірді

Өсімдік майының өндірісі 25 пайызға өсті

Жолдау жаңа жоспарлар мен іс қимылдың доктринасы

Өзбекстанда кеден қызметінің өкілдігі ашылады: заңға қол қойылды

Криштиану Роналду ұлттық құрамадан кететінін мәлімдеді

Құрылтай депутаттары Павлодар облысында тұрғындармен кездесті

Барни ісі : 19 жастағы Мадинаның мәйітін қайта қазып алды

“Оның қалай кеткенін ешкім көрмеген“: Теміртауда үш баланың анасы екінші ай бойы іздестірілуде

Үйдегі газ үлкен жауапкершілік

Қазақстан Ыстамбұлда сауда кеңсесін ашты

Үкімет электр энергетикасы саласын дамыту мәселесін талқылайды

Үкімет электр энергетикасы саласын дамыту мәселесін талқылайды

Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып жаңалық жариялады..

Ал отырыс қорытындысы бойынша өтетін баспасөз конференциясында Энергетика вице-министрі Санжар Жаркешов, «Самұрық-Энерго» АҚ басқарма төрағасы Қайрат Мақсұтов, «KEGOC» АҚ басқарма төрағасы Нәби Айтжанов БАҚ өкілдері тарапынан туындайтын сауалдарға жауап береді.

Өткен аптадағы Үкімет отырысында ақпараттық және телекоммуникациялық инфрақұрылымды дамыту, жылыту маусымындағы өрт қауіпсіздігі шаралары қаралды.

Фото: Солтан Жексенбеков / Kazinform

Бірінші мәселе бойынша баяндама жасаған Премьер-министрдің орынбасары — Жасанды интеллект және цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиевтің айтуынша, екі жылда 4G желісі барлық елді мекендердің 92 пайызына дейін жетеді.

— Қазір еліміздегі ауылдардың 84 пайызында мобильді интернет бар. 2027 жылдың соңына дейін байланыс операторлары бұл көрсеткішті одан әрі арттыру үшін бірқатар ауқымды жобаны жүзеге асырады. Нәтижесінде, 4G желісі барлық елді мекеннің 92 пайызына дейін жетеді. Сонымен қатар, 5G желісі облыстық және республикалық маңызы бар 20 қалаға енгізіліп, қалалардың 60-75% аумағын қамтитын болады. Бұдан бөлек, 40 000 шақырым автожол бойы 4G мобильді интернетімен қамтамасыз етіледі. Бұл жоба жеке инвесторды тарта отырып жүзеге асырылады, — деді Жаслан Мәдиев.

Фото: Бағдат Мусин/Facebook

Ал «Қазақтелеком» акционерлік қоғамының басқарма төрағасы Бағдат Мусин Каспий табаны арқылы тартылатын оптикалық кабель қашан әзірленіп бітетінін айтты.

— 2025 жылы Каспий түбімен оптикалық кабель төсеуге бағытталған стратегиялық жобаны іске асырып бастадық. Бас мердігер таңдалды, ол — қытайлық ірі компания. Қазақстан мен Әзербайжан тарапынан теңіз зерттеулері де аяқталды. Кабельдің жобалық үлгісі әзірленіп, зауытта сынақтар жүргізіліп жатыр. Тиісті құрал-жабдықтар сатып алынды, — деді ол.

Фото: Ағыбай Аяпбергенов / Kazinform

Талқыланған мәселені қорытындылаған Үкімет басшысы Олжас Бектенов «Қолжетімді Интернет» ұлттық жобасы 2027 жылға қарай елімізді байланыс желілерімен және ең кемі секундына 100 Мбит болатын жылдамдығы жоғары интернетпен 100% қамтуға мүмкіндік беретіндігін айта келе, бірқатар нақты тапсырма берді. 

- Бірінші. Бүгінде біз телефон және интернет-алаяқтық жағдайларының көбейіп жатқанын көріп отырмыз. Олардың дені шетелдік нөмірлердің және ұлттық жүйемізде тіркелмеген құрылғылардың көмегімен жасалады. Сондықтан Жасанды интеллект және Ішкі істер министрліктері осындай заңсыз әрекеттерге тосқауыл қою жұмыстарын күшейтуі қажет. Деректер базасынан азаматтардың дербес мәліметтерінің таралып кеткені үшін жазаны қатаңдату керек. Мұндай талап мемлекеттік органдармен қатар, қаржы ұйымдарына, мобильді операторлар мен жеке бизнеске де қатысты болуға тиіс. Балалардың цифрлық кеңістікте қорғалуын қамтамасыз ету үшін sim kids жобасының тәжірибесін кеңінен тарату керек, - деді Премьер-министр.

Үкімет басшысы екінші мәселе ретінде байланыс нысандарын салу кезінде басы артық бюрократиядан арыла алмай келе жатқанымызды айтты.

- Кейде антенна бағанын орнату жұмыстарының өзі бір жылға дейін созылып кетуі мүмкін. Жаппай цифрландыру жағдайында мұндай үдерістерді оңтайландырып, барынша жеделдету керек. Жасанды интеллект министрлігіне Өнеркәсіп және Құрылыс министрлігімен, байланыс операторларымен бірге бір ай мерзімде осы мәселе бойынша нақты ұсыныстар әзірлеуді тапсырамын, - деді ол.

Сондай-ақ Олжас Бектенов елді мекендерде байланыс пен интернет сапасы төмен аймақтардың мәселесін біржола шешу үшін өңір әкімдіктеріне байланыс операторларына базалық станциялар орнатуға орын бөлуге, соның ішінде кез келген қолайлы нысандарда орналастыруға жәрдемдесуді тапсырды.

Фото: Агибай Аяпбергенов/ Kazinform

Отырыстың күн тәртібіне шығарылған екінші мәселе бойынша сөз сөйлеген Төтенше жағдайлар министрі Шыңғыс Әрінов елдегі ескірген газ баллондардың мәселесі шешімін әлі таппағанын айтты. 

— Былтыр ескірген тұрмыстық газ баллондарын пайдалану мен оларды таңбалау мәселесін көтерген болатынмын. Қазір екі қалада (Щучинск және Степногорск) газ баллондарды таңбалау жөніндегі пилоттық жоба іске қосылды. Алайда, елдегі газ баллондарын өндіру және тозығы жеткендерін жою мәселесі шешілмеген күйде қалып отыр, — деді министр.

Фото: Алматы ТЖД

Осы орайда Премьер-министр Олжас Бектенов әкімдіктерге демалыс және мереке күндері жер үйлерге рейд жүргізіп, пештерді тексеруді жүктеді.

— Демалыс және мереке күндері тұрғын үй секторында рейдтер жүргізіп, жылыту пештерін тексеру қажет. Бұл іске әкімдік қызметтері мен ішкі істер министрлігінің қызметкерлерін де тарту керек. Рейд пен тексеру барысында өрт шығу қаупі бар және жылыту жүйесі дұрыс жұмыс істемейтін үйлер анықталуға тиіс. Аталған фактілер орын алған жағдайда оларды жою бойынша жедел шаралар қабылдаған жөн. Сонымен қатар Төтенше жағдайлар министрлігі тек ресми ұсынымдар берумен шектеліп қалмауы керек. Бұл — ең алдымен адамдардың қауіпсіздігіне қатысты мәселе. Сондықтан өте нақты әрі үйлесімді жұмыс қажет, — деді Олжас Бектенов.

Фото: Энергетика министрлігі

Сонымен қатар ол Өнеркәсіп, Ұлттық экономика және Экология министрліктеріне осы жылдың соңына дейін Қазақстанда баллон шығару мәселесін шешуді тапсырды.

Үкімет басшысының дерегінше, өткен жылыту маусымында өрттен қаза тапқандардың дені — зейнеткерлер, жұмыссыздар, мүгедектігі бар адамдар. Осы орайда ол әлеуметтік тұрғыда осал топтардың баспанасын ерекше бақылауға алуды тапсырды.

— Өңір әкімдіктеріне Төтенше жағдайлар министрлігімен және Еңбек министрлігімен бірлесіп, бір ай ішінде халықтың әлеуметтік осал топтары тұратын үйлердің тізімін нақтылауды тапсырамын. Өңір әкімдіктері осы санаттағы адамдардың үйлерін ерекше бақылауда ұстап, оларға қажетті қолдау көрсетсін, — деді Премьер-министр.

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
seeКөрілімдер:208
embedДереккөз:https://kaz.inform.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 28 Қазан 2025 08:30
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Ауыл шаруашылығы өкілдері аграрлық саланы дамыту мәселелерін талқылады

05 Қараша 2026 14:56see123

​Қазақстанда екі жаңа МӨЗ салу жоспарланып отыр: оның бірі Атырау облысында салынуы мүмкін

05 Қараша 2026 16:01see120

Рыбакина қатысатын WTA қорытынды турнирінің алғашқы ойындарының кестесі жарияланды

05 Қараша 2026 14:15see120

Қазақстанның элиталық арнайы жасағында алғаш рет “Китана“ атты бойжеткен пайда болды

05 Қараша 2026 14:08see118

Атырау Орал жолындағы жөндеу жұмыстарының қарқыны қандай?

05 Қараша 2026 16:01see117

Ақтөбе облысында мұнай өңдеу зауыты салынады

05 Қараша 2026 14:21see116

Мұнай барлық жерде бола бермейді : Қазақстанда 112 учаске аукционға шығарылады

05 Қараша 2026 14:11see116

Қазақстанның Қытайға май өнімдерінің экспорты 1 миллион тоннаға жетпек

05 Қараша 2026 18:53see115

Маңғыстауда әскери қызметшілердің қаза табуы: сегіз лауазымды тұлға қамауға алынды

05 Қараша 2026 14:57see115

Путин Ресей халқы бөлінбеуі үшін көп жұмыс жасады Мемлекеттік Дума депутаты

05 Қараша 2026 14:21see115

Кушнер АҚШ тың Украинадағы қақтығысты тоқтату мақсатын түсіндірді

05 Қараша 2026 14:21see115

Өсімдік майының өндірісі 25 пайызға өсті

05 Қараша 2026 14:21see115

Жолдау жаңа жоспарлар мен іс қимылдың доктринасы

05 Қараша 2026 14:59see114

Өзбекстанда кеден қызметінің өкілдігі ашылады: заңға қол қойылды

05 Қараша 2026 14:16see113

Криштиану Роналду ұлттық құрамадан кететінін мәлімдеді

05 Қараша 2026 17:38see113

Құрылтай депутаттары Павлодар облысында тұрғындармен кездесті

05 Қараша 2026 16:33see112

Барни ісі : 19 жастағы Мадинаның мәйітін қайта қазып алды

05 Қараша 2026 15:01see112

“Оның қалай кеткенін ешкім көрмеген“: Теміртауда үш баланың анасы екінші ай бойы іздестірілуде

05 Қараша 2026 14:10see112

Үйдегі газ үлкен жауапкершілік

05 Қараша 2026 14:58see111

Қазақстан Ыстамбұлда сауда кеңсесін ашты

05 Қараша 2026 19:27see110
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары