Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Қазақстан 2028 жылға қарай май экспортын 1,5 млрд долларға жеткізуді жоспарлап отыр

Қазақстанда 450 мыңға жуық баланың мектепке дайындығына 23 миллиард теңге қарастырылды

Just жұбайлар жыры

Жасыл энергетика: жаңа кезеңнің жаршысы

Телефондарды верификациялау eGov жүйесіне көшірілді

Күн сәулесі Сырдағы сарқылмайтын ресурс

Тәуелсіздік шыңына шықты

Тұрмыстық қалдық кәдеге жарады

Емханаларда ашық есік күні

Әбу Даби 2026: қылмыстың алдын алу және қылмыстық сот төрелігі

Бүлдіршіннің бәрі жеңімпаз

Тарихи ескерткіштер тазартылды

Кофені көп ішсе, не болады?

Актер Олжас Абай мен Дариға Бадықованың құдалығынан видео жарияланды

Құс шаруашылығын жаңа деңгейге көтермек

Ұлттық қор балаларға президенттік бағдарламасы бойынша 7 миллионнан астам балаға 2,5 миллиард доллар аударылды

Махаббат бекеті оқырманға жол тартты

80 пайызы ененің кесірінен : актриса Жанель Мақажан неге қоғамда ажырасу көбейгенін айтты

Ел аумағын қамтыған акция

Бақыт тілеңіздер : Дариға Бадықова өзін сынағандарға жауап берді

Үкімет жаңа Арнаулы салық режиміне арналған қызмет түрлерінің тізімін бекітті

Үкімет жаңа Арнаулы салық режиміне арналған қызмет түрлерінің тізімін бекітті

Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратты..

Үкімет осы жылдың 21 қарашасындағы Қаулысымен 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап өзін-өзі жұмыспен қамтығандар үшін жаңа Арнаулы салық режимін (АСР) қолдануға рұқсат етілетін 40 қызмет түрінің тізімін бекітті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Фото: atameken.kz

Бұл шешім – азаматтардың экономикалық белсенділігін ынталандыруға, салықтық есептілікті жеңілдетуге және өзін-өзі жұмыспен қамту секторындағы кірістерді заңдастыруға бағытталған ауқымды реформаның бір бөлігі.

Жаңа АСР жеке кәсіпкер (ЖК) мәртебесі жоқ және жалдамалы қызметкері жоқ азаматтардың заңды түрде жұмыс істеуіне барынша қарапайым әрі қолжетімді тетік ретінде әзірленген.

Өзін-өзі жұмыспен қамтығандарға арналған АСР-дің негізгі артықшылықтары мен ерекшеліктері:

- ЖК ретінде тіркелудің қажеті жоқ;

- Айына 300 АЕК-ке дейінгі шекті табыс;

- Әлеуметтік төлемдерді ғана қамтитын бірыңғай 4% мөлшерлеме;

- Платформа/қосымша арқылы жұмыс істеу талабы жоқ;

- Жалдамалы қызметкерлерді алуға тыйым салынады;

- Жұмыс істеу тетігі таңдалады: аккредиттелген интернет-платформа арқылы немесе Қаржы министрлігіне қарасты Мемлекеттік кірістер комитетінің мобильді қосымшасы арқылы.

Әлеуметтік төлемдерді 4%-дық бірыңғай мөлшерлемеге енгізу өзін-өзі жұмыспен қамтыған азаматтарға әлеуметтік қамсыздандырылуға, зейнетақы жинақтарына және медициналық сақтандыруға қол жеткізуге мүмкіндік береді. Осы арқылы олар бұған дейін негізінен ресми түрде жұмыс істейтін азаматтарға ғана қолжетімді болған әлеуметтік қорғаумен қамтамасыз етіледі.

Бизнесті қолдау: шығындарды шегерімге жатқызу

Өзін-өзі жұмыспен қамтығандармен жұмыс істейтін компаниялар үшін маңызды ынталандыру тетіктерінің бірі – салықтық шегерімдер. Өзін-өзі жұмыспен қамтыған азаматтармен жасалған мәмілелер бойынша шығындарды корпоративтік табыс салығы (КТС) немесе жеке табыс салығы (ЖТС) бойынша салық салынатын табысты есептеу кезінде шегерімге жатқызуға болады.

Бұл қадам нарықтың ашықтығына ықпал ете отырып, бизнесті өзін-өзі жұмыспен қамтыған азаматтардың қызметін заңды түрде тартуға ынталандыра түседі.

Бекітілген тізім өзіндік жұмыспен қамту саласында ең көп таралған 40 қызмет түрін қамтиды.

Рұқсат етілген қызметтің негізгі санаттары:

- Тұрмыстық және жөндеу қызметтері: компьютерлерді, тұрмыстық техниканы, киім-кешекті, аяқ киімді, жиһазды, зергерлік бұйымдарды жөндеу, сондай-ақ сылақ, сырлау, ағаш ұсталығы және басқа да шеберлік жұмыстары.

- Шығармашылық және зияткерлік қызметтер: көркем және әдеби шығармашылық, фотосурет, ауызша және жазбаша аударма, сондай-ақ спорт, демалыс және мәдениет саласындағы білім беру.

- Жалға беру және көлік қызметтері: такси қызметі, тұрғын үйді жалға беру (субаренда), жеке қолданыстағы заттарды жалға беру.

- Интернет-платформалар арқылы көрсетілетін қызметтер: тек интернет-платформалар арқылы көрсетілетін қосымшаі коммерциялық қызметтер.

Жаңа режим бекітілген тізімге кірмейтін қызмет түрлерімен айналысатын азаматтарға қолданылмайды.

Жаңа АСР-ді енгізу – экономиканың едәуір бөлігін көлеңкеден шығаруда, өзін-өзі жұмыспен қамтыған азаматтарды толыққанды әлеуметтік қорғауда және оларды ресми еңбек нарығына интеграциялауда маңызды қадам. Бұл жеңілдету әкімшілік жүктемені азайтып қана қоймай, заңды экономикалық статистиканың қалыптасуына да ықпал етеді.

Жаңа АСР – шағын бизнес пен өзін-өзі жұмыспен қамтығандарды қолдауға бағытталған революциялық қадам. Бұл тек төмен мөлшерлеме ғана емес, барынша оңайлатылған тетік те болып есептеледі. Адам өз табысынан 4% мөлшерінде төлемді ыңғайлы қосымша арқылы төлеп, өзінде зейнетақы аударымдары мен медициналық қызметке қолжетімділік бар екеніне сенімді бола алады. Бұл – мемлекет үшін де, өзін-өзі жұмыспен қамтыған әрбір азамат үшін де өзара тиімді шешім.

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
seeКөрілімдер:198
embedДереккөз:https://egemen.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 29 Қараша 2025 03:08
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Қазақстан 2028 жылға қарай май экспортын 1,5 млрд долларға жеткізуді жоспарлап отыр

13 Қазан 2026 01:18see140

Қазақстанда 450 мыңға жуық баланың мектепке дайындығына 23 миллиард теңге қарастырылды

13 Қазан 2026 01:18see139

Just жұбайлар жыры

13 Қазан 2026 07:01see133

Жасыл энергетика: жаңа кезеңнің жаршысы

13 Қазан 2026 06:56see133

Телефондарды верификациялау eGov жүйесіне көшірілді

13 Қазан 2026 06:42see131

Күн сәулесі Сырдағы сарқылмайтын ресурс

13 Қазан 2026 06:16see129

Тәуелсіздік шыңына шықты

13 Қазан 2026 04:31see126

Тұрмыстық қалдық кәдеге жарады

13 Қазан 2026 06:56see122

Емханаларда ашық есік күні

13 Қазан 2026 04:50see121

Әбу Даби 2026: қылмыстың алдын алу және қылмыстық сот төрелігі

13 Қазан 2026 06:06see121

Бүлдіршіннің бәрі жеңімпаз

13 Қазан 2026 04:23see110

Тарихи ескерткіштер тазартылды

13 Қазан 2026 04:23see109

Кофені көп ішсе, не болады?

13 Қазан 2026 01:36see109

Актер Олжас Абай мен Дариға Бадықованың құдалығынан видео жарияланды

12 Қазан 2026 22:25see106

Құс шаруашылығын жаңа деңгейге көтермек

13 Қазан 2026 04:23see105

Ұлттық қор балаларға президенттік бағдарламасы бойынша 7 миллионнан астам балаға 2,5 миллиард доллар аударылды

12 Қазан 2026 20:58see98

Махаббат бекеті оқырманға жол тартты

13 Қазан 2026 05:06see97

80 пайызы ененің кесірінен : актриса Жанель Мақажан неге қоғамда ажырасу көбейгенін айтты

13 Қазан 2026 01:36see93

Ел аумағын қамтыған акция

13 Қазан 2026 05:43see90

Бақыт тілеңіздер : Дариға Бадықова өзін сынағандарға жауап берді

13 Қазан 2026 01:18see90
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары